Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДЕМОКРАТИЯ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП



 Другие рефераты
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ САЛААРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Қоғамдық өмірде бір-бірімен тығыз байланысқан екі категория бар. Олар құқықтық тәртіп пен демократия. Құқықтық тәртіп пен демократия заң ғылымында ежелден зерттелініп келе жатқан екі категория. Бірақ, бұл категориялар қаншалықты көп зертелгенімен, өздерінің өзектілігін жоғалтпаған және әр уақытта олар қоғамға өте қажет болып табылады. Себебі оларсыз қоғамда тәртіпсіздік, заңсыздық, бет бетімен кеткендік орнар еді. Яғни, қоғам дамуының әр кезінде бұлар өте қажеттілігі зор құқықтық құбылыстар болып табылады.

Құқықтық тәртіп пен демократияның өздерінің ерекше белгілері, қасиеттері, әртүрлі құрылымдары, функциялары және қағидалары бар. Бірақ соған қарамастан олар бір-бірімен тығыз, өзара қарым-қатынастықта болады.

Демократия, ежелгі грек тілінен аударғанда халық билігі деген мағынаны білдіреді [1, 161 б.]. Бұл демократияны түсінудің әлемдегі ең кең тараған түрі.

Бұл билік халықты биліктің қайнар көзі деп тануға және теңдік пен бостандыққа негізделеді және мемлекеттің негізгі органдарының сайланбалық қағидаттарын басшылыққа алуға сүйенеді [2, 75 б.].

Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша демократия, билік пен басқару нысаны ретінде қазіргі қоғам өмірінің жағдайына жауап беретін мемлекеттіліктің жалғыз нысаны [3, 504 б.] дейді.

1921 жылы ағылшын Дж. Брайспен «Современные демократии» [4] атты жарияланған демократияның теориялық негіздеріне арналған фундаментальды еңбектердің алғашқысында, оның қоғамда тамырлануының тек қана оң емес, сонымен бірге теріс те жақтарын көрсетті.

Бұдан басқа да, автор осы еңбекте әлемдік өлшемде демократияның болашақтағы перспективалары туралы ой айтады. Д. Брайс демократия әлемге тарала жалпы құндылық болады дей келе, демократия еуропалық мәдениеттің заты болғандықтан, демократиялық тәртіп басқа мәдениеттерге, әсіресе шығыстық мәдениетке терең тамыр жіберуі мүмкін деп ойламаған еді. Ғасырдың басында айтылған осы екі ұсыныстар өзінің мәнділігін әлі күнге дейін жойған жоқ [5, 251 б.].

Заң әдебиеттерінде демократия мемлекет нысаны ретінде, яғни «азаматтар мен олардың бірлестіктерінің басқару шешімдерінің мазмұнына ықпал ету, осы шешімдердегі заңдылықты әлеуметтік мүдделердің іске асуына жетуін ашатын ұйым болып табылады» [6, 177 б.].

Мемлекеттің демократиялық нысаны туралы мемлекеттің конституцияның болуы және тәжірибеде мынадай жалпы адамзаттық құндылықтарды іске асуынан бағаланады: халық билігі; биліктің бөлінуі; саяси, идеологиялық плюрализм; құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет; жынысына, нәсіліне, ұлтына, мүліктік жағдайына, білім деңгейі мен діни сеніміне қарамастан азаматтардың әлеуметтік экономикалық және саяси құқықтары.

Мемлекеттің нысаны ретінде демократияның сипатымен мына концепция тығыз байланысты. Бұл концепцияға сәйкес демократия саяси режимнің бір түрі болып саналады. Яғни, фашистік және авторитарлы саяси режимдерге қарсы қойылатын, мемлекеттік билікті іске асыратын белгілі бір әдісі. «Саяси режим ретінде демократия үшін, орталық және жергілікті өкілді мекемелердің, әртүрлі партиялардың және қоғамдық ұйымдардың  сайланбалығы, заңдылығы және қызмет етуінің легалдығы болу қажет» [7, 114-115 бб.].

Екі концепцияның  өзара тәуелділігі (демократия мемлекеттің басқару нысаны және саяси режимнің бір түрі ретінде) саяси режимді кең және тар мағынада түсінумен байланысты. Саяси режимді кең мағынада түсіну, тұлғаның саяси бостандығы мен демократиялық құқықтарының кепілдігін болжайды, ресми конституциялық және құқықтық нысандарды саяси шындылыққа сәйкестігі және қоғамның саяси жүйесіне тікелей қатынасы бар екендігін көрсетеді. Саяси режим тар мағынада, мемлекеттік басшылықтың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде түсініледі және мемлекеттің нысанының синонимі ретінде қарастырылады [8, 7 б.].

Демократиялы саяси режим биліктің халық көпшілігіне тиістілігімен сипатталады. Олар құрған және бақыланатын мемлекеттік пен қоғамдық ұйымдармен, қоғам мен мемлекет арқылы шынайы басқару мүмкіндігі.

Заң ғылымында  демократияны  мемлекеттің құрылымдық нысаны ретінде де ұғыну кездеседі. Сонымен қатар оның негізінде конституциялық құрылымның мынадай қағидалары жатқандығы айтылады: халық билігі, саяси плюрализм, бостандық және азаматтардың теңдігі, адамдардың құқықтарынан ажыратылмайтындығы [9, 72 б.].

Тек қана мемлекеттік ғана емес, кез-келген ұйымның құрылым нысаны жоғарыда көрсетілген пікірге сәйкес демократияның сипатына жақын келеді. Өйткені ол ұйымдардың да мүшелерінің теңділік, басқару органдарының мерзімділік сайлану және онда шешімді көпшілікпен қабылдану қағидасына негізделгелуі яғни, қоғамдық-саяси демократияны білдіреді. Осындай мағынада партиялық, кәсіподақтық, өндірістік және соған ұқсайтын демократиялар айтылады [10, 116 б.].

Осы келтірілген пікірлер мынаған байланысты, яғни әлеуметтік функциялар мен билікті жүзеге асыруда қатысатын мемлекеттен тәуелсіз көптеген санды ассоциациялар, ұйымдар және топтар орын алған қоғамда демократия мүмкін. Осы мезетті Р. Даль де кезінде атап көрсеткен. «Қазіргі кездегі барлық демократиялық қоғамда билік көптеген саяси, кәсіпқой, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және діни ұйымдар арасында маңызды көлемде орталықтандырылмаған. Әрине, тәуелсіз ұйымдардың өмір сүруі демократияның жеткілікті шарты деуге болмайды, бірақ олардың жалпыұлттық масштабта өмір сүруі демократия мен бостандық үшін қажет екені айқын» [11, 41 б.].

Мемлекеттік құрылыстың теориясы мен тәжірибесінде мына концепция орын алды. Яғни осы концепцияға сәйкес, демократия мемлекеттік құрылымның нысаны ретінде әртүрлі жағдайларда әртүрлі әлеуметтік мазмұнға ие болады және барлық саяси ағымдармен өздерінің мақсаттарына жетуге пайдаланылады.

Жекеленген авторлар демократия — тек билікті ұйымдастыру нысаны деген тезисті айта келе, ол әртүрлі мазмұнмен толтырылу мүмкін деп оның саяси құндылығын теріске шығарады [12].

Демократия саяси дүниеге көзқарас ретінде догматизмге, схематизмге, бір өлшемділік пен төзбеушілікке қарсы анықталған ойдың кейпін білдіреді. Бұл жерде біртекті, бір және мәңгілік бекітілген ереже жоқ. Демократиялық дүниеге көзқарас әлеуметтік-философиялық тамыры адамдардың өзгеріп жатқан жағдайларға қолайлану ұмтылысы болып табылады. Сондай-ақ осы мақсатта ескірген әлеуметтік және саяси институттардың, нормалардың, құндылықтарды қайта қарау және жіктеу.

Демократия саяси дүниеге көзқарас ретінде авторитаризмді, тоталитарлы және басқа да репрессиялы қоғамдық тәртіпті теріске шығарады. Саяси дүниеге көзқарас ретінде демократияның негізінде демократия саяси идеал ретінде қарастырылады. Саяси демократияның идеалдары ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: экономикалық және әлеуметтік теңділік, толық бостандықты білдіру, шешімді қабылдауда теңдей қатысу құқығы.

Демократия, бостандық тәрізді жалпы технологиялық рецептермен дамитындай тым феноменальды, индивидуалды, динамикалы болып табылады. Әрбір халық өзінің бостандығын таңдайды және әрбір жағдайда әртүрлі бостандықтың арақатынасы мен шектелуін іздейді.

Өзінің тарихи және саяси мәдени ерекшеліктеріне қарай таза күйінде  құндылықтарды, нормаларды және институттарды шығару мүмкін емес. Әрбір халықтың ұлттық санасында осы халықтың сипатын, менталитетін, рухын анықтайтын базистік, табиғи элементтері бар, және олар оның дүниеге көзқарасының ерекшелігін анықтайды. Қоғамды демократизациялау халықтың санасының жағдайына, саяси демократияның негізгі құндылықтарын қабылдау мен іске асыруының дайындығы деңгейіне байланысты болады. Тек, жалпы қабылдаған демократиялық құндылықтар мен нормалар көпшіліктің жүріс-тұрыстық белгілері болғанда, демократия нақты ұлттық орынға орнығады. Ал ол ұзақ тарихи тәжірибе нәтижесінде қол жетіледі [8, 10 б.].

Демократия саяси құндылық ретінде, саясат пен мемлекетті басқаруда халық еркін білдіретін оңтайлы жағдайлар қалыптастыратын, демократияның басқару нысаны ретінде үстемділігіне көз жеткізушілінде болып табылады.

Демократияның саяси құндылығының қатарына мыналар жатқызылады: азшылықтың құқықтарын қорғаудағы көпшіліктің билігі, мемлекеттік негізгі органдардың сайланбалығын жүзеге асыру, азаматтардың құқықтары мен саяси бостандықтарының орын алуы, олардың теңділігі, заңның үстемдігі, конституциализм, билікті бөлу.

Демократия саяси құндылық бола, өзін-өзі қорғаудың маңызды құралы болады, адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың қажетті шарты және ең негізгі бостандығы – тұлға сақтайтын, басқа адамдармен бірге заңдар мен ережелерді анықтауда бірге қатысу бостандығы болады [11, 41 б.].

Демократия қозғалыс ретінде либералды құндылықтар үшін абсолютизммен күрес туы ретінде пайда болды [13, 14 б.]. Бұл қозғалыс әртүрлі кезеңде, әртүрлі әлеуметтік күштермен адам құқықтарына табиғи ретінде қарайтын көне көріністерге шынайы берілгендігін сақтайтын ретінде көрсететілді. Оларды сақтау кепілі саяси жүйені демократиялық ұйымдастыруда болып табылады.

Демократия саяси үрдіс ретінде халық билігі қағидасына сәйкес, барлық жүйенің қызмет етуін қамтамасыз ететін, басқарудың анықталған институттарының, рәсімдерінің және қағидаларының жиынтығын көрсетеді. Демократия саяси құндылық, дүниеге көзқарас ретінде құқықтық мемлекетсіз,  меншік, өндіріс және бөлу қатынастарын, индивидтердің өздері және мемлекет арасында өзара қатынасын реттейтін, айқын дайындалған құқықтық нормасыз  жүзеге асыру мүмкін емес.

Сонымен демократия  саяси үрдіс ретінде «әлеуметтік шешімге» жетудің жиынтықталған институттарын білдіреді [8, 12 б].

А.И. Ковлер өзінің «Кризис демократии? Демократия на рубеже XXI века» атты еңбегінде қазіргі кездегі демократия күнделікті қоғам талабына жауап беретін басқару техникасы, ескішілдік рәсімі тәрізді болады.  Демократиялық теория осы талаптарға өзінің формализмінің арқасында үлгермейді. Мүмкін д

123
скачать работу


 Другие рефераты
Методы и принципы сегментного анализа маркетинга, сегментация рынка
ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Алхимик Пауло Коэльо
Сбытовая коммерческая деятельность


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ