Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғызстандағы Қазақтар

КСРО-ның Ленин сыйлығымен марапатталған М. Әуезов (1897-1961) жасады.
Қазіргі уақытта Қырғызстан мен Қазақстанның ортасында мәдени-гуманитарлық қызметтестік те нығаю үстінде. Екі мемлекеттің интеллигенция өкілдері қатысқан көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, жыр кештері, концерттер және семинарлар жиі-жиі өтіп тұрған. Х.Қарасаев атындағы Бішкек гуманитарлық университетінде 1992 жылы қазақ тілі және әдебиеті кабинеті ашылып, жұмыс істеуде. Қырғызстан халқы Ассамблеясының құрамында қазақ мәдениетінің «Отан» орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Ол 1992 жылы түзілген. Мен оны түзуде біраз еңбек жасадым.
Қырғызстандағы қазақ диаспорасы, шығармашылық қайраткерлері, зиялы қауымы өлке экономикасының, ғылым және білім саласының, мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқаны және қосып келе жатқаны мақтауға татиды.
Совет уақытында Татыбеков Саймасай, Оразбаев Мәжит сияқты қандастарымыз мемлекеттік жауапты қызметтерде болды. Шайбеков Әзім ауыл шаруасында ел басқарса, Дүйсебаева Гүлнар облыстық комсомол комитетінің хатшысы болған. Қазақстанда туылып, кәмпескелеуден қашқан байдың малын бағысып келген әке-шешесімен, құндақтаулы кезінде Қырғызстанға келген Талғат Бигелдинов Бішкекте өсіп, қабырғасы қатайды. Бішкектегі ұшқыштар клубын тамамдаған ол, Ресейдегі әскери-әуе оқу жайына түсіп, Ұлы Отан соғысына аттанады. Екі мәрте Совет Одағының батыры атанды. Туылғаны жөнінде куәлігін Фрунзе қаласында алған. Орталық Азиядағы екі жолы батырлық дәрежені алған ғажайып адамға орнатылған ескерткіш Бішкектегі Жас гвардия гүлзарында орналастырылған. Қазақтың тағы бір мақтанышы – Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қалқабай Сартбаев қырғыз тіл білімінің негізін салушылардың бірі, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Сол сияқты Анвар Хасанов қырғыз халқының тарихын зерттеуде елеулі үлесін қосты. Қырғызстанның Ұлттық ғылыми академиясының академигі, медицина ғылымының докторы, профессор Сейтхан Жошыбаев Қырғыз ұлттық кардиохирургия және емдеу орталығының жүрек хирургиясы және трансплантациялау институтының негізін салған. Ол кісі қазір Қазақстанға кетіп, кардиохирургиялық зерттеу саласында өз салымын қосуда. Қазақстанда кардиохирургия орталықтарын ашуда мұрындық болуда.
Өз уақытында тарихи ғылымдардың зерттеу саласында тарих ғылымының докторлары, профессорлар С.Жантұров, Б.Чукубаев және басқалар үлкен істерді жасаған.
Қазіргі кезде ғылым және білім салаларында бір топ ұлттастарымыз белсенді еңбек етуде. Олар: заң ғылымының докторы, профессор Е.Дүйсенов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.М.Омаров, химия ғылымдарының докторы, профессор Ж.Жаманбаев, техника ғылымдарының докторы, профессор И.Бексалов және геология-минерология ғылымының докторы, профессор М.К.Сартбаев және тағы басқалар.
Қазақстаннан шыққан көптеген тұлғалар биік лауазымды мемлекеттік қызметтерде болды. Т.Татыбекова 1950-1960 жылдары Қырғыз қыздар педагогикалық институтының ректоры, 2000-2003 жылдары Р.Үшкемпірова Қырғыз Республикасының жоғарғы Сотының төрағасы. Осы күндері тағы бір азаматымыз М.Садырқұлов Қырғыз Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып істеуде.
Опера және хореография өнеріне аталы-балалы қырғыз елінің әртісі Ақан Нұртазиннің, Қырғыз ұлттық опера театрының бишісі, қырғыз елінің әртісі К.Әлімбаевтың қосқан үлесі орасан. Қырғыз мәдениетін дамытуға Қырғызстанның мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер М.Омаров айтарлықтай үлес қосты. Республиканың еңбек сіңірген спорт бапкерлері Т.Ахмедов пен Б.Молдабаевтың есімдері жұртшылыққа кеңінен танымал. Олар тәрбиелеген екі спортшы биылғы Пекин олимпиадасында екі алтын медальді иеленді. Грек-Рим күресінен күміс және қола медальдарды қанжығаларына байлап, республиканың намысын қорғады, елімізді әлемге паш етті.
Біз профессор М.Сартбаев екеуміз «Қырғызстандағы қазақтар» деген кітап жазып, оны баспаға ұсындық. Қазір осы кітап баспада даярланып бітіп қалды. Көлемі 200 парақтай.
Қазақтар еңбек, мәдениет, ғылым жетістіктерін бойына тез сіңірген талантты халық. Мен қайда жүрсем де халқымның ашық-жарқын, құшағы кең, ішкі болмысы терең әрі еркін, өмір танымы қағылез екендігімен мақтана аламын. Біз бұл қасиеттерді алдағы кездерде де байытып, оны жаңа мазмұнмен толықтыруға ұмтылуымыз керек. Әңгіме Қазақстаннан сырт жердегі барлық қазақтардың бірлігін арттыруды тездету, ұлттық сана-сезімнің негізгі қағидаларын істеп шығу, ұлттық менталитетті қалыптастыру жөнінде сөз болып жатыр. Бұл бағытта түпкі Отанымыз – Қазақстан көп істерді атқаруда. Ол үшін қазақстандықтарға және Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көп рахмет. Сөйткенмен де Қазақстанның шетелдегі қандастары үшін атқаратын істері әлі де бар. Менің ойымша, қазіргі қазақстандық қазақтар осы істі одан да әрі алға жылжытса, қазақ халқының басын қосудағы үлкен бір тарихи оқиға болар еді.
Шетелдегі қазақтарды түпкі Отанымыздағы қазақтардан бөліп тұрған заңнамалық негіздерді, саяси көзқарастарды қайта қарап, оларды өзгерткен ләзім. Біз қазақ жерінде шетелдіктер санатында болмауымыз керек. Шет елдерде тұрған қазақтарға Қазақстан азаматтарына берілген құқықтар берілсе, бұл шет елдерде жасаған барлық қазақтарға мейлінше жақсы моральдық-психологиялық және құқықтық шарттарды жаратарына сенемін. Бұл жағдайда әрбір қазақ ата жұртының ұл-қызы, өз халқының ажырамас бір бөлігі екенін жан-тәнімен сезер еді.
Қазір біз атамекенімізден бөлініп қалған қазақтар тарихи Отандастарымыздың жылы сөзіне зәруміз. Шетелдерде тұрып жатып, біздер әрдайым, тіпті сағат сайын өз этносымызға қазақ халқына тәндік бөлшек екенімізді сезіне береміз. Тіпті біз ондай екенімізді ұмыта қалсақ та, шет елдегі күнделікті қыт-қуыт тұрмыс қазақ екенімізді есімізге салып тұрады.
Біздің этникалық болмысымыз бұл жай идеологиялық ұран ғана емес, бұл біздің жасауымыз, тереңірек үңілсек, бұл – біздің тағдырымыз. Қазірге тез құбылып жатқан әлемде этникалық бірлік саяси мәселелердің бірі болып табылады. Оны пайымдау үшін көп ойлаудың да керегі жоқ.
ТМД республикасындағы оқиғаларға көз жүгіртсек болғаны. Этностардың ара жігінің көбесі сөгіліп, кейбір көрші мемлекеттер басқа мемлекеттердегі өз қандастарын қорғауда саясатын айқындауда және күшейтуде.
Қазақстанның әлемдегі орны оның тарихи дәстүрі, тұрғындарының көп ұлтты мәдениеті, түрлі діндерді тұтынуы арқылы анықталып, олар өз кезегінде Қазақстанның даму өзгешелігін шарттайды. Солай болса да, ең бастысы Қазақстанның гүлденіп өсуі келешекке сенімді қадамы, өз тамырының бекемдігі «қазақ» деген азаматтардың істері арқылы тарихи терең бастаулары және қазақ халқының өз менталитеті, өз мәдениеті берген және беріп жатқан ең күшті дәстүрлері арқылы іске асады деп ойлаймын.
Иіліп сәлем бердім бүтін, алаш
Алдағы өзгеріске күтін, алаш.
Бәйгеге осы қазір қосып тұрмыз,
Жүйріктей жаратулы жұтын, алаш!
Құттықтып осы сәлем жаздым сізге
Ақ алаш, азат алаш, даңқты алаш!
Ахметқали Мәметов

12
скачать работу

Қырғызстандағы Қазақтар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ