Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қылмыстық кодекстегі әкімшілік преюдицияның қоғамға деген маңыздылығы

асына ай­рық­ша назар аудару қажет екенін атап көрсетті. Осыған орай «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қылмыстық заңнаманы одан әрі гуманизациялау мәсе­ле­лері жөнінде өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы»заң жо­басы әзірленді.

Аса ауыр емес және ауырлығы орташа экономикалық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдетуді және кәсіпкерлерді қорғауды, сонымен қатар қылмыс­тық заңнаманы ізгілендіру үрдісін көздейтін заң жобасының әзір­ле­нуіне «Нұр Отан» партиясы үлкен үлес қосқан болатын.

Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин былай деді:«Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәй­кес, «Нұр Отан» партиясы Үкі­мет­пен және құқық қорғау орган­дарымен бірлесіп, арнайы заң жобасын дайындады. Келесі аса маңызды қадам — біздің пар­тия­мыздың Парламент Мәжілісіндегі фрак­циясы еліміздің эконо­ми­касына қызмет ететін осы заңның жедел қабылдануын қамтамасыз етуі.

Қазіргі қылмыстық заңнамада көрсетілген кейбір көзқарастар мен принциптердің XX ғасырдың 50-ші жылдары негізі қаланған принциптермен арадағы ұқсас­тық­тары әлі де өте көп. Ал бүгінгі таңда, яғни нарықтық экономика жағдайында, қоғамды гума­ни­за­ция­лау жағдайында жаза кесу инс­титутының жаңа алгоритмі қажет.

Осының барлығы қылмыстық саясатты, әсіресе қылмыстары үлкен қауіп төндірмейтін және де тек қоғам мен мемлекеттің қаржылай-мүліктік мүдделеріне әсер ете алатын экономикалық саладағы қылмыстық саясатты ырықтандыруға бағытталған заңдарда көрініс табуы тиіс. Осындай нақты міндетті мемлекет Президенті, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүктеді».

Жобаға сәйкес, алдағы уақыт­та келтірілген зиянды өз еркімен өтеген және мүліктік зиянды қал­пына келтірген адамдар бас бос­тандығынан айырылмайды. Бұған қоса экономика саласында аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған жандар жазалан­байды. Саладағы қылмыс құрам­дары Қылмыстық кодекстен Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылады. Сәйкесінше, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс­тар қылмыстық сипаттан ары­лады. Қылмыстық жауапкерші­ліктің орнына, әкімшілік айыппұл белгіленеді. Сөйтіп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ко­дексте әкімшілік жазалардың жо­ғарғы шегі арттырылып, жеке тұлғаларға — 500 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал жеке кәсіпкерлерге, лауазымды және заңды тұлғаларға — 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін «са­лық» салынады. Дөңгелек үстелге қатысушылар эконо­микалық қылмысқа баратын кәсіпкер­лердің дені заңға қайшы келетін әрекеттерді қасақана жасамай­тын­дығын айтты. Олардың пі­кірінше, кәсіпкерлер жіберген қателерінің ізін жасырамыз деп жүріп, қылмыс жасап қойған­дарын білмей қалады. Жаңа заң жобасы осы мәселені басты на­зарға алып отыр.

Сонымен бірге, жаңа заң жобасы бойынша әкімшілік қамауға алу мерзімі 45 тәулікке ұзартылады. Сонымен қатар қылмыстардың алдын алуды күшейту мақсатында әкімшілік преюдиция институты енгізіледі. Осы бойынша айып­талушы бір жыл ішінде әкімшілік құқық бұзушылықты қайталаса, қылмыстық жауапкершілікке мәжбүрленеді. Дәл осылай жазалау қылмыс құрамының 40 санкциясында қарастырылады.
Бүгінде Қазақстан бас бостандығынан айырылғандар­дың саны бойынша әлемде 17 орында тұр. Бұл 70 мың адам жазасын өтеп жатыр деген сөз. Әкімшілік жауапкершілікті арттыру сотталушылардың санын 5 пайызға азайтады деп күтілуде. Қылмыстан арылту тәртібінде ауырлығы шағын, орташа және аса ауыр қылмыстық әрекеттердің 16 құрамы бойынша бас бостан­ды­ғынан айырудың ең ұзақ мер­зімі азайтылады. Ауырлығы ор­таша қылмыстар бойынша 18 құрамның санкциясынан бас бостандығынан айыру толықтай алып тасталады. Ең бастысы, мемлекеттік мүдделерге зиян кел­тірген қылмыстық істер бо­йынша тараптардың ымыраға келу инс­титутын пайдалану мүмкіндігі кеңейеді[6].

Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған заң жобасы еліміздің қылмыстық саясатын құқықтық мемлекеттің стандарттарына сәйкестендіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін қамтамасыз етуге, прокуратура органдарының үйлестіру функцияларын күшейтуге және прокурорлық қадағалаудың тиімділігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді, демек Қылмыстық кодекстегі әкімшілік преюдицияның қоғамға деген маңыздылығын анықтадық

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы, 2011 жыл, 18 қаңтар

2. ҚР Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі N 167 Кодексі Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, (2010.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнаманы одан ары ізгілендіру мен қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдігін күшейту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен қосымшалар енгізу туралы» заңы, 4 ақпан, 2011 ж.

4. «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы жарлығы

5. Есенбеков Б. Қылмыстық саясатты ізгілендіру – қоғамның талабы. – Ел, 17.05.2011

 

6. Махамбет Қ. Айқын, Жаза басқандарды жазалай берген дұрыс емес . — 12.05.2011

12
скачать работу

Қылмыстық кодекстегі әкімшілік преюдицияның қоғамға деген маңыздылығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ