Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДЕМОКРАТИЯ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

емократияның кризисін жеңіп шығу, демократиялық рәсімдердің жаңа ережелерін дәйектеуде шығар [14, 32 б.] дейді.

Демократияны бірдей емес әртүрлі түсіну, оның мазмұнын әр алуан түсіндіру себебі, зерттеудің бірдей емес бағыттылығы, оны түсіну мен саралаудың әртүрлігіне байланысты.

Ғылымда демократияны нормативті және жазылмалы-эмпирикалық мағынада түсіндірулері бар. Нормативті жағынан түсіндірудің мәні – демократияның идеалды үлгісін құру, басқа басқару нысанымен салыстырғанда оның артықшылығын көрсету, демократиялық идеалды жүзеге асырудың жодарын саралау болып табылады. Осындай идеалды түрде демократия  ешқашан өмірде болған жоқ. Демократия идеал ретінде адамдардың мүмкіндігі туралы, оны іске асыру үшін ұмтылуға көрініс береді.

Ал жазылмалы-эмпирикалық мағынада демократияны қандай күйінде болса солай саралынады табылады.

Сонымен демократия  — бұл қоғамның саяси дамуының бағдары ретінде болатын идеал болып табылады.

Демек, ғылымда демократия туралы ортақ немесе жалпы пікір жоқ. Демократияның теоретиктері оның әртүрлі қасиеттеріне сүйенеді: қатысу (Руссо), өкілдік (Милль), биліктердің бөлінуі (Монтескье), теңділік (Маркс), орталықтандырылмағандық (Токвиль), бостандық (Хайек) табылады.

Демократия көрініс табудың көп аспектілеріне ие, осылардың әрқайсысына халық билігі деген терминді қолдануға болады. Олар мынадай болады:

а) мемлекет мәнінің элементі (жақтары), мемлекеттік биліктің сипаты;

ә) мемлекет пен құқықты демократиялық немесе тоталитарлы критийге жатқызу;

б) мемлекеттің саяси нысаны;

в) оның саяси режимі;

г) мемлекет механизмі және оның органдарының құрылуы мен қызметінің қағидасы;

д) партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұйымдасқан құрылуы мен қызмет етуі;

е) мемлекеттің және қоғамның саяси жүйесінің барлығы дамуының маңызды бағыттары.

Демократия дегеніміз – көппікірлік, ашықтық, көппартиялық, еркін сайлау, биліктің бөлінуі, заңның жоғарылығы, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, беделді және тәуелсіз соттардың болуы және т.б. [15, 428 б.].

Құқықтық тәртіп — ол құқықпен реттелінетін, қоғамдық қатынастың тәртібі, құқықтық қатынас мүшелерінің субъективті құқықтарының іске асуы мен заңды міндеттерінің орындалуы мемлекетпен кепілденеді, заңдылықтың іске асуы, құқыққа сай заңды мінез-құлық қамтамасыз етіледі [15, 420 б.].

Өз кезегінде демократия, оның қалыпты дамуы – құқықтық тәртіп пен заңдылықтың өмір сүруінің қажетті объективті және субъективті шарты,  әлеуметтік-саяси негізі. Демократиясыз, шынайы заңдылық, мықты құқықтық тәртіп туралы сөз болуы мүмкін емес. Демократия толық дамыған болса, қазіргі қоғамның ең жоғарғы сатысында көрініс алу, яғни құқықтық мемлекетке жылжу айқын болған сайын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шарты қолайлы болады.

Ал басқа жағынан қарастырғанда, заңдылық пен құқықтық тәртіп халық билігін бекіту мен ары қаратай даму үшін, өркениетті азаматтық қоғамның қалыптасуы мен құрылуы үшін, күшті демократиялық құқықтық мемлекет үшін қажет [15, 428-429 бб.].

Құқықтық тәртіп демократияның маңызды институттарын бекітеді, заңнама және заңдылық азаматтарға кең демократиялық құқықтар мен бостандықтарға кепілдік береді, оларды нақты пайдалану азаматтарды мемлекеттік барлық істерде басқаруда қатысуға қамтамасыз етеді.

Саяси режим ретінде демократия өзінен-өзі нық құқықтық тәртіп пен заңдылықты талап етеді, құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғарғы деңгейін тәрбиелейді, елдегі қатаң заңдылық пен жоғарғы саяси-құқықтық саналылық, нық енгізілген құқықтық мәдениеттің өмір сүруі, қоғамның саяси ұйымының демократизациялығы туралы өзінен-өзі жақсы күәландырады.

Демократизация жаңа құқықтар мен бостандықтарды қосымша заңнама тіркеу арқылы, бар заңи рұқсат ету мен мүмкіндіктерді жүзеге асыру кепілдіктерін нығайту арқылы да, құқықтарды іске асыру механизмінің өзі арқылы және сәйкес заңи міндеттерді  орындау арқылы да жүруі мүмкін. Басқаша айтқанда, конституцияда және басқа да нормативті құқықтық актілерде  бекітілген азаматтар мен ұйымдардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету.

Демократиялық қоғамда құқықтық тәртіпті тағайындау мыналарды реттеуді қажет етеді:

а) әрбірінің алдында айқын мінез-құлық бағдарламасын қоя, мемлекеттік істерге азаматтарды қатыстыру мен қатысуы;

ә) құрамдас өзіндік буындар мен олардың өзара әрекеттері көзқарасы жағынан демократияның жүйесі, механизмі;

б) демократияның негізгі институттары (азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сайлау жүйесі, заңдылық және т.с.с.);

в) демократияның құрылымдық, рәсімдік және функционалды жақтары (таңдаушылық, бақылау астындағылық, жариялық, талқылаушылық, жауаптылықты жүзеге асыру) [16, 62 б].

Құқықтық тәртіп теориясы ол демократия туралы ілімнің құрамдас бөлігі [17, 54 б.].

Демократия құқықтық тәртіптің өмір сүруінің объективті және субъективті шарты болып табылады деген авторлардың пікірлері даусыз емес [18, 21 б.]. Құқықтық тәртіп демократиясыз да өмір сүруі мүмкін. Құқықтық тәртіп ол құқықпен реттелінетін, қоғамдық қатынастың тәртібі, құқықтық қатынасқа қатысушыларының субъективті құқықтары мен заңды міндеттерінің іске асуы кепілденеді деген құқықтық тәртіптің анықтамасынан, заңда азаматтардың құқықтары мен міндеттері кіммен бекітілгенінен қарамастан, осы құқықтар мен міндеттер формальды түрде жүзеге асырылатын тәртіп, құқықтық тәртіп деп аталатын қорытынды шығады.

Демократия қоғамдағы нақты құқықтық тәртіптің деңгейіне әсер етеді. Заңи нормалар мазмұны, кімнің мүддесін мен еркін толық білдіретініне, кімге бұл нормалар бағытталған болса, құқықтық ұйғарымдардың орындалуы соғұрлым тегіс қамтылатын, өз еріктерімен орындалатын және саналы болады, соғұрлым заңдылық пен құқықтық тәртіп нық болады. Құқықтық тәртіп көбінесе тек мемлекеттік қызметтің нәтижесі, тек мемлекеттің белсенділі деген болжам жасайтын қатынастардың тәртібі деген талдау жасалады. Осыған қарамастан, демократия жағдайында кең қауым, азаматтар құқықтық тәртіпті нығайту мен қорғаудың белсенді қызметінен шетте тұрмау керек. Демократияға негізделген қоғамның саяси ұйымы құқықта халықтың еркін білдіретін жағдай ғана жасамай, сонымен бірге азаматтарды мемлекеттік аппарат қызметін бақылауға жібереді, онысымен лауазымды жағдайын теріс пайдаланушылықты азайтады, кең қабат тұрғындарды сот әділдігіне, құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауға тартады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметті демократизациялау азаматтардың заңмен бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі мемлекеттің басты міндеттерінің біріне айналады. Демократия жекеленген тұлғалар мен топ азаматтарының қоғамның басқа мүшелеріне зиян келетін қандайда бір артықшылыққа ие болуға жол бермейді. Теңдей құқықтарға теңдей заңи міндеттер сәйкес келеді. Әрине, осы жағдаяттар құқықтық тәртіптің тұрақтылығына аз мән бермейді.

Демократия толықтай дамыған сайын, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шарты қолайлы, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетке орнатуға болады.

Құқықтық тәртіп демократиямен тығыз байланысты, демократиялық құқықтық тәртіп демократиялық заңнамасыз және заңдылық режимісіз мүмкін емес. Құқықтық тәртіптің тарихи дамуы заңдылықтың нығаюына байланысты болды. Шынайы құқықтық тәртіп заңдылыққа байланысты, ал соңғысы елде құқықтық тәртіпті орнату мен қамтамасыз етудің шешуші құралының бірі болады. Заңдылықты бұзу өмір сүріп тұрған құқықтық тәртіптің бұзылуына алып келеді, ал құқықтық тәртіпті бұзу сонымен бірге заңдылық талаптарын бұзу болып табылады [19, 15 б.].

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында құқықтық тәртіп пен демократия қоғамның тірегі десек болады. Себебі қоғамда демократия орнаса, құқықтық тәртіп орын алса, онда біз өркениетті елдердің біріне айналып, бүкіл халық өз құқықтарын толық көлемде іске асырар еді. Қоғамдағы құқықтық тәртіптілік демократиялық мемлекеттің ең басты алғышарты. Құқықтық тәртіп бар жерде әрқашанда заңдылық орнайды және азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің дамуына, жетілуіне жол ашады. Қазақстандағы құқықтық тәртіпті дамыту және жетілдіру үшін, демократиялық процестерді белсендіру қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Введение в политологию. Авт.- сост. Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Акимова А.М. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

2. Ағыбаев А.Н. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Заңтану. Алматы. 2002.

3. Jeannier A., Qu est gue ec modernite? Etudes.Paris, 1990,

4. Bryee J. Modern Demokrasy.  Oxford, London, 1917.

5. Артемов В.М. Правопорядок в современном российском обществе: социально-философский анализ. Дисс. докт. филос. наук. Москва. 1999.

6. Конституционное (государственное) право зарубежных старан / Под ред. Б. А.Страшуна. Т.1. М., 1993.

7. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. 5-е изд. М., 1996.

8. Нудненко Л.А. Теория демократии.  М.: Юристь, 2001.

9. Энциклопедический юридический словарь. 2-е иед. М., 1998.

10. Основы политической науки / Под ред. В.П.Пугачева. Ч.2. М., 1993.

11. Даль Р. Введение в эконоческую демократию. М., 1991.

12. Schmitt K. Die geistesschichtliche Lage des heutig Parlamentarismus. Munchen-Leipzig. 1926.

13. Денисов. А.И. Основные черты социалистической демократии в СССР. М., 1966.

14. Ковлер. А.И. Кризис демократии? Демократия на рубеже XXI века. М., 1997.

15. М.И.Байтин. (Современное нормативное правопонимание на грани двух веков). М., 2005.

16. Назаров П.С. Правопорядок в условиях формирования правового государства. Дисс. канд. юрид. наук. Саратов, 2005.

123
скачать работу

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДЕМОКРАТИЯ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ