Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы

басталған кезде аграрлық реформаны жүргізудіңекі жолы ұсынылды: біріншісі – совхоздарды толық жекешелендіру мен колхоздарды қайта құру, ұжымдар мүшесіне мүлік пайы мен ауылдыңәр тұрғынана жер үлесін белгілеу, ұйымдық-құқықтық формалардыңқай түрін таңдау еркіндігі, мемлекеттіңагроөнеркәсіп кешенініңэкономикасына ешқандай араласпауы, екіншісі – агроөнеркәсіп кешенініңжұмысын мемлекеттік реттеп отыруды сақтай отырып, колхоз-совхоздарды жайлап, біртіндеп реформалау, өңдеу-ұқсату кәсіпорындарын кооперациялау, Үкімет алғашқы жолды таңдады және аграрлық саясат тек осы бағытта жүргізілді [16,46-б]. Ауыл шаруашылығындағы нарық жағдайы мен оныңдамуы елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатқа және жеке проблемаларға байланысты көптеген факторлармен анықталды. Республикада 90 жылдары Ресей жолына сәйкес экономикалық қатынастарды өзгертіп, баға құру жүйесін еркіне жіберіп, мемлекеттіңсаларалық байланыстарды реттеуден алшақтап кетуі мен әлеуметтік кепілдіктіңқысқаруына негізделген нарықтық қатынастар моделі қабылданды. Тәжірибие көрсеткендей, оныңжүзеге асырылуы бірқатар кері ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік салдарға алып келді. Нарық және нарықтық қатынастардыңмемлекеттік реттеуді керек етпейтін еркін алып сатуға негізделген қарапайым, тұрпайы жүйесі қалыптасты. Іс жүзінде бұл салааралық қатынастыңбұзылуына, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өніміне бағаныңкүрт төмендеуіне тұрақты түрдегі құлдырауға, өндірістіңтиімсіздігіне алып келді. Нарық субъектілері құрылымыныңқалыптасуына, ескі тәсілдіңықпалыныңкөп болуы және еркін нарықта тек жеке меншік иелері тиімді қызмет ете алды. Көпшілігінде бұл ірі мемлекеттік және ұжымдық кәсіпорындардың, олардыңнақты тиімділігін ескермей, жедел қайта ұйымдастыру туралы заңактілерініңқабылдануына, шаруа қожалықтарын ұйымдастырудыңкеңетек жаюына, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуде жеке көмекші шаруашылықтыңролін асырып айтуға негіз болды. Нарық жағдайында аграрлық өндіріс тиімділігіне институционалдық өзгерістер ғана емес, ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану дәрежесі мен масштабы, өндірісі потенциалыныңсапасы, жұмыскерлердіңмамандандырылуы және олардыңжоғары сапалы нәтижеге жетуге мүдделі болуы септігін тигізді. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңтереңдеген экономикалық дағдарыс, яғни экономиканыңбарлық салаларында өндірістіңқұлдырауы, халықтыңәл-ауқатыныңтөмендеуі мен әлеуметтік мәселердіңкүрделенуі жағдайында жүзеге асты. Қазақстандағы аграрлық дағдарыс себептерін зерттеудіңжүйелі тәсілі оныңсонау қайта құру кезеңіне дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетті. Әлі күнге дейін елімізде азық-түлік мәселесі шешілмегендігі шындық. Реформа басталғалы он жылдыңішінде (1991-2001 ж.ж) егістіктіңжалпы көлемі республика бойынша 7,5 млн.гектарға азайды, ауыл шаруашылығы дақылдары егісініңкөлемі 13,7 млн.гектарға қысқарған. Ауыл шаруашылығы минситрлігініңмәліметтеріне қарағанда 1990 жылы ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру мен сатудыңрентабельдігі 46 % болған, оныңішінде егіншілік 105,4%, мал басының(жылқы – 33%, ірі қара малы – 56%,қой және ешкі – 71%,) қысқаруы нәтижесінде, республикамызда ет өндірісі 2,4 есеге, сүт – 1,7 есеге және жұмыртқа 3,4 есеге төмендеген. Ал, астық өндірісі, 1998 жылы 1992 жылдыңдәрежесімен салыстырғанда 2,4 есе, оныңэкспорты 6 есе төмендеп, дәнді дақылдардыңорта жылдық өнімділігі 1991-1995 жылдары гектарына 9,3 ц, 1996-1997 жылдары – 8 центнер құраған [17, 54-55-бб.]. 1996 жылдан бастап, жалпы рентабельділік теріс баланс берді, өнім өндіруге кетекеншығын оны сатудан алынған табыстан 20,8% асып кетті, оныңішінде егіншілік – теріс 1,9 %, мал шаруашылығы - теріс 43,7 %. Бес және одан көп жыл пайдаланылып келе жатқан техника 1997 жылдың1 қантарына 93 % болды. Шет ел бақылаушыларыныңпікірінше, аграрлық реформада 1992-1994 жылдары консервация жағдайы болды. 1994-1995 жылдары нарықтық өзгерістер аса асығыстықпен жүргізілді, 1996-2000 жылдары экономикалық қайта құрулардыңқарқыны қайтадан бәсеңдеді. Бұны бақылаушылар реформа аумалы-төкпелі жүргізілді деп бағалады. Еліміздіңаграрлық саласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға сүйене отырып, Қазақстандағы аграрлық дағдарыстыңнегізгі себептеріне: халықшаруашылығы көлемінде агроөнеркәсіп кешеніндегі ұдайы өндірістіңтереңүйлеспеушілігі, яғни қоғамдық өндірістіңжәне қоғамдық қажеттіліктіңсәйкессіздігін, аграрлық экономиканыңшығындылық сипаты мен экономикалық тиімділігініңтөмендеуі; теңгермешіліктіңжәне өсу резервін, өндірістіңшығындылығын жасыруды тудыратын орталықтан табыстарды бөлудіңорын алуын, жоғары өнімділікті еңбекке ынталылықтыңболмауын айтуға болады. Ал, аграрлық дағдарыстыңодан әрі тереңдеуіне – колхоз, совхоздарды тарату нәтижесінде материалды-техникалық базаныңбұзылуы, ауылшаруашылығы мен агрокешенніңбасқа екі саласы арасындағы экономикалық байланыстыңүзілуі және агроөнімге тереңдеген еркін баға диспоритеті, фермерлер мен басқа да меншік формасындағы шаруашылықтардыңбастапқы капиталдарыныңқалыптасуына қажетті шарттардыңжоқтығы басты себеп болды. Жалпы алғанда, жекешелендіру кезінде тәжірбиеніңжоқтығы салдарынан көптеген ауылдар да қаңырап бос қалды. Мұндай елді мекендердіңсаны 276-ға жетіпті. Дегенмен, оңнәтижелер де жоқ емес. 4770 нысан –өз қожаларын тапса, 470-ке тарта кеңшарлар жекеге өтті. Осылайша, төгілген саланы қалпына келтіру үшін үш жыл қатарынан ауылға арнаулы заңдылық деп ортақ игілікті бөлу процесі аяқталды.Жекешелендіру саясатыныңалғашқы кезеңінде-ақ көптеген қателіктер жіберілді, соныңарқасында дағдарыстан шыға алмай, ауыл шаруашылығы саласыныңдамуы нашарлады. Сол жіберген қателіктердіңнегізгілері мыналар еді:
- Халыққа жария жасалынбады, түсіндірілмеді, көбі білмей қалды. Түсінген басшылар барлығына түсіндіріп айтпады, айтса да өз адамдарына айтты, солар мемлекеттік объектілерді сатып алды.
- Нарық деп халық арасында жар салынды да, нарықтық бағамен барлығын сату керек еді. Сатылған колхоз техникасы, мал, т.б. өте арзанға сатылды.
- Жекешелендірілген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарыныңорнына шаруа (фермер) қожалықтарыныңқұрылғанына қарамастан, олардыңкөбінде бұрынғы ұжымдық тәсіл мен психология сақталып қалды, ал ол өз кезегінде агроөнеркәсіптік кешенде жеке сектордыңболуын қиындатты.
- Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарыныңқайта-қайта түрлене беруі де істі дұрыс ұйымдастыруға зиянын тигізді.
Аграрлық реформаны жүргізушілер ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардыңдамуыныңстратегиялық проблемаларын жаңа нарықтық құрылымдардыңқалыптасу заңдылықтарын нашар білуден көптеген қателіктер жіберді. Аграрлық сектордағы өндірістіңтөмендеуі, экономикалық дағдарыстыңболуы осымен байланысты. Кеңестік кезеңнен кейінгі, уақытта пайда болған елдерде, оныңішінде Қазақстан агроөнеркәсіптіңөндіріс дамуының, агробизнестіңқалыптасуы мен оныңжұмыс істеуіндегі қиыншылықтардыңобъективті шарттар мен субъективті себептер, негізінен алғанда, міне осындай еді. Алдыңғы талдаулар көрсеткеніндей, нарықтық қатынастарға өту және бизнесті, әсіресе агробизнесті дамыту, кейбір мамандар болжағандай, соншалықты жеңіл болмады. Қазіргі экономикалық дағдарыстан өтіп, барлық елдер мен халықтар жүріп өткен нарықтық қатынастардыңкеңдаңғыл жолына түпкілікті жаңғыру мен бизнесті, экономиканыңбарлық салаларында оның, ішінде еңалдымен агроөнеркәсіптік өндірістегі бизнесті игерудіңнегізінде түсіне аламыз. Егеменді Қазақстан экономикасы өтпелі кезеңніңқиыншылықтарынан арылып, бүгін де тұрақты даму жолына түсті. Аграрлық қатынастар теориясы, нарықтыңдаму барысындағы жіберілген қателіктер, оны түзету жолдары, отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көңіл бөлу, кәсіпорындардыңеңбегі ұйымдастырудыңтиімді формаларын іздестіру жолдары, ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты жүргізудіңкөптеген формаларын дамытудыңмәселелері т.б. қосымша зерттеуді талап етеді.
«Қазіргі ауылдыңәлеуметтік – экономикалық ахуалы» деп аталатын Ш тарауда қазіргі кездегі ауылдыңәлеуметтік экономикалық жағдайы, «ауыл жылы» бағдарламасыныңорындалуыныңнәтижелері, Жер кодексі және оныңауыл шаруашылығы саласын дамытудағы әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері баяндалған. Ауыл шаруашылығы – экономиканыңнегізгі және өмірлік маңызы зор салаларыныңбірі. Еліміздіңэкономикалық өсу қарқыны адамдардыңбірінші кезекті материалдық қажеттерініңқанағаттандырылуына көбінесе оныңойдағыдай өркендеуіне байланысты. Қоғамда орын алып отыратын әр түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси байланысты халық саны өсіп, жас-жыныстық құрылым, ұлттық құрам түрлі өзгерістерге ұшырады [18, 12-б.]. Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін алғашқы екі жыл ішінде (2004-2005 ж.ж.) ішінде түрлі қаржы көздерінен 126,9 млрд.теңге қаржы, соныңішінде республика бюджетінен 41,5 млрд. теңге бөлінді. Оған қоса бюджеттерден және бюджеттен тыс қаржы көздерінен (қарыз қаражаттары, тікелей инвестициялар, гранттар және басқа қаржы институттарыныңқаражаты) жалпы сомасы 85,4 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен ауылдарда 541 білім беру және денсаулық сақтау нысандарының, 550 ауыз сумен қамту нысандарының82,8 километр жолдардыңқұрылысы жүргізілді, 1473 білім беру нысандары, 1191 денсаулық сақтау нысаны, 305 мәдениет ошақтары, 247 сумен қамту нысандары, 608 километр жолдар күрделі жөндеуден өтті. Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы 2004-2005 жылдары ішінде АЕМ саны 7367-ге, ал халқыныңсаны 7,5 млн. адамға жетті, соныңішінде жоғары даму әлеуеті бар 1583 АЕМ (2520 мыңадам) немесе 21,5%, орташа даму әлеуеті бар 5505 АЕМ -74,7%, даму әлеуеті төмен 207 АЕМ – 2,8%, экологиялық жағдайы қолайсыз АЕМ жоқ. 1999-2001 жж. аралығындағы жекелеген жылдары халықтың80 %-ға дейінгі үлесі жан басына айына 3000 теңгеден төмен кіріс кірген. Ауыл шаруашылығында 2001 жылы бір жұмыскердіңорташа айлық атаулы еңбекақысы әйелдерде 5411 теңге, ер адамдарда 7473 теңге болып, әйелдер еңбекақысыныңмөлшері ер адамдардыкімен салыстырғанда 72,5 % құрады. [19,45-б]. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар және өзгерістер, нары
12345След.
скачать работу

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ