Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы

қтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды де талап етті. Аграрлық салада тыңөзгерістер жасау үшін өткен тарихи кезеңніңкелеңді, келеңсіз тәжірбиелерінен үйрене отырып алға басу үшін, Елбасы 2002 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауында қоғам ауылға аудару керек деп 2003-2005 жылдарды “Ауыл жылдары” деп жариялау жөнінде шешім қабылдады, 2003 жылдан бастап, бұл бағытта көптеген іс-шараларды жүзеге асыру бюджетте көзделген еді. Бұл құжаттыңбасты тақырыбы – ауыл мәселесіне баса назар аударылды. «Алдағы кезеңді, яғни, 2003-2005 жылдарды ауылды түлетуге арнау үшін көптеген себептер бар, - деді Елбасы. Кез келген революциялық сілкіністер кезінде жанға бататын өзгерістер ауыртпалығыныңауылға түсетіні мәлім, әрі мұны тарих та дәлелдеп отыр. Мұны Қазақстан бастан кешті. Сонымен қатар, ауылды көтеруде таза экономикалық себептер де бар. Бүгінгі таңда іске асырылып келген аграрлық реформаныңнәтижелерін талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аграрлық реформа, меншік түрлерін өзгерту, нарық қатынастарын реттеудегі мемлекеттік дәрменсіздігі және оныңәлеуметтік-экономикалық зардаптарын жан-жақты болжамдамау, бағдарламау өндіріс тиімділігін арттыру, көлемін ұлғайту сияқты оңөзгерістерге қол жеткізбеді. Бұрынғы ірі шаруашылықтар (кеңшарлар, ұжымдық шаруашылықтар) ұсақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, шаруа қожалықтарына ыдыраған, ауылдық мекендерде экономикалық тоқырау әлеуметтік тоқыраумен ұштасқан еді. Бұлар материалдық-техникалық негіздері өте нашар, қол еңбегін көбірек пайдалануға бағытталған, негізінен бүгінгі күн тіршілігімен ғана өмір сүрген ұжымдар. Мал шаруашылығында тиімділікті арттырудыңнегізгі көздерініңбірі, мал тұқымын асылдандыру ісі де соңғы кезде тереңкүйзеліске ұшырады. Облыс мамандарыныңосы аймақ жағдайына бейімдеп шығарған тұқымдары: қазақтыңақбас сиырлары мен еділбай қойлары, тағы да басқа жыл санап азайып, құрып кетті. Аграрлық сала - бүкіл халық шаруашылығы кешенініңбір бөлігі болып табылатындықтан, бүкіл экономикамен, қоғаммен және мемлекеттік құрылымдармен тығыз байланысты, ал оныңқалыпты дамуы елдегі саяси тұрақтылық пен ұтымды, қаржы экономикалық жағдайда мүмкін болмақ. Ал, нарықтық қатынастарға өтумен байланысты, жүзеге асырылған реформалардыңкемшілігін өтпелі кезеңнніңобъективті заңдылықтарын, еңалдымен оныңтарихи сипатын ескермеуге болмайды. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық жүйеніңауысуын көздеген реформаны жүзеге асырудыңкөп жағдайда стихиялы болып, өтпелі процесстердіңреттелмеуінен көруге болады. Бұл процесстіңнәтижесін қазіргі ауыл шаруашылығыныңәлеуметтік-экономикалық жағдайы көрсетіп отыр. Сондықтан да меншік пен шаруашылық жүргізудіңбарлық түрлеріндегі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік көмек беру мен қолдау арқылы Бүкіл дүние жүзілік Сауда Ұйымына бәсекелік қабілетті еркін нарықтық ауыл шаруашылығына негізделген аграрлық қатынастар жүйесін құру, біріншіден, ұзақ өтпелі кезеңге, екіншіден аграрлық қатынастардағы өзгерістердіңэволюциялық сипатына негізделеді. Бүгінгі таңда республикада көкейтесті мемлекеттік мәселе ретінде
– ол елге жерді үлестіріп беруде емес, оны тиімді пайдаланулы ынталандыруда, ауыл шаруашылығына күрделі қаржыныңшын мәніндегі бет бұрысын қамтамасыз ету болып отыр. Осындай жер базасын негізге ала, әлемдік тәжірбиеге сүйене отырып, Үкіметтіңжұмыс тобы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік институтын енгізуді көздеген құжаты бұл Жер кодексі еді. Бұл құжат ауыл шаруашылығындағы экономиканыңаграрлық секторыныңтұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолданылып жүрген жер қатынастарын сақтауды және оларды одан әрі жетілдіре түсуді көздейді. Жер пайдаланудыңбарлық үш түрі сақталатын болады. Олар тұрақты, уақытша жер пайдалану және жерді жеке меншік құқығымен иемдену. Жерді тұрақты пайдалану институтына ешқандай өзгерістер енгізілмеді. Жоғарыда айтқандарымызды қортындылай келе, Елбасыныңсөзімен қортындылауға болады: «Ауыл жылдарында бұл салаға бүкіл халықтыңкөңілін аударуды ойлағанда мен жерге жеке меншік енгізу мен ауыл тағдыры ажырағысыз екенін қатты ескергенмін»,- деді. Иә, ауыл өркендеп, көркейе түсуі үшін оныңнегізгі нысаны – жердіңжеке меншікте болғаны жөн деп санаймыз [20, 30-б.].
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысныңмазмұнынан туындайтын негізгі ойлар жүйеленіп, ғылыми нәтижелер жасалған. Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған іс-шаралардыңнәтижесі ауылдағы еңбасты сала болып табылатын ауыл шаруашылығыныңөнімдерін молайту және оныңсапасын арттыру, жерді тоздырмай, ұтымды пайдалану, суландыру көздерін реттеу, жердіңменшік иесін толық анықтау арқылы несие жүйесін азаматтарға қызмет етуіне қол жеткізу, шаруаларды қажетті мерзімде қаржыландыру, ауыл тұрғындарыныңәл-ауқатын жақсарту, ауылдыңәлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру еліміздіңбасты міндетіне айналып отыр. Ел болашағы үшін ауылдыңмаңыздылығын қоғам санасымен сезінсе, биліктіңтүрлі бұтақтары, жергілікті қауымдастықтар қазақстандық ауылды жандандырудыңстратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жолында мақсатты қызмет етсе, осы мақсатқа жету тек уақыт мәселесі ғана болар еді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудыңжаңа кезеңі //Егемен Қазақстан, 2005, 1 ақпан.
2 Козыбаев М.К. История и современность. - Алматы: Ғылым, 1991. –С.254; Тулепбаев Б.А. Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстане. -М: Наука: 1984. -269 с.; Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К. История крестьянства советского Казахстана. -Алма-Ата, 1985. -247 с.;
3 Омарбеков Т. Зобалаң. -Алматы: Санат, 1994. - 272 бет.
4 Берденова К.А., Иманбердиева С.И. Аграрная политика тоталитарного государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана. -Алматы: Ғылым, 1994. -142 с.
5 Байтілен С.А. Кеңес мемлекетініңҚазақстандағы аграрлық саясаты: ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990): т.ғ.д... авторефераты. –Алматы, 2000. -36 б.
6 Байсарина Қ.Қ. Қазақстанда ауыл шаруашылығыныңдамуы: тарихы және сабақтары: т.ғ.д. ... автореф. – Алматы, 2006. -37 б.
7 Медеуов Т.Ж. Қазақстандағы колхоз құрылысыныңсоңғы кезеңі: дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру тәжірбиесі (1981-1991): т.ғ.к. ... авторефераты. –Алматы, 1999. - 27 бет.
8 Мұқатова Д. Тоқырау жылдарындағы Қазақстанныңсаяси-әлеуметтік жағдайы. (1971-1991): т.ғ.к. ... авторефераты. - Алматы, 2007. - 27 б.
9 Берлібаев Е.Т. Возникновение межколхозных производственных связей Казахстана ее огрехи в 70-е годы / Некоторые вопросы социально-экономического демографического развития Казахстана. Межвузовский сборник научных трудов. –Алматы: АГУ им. Абая. –1996. –С.18-25.
10 Баймұқанов Т., Шарақымбаев А., Байдильдин Қ., Байтеков З. Қазақстан халықшаруашылығыныңжәне шаруашылық жүргізу формаларыныңдамуы. -Алматы: Ана-тілі, 1998. -112 б.
11 Кошанов А.К. Проблемы рыночных преобразований экономики Казахстана. -Алматы: Казинститут менеджмента, экономики, прогнозирования. 1993. – С. 43.
12 Оспанов М.Т, Аутов Р.Р., Ертазин Х.Е. Теория и практика агробизнеса. -Алматы: СП «Франклин» 1997.-356 с.
13 Сүлейменов М.К. Право и предпринмательство в Республике Казахстан. -Алматы: Жеті Жарғы. 1997. -323 с.
14 Баймагамбетов С.З. Социально-культурное развитие Республики Казахстан (1980- 2000 г.г.) исторический анализ»: Автореф. ... д.и.н. -Алматы: 2004. - 36 с.
15 Нурсеит А., Темирбекова Б. Теория рыночной экономики.- Алматы: ОФ-БИС, 2000. -156-157 с.
16 Кемел М. Тәуелсіздік жылдарындағы аграрлық реформа //Заң, 2002. - № 9. - 46-47-б.б.
17 Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение /Под ред. М.Б. Кенжегузина. - Алматы. 1997. –С. 54-55.
18 Галиев А.Б. Социально - демографические процессы в многонациональном Казахстане.(1917-1991): Автореф. ... д.и.н. –Алматы, 1994. -36 с.
19 Қазақстан Адам туралы ұлттық есеп. –Алматы: «Pilot-ТС». - 226 б.
20 Тәнекеев С. Ауыл – ұлттыңабыройы //Ақиқат, 2003. - № 6. - 30 б.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ
 

1 Кеңес өкіметі тұсындағы әкімшіл-әміршіл басқару жүйесініңауыл шаруашылығын дамытудағы кедергілері // Ізденіс.Тарих сериясы. – 2004. -№4 (2). -211-215–бб.
2 Қазақстандағы ауылдыңдамуы: мәселелер мен келешек мүмкіндіктері // ҚазҰУ Хабаршы. Тарих сериясы. - 2004. - №3 (34). -118-121- бб.
3 Жеріне жетпеген жер мәселесі // Қазақ тарихы, 2004. -№ 6. -104-108- бб.
4 Ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлау // Қазақ тарихы, 2005. - №2. - 78-81- бб.
5 Қазақстандағы жер қатынастарыныңдамуы // ҚазҰУ. Хабаршы. Тарих сериясы. - 2005. - №1(36). -73-75-бб.
6 Қазіргі ауылдыңәлеуметтік-экономикалық ахуалы /«Шоқан тағылымы-11» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Тарих және этнология секциясы. - Көкшетау, 2006. - 69-71- бб.
7 Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырудыңалғашқы нысандары және Қазақстандағы ерекшеліктері. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Хабаршысы. Тарих сериясы. - 2004. - № 2(10). - 72-76- бб.
8 Ауылды дамытудыңжаңа бағыттары / «Экономиканыңөзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми конференция. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті. - Ақтөбе, 2004, 29 қазан. - 245-250-бб.
9 Қазақстанныңсаяси-экономикалық және әлеуметтік қатынастарыныңдамуы /«Қазақстанныңтәуелсіздігіне 10-жыл: өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті. - Ақтөбе, 2001, 23-24 қараша. - 56-59- бб.
10 Мемлекеттік бағдарлама және ауыл / Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: сипаты, қозғаушы күштері, сабақтары. Жаңа көзқарас. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияныңматериалдары. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті. -Ақтөбе -2006, 23-24 мау

Пред.67
скачать работу

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ