Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Келдібекұлы Қазыбек би

й? Сенде дығырдай бес ұл бар деп еститін едім, - дейді.
Хан оған:
- Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал мал мен қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты. Қоңтажа өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: “Осыны тәрбиеле”, - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.

ҚАЗЫБЕК ПЕН ҚОҢТАЖЫ

Қалмақтың ханы Қоңтажы қазақ елін үш рет шауып алғанда, малдан бөлек , сол шабылғанның ішінде бірталай ұл мен қыз да кетіпті. Соны сұрап қазақ елші жіберсе, Қоңтажы ешбір есе бермепті, сондықтан қазақ билері боп бас қосып: “Қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ қайтеді?” – деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: “Біз әлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберіп, оған есе бермесе сонсын шайқасайық!” - дейді. Осыған жиналған халық бәтуа қылып, сөз байласады. Бұл жымысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген үлкен баласын ұзақ жолға жіберіп сынамақшы болып оның үйіне келсе, Қазыбек үйде жоқ екен, оны желі басынан табады. Балам жөн айтуды, жол айтуды біле екен деп сынайды.
- Балам, сен кімнің баласысың, - жөніңді айтшы! – дейді.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді баласы.
- Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жоқ, жақсылардың қасына еріп ел танып, сөз танығаның жақсы ма?
- Балалық дәуір де тәтті екен, оны да тастағым келмей тұр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, - дейді Қазыбек.
- Олай болса, балам, үйге қайтшы!- дейді әкесі. Қасына он кісі ертіп, астына “Телқоңыр” дейтін тайды ерттетіп беріп Келдібек баласын ханға жібереді.
“Телқоңырды” мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып, қара жал, құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: “Мынаның ішінде тас бар ма, тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар!” – дейді.
Күндердің күнінде бие құлындап, құлын биенің мойнына, сауырына артылып ойнап жүреді. Келдібек:
- Бұған бір қулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті бие еді, соның құлынын өзің сойып же-дағы, соған теліп жібер, - дейді жылқышыға. Құлын сол екі биенің сүтін емгендіктен “Телқоңыр” атаныпты.
Келдібектің тасқа салса тасқырмайтұғын, мұзға салса таймайтұғын бір ыңғайлы жігіті бар екен. Ат-тонын сайлап, кісіні онға толтырып сол жігітті Қазыбекке қосып беріпті.
- Қанша айтқанмен мынау бала ғой, бақылап жүрерсің, - деп тапсырыпты жігітке Қазыбектің әкесі. Сөйтіп:
- Бар, Абылай хан мен Тайкелтір биге сәлем бер! – деп қоя беріпті.
Абылай бастаған топ бір дөңнің басына шығып тұр екен, самсап тұрған сары қолға атының маңдайын тура қойып, жетіп келіп, Қазыбек Абылайға сәлем беріпті. Абылай сәлемін алған соң:
- Балам, сен кімнің баласысың? – деп жөн сұрапты.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, - дейді бала.
- Балам сен қайда барасың? – дейді хан.
- Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, - дейді бала. Сонда Абылай қарқ-қарқ күліп:
- жарайды балам, жарайды, барсаң бар. Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен! – дейді.
Сонымен Абылай: “Жүріңдер балалар, сендерді біраз жерге шығарып салып қайтайын”, - дейді.
Қол дабылды қағып жіберіп дау еткізіп, сау еткізіп жүріп кетті. Ыңғай жаратып, таңдап мінген қаз мойын, қамыс құлақтар, еттері қызып, біреу желіп, біреу жорғалап келеді. Тнлқоңырдың еті қызған сайын аузынан көбік шашып, алды-артын орап, ортекедей ойнап келеді. Ауыздығымен алысып, баланың қолын қиып жібере жаздап келе жатқанда, Абылайдың балаға тағы да назарыауады.
- Балам, сен бері келші? – деп, Қазыбекті қасына шақырып алады. – Балам, сен шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, басшы болғың келе ме?- дейді.
Сонда бала:
- Тәйірі, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам да жарар! – дейді.
Сонда Абылай бір төбенің басына жұртты иіре тұра қалып:
- Ал, балалар, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандардың Қарқаралы хан Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын. Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар. Көп арасында мына Қазыбек сықылды кішінің де сөзін Тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы баласы құсап тұрыңдар. Қалмақтың ханы Қоңтажы асып туған, тасып жүрген хан ғой! “Қол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын шешенмін!” – деп жүрген хан ғой. Мұнда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу да қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды алмас қылышпен де көндіруге болады; мылтықпен дәлелдеп атып жығуға да болады, дәлелдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде, ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып:
- Хандық дәуірде басынан өткізген біз осы жолы суын сүт қылып қайнатпасақ, бізден қатын артық; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алғандай болады.
Сонымен Абылай қош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні аттарына қар тепкізеді, әлденеше қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдерден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағыңда отырған хан ордасына барып жетеду. Кешке жақын Қазыбек жетіп барып: “Қазақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз?” - деп ханға айтады. Сонда хан ордада уәзірлерімен бас қосып отырған екен.
- Сойыс қылып шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар, - деп оннан-бестен отырған уәзірлеріне хан табыс қылады. Сонда Қазыбек: “Менің жүз атым бар, жүз кісі атшым жоқ, атты тарата алмаймын, бір жерден орын берсін”, - дейді. Бабқасының албарына барлық ат симай, хан өз албарына байлатқан екен. Қазыбек аттарды оннан топтап байлатып, ат үстінде тұрып реттеткен екен. Сонда ханның әйелі: “Тайға мініп бала да келген бе?”- деп, далаға шығып назар салып, Қазыбекке қарап тұрыпты. Сол күні кешке хан ордасына уәзірлерін, билерін жиып, ханымын қасына алып кеңесіпті. Сөзді өзі бастап:
- Қазақ халқы бізді қамап келіп жатыр, тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті.Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Менің ойым мынау: келекеге келген қылып, осылардың кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді? – депті. Барлық қалмақ билері “мақұл-мақұл” деп шу ете түсіпті. Сонда ханым тұрып:
- Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. “Елшіге елім жоқ” деген. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай дегенің тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сұңқар болып жүрмесін, байқау керек, - деген екен. Сонда хан тұрып:
- Олай болса, елшілерді ертең ордаға жинаңдар, өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса оны көрейін, сай келмейтін болса жазасын сол арада берейін, - деп уәзірлерін таратыпты.
Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып:
- Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, осының сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып осыларды сынап келші, - дейді. Қария: “Жарайды”, - деп қолына таяғын алып, көпшілікке келіп әрқайсысымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. “Алыстан келген ел ғой, аттоны қандай, сайлы ма екен”, - деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жақта, аузынан жалын шығып жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады:
- Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нәрседен шошып келдім, - депті. Хан “неден шошыдың?” – дейді.
- Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі қолы екі жақты, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап тұр екен. “Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халықты қара шыбындай аузыма үймелетемін”, деп тұр екен, - дейді. Сонда хан тұрып:
- Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шалып жүр екенсің. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар. Ол ер жетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қырмайық, - дейді хан.
Сонан соң олардың да Ыңғайлы атқа мінгендей, ықшам киім кигендей жігіттері келіп: “Сөзге дәмелің қалмаңдар” деп шақырып келеді. Қазыбек те аттың ішінде қалмай, жігіттермен бірге хан ордасына келеді. Сонда хан тұрып ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
- Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, - депті. Бұлардың басшысы Тайкелтір би асып айтпайтын бұқпа кісі екен, “ә” дегеннен шарқылдасып, шаңқылдасып қайтеміз деген кісіше:
Өлеңді өзгеге бердік, Өрлікті төменге бердік.
Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдық, Бермесең қалдық.
Сөзді өзіңе салдық!-
деп, үш-төрт

123
скачать работу

Келдібекұлы Қазыбек би

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ