Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі кездегі салық кодексіндегі өзгерістерді талдау

ді жүзеге асыруды ұсынды. Бірақ жаңа заңның жобасын сараптау барысында ондай бақылаудың күшеюі кәсіпкерліктің өркендеуіне кедергі келтіретіндіктен ондай өзгерісті қабылдамауға шешім шығарылды. Ал кәсіпкерлік қауымдастықтың ұсынғаны – жекелеген субъектілерге салықтық жеңілдіктер беру. Жаңа кодекстің тұжырымдамасының өзі жалпы салықтардың салмағын төмендетуге бағытталғандықтан бұл ұсыныс та енгізілген жоқ. Бұған дейін әртүрлі санаттағы салық төлеушілерге қолданылып келген жекелеген салық жеңілдіктеріне қатысты нормалар мақұлданған жоқ.

Жаңа кодексті әзірлеуге Үкіметке бар жоғы алты ай уақыт берілгендігімен талқылағанда жұмыс тобына Парламент депутаттары көбірек тартылды. Яғни олардың заң жобасын жан-жақты қарап, өздерінің ой-пікірлерін, ескертулерін айтуға көп мүмкіндік берілді. Оның Мәжілістегі қаралуына екі ай уақыт берілді. Уақыттың аздығы депутаттардың ұсыныстар жасауына кедергі келтіруі мүмкін. Алайда мәжілісшілер қазір аса жоғары құлшыныспен бұл заңды қарап жатыр. Жұмыс тобының мүшелері күн сайын отырыс өткізеді. Барлық тараптардың ұсыныстары назардан тыс қалмауы тиіс. Осындай қызу тірліктің нәтижесінде мемлекеттің де, кәсіпкерлік қауымдастықтың да көңілінен шығатын заң дүниеге келуі керек.

Батыс Еуропада, АҚШ-та салық жүйесі жақсы дамығандықтан, олардың тәжірибесіне көбірек үңілді Бұл жобаны дайындау кезінде Дүниежүзілік банктің, Еуропалық Одақтың, ЮСАИД-тің, Халықаралық инвестициялық салық орталығының сарапшы-мамандары шақырылып, қол ұшын берді. Олармен қоян-қолтық жұмыс істелді. Бұл жерде айта кетейін, Салық кодексінің жаңа жобасы қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдері қолданып отырған Батыстағы салық жүйесінің барлық жақсы жақтарын қамтыды.

Ең бастысы, қазіргі кезде кәсіпкерліктің алдында тұрған ең үлкен әкімшілік кедергі – салық есептілігінің шамадан тыс болуы. Бұл бағытта үлкен-үлкен шаралар жүзеге асырылды. Салықтың негізгі түрлері бойынша салық есептілігі барынша қысқартылды. Жаңа кодексте салық есептілігін берудің біртұтас мерзімі қарастырылып отыр. Яғни салық төлеудің жалпыға ортақ мерзімін бір айға дейін ұзарттық деуге болады. Мәселен, қазір салық төлеушілер әр айдың 20-нан кешіктермей салық туралы есептерін беру міндеттелсе, біз оны жаңа заңда келесі айдың 25-жұлдызына жылжыттық. Онымен қоса, шағын және орта бизнеске арналып корпорациялық табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер шегерілді. Бұл – бизнес жыл сайын салық органдарына сабылып, КТС бойынша аванстық төлемдер туралы есеп беруден құтылды деген сөз. Сондай-ақ әкімшілік процедуралар да жеңілдетілді. Тағы бір жаңалық – ҚҚС бойынша бір ғана салық төлеу кезеңі белгіленді. Бұған дейін салық төлеу мерзімі бір ай немесе бір тоқсан болып келсе, енді ол бір тоқсан болып өзгертілді. Бұл әрекеттердің барлығы салық процедураларын жетілдіру үшін жасалып отыр. Мәселен, бұған дейін салық төлеушілер ай сайын ҚҚС бойынша декларация тапсырып келсе, ал келесі жылдан бастап салық декларациясын тек бір тоқсанда ғана тапсыратын болады. Осылайша жаңа кодекс шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына тұсау салатын әкімшілік кедергілер жойылды.

12
скачать работу

Қазіргі кездегі салық кодексіндегі өзгерістерді талдау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ