Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғызстандағы Қазақтар



 Другие рефераты
Махатма Ганди Қытайдың батыс бөлікті игеру стратегиясы және оның Қазақстан-Қытай қатынасына әсері Қазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде Қазақстанның ғылымы және ғылыми мекемелері

Серікқұл Қосақов
Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық
университетінің конституциялық құқық
кафедрасының меңгерушісі, профессор,
Қырғыз Республикасы Конституциясын
жазған авторлардың бірі

ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР

Қазақтар әлемнің қайсы бөлігінде өмір сүріп жатса да, олардың барлығы бүкіл дүниедегі қазақтардың үштен бірін құрайды, өздерінің қазақ халқының бір бөлшегі екенін ұмытқан емес. Тарихи тамырынан ажырап қалған жоқ, қайда жүрсе де жүрегі «қазақ» деп соғады әрі оны мақтан тұтады. Биыл Қазақстандықтармен қатар шет елдерде тұрып жатқан қазақтар, оның ішінде Қырғызстандағы қазақтар екі зор мерекені белгілеу үстінде. Оның біріншісі – Қазақстанның елордасы Астана қаласының 10 жылдығы, екіншісі – «Алаш» қозғалысының 90 жылдығы.
Қырғызстандағы қазақтардың Бішкекте екі мәдени орталығы бар. Бірі – «Отан», екіншісі – «Алаш» деп аталады. Біріншісінің аты тарихи Отанымызды аңсаудан қойылса, екіншісі арысы түпкі тегіміз алты алашқа, берісі ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысына барып тіреледі. Қырғызстанда жүрсек те, Алаштың атын жаңғыртып жүргеніміз біз үшін ғанибет. Қырғызстандағы осы «Алаш» бірлестігі биылғы желтоқсанда Бішкек қаласында және өлкеміздің облыс орталықтарында «Алаш» қозғалысының 90 жылдығына арналған іс-шараларды өткеруге әзірленуде. «Алаш» сөзінің «қазақ» сөзіне балама екенін де ғылыми және тарихи бұлақтардан білеміз.
Қазақ пен қырғыздың тарихи тамыры бір, олар ғасырлар бойы аралас-құралас бірге тұрып келген. Бұған байланысты қазақтың ұлы перзенті Шәкәрім Құдайбердіұлының пікірлері қызығушылық тудырмай қоймайды. Өздеріңізге белгілі ол өзінің, түріктердің, қазақтардың, қырғыздардың руларының тарихы. «Хандардың династиясы» деген шығармасында былай деп жазған: «XVI ғасырдың ортасында XVIII ғасырдың басында қазақ хандығының құрамына кірген алты ірі саяси бірлестік «Алты алаш» деп аталды. Олар: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, қырғыздар, қарақалпақтар және құрамалар (Орта Азиядағы жартылай отырықты қыпшақ рулары). Хандық тарқаған соң, XVIII ғасырдың ортасынан бастап, «Үш алаш» ұғымы үш жүз мәнісінде айтыла бастайды және «Алаш» сөзі қазақтың баламасына айналды». (Шаһарим Кудайберды улы. Родословная тюрков, казахов, киргизов. Династия ханов, Пер. Б.Каирбекова. – Алма-Ата, Изд. «Жазушы», 1990, стр. 46.) Одан әрі Ш. Құдайбердіұлы қазақтың тарихы туралы: «Қытай жазбаларынан білгеніміз, біздің халқымыз Шистің (Сияр) ұрпақтарынан, со немесе сег тайпасынан тарайды. Үрім-бұтағы көбейген со (се, сег) өз орнынан жылжып, төртке бөлініп кеткен. Біреуі Солтүстік Алтайда, Ку-Кубанды, орысша Кутаны өзенінің жағасына орналасқан. Екінші бұтағы – Ану жаңа Ган (Абахан жаңа Енисей) өзендерінің ортасында жайғасқан қырғыздар. Үшіншісі – Шу өзенінің бойында қалған шулықтар қытайша «Чу Кси». Төртіншісі – қытайлар Тукю деген. Біздіңше, түркілер Шу өзенінің жоғарғы сағасында, жартасты таудың етегінде орын тепкен. Басқа да рулар Тукюге бағынып, бір ел атанғандықтан, Тукю біздің ұғымымызда Тукю мемлекеті. Былайша айтқанда Тукю патшалығы болмақшы

. Кейіннен ол әртүрлі хандықтарға ыдырап, басқа аттарды иеленсе де, олардың бірде-бірі өздерінің ежелгі аты Түркіні ұмытқан жоқ», - деп жазған. (Қараңыз: Шаһәрим Кудайбердыулы, стр. 14-15). Бүгінгі күнде Шу өзенінің бойымен қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасы өтеді. Екі ел бір-бірімен қоян-қолтық жайғасқан. Сондықтан Қырғызстандағы қазақтар өздерінің ежелгі Отанында жасап жатыр деп айтуға болады.
Қазан төңкерісінен соң «Алаш» партиясына көптеген қырғыздар кірді және олардың ішінде Қырғызстанның көрнекті тұлғалары бар еді. Қырғызстан Үкіметінің бірінші төрағасы – Қара, қырғыз Советтік автономиялық облысының басшысы Жүсіп Абдрахманов «Алаш» партиясының мүшесі болды. Кейін ол қуғынға ұшырып, 1937 жылы атылды. Ол репрессияға ұшыраған соң, әйелі балаларымен Қазақстанға қоныс аударды. Қазір оның ұрпақтары Қазақстанда тұрып жатыр.
Қырғыздың бірінші әліппесін жазған Қасым Тынысбаев та сол алаш партиясының мүшесі болған. Ол да кейін атылып кетті.
Алаш қозғалысының белді азаматтары өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдары қазақ пен қырғыз халқын ең жақын, бауырлас ел деп танып, бір-біріне жанашыр болуға үндегені қазіргі нарық толқынында малтығып жүрген ер-азаматтарымызға үлгі болады деп ойлаймын. «Алаш» партиясының белсенді мүшелерінің бірі Міржақып Дулатұлы «Қазақ-қырғыз тарихы туралы» зерттеу жазып, қазақтың неге қырғыз деп аталғанын анықтап берген: «Бұрын Қырғыз елі мекен етіп тұрғанда орыстың қалаларын, ауылдарын дамылсыз шауып, мазасын кетіре бергендігі мәлім. Ол кездерде орыстар: «әне қырғыз шауып кетті, міне, қырғыз келіп қалды» деген күйге ұшыраған. Сібірдің Оңтүстігіндегі облыстарына үлкен зиян келтіре берген соң, қазақтарды қырғыздай жек көріп, сөгіс орнына «қырғыз» (киргиз) деп атаған. Осы еңбегінде М.Дулатов «қырғыздар да өздерін «алашпыз» дейді», - деп жазған. И.Арабаев та Қырғызстандағы «Алаш» қозғалысының мүшесі болған. Қырғызстан – таулы республика. Ол Тянь-Шань (Ала Тау) тау сілемінің батысын және Памир-Алтайдың Оңтүстік аймақтарын иелеп, Орта Азияның Шығыс жағынан орын алған. Қырғызстанның шекарасы шығыстан батысқа 925 шақырым, оңтүстіктен солтүстікке 450 шақырым жерді алып жатыр. Өлкенің 94 пайызы биік таулы жер. Теңіз деңгейінен 1000 шақырым биіктікте, таулы жерлердегі адамдар жасаған жердің биіктігі теңіз деңгейінен 2750 метр. Ең биік шоқы – «Жеңіс» шоқысы, биіктігі – 7439 шақырым. Халқының саны – 5 млн. 200 мың адам. Халқының 70 пайызы қырғыздар. Қазақтар 42,5 мың. Бір қызығы қазақтардың осы саны 1959 жылғы ел санағынан бері көп өзгермей келеді. 1989 жылы Қырғызстанда 37,318 қазақ болған. Қазақтардың көпшілігі Бішкекке және Қырғызстанға шекаралас. Орталығы Бішкек қаласы болған. Қырғызстанның астанасы Бішкек Қазақстанның Жамбыл облысының Қордай ауданы орталығынан бар болғаны 17 шақырым қашықтықта.
Қырғыз Республикасын әлемнің 130 мемлекеті дербес өлке ретінде таныған. 96 өлкемен дипломатиялық қатынас орнатылған. Қырғыз Республикасы 120 халықаралық ұйымның мүшесі, оның ішінде ООН-ға (1992 жылдың 2 наурызы), ОБСЭ-ге (1992 жылдың 30 қаңтары), ОКК-ға (1992 жылдың 1 желтоқсаны), ВТО-ға (1998 жылдың желтоқсаны) МВФ, ЕБРР, ИБР және тағы басқа ұйымдарға мүше болып кірген.
Қырғызстан мен Қазақстанның ортасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдан 15 қазанында түзілген. Қырғыз Республикасында Қазақстанның елшілігі 1993 жылдың аяғында ашылған. Қырғызстан мен Қазақстанның ортасындағы екі тарапты келісімдік-құқықтық базасын 140-тан асқан құжаттар құрайды. 1999 жылдың 22 маусымындағы мәңгілік достық жөніндегі келісім, 2003 жылдың 25 желтоқсанындағы одақтық қатынас жөніндегі келісім екі елдің қарым-қатынасын нығайтуға қызмет етіп келеді. Сондай-ақ, Қырғызстан мен Қазақстанның ортасындағы мемлекеттік шекараны ретке келтіру мәселесі 2008 жылы толық шешілген.
Қырғызстан өзінің толыққанды егемендігін Советтер Одағы ыдыраған соң алды. 1991 жылдың 31 тамызында Қырғызстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. 1990 жылдың қарашасында Қырғызстанның Парламенті альтернативті негізде академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Асқар Ақаевич Ақаевті Қырғыз Республикасының бірінші Президенті етіп сайлады.
2003 жылы Қырғызстан мемлекетінің пайда болуының екі мың жылдығын белгіледі. Қырғызстан тарихы, басқа мемлекеттердің тарихы сияқты үлкен ауыртпашылықтарды басынан кешірді. Бұл тәжірибелер тәуелсіз жас Қырғызстанның демократиялық бағыттағы өз жолын табуына мүмкіндік әперді.
2005 жылы 24 наурызда Қырғызстанда билік ауысты. Биліктің ауысуы оппозиция күштердің бейбіт шерулерімен басталған. Президенттің мерзімінен бұрын отставкасын және жаңа сайланған Парламенттің тиімді еместігін тануды талап ету мемлекеттік мекемелерді басып алумен аяқталып, билікке жаңа Уақытша Үкіметті алып келді. Наурыз оқиғаларының жиынтығында Қырғызстанның Президенті А.Ақаев президенттік құқығынан мерзімі аяқталмай бас тартты. Жаңа президенттік сайлауда Парламенттің бұрынғы депутаты, бұрынғы премьер-министрі Құрманбек Бәкиев президент болып сайланды.
2005 жылдың 14 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның Президенті Құрманбек Бәкиевтің іске кірісу иннаугурация салтанатына қатысты. Осы күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Бішкек шаһарында Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашуға қатысты.
Қырғызстан Президенті Қ.Бәкиевтің 2007 жылы Қазақстанға барған сапарында екі елдің басшылары екі тарапты қызметтесудің ең ірі аясын талқылап, сауда-экономика, қаржы, гуманитарлық мәселелер бойынша Қырғызстан экономикасына Қазақстан инвестициясын алып келу жөнінде келісті.
Қырғызстанға келіп жатқан инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан 49 өлкенің ішінен бірінші орынды иеленді. Бұл күндері Қырғызстан мен Қазақстанның өзара шекара мәселелерін толық тәртіпке келтірді. Биыл Қырғызстан Қазақстаннан төрт пансионаты тұрған жерді беру жөніндегі шешімді бекітті. Бұл факттың орасан зор тарихи мәнісі бар.
Қазақ жиһангезі, Орта Азия, Қазақстан және Батыс Қытай халықтарының тарихын және мәдениетін зерттеуші Ш.Уәлиханов (1835-1865) Қырғызстан тарихына өшпес із қалдырды. Ол «Манас» батырлық эпосының үзінділерін бірінші рет жазып, орыс тіліне аударды. Эпосқа тарихи және көркемдік тұрғыдан баға беріп, оны сол бір алыс кезеңдерде даңғазалауға көп еңбек сіңірді. Әлем Манастың ұлы есімімен танысты. 1935 жылы «Манас» эпосына арналған бірінші Бүкілодақтық конференция өткенін белгілеп өткеніміз жөн. Конференцияда негізгі баяндаманы қазақтың кемеңгер жазушысы «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы,

12
скачать работу


 Другие рефераты
Главные историко-культурные центры мира
Немецкий менталитет и происхождение двух мировых войн (Райнер Бендик)
Исламизация Чечни в XX в
Магия


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ