Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қоғам және мәдениет. Өркениет



 Другие рефераты
Қоғам — үздіксіз дамитын жүйе Әлеуметтік философия қоғамды танудың теориясы мен методологиясы ретінде Әлеуметтiк философия. Қоғам бiртұтас жүйе ретiнде Таным философиясы. Ғылыми таным әдiснамасы

Жоспар

1. Мәдениет жайлы философиялық түсiнiк

2. Өркениет ұғымы, оның түрлерi

3. Осы заманғы ғаламдық мәселелерi

1. Қоғам және мәдениет ұғымдарың жиi ұштастырады, бiр мағынада қолданады. Бiрақ бұл дұрыс емес, өйткенi бұлар әр-түрлi екi ұғым болып табылады. Қоғам дамып отыратың тiрi организм ретiнде көпсапалы қатынастарда болатың адамдар жиынтығы болап табылады.

Мәдениет феноменiн көптеген ғылымдар зерттейдi, олардың әрқайсысы мәдениетке әр-түрлi тұрғыдаң өз анықтамасың бередi. Солардың iшiнде эвристикалық мәнi бар анықтамалар келесi:

1. Продуктивтiлiк (өнiмдiлiк), мұнда мәдениет бiрiккен, материалды және рухани өндiрiстiң нәтижесi деп түсiндiрiледi.

2. Креативтiлiк, мұнда мәдениет шығармашылық, жасампаз әрекет ретiнде көрiнедi.

3. Аксиологиялық (құндылықтық), мұнда мәдениет феноменi қоғамға маңызды болатың құндылықтар жиынтығы деп қарастырылады.

Барлық айтылған түсiнiктерге жалпы ортақ негiз, ол мәдениеттi шығармашылық әрекет  бағытта қарастыру, оның нәтижесiнде қоғамға құнды өнiмнiн жасалуы болып табылады. Жоғарыда айтылғанның бәрiн синтездей келiп, келесi түйiн жасауға болады: Мәдениет-дегенiмiз iс-әрекеттiң оның нәтижелерiмен бiрге бейiмдi болатың жаңашылдық түрлердiн жиынтығы, олар өз көрiнiсiн адамның күш-қуатының мәнiнде табады. Мәдениет- бүкiл қоғамдық өмiрдi өзгертуге және қайтадан жаңғыртуға мүмкiндiк беретiн үнемi даму үстiнде болатын iс-әрекет, мiнез-құлық және қарым-қатынас жасаудың биологиялық емес бағдарламаларының күрделi жүйесi.

Мәдениеттер типологизациясы, бiрнеше:

1) iс-әрекет мiнезiне және оның нәтижелерiне қарай- материалдық және рухани деп бөлiнедi. Бiрiншiсi өндiрiстi, материалдық игiлiктердi айырбастау және таратуды қамтиды; екiншiсi- өнер туындыларың, бiлiмдi, идеалдарды, идеяларды, мораль және құқық нормаларың т.б. қамтиды.

2) шетел әдебиеттерiнде «мәдениет» ұғымың жиi тар мағынада алып «рухани мәдениет» ұғымына тенестiредi, онда ғылымдар, бiлiм беру, тiл және өнер көлемiне енгiзiп (Кассирерт.б.).

Рухани мәдениет ерекшелiгi, ол ерекше таңбалар және мәндер әлемiн бiлдiретiнде. Бұл мәдениеттiн таңба- символдар жүйесiнде iргелi мәндердi игеру мен түсiну жатыр. Гегелдiң аытуынша субъектiнiң мәдениетке енуiнiң екi өзарабайланысты  жақтары бар: жалпыға ортақ тәжiрибе мен бiлiмге көтерiлу және ерекше бiр формада субъективтендiрiлу. Сонда тек бiлiмдi қана емес, сондай-ақ шығармашылық күшi бар, әр-түрлi мәдениеттер контекстiнде жұмыс iстей алатың адам қалыптасады.

3) мәдениеттер дифференциациясы (бөлiнуi) оның субъектiсiне қарай да болады. Мысалы, бұқаралық мәдениет субъектiсi, оның негiзгi бағыты құндылықтар үлгiқалыптарың төмендету және комерциялық табысқа жету, көпшiлiкке немесе әлеуметтiқ қауымдарға тән.

4) мәдениеттi географиялық негiзден де қарастыру орын алады. Мысалы, Батыстық және Шығыс мәдениетi деп бөлу. Л.Гумилев, мұндай бөлiнудiн шартты және абстрактiлi екенiн ашып көрсеттi, Еураазиялық құрылықты (континент) бiрiншi немесе екiншi iргесiнен қарамай, үстiнен қарау қажеттiгiн айтып. Бiрақ, мұндай бөлiнудiн өз пайдасы бар екенiң де ескеру керек, өйткенi оның (географиялық бөлiну) өз дұрыс жақтары бар, әсересе ол субэтникалқ мәдениеттердi талдауда ең аса маңызды мiнездемелерiнде тоқталуға мүмкiндiк бередi.

Мәдениет дамуының негiзгi заңдылығы, бұл- сабақтастық (преемственность) болып табылады. Материалдық мәдениетте ол бiр ұрпақтан келесi ұрпаққа өндiргiш күштердiң (еңбек құралдары, технологиялар, өндiрiстiк тәжiрибе т.б.) және өндiрiстiк қатынастардың (ақша-товар қатынастары, т.б. материалды қатынастардың) элементерiнiң жетуi, осыз материалдық өндiрiстiн жүзеге асуы мүмкiн емес болар едi.

Рухани мәдениетте ондай ккомпоненттердiң тамырлары ғасырлар тарихында жатыр, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, идеалдар т.б. Оларды шауып тастау- дегенiмiз рухани мәдениеттi өз мәнiн үнемi жаңартып отырудаң айыру б.т. Сонымен қатар, мәдениет формаларының сабақтастығы  тек ұлттық, таптыққты ғана емес, сонымен қатар жалпы адамдықты да қамтиды. Мысалы, әдеби шығармаларда ашылатың махаббат, әдiлеттiк, өлiм және өмiр т.б. мәселелер және оларға деген қатынас бәрiне де ортақ болып келедi.  «Мәдениетке» ұғымы сияқты, «өркениет» ұғымы да әр-түрлi мағынада қолданылады:

1. тұрпайлық пен варварлық кезеңден болатың адамзат дамуының сатысы (Морган, Энгельс);

2. мемлекеттер мен адамзаттың дүниежүзiлiк бiрлестiгi;

3. қоғам мәдениетi;

4 материалды мәдениеттiн даму деңгейi;

5. мәдениет дамуының соңғы кезенi, оның құлдырауы (Шпенглер).

2.Соңғы кезеңдерде, өркениет (лат. civilis- азаматтық) деп парасатты ұйымдасқан, оның барлық көптүрлiгi мен жалпы бiрлiгiнде  көрiнетiн, жоғары дамыған қоғамды айтады. Көптеген философтардың өркениетке деген көзқарасы бойынша, өркениет бұл қоғам дамуының тарихында болатың бiр-бiрiн ауыстырып отыратың мәдениеттер және олардың әрқайсысы туу, пайда болудаң, толық сөну сатыларынаң өтедi (Н.Данилевский, К.Леонтьев, О.Шпенглер, А.Тойнби, Фукияма т.б.). Адамзат дамуының бiр неше классификациясы бар:

1) Формациялық- бұл жiктеу қоғамдық экономикалық формация ұғымына негiзделген, ол қоғамның белгiлi бiр тарихи кещенiң бiлдiредi, және белгiлi бiр өндiрiс тәсiлiне негiзделген болады. Өндiрiс тәсiлi- бұл қондырма және базис жиынтығы болып табылады, ал ол өз кезiнде өндiргiш күштер және өндiрiстiк қатынастарға бөлiнедi.

2) Өркениет қоғам дамуының сатысы ретiнде- (Генри Льюис Морган американдық зерттеушi, өмiрiнiң көбiн ирокездер арасында өткiзген) адамзат тарихың бiрнеше кезеңдерге бөлдi, ол жабайы, варварлық және өркениет деп, және бұл кезеңдердiң әрқайсысы төменгi, орташа, жоғары сатыдан өтедi. Сондай-ақ бұл тұғырнаманың негiзiнде технологиялық детерминанта жатыр. Соңғысында өндiрiстiн қалыптасуымен және рухани өндiрiс ауқымының қалыптасуымен ерекшеленедi, оған дiннiң, ғылым, өнердiн дамыған формалары кiредi, олар жазба тiлдiн ашылуымен және кең қолдануымен байланысты болады.

3) Оқшауланған өркениеттер- бұл тұғырнаманың авторлары мен iзбасарлары өркениеттi тiрi организмнiң өмiр сүруiмен салыстыра отырып, биологиялық аналогияларды қолданды. Оқшауланған өркениет деп белгiлi бiр қоғамның дамуының мәдени-тарихи типы айтылады, оның негiзгi ерекшiлiктерi  географиялық жағдайлармен айқындалады. Әр тiрi организм сияқты оқшауланған өркениетте өз дамуының белгiлi бiр кезеңдерден өтедi: туу, балалық шақ, кемелденген кезең, кәрiлiк және өлу (сөну). Өкiлдерi: Н.Я.Данилевский, Освальд Шпенглер, Арнольд Тойнби

4) Питирим Сорокиннiң (американдық социолог, аксиология мәселелерiн көтерген) циклдiк тұғырнамасы құндылықтар жүйесiб.т.- қоғам дамуының белгiлi бiр тарихи кезеңiнде басшылыққа алынатың құндылықтар туралы түсiнiктермен байланысты. Осыған орай Сорокин өркениеттiң (супермәдениет) үш түрiн қарастырады: идеационалды, сенситивтi, идеалистiк. Бiрiншiсiнде рухани құндалақтар басым болады әсересе дiни идеология бiрiншi орынға шығады (ортағасырлар), екiншiсiнде- материалды құндалақтар жоғары шығады да метериалистiк көзқарастар басым болады (б.д.д.3-1ғ. антика кезеңi мен 16ғ батыс еуропаны жатқызады), үшiншiсi, идеалистiк супермәдениет- бұл жоғарыда айтылған этаптардың бiр-бiрiне өту кезеңi, және тек бiреуi ғана женiп шығып басшылыққа алынады, материалдық немесе рухани.

Ал ендi, өркениет және мәдениеттi, екi ұғымның мағыналарың төменгiдей топтастыруға мүмкiндiк бар:

1. Мәдениет пен өркениет бiр. Олар синонимдер (И.Гердер, Э.Б.Тэйлор).

2. Өркениет- мәдениеттiң ақыры, оның кәрiлiк шағы, руханилық антиподы (Ж.Ж.Руссо, Ш.Фурье, О,Шпенглер).

3. Өркениет- мәдениеттiң прогресi, болашаққа бой сермелуi, қоғамның парасаттылық деңгейi (Ф.Вольтер, Д.Белл).

4. Өркениет- тағылық пен варварлықтан кейiнгi тарихи-мәдени саты (Л. Морган).

5. Өркениет- этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттiң оқшау түрi (А.Тойнби, Н.Я.Данилевский).

6. Өркениет мәдениеттiң техникалық даму деңгейi, оның материалдық жағы.

Бұдан көретiнiмiз, мәдениет пен өркениет бiр-бiрiмен байланысты ұғымдар екен. Мәдениет танушы Г.Чайлдтың пiкiрiнше, өркениетке еңбектiң қоғамдық жолымен бөлiнуi, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттiң дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуi, азаматтық қоғам мен мемлекеттiң орнауы жатады.

Бiрақ бұл екi ұғым, өзiндiк мәнге ие болып, әр-қайсының өзiндiк ерекшелiктерi бар екенiң мойындау қажет: мәдениет- жасанды объектiлер жиынтығын (материалды және рухани) бiлдiредi, оны зерттейтiн гуманитарлы ғылымдар: мәдениеттану, философия, этнография, мәдени антропология б.т. Мәдениеттiң ерекшiлiгi- шындық дүниеде, табиғат пен адам әлемiң жанама түрде қарастыру ролi, оның нәтижесiнде үшiншi объективтендiрiлген дүние қалыптасады.

Кейде мәдениет- өркениетке, «тiрi организм»-«механизмге» сияқты қарсы қойылады. Өркениет терминiң бiрiншi болып француз ағартушысы Мирабо 1756 ж. ғылымға енгiздi. Бұл ұғымның қалыптасуы таптық қоғамның пайда болуымен, жинақтау шаруашылығынан өндiрiстiкке өтумен байланысты. Өркениеттiн негiзi- қоғамдық байлық. Өркениеттiлiкке келудi әлеуметтiк негiздердi қалыптастыру, қоғам дамуының әлеуметтiк әулеттiн (потенциал) өсуi деп түсүну керек. Өркениет ұғымың диалектикалық жеке, ерекше және жалпы негiздерiнде қарастыруға болад

12
скачать работу


 Другие рефераты
Организационная культура (о корпоративной культуре, стратегиях коммуникативного взаимодействия, влияния психотипа руководителя на структуру и стиль управления организацией, культура персонала на примере Японии)
Особенности воздушной, почвенной и наземно-воздушной среды
Проблемы биосферы
ЖАРКЕНТ МЕШІТІ


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ