Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі кездегі Шетелдік Азия



 Другие рефераты
Орал тарихы Орал туралы жалпы мәлімет Қытай Тайуан

Шетелдік Азия — адамзаттың пайда болған ошақтарының бірі, қолдан суарудың, қалалардың, көптеген мәдени кұндылықтардың отаны. Аймаққа 45 мемлекет мүше, құрамына енетін мынадай 5 ірі аймақты бөліп көрсетеді: Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс, Орталық Азия.Табиғат жағдайы барынша алуан түрлі. Басты минералдық байлықтары: мұнай, газ (Парсы шығанағы елдері), көмір және темір рудасы (Қытай, Үндістан), түсті металдар (қалайы белдеуі Мьянмадан Индонезияға дейінгі аралықта орналасқан).
Табиғат байлықтары біркелкі таралмаған, энергетикалық суқоры (Қытай), агроклиматтық қорлар (муссондық аудандар), рекреациялық қорлар, орман қорлары Оңтүстік-Батыс Азияда жақсы дамыған.

Аймақта халықтың саны өскен сайын жер қорының жеткіліксіздігі (тау сілемдері мен шөлейт жерлердің көпшілігі) егістік жерлердің үлесін шектейді. Оңтүстік-Батыс және Орталық Азияда су проблемасы туындап отыр.
Халқының саны 3,5 млрд адам. Теңіз жағалаулары мен аралдарда халықтың орналасу тығыздығы жоғары, шөлді жерлерде төмен (Монғолия, Қазақстан). Табиғи өсу жоғары, урбандалу деңгейі төмен (3,5%). Аймақтағы халықтың ұдайы өсуі демографиялық жарылыс құбылысына байланысты.

Араб елдері жарылыстың ошағы болып отыр. Этникалық құрамы мен діни құрамы өте күрделі. Әр түрлі тіл әулеті (9 тіл әулеті) мен топтарына жататын 1 мыңнан астам ұлт тұрады. Елдердің көпшілігі — көп ұлтты мемелекеттер.
Шетелдік Азия — діндердің отаны. Дін материалдық мәдениетте де (мұсылмандардың мешіттерінде, индустардың храмдарында, буддалардың ғибадатханалары мен монастырьларында) кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде адам өмірінің барлық жақтарына күшті ықпал етуде.
Өнеркәсібі. Соңғы 10 жылдың ішінде Шетелдік Азияның дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі айтарлықтай өзгерді. Мұның ең алдымен өнеркәсіп өндірісіне қатысы бар, аймақта 6 топ елдерінің өнеркәсіп өндірісі қызмет етеді.

1.    Жапония (экономикалық көрсеткіштерінен) — өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған ел.
2.    Қытаймен Үндістан экономикалық және әлеуметтік дамуда зор табыстарға жеткен, алайда жан басына есептегенде көрсеткіштері төмен.
3.    Азияның жаңа индустриялық елдері: Корея, Сингапур,  Тайвань, Гонконг. Экономикасының негізін машина жасау саласы кұрайды.
4.    Парсы шығанағындағы мұнай өндіруші елдер: Сауд Арабиясы, Кувейт.  Экономикасының негізі — мұнай өндіру өнеркәсібі.
5.    Индустрияландыру әзірше, негізінен, таукен өндірісімен, жеңіл өнеркәсіппен шектелетін елдер (Монғолия, Вьетнам, Бангладеш т.б.).
6.    Лаос, Камбоджа, Непал, Бутан т.б. дамушы елдерде өңдеуші өнеркәсіп жоққа тән.
Ауыл шаруашылығы. Кең-байтақ территорияда алуан түрлі ауыл шаруашылығы аудандарының 3 түрі қалыптасқан:
1.    Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның бүкіл муссонды секторын қамтитын күріш егетін аудандар.
2.    Жерорта теңізінің жағалауындағы субтропиктік егіншілік ауданы (жеміс, жүзім, бидай, цитрус дақылдары т.б.)
3.    Аймақтың қалған территориясында бидай, тары тектес дақылдар өсіріледі. Жайылымдық мал шаруашылығы Орталық, Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азияда жүргізіледі. Мәдени дақылдың бірі болып саналатын мақтаның экспортқа шығарылуы маңызды орын алады.

 

скачать работу


 Другие рефераты
Работа педагога - музыканта с родителями по эстетическому воспитанию
Аудит доходов и расходов на примере ТОО "Павлодарзернорпрод"
Служебный этикет
Социальная стратификация в современном обществе


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ