Қылмыстық кодекстегі әкімшілік преюдицияның қоғамға деген маңыздылығы
Другие рефераты
Биылғы 2011 жылдың 18 қаңтарда ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды[1].
Заң қылмыстық заңнаманы ырықтандыруға, қоғамдық қауіпсіздікке үлкен қауіп тудырмайтын қылмысты декриминализациялауға, оларды әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстыруға, қылмыстың кейбір құрамы бойынша әкімшілік преюдиция енгізу және қылмыстық саясатты ізгілендіруге қатысты өзге де мәселелерді шешуге бағытталған.
ҚР Қылмыстық кодекстің жаңа «Әкiмшiлiк преюдиция» деп аталатын 10-1-бабында [2]Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда үлкен қоғамдық қаупi жоқ қылмыс үшiн, егер әрекет дәл осындай әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған болса, қылмыстық жауаптылық туындайтыны аталып көрсетілген.
Ақпанның 4-інен бастап «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнаманы одан ары ізгілендіру мен қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдігін күшейту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен қосымшалар енгізу туралы» [3]заңы күшіне енеді. Осы заң бойынша Қазақстанда әкімшілік преюдиция институтын енгізілмек.
«Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы жарлығының [4] негізінде үстіміздегі жылдың 18 қаңтарында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң (бұдан әрі – Заң) қабылданды.
Осы Заңның негізінде Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстерге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қылмыстық қодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың ішінде әкімшілік преюдиция институтының пайда болуын ерекше атап өткен жөн. Яғни, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда үлкен қоғамдық қаупі жоқ қылмыс үшін, егер әрекет дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған болса, қылмыстық жауаптылық туындайтын болады.
Ізгілендірудің айқын көріністерінің бірі – кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасының тағайындалмайтындығы, сондай-ақ, қылмыстық жаза ретінде “қамаудың” алынып тасталуы.
Сонымен қатар қылмыстық қудалау орбитасына түскен адамның, енді, қоғам мен мемлекет мүддесіне келтірген зиянның орнын толтыру арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босау мүмкіншілігі бар, тек бұл шарттың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандарға қолданылмайтынын ескеру қажет.
Құқық қорғау органы қызметкерінің, судьяның өз қызмет жағдайын пайдаланып қылмыс жасауы қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылуына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың бір жолы деп қараған жөн.
Бірқатар қылмыс құрамдары қылмыстан әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстырылған, атап айтқанда, Қылмыстық кодекстен 8 бап толығымен алынып тасталса (мысалы, 105 (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), 149 (ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау) және т.б.), 12 баптың ішінара кейбір қылмыс құрамдары алынып тасталған (мысалы, 144-баптың 1-бөлігі (пациенттің сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметті кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз медициналық қызметкердің жария етуі), 182-бабының 1 бөлігі(алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге ұрлық белгілерінсіз мүліктік залал келтіру) және т.б).
Үш бөліктен тұратын жаңа 141-1 бап енгізіліп, “қинау” сот төрелiгi мен жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстар санатынан адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар санатына ауыстырылған.
Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің бас бостандығынан айыру жазасының қолдану аясын тарылтуға бағытталған нақты шаралар қабылданып отыр, атап айтқанда, 20 баптың санкциясынан бас бостандығынан айыру жазасы алынып тасталды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, тергеушілер қатарына арнайы прокурор енгізіліп, бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты электрондық ізге түсу құралдарын қолдану мүмкіндігі бекітілген. Ал қамауға алу бұлтартпау шарасын енді кемінде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты ғана қолданылатын болса, “ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың құрамында қылмыс жасады деп айыптау не оған күдік келтіру” және “бұрын жасаған ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін соттылығы болуы” қамауға алуды қолдану негіздерінің қатарына қосылды.
Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске Қылмыстық кодекстен алып тасталған бірқатар құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілік белгіленген (денсаулыққа зиян келтіру; еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару; қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау және т.б.).
Дегенмен, қылмыстық саясатты ізгілендірумен қатар әкімшілік жауапкершілік күшейтіліп отыр және бұл – биылғы реформаның өзіндік ерекшеліктерінің бірі.
Атап айтқанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың ең жоғарғы мөлшерi 200-ден 500 айлық есептiк көрсеткiшке, лауазымды адамға, дара кәсiпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, сондай-ақ, заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың ең жоғарғы мөлшерi 400-ден 1000 айлық есептiк көрсеткiшке көтерілсе, әкімшілік қамаудың ең жо-ғарғы мерзімі 45 тәулікке дейін ұзартылған[4].
Қазіргі уақытта, құқық қорғау органдары осы заңның талаптарын орындауды қолға алып, реформаның толығымен іске асырылуын қамтамасыз етуде.
«Кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тұтастай алғанда қылмыстық заңнамаларды ізгілендіруді, сот өндірісіне дейінгі амалдарды жеңідетуді және қылмыстық процесте кәсіпкерлік нысандары үшін қосымша кепілдіктерді белгілеуді көздейді. Жекелеп айтқанда, отыз алты қылмыс құрамын қылмыстық сипатынан арылту ұсынылып отыр. Оның экономикалық қызметке байланысты жетеуін әкімшілік құқықбұзушылық қатарына өткізу жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарға қылмыстық жазаның орнына қатаң әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Бұл үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде айып өндірудің жоғары шегі ұлғайтылатын болады.
Сонымен қоса, олардың он жетісіне әкімшілік преюдиция институты енгізіліп отыр. Мұның мәні қылмыстық жауапкершілік әкімшілік құқықбұзушылықты екінші рет қайталаған жағдайда ғана тағайындалатындығында. Осылайша, жалпы қылмыс құрамының бес пайызы және экономика саласындағы қылмыстың жиырма пайызы қылмыстық сипатынан ажыратылатын болады. Он алты қылмыс құрамы бойынша бас еркінен айыру мерзімі қысқартылып, ал, оның он сегізі бойынша бұл жаза толығымен жойылмақ. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды бас еркінен айырмауға байланысты жазаны қолданудың негіздері ұлғайтылмақ. Олардың ішінде алғаш рет орташа ауырлықта қылмыс жасағандар бас бостандығынан айрылмайды. Сонымен бірге, бостандықты шектеу түріндегі қылмыстық жазаны барынша кеңінен қолдану мәселесі қарастырылып жатыр. Ол баламалы жаза түрінде қосымша жүз сегіз қылмыс түріне қолданылмақ. Мұндай шараны жүзеге асыру бас еркінен айыру жазасын қолдануды отыз пайызға азайтып, өз кезегінде түрмеде жазасын өтеп жатқандар қатарын он бес пайызға кемітетін болады. Заң жобасының және бір жаңалығы тұтқынға алу шарасын қолданудың негіздерін азайтуға қатысты болып отыр. Бәрімізге мәлім, бұл бүгінде екі жылға бас бостандығынан айыруды көздейтін барлық қылмыс түріне қолданылады. Осы шекті бес жылға арттыру арқылы үлкен емес, орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша тұтқынға алуды шектеу ұсынылды. Бүгінгі таңда бұл шара орта есеппен он тоғыз мың адамға қатысты қолданылады екен. Аталмыш түзетуді қабылдау шамамен олардың қатарын жиырма бес пайызға азайтып, күзетке алынғандар санын едәуір кемітуге мүмкіндік береді.
Заңды қарау кезіндегі депутаттардың ұсыныстарына тоқталатын болсақ, заң жобасын бізге алып келген кезде қылмыскердің келтірген зиянның орнын айыппұлмен өтеп толтыру міндетін жүктеу жөнінде жаңа өлшем бар болатын, ол алып тасталды. Өйткені, әрбір адам жасаған қылмыс үшін жауап беру керек. Ал, келтірген зиянының орнын толтыруды жаза деп тауып, істі жауып тастау әділдікке жатпайды. Қылмыс жасаған адам өз әрекетіне жауап бермей, оның зардабын сезінбейді. Оған жасалған жеңілдік оны бұдан зор қылмысқа итермелеуі мүмкін. Депутаттар арасында Үкіметтің ұсынысын қолдап, баяғы ата дәстүрімен құн төлету жазасын ұсынғандар да болды. Өйткені, адамның тағдыры, өміріне келтірген зиянды ешқандай да айып өтей алмайды.
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Экономикалық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті одан әрі ізгілендіру» деген тақырыпта дөңгелек үстел өттi.
Осыдан біраз бұрын Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мүдделі мемлекеттік органдарға еліміздегі құқықтық жүйені жетілдіруді және қылмыстық тәжірибені ізгілендіру мен декриминализациялауды тапсырды. Сонымен қатар ол отандық бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау үшін экономика сал
| | скачать работу |
Другие рефераты
|