Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Келдібекұлы Қазыбек би

ауыз тақпақпен сөзді тастай берді. Сонда асып тұрған тәкәппар Қоңтажы хан Тайкелтірдің төмендеп сөйлеген сөзіне мерейі үстем болып:
- Олай болса, кешке шейін бір жауап қайырармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас, - депті. Сөйтіп, Тайкелтір үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай беріп еді, хан оны екі ауыз сөзбен үзіп тастады. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан ешкім ештеңе дей алмады. Қазақ-қалмақ таразыға бір түскендей болды. Қазақ елшілері тығырыққа тығылғандай болып қалды. Сонда Қазыбек есік жақта өзінің жігітінің жанында еркелегендей болып отыр еді, айнала бір қарап, ешкім ештеңе демеген соң, орнына атып тұрып хан Бертіске жетіп барды.
- Ерден ердің несі артық, Ептестірген сөзі артық.
Малдан малдың несі артық, Бір-ақ асым ет артық;
Жерден жердің несі артық, Бір-ақ уыс шөбі артық.
Міндетіне алған сөзден шегінген жігіттен - аштан өлген аюдың өті артық, -
дейді. Содан кейін, Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып:
- Ел ебелек емес, ер көбелек емес, дат! – деді. Сонда хан:
- Өй өзің жөніңді айтшы, атың кім ? – депті.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Халқым қазақ, руым Қаракесек, - депті.
- Дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды, айтшы! – депті хан. Сонда Қазыбек:
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпанға басындырмаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз, сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз, қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз; танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең шабысқалы келгенбіз; сен Қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз; жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз; берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт! - депті. Сонда Қоңтажы не дерін білмей сасып қалыпты.
- Өзің сөзге келген бала болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары! – деп қолтығын аша беріпті. Сонда Қазыбек :
- Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отырғанмен бірдей, - деп жалт бұрылып орнына қайта барып отырды. Сонда Қазыбектің сөзі ханның басынан асып, хан не дерін білмей сасып қалып:
- Осылардың өздері келгелі әр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйіне алып барып, бір жерден күтімге алыңдар, - депті. Сонда қалмақтар:
- Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүріңдер, бір жерден күтім көріңдер, - деп алып шығып кетіпті.
Қазақтар шығып кетті, қалмақ бірыңғай қалып қойды. Барлық билері жиылып, ханның қасына келіп:
- Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп, осынша дірілдеп кеткеніңіз не? – деді. Сонда Қонтажы тұрып:
- Сендер білген жоқсыңдар. Сөзді өңменімен сұғып айтқан кезде, екі иығынан екі аю аузынан от шашып “тыпыр” етші, “көрейін” деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер, - деді.
- Мал мен хан болғалы, басыма қасиет қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім, жығылғанымды білдіріп, сіздерге біраз сый қылайын, - деп бұлардың басшы адамының әр қайсысына бір тоғыздан сый беріпті, Қазыбек соның ішінде болыпты.
- Жаным, Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің, сенің айтқан сөзіңе менің буыным шыдамай, сіресіп тұра алмадым. Сондықтан саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі – сенің даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, сондықтан сенің атың бұдан былай қаз дауысты Қазыбек болсын: Екінші – Тоқсан жеті жүлдені саған арнап байладым, бұдан былай сен екі сыбағалы бол! – депті.
Сүйтіп есеп-қисап бітіп, қазақтар қайтпақшы болды. Мал мен жанды алдына өрістетіп салып, олармен хан қош айтпасақ болып еріп шықты. Содан қош айтысамыз деп бір төбенің басына иіріле тұра қалды. Сонда қазақтың бір жас жігіті ортаға шығып айқай салыпты. Уа, жиналған топ, менің айтпағым мынау депті: мен басында қазақтың жылқышысы едім. Жылқы бағып жүріп жылқыммен қалмақтың қолына түстім. Мұнда келгеннен кейін бір уәзір ұрып тонымды тартып алды, өз ықтиярыммен бермеп едім, сабап тісімді сындырды. Атымды алып ұйқым бұзылды, тісім сынып сөзім бұзылды, осыған жиылған көпшілік не дейді екен? – депті. Сонда Қоңтажы тұрып:
- Бұл немене, басында біткеннен кейін аяғында еселеп даулай беру дұрыс бола ма! Тон дегенің бір тоқтышақтың терісі шығар, ат дегенің сырты түкті, іші боқты бір тай шығар; ал тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жең ішінде емес пе? – депті. Қазақ , қалмақ таразыға тағы түскендей болып қалады. Ешкім ештеңе дей қоймайды, сонда Қазыбек кейінірек тұр екен, атты борбайға тартып жіберіп, Қоңтажы ханның қасына жетіп келіп:
- “Тісі сынса ауыз ішінде, қолы сынса жең ішінде” жүре беру керек деген не сөз! Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс, болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның бізбен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай алғанынан қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ардақтап асыраған ұлы. Ерікті ұл көрікті болып қайтуы керек, - депті. Сонда Қоңтажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып кетіп, аузына сөз түспейді екен.
- “Мә, жанатыңа жанатым” деп жанат ішігін шешіп береді, “мә, болатыңа болатым” деп болат семсерін береді: “мә, қанатыңа қанатым” деп астындағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді. Өзі ашынып тұрған жігіт осы жолы теңдікке қолы тигеніне көзі жаткеннен кейін, жанат ішікті киіп, болат семсерді асынып, қарақасқа тұлпарға қарғып мініп алып:
- Ал, менің де дауым бітті, енді қош айтысуларыңа болады, - депті. Сонда, мал-жанын түп-түгел қайырып алып, Қазыбект бастаған қазақ елшілері көшкен елдей түлеп жүріп кеткенде, қасында бір топ кісісі бар Қоңтажы тоналғандай мең-зең болып дөңнің үстінде қала беріпті.

123
скачать работу

Келдібекұлы Қазыбек би

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ