Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Клетканың құрылымдық компоненттері және оның қызметтері



 Другие рефераты
Клетканың химиялық құрамы Клетканың тіршілік ету жолы Клетканы зерттеу әдістері Клеткаішілік биохимиялық реакциялар

Клетка – тірі ағзалардың өсуін, дамуын, зат алмасуы мен энергияның алмасуын қамтамасыз ететін генетикалық ақпаратты дайындап, сақтап, тарататын құрылымдық және функциональді бірлік.

Клетка – өзара тығыз байланыста болатын ядро мен цитоплазмадан тұратын бүтін тірі жүйе. Сыртқы ортадан цитоплазма плазмалемма деп аталатын клетка мембранасымен (лат. membrana – қабықша) шектеледі. Плазмалемма – қалыңдығы 7-10 нм болып келетін жұқа, дегенмен тығыз, ақуыздар мен липидтердің молекулаларының белгілі бір заңдылықпен орналасуынан түзілген үлбір қабық.

Қандай да болмасын клетка (прокариоттар немесе эукариоттар) негізгі үш функциональді құрылымдар – беттік кешен, цитоплазма және ядро аппаратынан тұрады.

Беттік кешен – клетканың сыртқы ортамен және көршілес клеткалармен тікелей әрекеттесуін қамтамасыз ететін құрылым. Беттік кешеннің құрамына гликокаликс, плазматикалық мембрана (плазмалемма) және цитоплазманың кортикальды қабаты кіреді (5-кесте). Беттік кешен цитоплазмадан аса анық шектелмейді.

Клетканың беттік кешені барлық клеткаларға тән барьерлік, тасымалдау және рецепторлық негізгі үш қызмет атқарады. Сондай-ақ, кейбір клетка түрлерінде осы аталып өткен негізгі қызметтерінен басқа бірқатар арнайы функцияларды да атқаруы мүмкін. Мысалы, өсімдік жасушаларында клетка қабықшасы механикалық тургор қызметін атқарады.

Цитоплазманың құрамына гиалоплазма (матрикс, цитозоль), органеллалар және қосымшалар кіреді.

Ядроның негізгі құрылымдық компоненттері кариолемма (кариотека), нуклеоплазма және хромосомалар болып табылады. Кейбір хромосомалардың ілгектері өзара өріліп, сол аймақта ядрошық түзіледі. Көбінесе ядроның құрылымдық элементтеріне хроматинді жатқызады. Дегенмен, анықтай келгенде хроматин – хромосома заты.

Плазмалемма, кариолемма және кейбір органеллалар биологиялық мембраналардан түзілген.

Клетканың құрамына кіретін негізгі құрылымдар 5 — кестеде және 4 -суретте көрсетілген.

скачать работу


 Другие рефераты
Религия и наука
Шатыргүлдер тұқымдасы
Содержание экологического образования и его основные компоненты
Ұйымдық-құқықтық салықтар


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ