Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қытай

сшылығының «теориялық» құрылуы. Қытай басшылығы өзінің сыртқы саяси жаспарларында дамушы елдердің экономикалық бағынуына маңызды орын бөледі. Осы мақсаттарда Пекин оларға экономикалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстарының концепциясын байланыстыруға тырысады. Осылай бола тұра «өз көршіне сүйену» деген модификацияланған концепциясы насихатына қытайдың дамушы социалисттік ел рольіне әрекеттенуіне және бұл ерекше характерден шығатын оның дамушы елдермен экономикалық баланысына басты орын беріледі. Маоизмтар ұлттық көзқарастардан және Қытай экономикасы үшін социалисттік елдердің интерпоционолдық көмегіне сүйене отрып «өз күшіне сүйену» концепциясында бейнеленген халықаралық еңбектің бөлінуінде қатысуының мақсаттың сәйкестілігін жоққа шығарады. Бұл концепция Қытайдың экономикалық дамуына үлкен зиян тигізеді. Әлемдік шаруашылық байланыста ғылыми – техникалық революцияда. Социалисттік экономикалық потенциялының өсуінде және социалисттік носондар бойынша Қытай дүниежүзілік сүйену 3 шаруашылықпен айналасу. Халықаралық күш салу бәсеңділіктері дамуына елдер үшін, алахронизм болып табылады. Жеткілікті ғылыми техникалық потенциялдары бар және экономикалық құрылу қажеттіліктері үшін сыртқы ресурстарды бірқалыпты жұмылдыруға мұқият елдер, ең бірінші социалисттік елдермен және шетелдермен экономикалық байланыстарды шарты бойынша ұлттық экономикалық деңгейді қазіргі уақыттағы талаптарға сай көтере алады. Маонистік доктринаның ауқатсыздығы «өз күшіне сүйену» теориясы дамушы елдерге байланыстыра отырып шығады және маонистерді өздері Қытайдың сыртқы экономикалық қатынастары практикасында оның ережелерінен аймақтады. Қытай «тор» модернизациясы программасын жүзеге асыру барысында «Батыс монополиясы үшін экономикалық есігін біртіндеп ашады. Қазір Пекин «өз күшіне сүйену» маонисттік доктринасының банкротқа ұшырауынынң куәчі болатын, Қытай территориясында аралас кәсіпкерлікер шығаруды ұсынады. Қытайлық өкіл 1974 жылы 1 сәуірде БҰҰ басты Ассемблеясының ҮІ арнайы сессиясында «өз күшіне сүйену» біраз түзетілген баяндамасын берді. Ол сонымен қатар «өз күшіне сүйену» шетелдік кенеттен бас тарту немесе «тұйықтық» дегенді білдірмейді деді. Біз бір – бірінің орнан толтырушылық, бір – біріне пайдалылық және мемлекеттің суверенитеті сыйлау негізіндегі экономикалық және технолгиялық алмасуды, әртүрлі елдердің ұлтты экономикасының дамуына пайдалы және ажет деп ойлаймын. Пекин халықаралық экономикалық қатынас практикасында ешқандай сипттары және өнегелері жоқ Қытайдың дамушы елдермен сыртқы экономикалық байланысын қатынастардағы жаңа үлгі ретінде көрсетуге тырысады. Соңғы 20 – 25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі – Жапония, онан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея. Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.

Әдебиеті мен өнері

3 мың жылдық тарихы бар Қытай әдебиетінің алғашқы поэтикалық ірі туындысы – «Шицзин» («Жыр кітабы», б.з.б. 11 – 6 ғасырлар) халық жырларының жиынтығы. Көркем прозадан «Гоюй» («Патшалықтар тарихы»), «Чуньцю» («Жылнама»), филосафиялық трактаттардан «Чжуан-цзы», «Сюнь-цзы», тағы басқа шығармаларды атауға болады. Тан дәуірінде поэзия мен новелла дамыды. Юань әулеті (1289 – 1368) дәуірінде қытай драмасы өркен жайды. Жаңа Қытай әдебиетінің негізін қалаушы Лу Синь (1881 – 1936) болды. 1921 – 22 жылы реалистік және романтик. бағыттағы әдеби топтар құрылды. Қазақ тіліне бірқатар шығармалары аударылып, жеке кітап болып басылды. (Лу Синь, «Әңгімелер», 1951, 1958; Го Можо «Әңгімелер», 1958; Лао Шэн «Рикша», 1960; «Мысықтар шаїары», 1972, тағы басқа). Қытай өнерінің ежелгі ескерткіштері б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болды. Неолит дәуірінде жасалған керамикалық бұйымдар сақталған. Инь мемлекеті тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар пайда болды. Цинь мемлекеті (б.з.б. 221 – 207) кезінде Қытайдың ұлы қорғанының негізгі бөліктері салына бастады. Тан (618 – 907) және Сун (960 – 1279) мемлекеті дәуірлеп тұрған кезде қытай мәдениеті жан-жақты өркен жайды. Қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірінен саналады. Б.з.б. 11 – 6 ғасырлардағы жазбаларда кездесетін «юэ» (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу өнері деген ұғымдарды да қамтыған. Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша музыканың мемлекеттік құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100-ге тарта музыкалық аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті – сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрмелі – сяо, пайсяо, шэн; соқпалы – барабан, шылдырмақ қоңыраулар, тағы басқа Қытайдың театр өнері «байси» («жүз ойын-сауық») ойын түрінде пайда болған. Б.з.б. 2 – 1-мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде «чан-ю» («әнші актер»), «пай-ю» («қуақы», «комик») деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 – 10 ғасырлар) ән мен бидің сахналық жаңа түрі – дацюй пайда болды. 8 ғасырдың орта шенінде Тан императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын «Алмұрт бағы» («Лиюань») атты театр мектебі құрылды. 17 – 19 ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь-цян, юэцзюй, тағы басқа құрылды. 19 ғасырдың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік муз. драма (цзинси) театры дүниеге келді. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.

Мәдениеті мен ғылымы

Б.з.б. 6 – 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған. Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған. Б.з.б. 138 – 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты. Сун дәуірінде (960 – 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – «Нэйцзин» Қытай медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы Қытайда жазылды. Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс – Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.). Кітап шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 03 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды. 1966 жылы кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета қолданылып, ол бірнеше жүз километр қашықтыққа ұшты. 1970 жылы Қытай бірінші рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 жылы 2-ЖЖС-н ұшырды.

Мәдени мұралары

Қытай қорғаны

Ұлы Қытай қорғаны

Ұлы Қытай қорғаны (қытай Ваньли чанчэн – он мың шақырымдық қамал) – Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 жылы) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстік-ндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс

12345След.
скачать работу

Қытай

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ