Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері

қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:

·              Активтердің жағдайын бақылау шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланылатын ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу.

·              Жүйешілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу.

·              Ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуімен ақпараттардың өңделудің тиімділігін талдау.

·              Басқарушы ақпараттың жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.

Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылауда жүзеге асырылады.

Аудит обьектілері бойынша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының, биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорлардың, жалпы аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді.

Тағайындалуы бойынша аудит тиісті түрлерге болінеді.

Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субьектілерінің қаржылық қорытынды есебін тексеру.оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.

Сәйкестік аудиті - бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен нұсқаушы материалдарының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру.

Салық аудиті - бұл салықтарды төлеудің, есептедің дұрыстығы мен толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұсыну.

Арнаулы аудит - субьект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бірн норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.

Экологиялық аудит - қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген ішкі және сыртқы  экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау.

Оперециялық аудит - басқару үшін тиімділігін, сенімділігімен пайдалылығын  бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизімінің жекелеген бөлшектерінің қызмет етуін тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

2  АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

2.1  Аудиттің компоненттері, принциптері және концепциялары

 

 

Аудит теориясы мына негізгі элементтерден тұрады:компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.

Аудит компоненттері:бірінші компонент-бұл экономикалық обьект. Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпаратгізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.

Екінші компонент - өндірістік жағдаймен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды.

Үшінші копонент бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзіретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білу керек және осы фактілерді бағалйтын өлшемдерді жете білу қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нораларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап,қысым көрсетілушілікке қарсы тұра білу керек.

Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны боып табылатын фактілерді алумен бағалау жатады. Фактісіз қандайда бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің  нәтижесі ретінде қабылданбайды.

Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады.

Аудиттің алтыншы компоненті аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы,шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін оңайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.

Аудит принциптері. Аудит өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылықа алу керек   адалдық, обьективтілік, кіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық және т.б.

Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

Ғылымиялық принциптің мағынасы  аудиттің қорытындылары аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен  әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын  немесе жалғандығын көрсетіп береді.

Нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақытылы жүргізілуін білдіреді.

Жариялық принципін сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның нәтижесіне де қатысты. Жариялықтың аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін көтеруге пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор.

Халықаралық аудиторлық қызметтің  нұсқауында тәуелсіз тексеру жүргізілгенде  сақталуы қажет басқада принциптер аталады. Негізгі принциптердің маңызы мен оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттырады.

Концепциялар аудит теориясының бағытын белгілеп береді. Негізгі тұжырымдаманы қарастырайық :

1.Мінез құлық этикасы жалпыға бірдей этика нормаларын белгілеп қана қоймай аудитор тәртібінің арнайы ережесінде белгілейді.

2.Тәуелсіздік  ең алдымен пікірдің обьективтілігін және шынайы болуын қамтамасыз етеді.

3.Кәсібилік. Аудиторлар құзыретті, білікті және зерделі болуы қажет.

4.Дәлелділігі. Аудиторлар қисынға негізделген шешім қабылдау үшін жеткілікті дәрежеде құзарлы мағлұматтар мөлшерін жинап бағалау керек.

5.Ұсынудың дәлдігі. Ақпаратты ашу мен ұсыну барлығы әдетте бір мәнді ережелердің толық жинағы ретінде қарастырылатын жалпы қабылданған аудиторлық стандарттарға қызмет етеді.

 

 

 

2.2  Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары

 

Аудиттің көктейтесті  мәселелерінің бірі – оның пастулаттарынзерделеу болып табылады. Кең мағынадағы постулат бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер.

Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды  негізге алаотырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады.

Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды болады. Батыс ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К. Маутц және Х.А. Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла басталы.

Әр түрлі ғалымдар мен маман практиктердің көзқарастарын жан жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады:

1.                Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.

2.                Мүддделердің қайшы келіп қалуы ықтималдығы.

3.                Верификацияның мүмкіндігі.

4.                Есептеме дұрыс жасалмаған.

5.                егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттілігімен реттемеленеді.

6.                Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.

7.                Аудиторлардың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.

8.                Есеп беру мәліметтерінің обьективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорционалды.

9.                Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі мүмкін және әрдайым ақпараттылығы аз болады.

10.            Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі деңгейде иландырады.

11.            Бұрынғы ақпараттың құндылығы.

12.            Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау.

Осылайша, аудит саласын стандарттау және теориясын дамытудағы постулаттардың маңызы

12345
скачать работу

Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ