Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)

ктері талданған. Қазақстандағы аграрлық сектор кеңестік теңгермешілік экономикадан нарықтық қатынастарға көше бастаған кезде, өтпелі кезеңге аса күрделі проблемалардың шешімі табылмаған күйде келді. Экономикалық қайта құрулар басталған кезде аграрлық реформаны жүргізудің екі жолы ұсынылды: біріншісі – совхоздарды толық жекешелендіру мен колхоздарды қайта құру, ұжымдар мүшесіне мүлік пайы мен ауылдың әр тұрғынана жер үлесін белгілеу, ұйымдық-құқықтық формалардың қай түрін таңдау еркіндігі, мемлекеттің агроөнеркәсіп кешенінің экономикасына ешқандай араласпауы, екіншісі – агроөнеркәсіп кешенінің жұмысын мемлекеттік реттеп отыруды сақтай отырып, колхоз-совхоздарды жайлап, біртіндеп реформалау, өңдеу-ұқсату кәсіпорындарын кооперациялау, Үкімет алғашқы жолды таңдады және аграрлық саясат тек осы бағытта жүргізілді [16,46-б]. Ауыл шаруашылығындағы нарық жағдайы мен оның дамуы елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатқа және жеке проблемаларға байланысты көптеген факторлармен анықталды. Республикада 90 жылдары Ресей жолына сәйкес экономикалық қатынастарды өзгертіп, баға құру жүйесін еркіне жіберіп, мемлекеттің саларалық байланыстарды реттеуден алшақтап кетуі мен әлеуметтік кепілдіктің қысқаруына негізделген нарықтық қатынастар моделі қабылданды. Тәжірибие көрсеткендей, оның жүзеге асырылуы бірқатар кері ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік салдарға алып келді. Нарық және нарықтық қатынастардың мемлекеттік реттеуді керек етпейтін еркін алып сатуға негізделген қарапайым, тұрпайы жүйесі қалыптасты. Іс жүзінде бұл салааралық қатынастың бұзылуына, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өніміне бағаның күрт төмендеуіне тұрақты түрдегі құлдырауға, өндірістің тиімсіздігіне алып келді. Нарық субъектілері құрылымының қалыптасуына, ескі тәсілдің ықпалының көп болуы және еркін нарықта тек жеке меншік иелері тиімді қызмет ете алды. Көпшілігінде бұл ірі мемлекеттік және ұжымдық кәсіпорындардың, олардың нақты тиімділігін ескермей, жедел қайта ұйымдастыру туралы заң актілерінің қабылдануына, шаруа қожалықтарын ұйымдастырудың кең етек жаюына, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуде жеке көмекші шаруашылықтың ролін асырып айтуға негіз болды. Нарық жағдайында аграрлық өндіріс тиімділігіне институционалдық өзгерістер ғана емес, ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану дәрежесі мен масштабы, өндірісі потенциалының сапасы, жұмыскерлердің мамандандырылуы және олардың жоғары сапалы нәтижеге жетуге мүдделі болуы септігін тигізді. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтпелі кезең тереңдеген экономикалық дағдарыс, яғни экономиканың барлық салаларында өндірістің құлдырауы, халықтың әл-ауқатының төмендеуі мен әлеуметтік мәселердің күрделенуі жағдайында жүзеге асты. Қазақстандағы аграрлық дағдарыс себептерін зерттеудің жүйелі тәсілі оның сонау қайта құру кезеңіне дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетті. Әлі күнге дейін елімізде азық-түлік мәселесі шешілмегендігі шындық. Реформа басталғалы он жылдың ішінде (1991-2001 ж.ж) егістіктің жалпы көлемі республика бойынша 7,5 млн.гектарға азайды, ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің көлемі 13,7 млн.гектарға қысқарған. Ауыл шаруашылығы минситрлігінің мәліметтеріне қарағанда 1990 жылы ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру мен сатудың рентабельдігі 46 % болған, оның ішінде егіншілік 105,4%, мал басының (жылқы – 33%, ірі қара малы – 56%,қой және ешкі – 71%,) қысқаруы нәтижесінде, республикамызда ет өндірісі 2,4 есеге, сүт – 1,7 есеге және жұмыртқа 3,4 есеге төмендеген. Ал, астық өндірісі, 1998 жылы 1992 жылдың дәрежесімен салыстырғанда 2,4 есе, оның экспорты 6 есе төмендеп, дәнді дақылдардың орта жылдық өнімділігі 1991-1995 жылдары гектарына 9,3 ц, 1996-1997 жылдары – 8 центнер құраған [17, 54-55-бб.]. 1996 жылдан бастап, жалпы рентабельділік теріс баланс берді, өнім өндіруге кетекеншығын оны сатудан алынған табыстан 20,8% асып кетті, оның ішінде егіншілік – теріс 1,9 %, мал шаруашылығы — теріс 43,7 %. Бес және одан көп жыл пайдаланылып келе жатқан техника 1997 жылдың 1 қантарына 93 % болды. Шет ел бақылаушыларының пікірінше, аграрлық реформада 1992-1994 жылдары консервация жағдайы болды. 1994-1995 жылдары нарықтық өзгерістер аса асығыстықпен жүргізілді, 1996-2000 жылдары экономикалық қайта құрулардың қарқыны қайтадан бәсеңдеді. Бұны бақылаушылар реформа аумалы-төкпелі жүргізілді деп бағалады. Еліміздің аграрлық саласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға сүйене отырып, Қазақстандағы аграрлық дағдарыстың негізгі себептеріне: халықшаруашылығы көлемінде агроөнеркәсіп кешеніндегі ұдайы өндірістің терең үйлеспеушілігі, яғни қоғамдық өндірістің және қоғамдық қажеттіліктің сәйкессіздігін, аграрлық экономиканың шығындылық сипаты мен экономикалық тиімділігінің төмендеуі; теңгермешіліктің және өсу резервін, өндірістің шығындылығын жасыруды тудыратын орталықтан табыстарды бөлудің орын алуын, жоғары өнімділікті еңбекке ынталылықтың болмауын айтуға болады. Ал, аграрлық дағдарыстың одан әрі тереңдеуіне – колхоз, совхоздарды тарату нәтижесінде материалды-техникалық базаның бұзылуы, ауылшаруашылығы мен агрокешеннің басқа екі саласы арасындағы экономикалық байланыстың үзілуі және агроөнімге тереңдеген еркін баға диспоритеті, фермерлер мен басқа да меншік формасындағы шаруашылықтардың бастапқы капиталдарының қалыптасуына қажетті шарттардың жоқтығы басты себеп болды. Жалпы алғанда, жекешелендіру кезінде тәжірбиенің жоқтығы салдарынан көптеген ауылдар да қаңырап бос қалды. Мұндай елді мекендердің саны 276-ға жетіпті. Дегенмен, оң нәтижелер де жоқ емес. 4770 нысан –өз қожаларын тапса, 470-ке тарта кеңшарлар жекеге өтті. Осылайша, төгілген саланы қалпына келтіру үшін үш жыл қатарынан ауылға арнаулы заңдылық деп ортақ игілікті бөлу процесі аяқталды.Жекешелендіру саясатының алғашқы кезеңінде-ақ көптеген қателіктер жіберілді, соның арқасында дағдарыстан шыға алмай, ауыл шаруашылығы саласының дамуы нашарлады. Сол жіберген қателіктердің негізгілері мыналар еді:
- Халыққа жария жасалынбады, түсіндірілмеді, көбі білмей қалды. Түсінген басшылар барлығына түсіндіріп айтпады, айтса да өз адамдарына айтты, солар мемлекеттік объектілерді сатып алды.
- Нарық деп халық арасында жар салынды да, нарықтық бағамен барлығын сату керек еді. Сатылған колхоз техникасы, мал, т.б. өте арзанға сатылды.
- Жекешелендірілген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының орнына шаруа (фермер) қожалықтарының құрылғанына қарамастан, олардың көбінде бұрынғы ұжымдық тәсіл мен психология сақталып қалды, ал ол өз кезегінде агроөнеркәсіптік кешенде жеке сектордың болуын қиындатты.
- Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қайта-қайта түрлене беруі де істі дұрыс ұйымдастыруға зиянын тигізді.
Аграрлық реформаны жүргізушілер ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың дамуының стратегиялық проблемаларын жаңа нарықтық құрылымдардың қалыптасу заңдылықтарын нашар білуден көптеген қателіктер жіберді. Аграрлық сектордағы өндірістің төмендеуі, экономикалық дағдарыстың болуы осымен байланысты. Кеңестік кезеңнен кейінгі, уақытта пайда болған елдерде, оның ішінде Қазақстан агроөнеркәсіптің өндіріс дамуының, агробизнестің қалыптасуы мен оның жұмыс істеуіндегі қиыншылықтардың объективті шарттар мен субъективті себептер, негізінен алғанда, міне осындай еді. Алдыңғы талдаулар көрсеткеніндей, нарықтық қатынастарға өту және бизнесті, әсіресе агробизнесті дамыту, кейбір мамандар болжағандай, соншалықты жеңіл болмады. Қазіргі экономикалық дағдарыстан өтіп, барлық елдер мен халықтар жүріп өткен нарықтық қатынастардың кең даңғыл жолына түпкілікті жаңғыру мен бизнесті, экономиканың барлық салаларында оның, ішінде ең алдымен агроөнеркәсіптік өндірістегі бизнесті игерудің негізінде түсіне аламыз. Егеменді Қазақстан экономикасы өтпелі кезеңнің қиыншылықтарынан арылып, бүгін де тұрақты даму жолына түсті. Аграрлық қатынастар теориясы, нарықтың даму барысындағы жіберілген қателіктер, оны түзету жолдары, отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көңіл бөлу, кәсіпорындардың еңбегі ұйымдастырудың тиімді формаларын іздестіру жолдары, ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты жүргізудің көптеген формаларын дамытудың мәселелері т.б. қосымша зерттеуді талап етеді.
«Қазіргі ауылдың әлеуметтік – экономикалық ахуалы» деп аталатын Ш тарауда қазіргі кездегі ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайы, «ауыл жылы» бағдарламасының орындалуының нәтижелері, Жер кодексі және оның ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері баяндалған. Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі және өмірлік маңызы зор салаларының бірі. Еліміздің экономикалық өсу қарқыны адамдардың бірінші кезекті материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына көбінесе оның ойдағыдай өркендеуіне байланысты. Қоғамда орын алып отыратын әр түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси байланысты халық саны өсіп, жас-жыныстық құрылым, ұлттық құрам түрлі өзгерістерге ұшырады [18, 12-б.]. Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін алғашқы екі жыл ішінде (2004-2005 ж.ж.) ішінде түрлі қаржы көздерінен 126,9 млрд.теңге қаржы, соның ішінде республика бюджетінен 41,5 млрд. теңге бөлінді. Оған қоса бюджеттерден және бюджеттен тыс қаржы көздерінен (қарыз қаражаттары, тікелей инвестициялар, гранттар және басқа қаржы институттарының қаражаты) жалпы сомасы 85,4 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен ауылдарда 541 білім беру және денсаулық сақтау нысандарының, 550 ауыз сумен қамту нысандарының 82,8 километр жолдардың құрылысы жүргізілді, 1473 білім беру нысандары, 1191 денсаулық сақтау нысаны, 305 мәдениет ошақтары, 247 сумен қамту нысандары, 608 километр жолдар күрделі жөндеуден өтті. Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы 2004-2005 жылдары ішінде АЕМ саны 7367-ге, ал халқының саны 7,5 млн. адамға жетті, соның ішінде жоғары даму әлеуеті бар 1583 АЕМ (2520 мың адам) немесе 21,5%, орташа даму әлеуеті бар 5505 АЕМ -74,7%, даму әлеуеті төмен 207 АЕМ – 2,8%, экологиялық жағдайы қолайсыз АЕМ жоқ. 1999-2001 жж. аралығындағы жекелеген жылдары халықтың 80 %-ға де
12345След.
скачать работу

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ