Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қытай

ағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.) Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды. Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті. Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі келген Цзян Цземинмен және Ху Джинтаомен жалғастырылды. 2002-2005 жылдары Ху Цзинтао(қыт. 胡锦涛) өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБАбас қолбасшысы). ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары— 10%, 2002-2005 жылдары— 9% құрады. ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд. доллардан асып кетті. Бірақта Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда. Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады , әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп , шетелдік ықпалды шектетті. 2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс операторларының қызметін мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және мемлекеттік басшылығын соттау басталды. ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында «Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін» 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады. 2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуінің тежеуді, ал босатылған ақшаны шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар әскері шығындарды өсіруді ұсынды. Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7,5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы). ҚХР-да «түрлі-түсті революцияның» алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд. юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп). Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14,7%-ға көбейіп, 284 млрд. юаньды құрайды (35,5 млрд. доллар). Жоспарланып отырған ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбейюі жағажайдағы бай провинцияларды пайдаланады. Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.

Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі

Destroying Chinese war junks, by E. Duncan (1843).jpg

Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі – қытай үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Оған дүнгендер, ұйғырлар, қазақтар, тағы басқа мұсылман халықтары қатысты. 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап Шыңжаңда Цинь империясының билігі орнаған еді. Бұл өлкедегі қытайдың жергілікті әкімшілік жүйесінің ұзақ жылдар бойғы шектен шыққан қанауына шыдамы таусылған халық 19 ғасырдың 1-ширегінде бас көтере бастады. Қашқарда Зия ад Дин (1815) және қожа Жаһангер (1826 – 27) бастаған ірі халық көтерілістері болды. 1847 – 57 жылы бірнеше халық көтерілістері бой көрсетті. Бірақ бұл көтерілістердің барлығын қытай әскері аяусыз басып отырды. Цинь империясына қарсы бүкіл аймақтық көтеріліс 1864 жылы басталды. Кучар қаласында, Шэньси мен Ганьсу провинцияларында дүнгендер көтерілді. Бұл топқа ұйғырлар келіп қосылды. Көп ұзамай көтерілісшілер қаланы өз қолдарына алып, дүнгендер мен ұйғырлар келісе отырып, Кучардың билігіне Рашид-ад-Дин қожаны отырғызды. Ол билікте Хан қожа деген атпен белгілі болды. Мұсылман көтерілісшілерінің қысымымен 1865 жылға қарай Цинь империясы бүкіл Үрімжі округіндегі билігінен айрылды. Көтеріліс Жаркент, Хотан, Тұрфан, тағы басқа қалаларды шарпып, бүкіл аймаққа тарала бастады. Шыңжаңдағы Цинь билігіне орасан зор қауіп төнді. Көтеріліс жасауға бастамашы болған дүнгендер мен ұйғырларды қазақтар мен қырғыздар да қолдады. Көтерілістің бүкіл аймаққа өршуі нәтижесінде Шыңжаң аумағында Цинь билігінен азат болған дербес бес мұсылман мемлекеті – Кучар, Хотан және Қашқар ұйғыр сұлтандықтары, Жоңғарияда дүнген хандығы және Құлжада Тараншы сұлтандығы құрылды. Біріне-бірі тәуелсіз бұл хандықтар өз аумақтарын кеңейту үшін күрес жүргізді. 1867 жылы ұйғыр сұлтандықтары Бұзрұк қожа басшылығымен біртұтас мұсылман мемлекеті – Жетішаһарға бірікті. Сол жылы Бұзрұк қожаның әскери қолбасшыларының бірі, тегі қоқандық – Мұхаммед Якупбек (Жақыпбек) билікті өз қолына алды. Ол 1870 – 71 жылы Түркиямен, Англиямен тығыз байланыс орнатты. Дүнген хандығын өзіне қаратып алып, Ресейдің шекаралық иеліктеріне қауіп төндіре бастады. Бұл аймақтағы саяси жағдайларды өз мүдделері тұрғысынан шешуде Ресей мен Англияның өзара бәсекелестігі күшейді. 1871 жылы шекаралық аймаққа қауіп төндірді деген сылтаумен Ресей Қазақстанмен шекаралас Тараншы сұлтандығын басып алды. Цинь империясы Орталық Азиядағы стратегиясының маңызы бар Шыңжаңдағы билікті қалпына келтіру үшін күш салуға кірісті. 1873 – 74 жылы Шэньси, Ганьсу, Нинься провинцияларындағы көтерілістерді талқандады. 1876 жылы Жоңғарияны, Үрімжіні алды. 1877 жылы Қытай әскері Шығыс Түркістандағы Қашқар, Кучар, Хотан, Турфан қалаларына кірді. 1878 жылы орыстардың қолындағы Іледен басқа бүкіл Шыңжаң жерінде Цинь өкіметінің билігі қалпына келтірілді. 1881 жылы Ресеймен жасалған екі жақты келісімдерден кейін Ілені қайтарып алды. Шыңжаңдағы мұсылмандар көтерілісін басқан соң бұл аймақта Қытай өкіметі мықты әрі берік тәртіп орнатып, оны билеп-төстеудің тиімді әдістерін іске асыруға кірісті.

Қытай тарихын мерзімдеу

Қытай тарих ғылымында қабылданған қысқа реттік кесте

Жылдар Мемлекет (әулет) Б.з.д. б.з.д. 2357. — б.з.д. 2255 до н. э. Аты аңызға айналған Яо билеуші

б.з.д. 2255 — б.з.д. 2205 Аты аңызға айналған Шунь билеуші

б.з.д. 2205 —б.з.д. 1766 Аты аңызға айналған Ся әулеті

б.з.д. 1766 —б.з.д. 1122 Аты аңызға айналған Шан-Инь әулеті

б.з.д. 1122 —б.з.д. 247 Чжоу әулетінің дәстүрлі мерзімдері

б.з.д. 246 —б.з.д. 207 Цинь әулетінің дәстүрлі мерзімдері

б.з.д. 206 —б.з.д. 220 Хань әулетінің дәстүрлі мерзімдері (в том числе Западная Хань — с 206 до н. э. по 25 н. э., Восточная Хань — 25 — 220 н. э.)

Біздің заманымыз 220 — 264 Вэй әулеті

265 — 420 Цзинь әулеті (Батыс Цзинь: 265 — 316, Шығыс Цзинь: 317 — 420)

420 — 479 Сун әулеті

479 — 501 Ци әулеті

502 — 556 Лян әулеті

557 — 588 Чэнь әулеті

589 — 618 Суй әулеті

618 — 907 Тан әулеті

907 — 959 Бес әулеттің заманы

960 — 1279 Сун әулеті

1280 — 1368 Юань әулеті (моңғол)

1368 — 1644 Мин әулеті

1644 — 1911 Цин әулеті (манчжур)

1912 — 1949 Қытай мемлекеті

1949 ж. 30 қыркүйегі Қытай Халық Республикасы

Экономикасы

Қытай мен Азия, Африка, Латын Америкасы мемлекеттері арасындағы эконмикалық қатынасы сыртқы сауда және көмек салаларына байланысты жүзеге асады. Экономикалық қатынастарда қытайлық ықпалды азшылықтары бар бұл елдерде (бұл ел алдымен Оңтүстік Шығыс Азия елдері) пекин, осы азшылықтардың экспедициялық элементтеріне саяси тұрғыдан қолдау көрсетуге және олардың кәсіпкерлік мүмкіншіліктерін Қытайдың көрсетілген елдерде экономикалық және саяси қатысуын және өзінің эксплуаттарылық кірістерін кеңейту үшін қолдануға ұмтылады. ҚХР және шетелдік Қытай буржуазиясы бөлігі арасындағы ерекше қатынастар нәтижесінің бірі Қытай экономикалық негізі жоқ және дамушы елдердің экономика үшін орнын толтырмайтын тауарлы және қаржылы аударылымдар болды. Қытай дамушы елдермен экономикалық байланыс облысында Қытай ба

12345След.
скачать работу

Қытай

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ