Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қоғамның рухани өмірі

ұндай қатынас адамдардың қажеттілігінен туындайды. Қоғамдық психологиядағы қоғамдық өмір құбылыстарына деген қатынас адамдардың тек қана қажеттіліктері мен мүдделері арқылы емес, сонымен бірге олардың әр түрлі сезімдері, ырымдары, дәстүрлері, ұмтылыстары, мақсаттары мен мұраттары арқылы көрініс табады. Қоғамдық психология адамдардың олардың қоғамдық болмысына, өмір жағдайларына эмоциялық және интеллектуалдық қатынастарының бірлігі деуге болады. Мұны әлеуметтік топтардың психикалық ерекшеліктерінің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Бұған, мәселен, әлеуметтік-таптық және ұлттық мінез-құлқысында көрініс табады. Қоғамдық психология күнделікті сана сияқты бұқара қауым санасының көрінісі болып табылады. Бұл сәтте, ол массалық сана айналады. Қоғамдық немесе әлеуметтік психологияның бірнеше функцияларын атап көрсетуге болады. Солардың бірі  құндылықтық-бағдардау функциясы. Оның мәні  келесіде. Таптардың, ұлттар мен халықтардың әлеуметтік психологиясы олардың құрамына кіретін адамдардың құндылық бағыт-бағдарын, мінезін қалыптастырады. Келесі функциясы – мотивациялық функциясы. Бұл функциясы адамдар массасын, жеке әлеуметтік топтарды белгілі бір бағытта әрекет етуге итермелейді, яғни олардың қызметінің қозғаушы күші болып саналады. Сондықтан мемлекеттік саясатты топтар мен ұжымдардың қоғамдық психологиясын әр қашанда ескеру қажет. Өйткені, олардың қызметінің әлеуметтік-психологиялық мотивтері бұл  саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік тұғызатын немесе оған кедергі жасайтын шешуші фактор.

Идеология адамдардың әлеуметтік қызметін мотивациялау механизмінде аса маңызды рөл атқарады. Идеологияда қоғамдық психологияда сияқты әр түрлі әлеуметтік топтардың, ең алдымен таптар мен ұлттық қауымдастықтардың объективтік қажеттіліктері мен мүдделері көрініс табады. Бірақ идеологияда мұндай қажеттіліктер мен мүдделер ең жоғарғы, яғни теориялық деңгейде ойластырады. Идеологияның өзі қоғамның әлеуметтік-саяси құрылысын, оның әлеуметтік құрылымын, әр түрлі әлеуметтік күштердің қажеттіліктері мен мүдделерін теориялық тұрғыдан бейнелейтін көзқарастар мен тұжырымдамалардың жүйесі болып табылады. Онда белгілі бір таптардың саяси партиялар мен қозғалыстардың қоғамның сол кездегі саяси жүйесіне, мемлекеттік құрылысына, жеке саяси институттарына қатынасы анық байқалып, айқындалуы мүмкін. Идеологияның теориялық концепция екендігін дәлелдейтін факт оның қоғамның даму процесін ғылыми негізде сипаттауында саяси, құқықтық және т.б. құбылыстардың мәнің олардың даму заңдылықтарын ашуында болып табылады. Бірақ былай әр қашанда бола бермейді. Әлеуметтік субъектілердің идеологиясы толық ғылыми мазмұнға ие болады, егер де олардың мүддесі қоғамның негізгі даму үрдісі мен қоғамдық прогрестін мүдделеріне сай келетін болса. Бұл сәтте олардың мүддесі көпшіліктің мүддесімен үйлеседі. Сондықтан олардың өз мүдделерін жасыруға ешбір қажеттілігі жоқ, керісінше қоғамның даму заңдылықтарын, оның субъективтік және объективтік шарттарының өзара байланысын түсінуге қажеттілік туындайды. Сонда идеологияның қозғаушы күші ретінде әлеуметтік қызығушылық болса, оның танымдық бағыт-бағдары ретінде ақиқатты қарастырамыз. Кез келген идеологияны ғылими деп есептемейміз. Белгілі бір таптың идеологиясында оның шынайы мүдделері жасырылып, кемітілуі мүмкін. Идеология қоғамда саналы түрде қалыптасады. Идеологтар ретінде теоретиктер, ойшылдар, саясаткерлер болып табылады. Сосың қалыптасқан идеологияны тиісті механизмдер арқылы (білім беру және тәрбиелеу жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) көпшіліктің санасына енгізіледі. Сондықтан идеологияның қалыптасуы мен қоғамда кең тарауы басынан аяғына дейін саналы және мақсатқа лайықты болады. Қоғамдағы көпшіліктің мүддесіне сай келетін идеологияның тарауын дұрыс деп білеміз. Бізге мәлім болғандай, кейде идеология шынайы мүдделерге қайшы келіп, көпшіліктің санасына күшпен енгізілуі мүмкін. Көптеген индивидтер мен адамдар тобы адасып, өздерінің қызметінде жалған идеологияны қолданады. Әрине және объективтік жағдайларының ықпалымен, әсіресе қоғамдық психологияның ықпалымен қалыптасады. Сонымен бір идеология қоғамдық психология маңызды ықпал тигізеді. Қоғамдық сана формалары. Әлеуметтік философия қоғамдық сананың келесі формаларын атап көрсетеді: саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық, діни, ғылыми және филоософиялық сана. Әр бір жеке сана қоғамдық өмірдің тиісті жақтарын бейнелейді.

Қоғамдық сананың формалары – болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сананың формалары адамның практикалық іс-әрекеттерінен байқалады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан формалары қоғамның рухани мәдениетінің құрамды билігі болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы сатыларында қоғамдық сана жеке формаларға бөлінбеді. Өнер, мораль және дін адамдардың еңбекпен айналысу нәтижесінің белгілі сатысында, таптық қоғам қалыптасқанға дейін болды. Таптық қоғамдағы қоғамдық сананың формалары саясат, хұқ, философия, мораль, өнер, дін болмысын бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың формаларының әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді, идеялық саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады. Қоғамдық сананың саяси және праволық формалары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және құқылық тілде, ал өнер – көркемдік образдарымен, мораль – адамдардың мінез-құлқының белгілі принциптері мен ережелері түрінде бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары қоғамның экономикалық базисімен байланыс жасау сипатына қарай әрқилы болады. Бұлар қоғамның өндірістік қатынастарын тура, тікелей бейнелей отырып, олардың төтелей ықпал жасауымен қалыптасады. Философия мен өнер қоғамның экономикалық негізін жаңаша, бірқатар аралық формалар арқылы ең алдымен саяси идеологияның көріністері арқылы бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары тарихи өзгерістерге түсіп, нақтылы дәуірде осы формалардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қолғандарын өзіне бағынышты етеді.

Ру – қаны бір, туыстық байланыстармен топтасқан алғашқы қауым – алғашқы қауымның экономикалық қатынасының барысында қалыптасқан адамдар бірлестігінің түрі. Соңғы зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, рулық бірлестік барлық халықтарға тән емес. Алғашқында Р. аталық және аналық формада (Патриархат, Матриархат) дара бірлестік ретінде емес, әртүрлі қауымда өмір сүрген туыс-тумалардың тобына ұқсады. Р. қауымдардың кіндігі іспеттес, олардың мүшелерін тұтас бір топқа шоғырландырды, үйлену – отбасылық қатынастарды реттеу, бірлесе тәрбиелеу мен балаларды асырау арқылы еңбек пен әлеум. қатынасқа жарамды ұрпақтардың кобеюін қамтамасыз етті. Рулық, қатынастар әдетте қауым мүшелерінің әлеум. байланысының түріне жатты, табыну әрекеттерінде, өндірісте, бөлісуде және т.б. анықтаушы роль атқарды, қауымның салт-дәстүрін басқаруда (қауымның рулық кіндігінің мүшелерінен ру басы мен көсемдерді сайлауда, оларды алмастыруда және т.б.)рулық ерекшелікті сақтады. Р. мен рулық қауымның арақатынасынан рулық құрылысты анықтайтын әлеум. құрылым қалыптасты, мұнда жерге қоғамдық меншік үстемдік етті, мүліктей және әлеум. бөлісу болмады, қоғамдық істерге қатысу ересектерінің хұқықы мен борышы болып табылды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың дамуына байланысты біртіндеп Р-дың саны көбейді, олар фратрияға (бауырластық топтарға) бірікті, фратериядан – тайпалар, ал тайпалардан – тайпалар одағы құрылды. Өндіргіш күштердің прогресі, қауымдар мен отбасылар арасындағы товарлы-ақша қатынастарының дамуы рудың ыдырауына әкеліп соқты. Оның ролі таптық қоғам өмірінде кеміді.

12
скачать работу

Қоғамның рухани өмірі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ