Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)

йінгі үлесі жан басына айына 3000 теңгеден төмен кіріс кірген. Ауыл шаруашылығында 2001 жылы бір жұмыскердің орташа айлық атаулы еңбекақысы әйелдерде 5411 теңге, ер адамдарда 7473 теңге болып, әйелдер еңбекақысының мөлшері ер адамдардыкімен салыстырғанда 72,5 % құрады. [19,45-б]. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар және өзгерістер, нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды де талап етті. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірбиелерінен үйрене отырып алға басу үшін, Елбасы 2002 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауында қоғам ауылға аудару керек деп 2003-2005 жылдарды “Ауыл жылдары” деп жариялау жөнінде шешім қабылдады, 2003 жылдан бастап, бұл бағытта көптеген іс-шараларды жүзеге асыру бюджетте көзделген еді. Бұл құжаттың басты тақырыбы – ауыл мәселесіне баса назар аударылды. «Алдағы кезеңді, яғни, 2003-2005 жылдарды ауылды түлетуге арнау үшін көптеген себептер бар, — деді Елбасы. Кез келген революциялық сілкіністер кезінде жанға бататын өзгерістер ауыртпалығының ауылға түсетіні мәлім, әрі мұны тарих та дәлелдеп отыр. Мұны Қазақстан бастан кешті. Сонымен қатар, ауылды көтеруде таза экономикалық себептер де бар. Бүгінгі таңда іске асырылып келген аграрлық реформаның нәтижелерін талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аграрлық реформа, меншік түрлерін өзгерту, нарық қатынастарын реттеудегі мемлекеттік дәрменсіздігі және оның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жан-жақты болжамдамау, бағдарламау өндіріс тиімділігін арттыру, көлемін ұлғайту сияқты оң өзгерістерге қол жеткізбеді. Бұрынғы ірі шаруашылықтар (кеңшарлар, ұжымдық шаруашылықтар) ұсақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, шаруа қожалықтарына ыдыраған, ауылдық мекендерде экономикалық тоқырау әлеуметтік тоқыраумен ұштасқан еді. Бұлар материалдық-техникалық негіздері өте нашар, қол еңбегін көбірек пайдалануға бағытталған, негізінен бүгінгі күн тіршілігімен ғана өмір сүрген ұжымдар. Мал шаруашылығында тиімділікті арттырудың негізгі көздерінің бірі, мал тұқымын асылдандыру ісі де соңғы кезде терең күйзеліске ұшырады. Облыс мамандарының осы аймақ жағдайына бейімдеп шығарған тұқымдары: қазақтың ақбас сиырлары мен еділбай қойлары, тағы да басқа жыл санап азайып, құрып кетті. Аграрлық сала — бүкіл халық шаруашылығы кешенінің бір бөлігі болып табылатындықтан, бүкіл экономикамен, қоғаммен және мемлекеттік құрылымдармен тығыз байланысты, ал оның қалыпты дамуы елдегі саяси тұрақтылық пен ұтымды, қаржы экономикалық жағдайда мүмкін болмақ. Ал, нарықтық қатынастарға өтумен байланысты, жүзеге асырылған реформалардың кемшілігін өтпелі кезеңннің объективті заңдылықтарын, ең алдымен оның тарихи сипатын ескермеуге болмайды. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық жүйенің ауысуын көздеген реформаны жүзеге асырудың көп жағдайда стихиялы болып, өтпелі процесстердің реттелмеуінен көруге болады. Бұл процесстің нәтижесін қазіргі ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы көрсетіп отыр. Сондықтан да меншік пен шаруашылық жүргізудің барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік көмек беру мен қолдау арқылы Бүкіл дүние жүзілік Сауда Ұйымына бәсекелік қабілетті еркін нарықтық ауыл шаруашылығына негізделген аграрлық қатынастар жүйесін құру, біріншіден, ұзақ өтпелі кезеңге, екіншіден аграрлық қатынастардағы өзгерістердің эволюциялық сипатына негізделеді. Бүгінгі таңда республикада көкейтесті мемлекеттік мәселе ретінде
– ол елге жерді үлестіріп беруде емес, оны тиімді пайдаланулы ынталандыруда, ауыл шаруашылығына күрделі қаржының шын мәніндегі бет бұрысын қамтамасыз ету болып отыр. Осындай жер базасын негізге ала, әлемдік тәжірбиеге сүйене отырып, Үкіметтің жұмыс тобы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік институтын енгізуді көздеген құжаты бұл Жер кодексі еді. Бұл құжат ауыл шаруашылығындағы экономиканың аграрлық секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолданылып жүрген жер қатынастарын сақтауды және оларды одан әрі жетілдіре түсуді көздейді. Жер пайдаланудың барлық үш түрі сақталатын болады. Олар тұрақты, уақытша жер пайдалану және жерді жеке меншік құқығымен иемдену. Жерді тұрақты пайдалану институтына ешқандай өзгерістер енгізілмеді. Жоғарыда айтқандарымызды қортындылай келе, Елбасының сөзімен қортындылауға болады: «Ауыл жылдарында бұл салаға бүкіл халықтың көңілін аударуды ойлағанда мен жерге жеке меншік енгізу мен ауыл тағдыры ажырағысыз екенін қатты ескергенмін»,- деді. Иә, ауыл өркендеп, көркейе түсуі үшін оның негізгі нысаны – жердің жеке меншікте болғаны жөн деп санаймыз [20, 30-б.].
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысның мазмұнынан туындайтын негізгі ойлар жүйеленіп, ғылыми нәтижелер жасалған. Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижесі ауылдағы ең басты сала болып табылатын ауыл шаруашылығының өнімдерін молайту және оның сапасын арттыру, жерді тоздырмай, ұтымды пайдалану, суландыру көздерін реттеу, жердің меншік иесін толық анықтау арқылы несие жүйесін азаматтарға қызмет етуіне қол жеткізу, шаруаларды қажетті мерзімде қаржыландыру, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру еліміздің басты міндетіне айналып отыр. Ел болашағы үшін ауылдың маңыздылығын қоғам санасымен сезінсе, биліктің түрлі бұтақтары, жергілікті қауымдастықтар қазақстандық ауылды жандандырудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жолында мақсатты қызмет етсе, осы мақсатқа жету тек уақыт мәселесі ғана болар еді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі //Егемен Қазақстан, 2005, 1 ақпан.
2 Козыбаев М.К. История и современность. — Алматы: Ғылым, 1991. –С.254; Тулепбаев Б.А. Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстане. -М: Наука: 1984. -269 с.; Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К. История крестьянства советского Казахстана. -Алма-Ата, 1985. -247 с.;
3 Омарбеков Т. Зобалаң. -Алматы: Санат, 1994. — 272 бет.
4 Берденова К.А., Иманбердиева С.И. Аграрная политика тоталитарного государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана. -Алматы: Ғылым, 1994. -142 с.
5 Байтілен С.А. Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы аграрлық саясаты: ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990): т.ғ.д… авторефераты. –Алматы, 2000. -36 б.
6 Байсарина Қ.Қ. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы: тарихы және сабақтары: т.ғ.д. … автореф. – Алматы, 2006. -37 б.
7 Медеуов Т.Ж. Қазақстандағы колхоз құрылысының соңғы кезеңі: дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру тәжірбиесі (1981-1991): т.ғ.к. … авторефераты. –Алматы, 1999. — 27 бет.
8 Мұқатова Д. Тоқырау жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы. (1971-1991): т.ғ.к. … авторефераты. — Алматы, 2007. — 27 б.
9 Берлібаев Е.Т. Возникновение межколхозных производственных связей Казахстана ее огрехи в 70-е годы / Некоторые вопросы социально-экономического демографического развития Казахстана. Межвузовский сборник научных трудов. –Алматы: АГУ им. Абая. –1996. –С.18-25.
10 Баймұқанов Т., Шарақымбаев А., Байдильдин Қ., Байтеков З. Қазақстан халықшаруашылығының және шаруашылық жүргізу формаларының дамуы. -Алматы: Ана-тілі, 1998. -112 б.
11 Кошанов А.К. Проблемы рыночных преобразований экономики Казахстана. -Алматы: Казинститут менеджмента, экономики, прогнозирования. 1993. – С. 43.
12 Оспанов М.Т, Аутов Р.Р., Ертазин Х.Е. Теория и практика агробизнеса. -Алматы: СП «Франклин» 1997.-356 с.
13 Сүлейменов М.К. Право и предпринмательство в Республике Казахстан. -Алматы: Жеті Жарғы. 1997. -323 с.
14 Баймагамбетов С.З. Социально-культурное развитие Республики Казахстан (1980- 2000 г.г.) исторический анализ»: Автореф. … д.и.н. -Алматы: 2004. — 36 с.
15 Нурсеит А., Темирбекова Б. Теория рыночной экономики.- Алматы: ОФ-БИС, 2000. -156-157 с.
16 Кемел М. Тәуелсіздік жылдарындағы аграрлық реформа //Заң, 2002. — № 9. — 46-47-б.б.
17 Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение /Под ред. М.Б. Кенжегузина. — Алматы. 1997. –С. 54-55.
18 Галиев А.Б. Социально — демографические процессы в многонациональном Казахстане.(1917-1991): Автореф. … д.и.н. –Алматы, 1994. -36 с.
19 Қазақстан Адам туралы ұлттық есеп. –Алматы: «Pilot-ТС». — 226 б.
20 Тәнекеев С. Ауыл – ұлттың абыройы //Ақиқат, 2003. — № 6. — 30 б.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ

1 Кеңес өкіметі тұсындағы әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің ауыл шаруашылығын дамытудағы кедергілері // Ізденіс.Тарих сериясы. – 2004. -№4 (2). -211-215–бб.
2 Қазақстандағы ауылдың дамуы: мәселелер мен келешек мүмкіндіктері // ҚазҰУ Хабаршы. Тарих сериясы. — 2004. — №3 (34). -118-121- бб.
3 Жеріне жетпеген жер мәселесі // Қазақ тарихы, 2004. -№ 6. -104-108- бб.
4 Ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлау // Қазақ тарихы, 2005. — №2. — 78-81- бб.
5 Қазақстандағы жер қатынастарының дамуы // ҚазҰУ. Хабаршы. Тарих сериясы. — 2005. — №1(36). -73-75-бб.
6 Қазіргі ауылдың әлеуметтік-экономикалық ахуалы /«Шоқан тағылымы-11» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Тарих және этнология секциясы. — Көкшетау, 2006. — 69-71- бб.
7 Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырудың алғашқы нысандары және Қазақстандағы ерекшеліктері. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Хабаршысы. Тарих сериясы. — 2004. — № 2(10). — 72-76- бб.
8 Ауылды дамытудың жаңа бағыттары / «Экономиканың өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми конференция. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті. — Ақтөбе, 2004, 29 қазан. — 24

Пред.67
скачать работу

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ