Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі кездегі салық кодексіндегі өзгерістерді талдау



 Другие рефераты
Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудың әдістері және оны жасау тәртібі Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері. Жоспарлаудың түрлері Мақсатымыз – экономикалық баланстың үйлесімділігін реттеу Жарқын жетістікке – мол мүмкіндік

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халдқының әл ауқатын аттырумемлекеттік саясаттың басты мақсаты» — Макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы. Былай делінген:

Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек. Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.

Қолданыстағы Салық кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар.

Үкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің «көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс.

Жаңа Кодекс салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек.

Бірақ, ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс.

ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа өтіп, құжаттағы негізгі жаңалықтар бойынша Салық кодексі жобасының таныстырылымы болып, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады

2008 жылдың Қыркүйектің 8-інде ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы болып өтті.

Салық кодексінің жобасы Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес әзірленіп, ол бойынша экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға, бизнестің «көлеңкеден» шығуына ықпал еткізу шаралары қамтылып отыр. Осыған орай Үкімет тарапынан әзірленген жаңа Салық кодексінің жобасымен тікелей әсер ету заңының қағидаттарын енгізу, өңдеуші сектордың түсімдерін арттыра отырып, экономиканың шикізаттық емес секторына ауыртпалықты төмендету, салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру көзделеді.

Жобадағы негізгі жаңалықтар бойынша баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Кодексте салық салу барысында туындайтын мәселелермен айналысатын Консультациялық кеңес құру қарастырылған. Бұл кеңесті ҚР Премьер-Министрі басқаратын болады. «Кеңестің негізгі жұмысы салықтық міндеттемелерді атқару барысында туындайтын айқын емес, нақтыланбаған тұстарды және қайшылықтарды жою мәселелерін жедел шешу. Сондай-ақ, салық төлеуден жалтарудың болуы мүмкін жолдарын кесу жұмыстары да аталған кеңес тарапынан жүргізіледі», деді министр. Оның сөзіне қарағанда, жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына, әртараптануына жағдай жасап, «көлеңкелі» секторды барынша қысқартуға септігін тигізетін болады.

2009 жылы қосымша құн салығының ставкасы 12 пайызға тең мөлшерде болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. «Бұл көрсеткіштің өзінен қазақстандық қосымша құн салығы ставкасының әлемдегі стандартты салықтар арасындағы ең төменгі деңгейдің бірі болатынын көруге болады. Бұнымен қоса, жобада қазіргі жеңілдіктер жиынтығының орнына есепке жатқызылған қосымша құн салығы есептелгеннен асып кету сомасын автоматты түрде бірыңғай қайтару енгізіледі. Ал 2012 жылы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толық енгізу көзделеді», деді Б. Сұлтанов. Сонымен бірге, Қазақстанда шығарылмайтын қондырғыларға, жабдықтарға қатысты жеңілдіктер 2012 жылға дейін сақталатын болады.

Жобаны таныстыру барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылы Қазақстанда өндірілетін жалпы мұнайдың 44 млн. тоннаға жуығына Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салық салынатындығын хабарлады.

Министрдің баяндамасынан кейінгі сауалдар барысында депутат Кенжеғали Сағадиев жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық жүктемесі бойынша қамтылған негізгі өзгерістерге назар аудартты. «Қазақстанда биыл шамамен алғанда 70 млн. тоннаға жуық мұнай өндірілді. Келесі жылы да осы шамалас өнім өндіріледі деп күтілуде. Осы тұрғыдан алғанда елде өндірілетін мұнайдың қаншалықты бөлігіне салық салынады? Өйткені, бұл салық ауыртпалығынан Өнімді бөлу туралы келісім шартын жасасқандар, «ТШО» секілді ірі жер пайдаланушылар құтылып отыр ғой», деді депутат К. Сағадиев.

Депутат сауалына жауап бере отырып министр Б. Сұлтанов, алдын ала болжамдарға да тоқталды. «2009 жылы Қазақстанда өндірілген жалпы мұнайдың 44 млн. тоннаға жуығына Пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық бойынша салық салынады. Жалпы алғанда салық кодексінде қамтылған өзгерістер нәтижесінде мұнай саласындағы жерді пайдаланушылар үшін салық ауыртпашылығы коэффицентін 49 пайыздан 62 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік бар», деді Б. Сұлтанов.

Жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылы Қазақстанда 72 млн. тоннаға жуық мұнай мен газ конденсаты өндіріледі деп болжанып отырғандығын айтты.

Министрдің айтуынша, келесі жылы жер қойнауынан алынатын мұнай мен газ конденсаттарының көлемі биылғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда соншалықты қомақты болмайды. «Биылғы жылы шамамен 70 млн. тоннаға жуық мұнай өндірілсе, келесі жылы Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газ конденсатының көлемі 72 млн. тонна шамасында болжанады. Жалпы қазіргі кезең Қазақстан үшін дайындық жылы болғандықтан да мұнай-газ өндірудің көлемі айтарлықтай өзгермейді. Біздегі ауқымды мұнай өндіру көрсеткіші 2012 жылға қарай күтіледі», деді министр

Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салықты 11% деңгейінде белгілеуді ұсынуда. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен «Салық салуды реформалаудың басты бағыттары» атты дөңгелек үстелде таратылған материалдарда айтылған, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі.

«Әлеуметтік салықты 11% мөлшерінде белгілеу ұсынылған, ал қолданыстағы заңнамада ол 5 — 13% тең. Әлеуметтік салық сомасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын мөлшерге азайтылып отыратынын ескергенде, бюджетке аударылатын нақты әлеуметтік салық ставкасы 2009 жылы 7%-ға, 2010 жылы 6%-ға тең болмақ,- деді еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

Жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына және әртараптануына жағдай жасайды, экономиканың көлеңке секторын қысқартуды қамтамасыз етеді, Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартады, ол елге капитал ағымын ықпал етеді және экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Салық кодексін тікелей қолданылатын заңның принциптеріне сәйкес келтіру, салық органдары әрекеттерін терең регламенттеу, салықтық бақылау жүйесін құру салықтық жүйесінің сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік береді және салық органдары мен салық төлеушілердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен әзірленген жаңа Салық кодексінің жобасын бүгінгі күні халық қалаулылары талқылап жатқаны белгілі. Еліміздің басты фискалдық құжаты 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енбекші. Бар-жоғы екі айдың ішінде мәжілісшілер бұл құнды құжатты сапалы етіп әзірлеп шығулары керек. Ал жаңа кодекс салық саласына қандай өзгерістер әкеледі? Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына тұсау салатын әкімшілік кедергілерді жою үшін қандай артықшылықтар береді?

Жаңа кодекс арқылы енгізілетін ең басты өзгеріс – кезең-кезеңмен корпорациялық табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін азайту. Мәселен, аталған салық түрін 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 30 пайыздан 20 пайызға; 2010 жылдың 1 қаңтарынан басап – 20-дан 17,5 пайызға; ал 2011 жылдың 1 қаңтарынан 15 пайыздық мөлшерлемеге көшіру ұсынылып отыр. Бұл – жаңа жобаның ең негізгі жаңалығы деуге болады. Осындай жаңартулар арқылы жалпы салықтың салмағын азайтып, елімізде кәсіпкерліктің кең қанат жаюына жол ашылмақшы. Сондай-ақ басты өзгерістердің тағы біреуі – 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 13-тен 12 пайызға төмендету көзделіп отыр. Онымен қоса, ҚҚС-ын салудың еуропалық классикалық моделіне көшу арқылы негізгі са­лық заңдылықтары жаңартылады. Бұл халықаралық тасымал экспортына және ішкі айналымдағы салық салуға қатысты жүзеге асырылады.

Бұл заңнан мемлекеттің ұтатыны – салық салудың тәртібін жеңілдету нәтижесінде кәсіпкерліктің дамуына серпін береді. Жеке меншік секторға пайдалы жағы – айналымдағы қаржылары салықтан босап, салық есепте­месі жеңілдетіледі. Онымен бірге, жеке меншік бизнес те анағұрлым жеңілдетілген салық жүйесімен өмір сүреді. Яғни салық органдарында сағаттап кезек күтпей, уақытының көп бөлігін өз шаруасына бөледі деген сөз.

Жаңа жоба салықты әкімшіліктендіру бағытында да жақсы нәтиже­лерге қол жеткізеді. Өйткені былай алып қарасақ, біз салық салуды, оның есептелуін және салық төлеудің тәртібін жеңілдету арқылы салық органдарының қызметін же­тілдіреміз. Атап айтар болсақ, ақпараттық жүйелер дамиды. Мұның нәтижесінде, әкімшіліктендіру жүйесі де жаңа­рады деген сөз.

Қандай да бір себептермен енгізілмей қалған нормалар бар. Бұл жерде әңгіме бір жағынан мемлекет және екінші жағынан кәсіпкерлік қауымдастық ұсынған нормалар туралы болып отыр. Оны тарқатып айтар болсам, мемлекет өз тарапынан салықтық бақылауды күшейтуге бағытталған іс-әрекеттер

12
скачать работу


 Другие рефераты
Научная и художественная картины мира
Қоршаған ортаны қорғау және адамдардың құқығы
Проблемы маркетинга - принципы, функции, содержание, стратегии
В.О. Ключевский


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ