Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері

зор.

Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырыды.

Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен және негізгі постулаттармен реттеледі.

Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс тәжірибелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Стандарттардан айырмашылығы аудит нормалары негізгі принциптерді қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолдануы мүмкін процедуралары бойынша басшылықты қамтиды:

·                   өзіндік ерекшелігі бар мәселелерді тексеру

·                   жекелеген салаларды ревизиялау

·                   бейаудиторлық есеп берулерді дайындау және т.б.

Аудиторлық стандарттар  мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқада өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

2.3  Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары

 

Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты төрт тізбекті бөлімнен тұрады:

1.                Негізгі постулаттары.

2.                Жалпы стандарттары.

3.                Жұмыс стандарттары.

4.                Есеп беру стандарттары.

Негізгі постулаттар –  бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының қызметінің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір  тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде қызмет етеді.

Олардың ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін мынадай негізгі постулаттар ұсынылады:

1.                тексеруші орган өз қызметінде барлық мәселелер бойынша аудиторлық қызметтің стандартына сәйкес әрекет етуі керек.

2.                Аудиторлық органның еш қоспасыз өз пікірі болы және тексеру барысында пайда болатын әр түрлі жағдайларды дербес бағалаы керек.

3.                Қоғамдық сала өскенде қоғамдық қаражат сеніп тапсырылған жеке тұлғаны немесе ұйымды бақылауға талап күшейеді, олардың елдің көзінше, яғни көпшілік алдында есеп беруіне және қаржылық шаруашылық опрацияларын дұрыс жүргізуіне қолдау көрсету.

4.                Есеп берушілікті дамыту ақпаратты алу, бақылау жүйесінің  дұрыс жүргізілуімен жетілуіне ықпалын тигізуі керек. Қаржылық есеп берулер және басқа мәліметтер мазмұнының толық болуымен формасының дұрыс болуына кәсіпорын басшысы жауап береді.

5.                Басшылықпен үкіметтің тиісті органдары қаржылық есеп берулердің стандартарын таратуға кепілдеме беруі керек.

6.                Есеп берулердің стандарттарын дәйекі түрде, яғни тізбектілікпен қолдану қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелері туралы дәл қорытынды жасауға өз септігін тигізу керек.

7.                Ішкі бақылаудың барабарлық жүйесі болғанда ықтимал қателіктер мен бұрмаланушылық ең төменгі деңгейде азаяды. Осыған байланысты аудитор ішкі бақылау құралы қабылданған нормаларға сәйкес келмесе немесе ол мүлдем жоқ болған жағдайда  тексерілген бірлікке өз ұсынысын енгізеді.

8.                Заң актілері бақылаудағы қызметтерді жан жақты бағалауда қажет болатын қолдағы бар ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін тексеруші органдарымен ревизия бірліктерінің ынтымақтастықта болуын мақсат етеді.

9.                Барлық аудиторлық қызмет заң актілерімен, келісім шартпен және басқада нормативті құжаттармен белгіленетін өкілеттіліктің шегінен шықпауы тиіс.

10.            Тексеруші органдар аудит технологиясын жетілдіруге және шаруашылық операцияларының заңды болуына ықпал етуі керек.

11.            Тексеруші органдар аудитормен тексерілетін бірлік мүддделерінің қарама қайшы келуінен сақтануы, яғни олардың арасында жанжалға жол бермеуі керек.

12.            Аудиторлық органдар зерттеу, бағалау және қаржылық есеп берудің жағдайы туралы қорытынды шығаруы жолымен тексерілетін ұйымның қаржылық қызметін аттестациядан өткізеді, шаруашылық қызметті оның қол жеткізген нәтижелерін жоспарланған межесімен салыстырып, барлық ресурс түрін пайдаланылғанын ескертіп, үнемдеу, өнімділік және тиімділік мәселелері бойынша тексеруден өткізеді.

Жалпы стандарттар – бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби               орындауы үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.

Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:

- даярлығы

- құзіреттілігі

- тәуелсіздігі

- ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жаауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.

Жұмыс стандарттары – бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер.

Олардың құрамына мыналар кіреді:

-аудиторлық тексеруге дайындалу

-қадағалауды жүзеге асыру

- анық айғақтармен сенімді мәліметтерді жинау

- ішкі бақылаудың жағдайын бағалау

Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасымен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.

Мақсаттарымен салаларына қарай аудиторлық есеп берулер мына фирмаларда жасалады:

·  Қорытынды – қаржылық тексерулердің нәтижелері бойынша аудитордың тұжырымы.

·  Есеп беру–  шаруашылық қызматтерін тексеру бойынша аудитордың тұжырымы.

·  Хат – ұйым басқарушылары үшін.

·  Ескерту  –  шағандау фирмалармен кәсіпорындардың дирекциясы үшін.

Есеп берулердің мақсаты – елеулі қателіктерге ықтимал есеп және бақылау жүйесіндегі кемшіліктердің болуына түсініктеме беру, құрылымдық кеңестер беру, болашақта аудиторлық тексерулер қандай мәнге ие болатынын анықтау.

Есеп берулерде келтірілген ақпаратар дәл әрі анық, сенімді әрі құзіретті, тәуелсіз әрі обьективті және сындарлы болып, басшылықты іс қимылмен қамтамасыз етілуі керек.

Форма бойынша есеп беруде немесе қорытынды шығаруда мекен жай, негізгі мазмұн, қойылатын қол, мөр және күні көрсетілуі қажет. Есеп берудің мазмұнында аудиттің уақытылы өткізілуі стандарттарға сәйкес келуі, заңдық негізі, мәні, сипаты, мақсатарымен ауқымы көрініс табуы қажет.

 

 

 

2.4  Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы

 

Халықаралық  деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерециясы бар.

ХБФ аясында аудиорлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық  комитет тікелей айналысады. ХАС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғыни одан басым түспейді.

1948 жылы Америкалық алқалы бухгалтер институты  “Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарты ” деген атаудағы он қаулыны мақұлд

12345
скачать работу

Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ