Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қытай

ы үлес қосты. Қытай қазақтарының сахна өнері 1934 жылы Іле аймағында Б.Майлиннің «Шұға» шығармасын сахналаудан басталды. Пьесаны сахнаға шығарған Таңжарық Әбдірахман рөлін өзі, Шұға рөлін жұбайы Бәтиге ойнатты. Іле-шала «Тайханшаң», «Жәлел жырық», «Қойшы Көбен» пьесалары, Алтай аймағында З.Шәкерімұлының «Біздің елде астық бар ма, астық сал дейтін бастық бар ма?» атты декламациясы (1935) қойылды. Алғашқы Тарбағатай теа-трының тұсау-кесер спектаклі Д.Шалғынбаевтың «Қасқырбай» пьесасы болды. Осыдан кейін жергілікті қаламгерлердің «Талап», «Аюбай», «Күлкі ашар», «Арқалық батыр», «Алыпсатар», «Некеқияр», «Бота көзді бозжігіт», «Салиха-Сәмен», «Бәйбіше-тоқал», «Бетім-ау, құдағи», тағы басқа шығармаларымен қатар лиро-эпостық жыр үлгілері ықшамдалып, сахналанды. 1947 жылы Үрімжі қаласында қазақ тілінде өлкелік театр ашылып, оны алғаш Халық Қариұлы басқарды. 1953 жылы Бұқара Тышқанбаев пен қытай жазушысы Уаң Иху бірлесіп жазған «Хасен-Жәмилә» фильмі түсірілді. 1954 жылы Іле Қазақ Автономиялы облысы құрылып, қазақ театры, көркемөнер мектептері көбейді. Үрімжі қаласындағы көркемөнер интернатында қазақ факултеті ашылып, қазақ жастары оқуға қабылданды. 1958 жылы «Салиха-Сәмен» либреттосы жазылды. Қытай қаламгері Уаңның «Айгүл» (1964), Ә.Қатбаевтың «Қыз бейіті» және «Жетім қыздың махаббаты» атты кинофильмдері экранға шықты. Таңжарық ақынның өмірін бастан-аяқ бейнелейтін О.Егеубаевтың 5 сериялы «Таңжарық» атты бейнефильмі (1990) көп сериялы кино өнерінің шымылдығын ашты. Туған жердің көркем табиғатын, ұлттық салт-сананы сипаттайтын Тұрсынәлі Рыскелдиев пен Қасымхан Уатханұлының «Іле салтанаты» атты деректі фильмі 1995 жылы көрерменімен дидарласты. Ә.Бапин, Д.Рақышұлы, М.Мұхамедқызы, Т.Қожанұлы, Ш.Сапарғалиқызы, Ә.Мәлік-ұлы, Т.Белгібайұлы, Ф.Мәлікқызы, К.Ішікбайқызы, Б.Әлімбеков, М.Әбдірахманұлы, Ф.Қызданаева, К.Шүленбайқызы, К.Әбдірахманұлы, Манапқазы, Дәлелхан, Құрманбек, Ерғали сынды өнер саңлақтары жұртшылыққа танылды. Қытайдағы қазақтардың баспасөзі «Іле уалаятының газетінен» (1910 жылы 22 наурыз) басталады. 1932 – 35 жылы қазақ тілінде «Шыңжаң газеті», «Іле дариясы» (кейін «Іле Шыңжаң»), «Біздің тауш» (кейін «Шыңжаң Тарбағатай хабарлары»), «Алтай», «Ерікті Алтай» газеттері мен «Жаңа Алтай» журналы (1935 – 40) шыға бастады. Ұлт-азаттық күрес нәтижесінде (1945) Шығыс Түркістан үкіметінің құрылуына байланысты «Төңкеріс таңы», «Алға», «Халықшы», «Табыс», «Алтай халқы» газеттері мен «Таң шолпаны», «Бірлік», «Одақ», «Хан тәңірі», «Шаншу» (сатиралық) журналдары жарық көрді. 1946 жылы қазақ жастары Үрімжі қаласында «Сәуле» атты баспа ашты. 1954 жылы Шәуешек қаласында «Шыңжаң әдебиет искусствосы» (қазір «Шұғыла») журналының тұсауы кесілді. Қазір өлке деңгейінде қазақ тілінде «Шыңжаң оқу-ағартуы», «Мұра», «Көкжиек», «Тіл және аударма», «Оқырман өресі», «Бұлақ», «Ғылым мінбесі», «Заң аясы» секілді 10-нан астам журнал шығады. Алтай аймағында «Алтай аясы», «Жас түлек», «Ғылым және өнер», «Денсаулық және білім», Іле аймағында «Іле айдыны», «Іле жастары», «Іле ағартуы», «Балалар дене тәрбиесі», «Іле әйелдері», Тарбағатай аймағында «Тарбағатай», Санжы қаласында «Боғда», Құмыл аймағында «Құмыл алқабы» сынды аймақтық журналдар бар. «Шыңжаң халық баспасы», «Шыңжаң оқу-ағарту баспасы», Пекин қаласында «Ұлттар баспасының қазақ бөлімі» қазақ тілінде жұмыс істейді.
Пайдаланылған әдебиет

  1. ↑ kaznex Қазақстан үшін инвестициялық мүмкіндіктер.
  2. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
Пред.678
скачать работу

Қытай

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ