Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қымыздың емдік қасиеті

rong>шырышты, белоктардың көпіршігі ірі болып келеді, май түйіршіктері болады, газ көпіршіктерінсіз, өте сұйық келеді. Осындай кемістіктері бар қымызды қайнатып алғаннан кейін мал азығы ретінде пайдаланады.

   3.3.1. қымыздың қышқылдығын анықтаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл, біріншіден бос көмір қышқылы болған соң көпіршіп тұратын болғандықтан қымыздың қажетті көлемін өлшеп алудың қиындығына, екішіден, тағы сол бос көмір қышқылы болғандықтан ол әр байқауда әр түрлі мөлшерге бірдей болмауына байланысты; ал мұның өзі фенолфталеин индикаторы кезінде сілтінің шығынын арттырып, сілтімен титрлеуге әсер етеді. Демек, қымызды көмір қышқылынан арылтқаннан кейін ғана оның қышқылдығын анықтауға болады. Жалпы қышқылдықтан өзгеше бұл қышқылдық тұрақты деп аталады. Әлсіз қымызда ол 60-80º Т, орташа

қымызда 81-100º Т, күшті қымызда 101-120ºТ болуы тиіс.

   Сиымдылығы 100-250 мл конус тәрізді колбаға 20 мл су құйып, пипеткамен 10 мл қымыз қосады да, оның қалғанын пипеткадан колбаға жібереді. Колбадағы сұйықты әбден араластырады, 3 тамшы фенолфталеиннің ерітіндісін қосып, сілітінің 0,1 н  ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге кеткен сілтінің 0,1 н ерітіндісінің милли литр санын 10-ға көбейтіп, Тернер градусы бойынша қышқылдықты анықтайды. Параллельді анықталған көрсеткіштердің айырмашылығы Тернер бойынша бір градустан аспауы тиіс. Қымызды титрлеуге 9,5 мл 0,1н күйдіргіш натрий жұмсалды. Бұл жағдайда қышқылдық:        9,5ⅹ 10= 95ºТболады.

  

3.3.2. Пикнометрдің көмегімен қымызды қайнатудан алынған ерітіндінің салыстырмалы салмағын анықтайды да, таблица бойынша спирт мөлшерін анықтап, есептеп шығарады. Пикнометрді мұқият жуады, әуелі сілтінің спирт қосылған әлсіз ерітіндісімен, содан соң сумен, хром қоспасымен, екінші рет сумен содан кейін 100-105º- та кептіреді де, эксикаторда салқындатып, аналиттік таразыға салып өлшейді.

   Қайнатуға арналған колбаға техно-химиялық  таразымен дәлдігін 0,1 грамға дейін жеткізіп, 100 грам қымыз өлшеп құяды, үстіне бір тамшы күйдіргіш натрий қосады да, бірнеше шыны қылдай түтікшелер салып, колбаны тығынмен жауып, тоңазытқышпен қосады. Тоңазытқыштың астына 100 мл қабылдайтын колба қояды.

   Бір қалыппен қатты қыздырмай өлшеуіш колбаның ішінде оның көлемінің 2/3 жететіндей дистилятта жиналғанша жайлап қайнатады. Айдап болған соң қайнатылған қымыздың үстіне белгісіне жеткенше су қосады да, мұқият араластырады.

   Алдын ала өлшеніп белгіленген пикнометрге пипеткамен қабылдайтын колбадан белгіден аздап асқанша дистилята қосады. Содан соң пикнометрді температурасы 20ºсуы бар стақанға суды деңгейі пикнометрдегі дистиляттың деңгейіндей болатындай етіп салып қояды. 40 минут өткен соң сүзгі қағаздың көмегімен дистилятты менискісін пикнометрде дәл белгіге келтіріп қояды. Содан соң оны тығындап стақаннан алып сүртеді және өлшейді. Қайнатылған ерітіндісі бар тығынды пикнометрмен тығынды бос пикнометрдің салмағының арасындағы айырмашылыққа қарап, қайнатылған ерітіндінің салмағын анықтайды.

   Судың салмағын анықтау үшін пикнометрге су толтырып, содан соң қайнатылған ерітінді салмағын анықтағанда істегендердің бәрін қайталайды.

   Қайнатылған ерітіндінің салыстырмалы салмағын формулаға қойлып есептеледі.

   100 мл қайнатылған ерітіндідегі спирт мөлшерін таблицада келтірілген су мен спирт қоспасының салыстырмалы салмағы бойынша табады.

   Таблицадан су спирт қоспасының салыстырмалы салмағы 0,9983 – қымыздағы 0,9%спиртке келетінін табамыз. Таблицадан табылған шама 100 г қымыздағы граммен алынған спирт мөлшеріне тең болады. Пикнометрдің «су саны» дегеніміз – осы пикнометр көлеміндегі судың 20ºС кезіндегі салмағы.

3.3.3.Қымыз микробиологяғылымы шықпастан бұрын да ашытқы салу әдісімен дайындалып келеді. 1910 жылы қымызды алғаш зерттеген Рубинский оның ашыту әдісін, құрамын және басқа да қасиеттерін тексерген. Рубинский қымызда микроорганизмдер бар екенін анықтады. Ол қымыз ойдағыдай ашу үшін қымыз ашытқылары мен палочкаларының маңызы зор екенін айтты. Басқа микроорганизмдер тек қымыз жасау процестерінде пайда боладыда, қымыздың өзіне әсер етпейді деп білді. Бұл бактериялардың кеотіретін пайдасы қымыздың ашуын күшейтеді, қымыздағы басқа зиянды микробтарды өлтіріп, қымыз палочкаларына көмектеседі.

   Алғашқы кезде қымыз микрофлорасын тексеруге онша маңыз берілмей келді. Бірен-сараң зерттеу жұмыстары болса, олар тек сипаттама түрінде ғана болатын( Голубков, Шипин, Сорокин, Штанге, Белокопытова және басқалардың жұмыстарын алуға болады). Кейін қымыздан сүт қышқыл таяқшалары мен ашытқылық зат бөлініп алынатын болды. Бұл қымыз ашыту әдісін едәуір жеңілдетті және бұл заттар қымызды лабороториялық жағдайда даярлаудыңбасы болды(Шипин, Николаева, Горовиц-Власова және басқалары).

  Қымызды ашытып, қышқылдандыратын басты агент не деген мәселенің айналасында көп қарама-қарсы пікірлер болды. Бұл мәселені Оренбург, Уфимск аудандарына экспедицияға шыққан прфессор А.Ф.Войткевич басқарған Орталық Курортология институтының микробиологиялық бөлімі бірсыпыра дұрыс шешіп, дұрыс анықтамалар береді.

   Қымыздың ең таза жоғары сортының морфологтялық және биохимиялық қасиеттеріне қарап бөлініп алынған таяқшалар болгар таяқшалары деп танылды. Қымызды қышқылдандырып ашытатын басты агент осы болды. Қымыздың спирттеніп ашуы қымыз ашытқыларының әсерінен екені белгілі болды. Бұл пікірді 1946-1947 жылдары Алматы, Оңтүстік Қазақстан обылыстарына шығып келген Қазақ ССР ғалымдар Академиясының экспедициясы да қуаттады.

  Қымызда өсіп-өнетін микроорганизмдер ондағы еритін азотты қосылыстарды, ең алдымен, бос амин қышқылдары мен витаминдерді қоректендіруге кетеді. Бие сүті мұндай заттарға бай, сонымен қоса онда сүт қанты да мол, сонықтан сиыр сүтіне қарағанда бие сүтінде спиртті ашу неғұрлым тез қарқынмен жүреді.

   Сүт қышқылды бактериялар мен ашытқылардың әрекетінен пайда болған лактоза ферментінің әсерінен сүт қанты глюкоза мен галактозаға бөлшектенеді. Моносахаридтер әрі қарай бөлшектеніп, сүт қышқылына, шарап спиртіне, көмір қышқылына және басқа да дәмді және хош иісті заттарға айналады.Сүт ашытқылары, басқа түрлеріне қарағанда, галактозаны глюкозаға айналдыратын галактовальденаз ферментін бөліп шығарады. Сосын ашу процесіне глюкоза қатысады.

   

 

4.Санитарлық-зоогигиеналық нормаларды, малды күтіп-бағу, жаю немесе суару ережелері мен қойылатын талаптарды орындағанда ғана, сондай-ақ фермалардың жай күйін және аурудың алдын алу шараларының сақталуын үнемі мал дәрігерлік-санитарлық тұрғыдан қадағалап отырғанда ғана сүт алуға және одан санитарлық сапасы жоғары қымыз дайындауға болады. Санитарлық талаптар сақталмаған жерде сауу кезінде сүтке әр түрлі көң-қоқыр, шаң-тозаң, солармен қоса патогенді микроорганизмдер де түсуі мүмкін. Жылқы фермаларын жақсы санитарлық күйде ұстау үшін шыбын-шіркейлерге қарсы күрес жүргізуге ерекше көңіл бөлу керек. Асқазан, ішек аурулары, іш сүзегі, дизентерия, паратиф және т.б. қауіпті аурулар осы шыбындар арқылы таралады. Шыбындарға қарсы санитарлық шаралардың ең тиімдісі қи-қоқыстарды дер кезінде тазалау болып табылады. Мұнда жалпы шаралардан, яғни залалсыздандыру, дезинфекциялау және дератизациялау мен қоса қораларды үнемі тазалау жұмыстары жүргізіледі, сауын биелердің үсті щеткамен тазартылады, желіні жылы сумен және дезмол ерітіндісімен жуылады, сүт және қымыз құятын ыдыстар, сауу аппараттары гипохлорид кальций немесе дезмол ерітіндісімен жуылып, залалсыздандырылады. Сауыншыларға жеке гигиенаны сақтап отыру міндеттелген үнемі тазалық күні өткізіліп тұрады.

   Сүт-қымыз фермалары және қымызханалар үнемі суық және ыстық сумен қамтамасыз етілуі керек. Сауышылардың әрқайсысының жұмыс орнына қол жуғыштар, залалсыздандырғыш заттар және ормал қойылады. Флягтарды, шелектерді, сауатын аппараттарды таза ұстау жауапкершілігі – аға жылқышыға, фермалардың жалпы санитарлық-гигиеналық жағдайын қадағалап отыру- аға сауыншыға, жылқы фермасының бригадирі мен бастығына жүктелген, ал фермалардың санитарлық-гигиеналық жағдайын қадағалап отыру жұмысы шаруашылықтағы мал дәрігері және зоотехник арқылы жүзеге асырылады. Қымыз фермаларында жұқпалы аурулардың алдын алуды дезинфекция, дезинсекция және дератизация шараларының мәні аса зор.

   Әрбір медициналық байқаулар мен дәрігерлердің тексеру қорытындылары қымыз фермасы меңгерушісінің қолында сақталатын сауыншылардың санитарлық кітапшасына түсіріледі. Меңгеруші болса сауыншылардың сәйкес мерзімге қарай кезекті медициналық байқаудан уақытылы өтулерін қадағалап отырады.

   Тазалық – жеке гигиенаның ең негізгі талаптарының бірі. Сүт пен қымызға жақын жүретін қызметкерлер ең алдымен жұмысқа таза әрі жинақы киініп келулері, жұмысқа кірер алдында, дәретханадан кейін, өндірістік бір операциядан екіншісіне көшер алдында қолдарын мұқият жуып, залалсыздандырып отырған жөн.

   Биелерді механикалық әдіспен сауу арзан және сапасы жоғары өнімдер

алуға көмектеседі, алайда биелерді механикалық әдіспен сауу кезінде сауу

машиналарының әрқилы бұзылуы, асау жас биелерді сауу кезінде

сауыншылардың қауіпсіздік техникасын сақтамау жеке тазалық гигиенасын бұзушылықтың, жарақаттарды және т.б. болуы мүмкін. Қымыз фермаларында мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді, жеке тазалық гигиенасын қатаң сақтау, арнайы ветеринарлық-санитарлық және шаруашылық шараларын дер кезінде жүргізіп отыру сауын биелердің ауруын және құлындардың өлімін азайтуға, өнімді арттыруға, бие сүті мен қымыздың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

  &n

12345
скачать работу

Қымыздың емдік қасиеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ