Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қоғамның рухани өмірі



 Другие рефераты
АДАМ САНАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ Философиядағы адам мәселесі Қоғамның саяси жүйесі Қоғамның әлеуметтік құрылымы

Рухани өмір – қоғмның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.

Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:

а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері;

б) рухани құндылықтар;

в) рухани қызмет;

г) тұтас рухани өндіріс жүйесі;

д) рухани тұтыну;

е) рухани қатынастар.

Рухани қызмет рухани өмірдің негізін құрайды. Оны сананың қызметі ретінде қарастыруға болады, оның барысында адамдардың табиғи және әлеуметтік құбылыстар жөнінде бір ойлары мен сезімдері, ұғымдары мен түсініктері қалыптасады. Мұндай қызметтін нәтижесі ретінде адамдардың дүние туралы белгілі бір көзқарастарын, ғылыми идеялары мен теорияларын, моральдық, эстетикалық және діни ой-пікірлерді қарастыруға болады. Бұлардың бәрі тиісті моральдық принциптер мен мінез-құлық номаларында, халықтық және кәсіби өнер туындыларында, діни жол-жора, салт-дәтүрлерде және т.б. көрініс табады. Рухани қызметтің нәтижесінде тиісті рухани игіліктер немесе құндылықтар қалыптасады. Рухани құндылықтарға адамдардың кез келген көзқарастарын, ғылыми идеяларды, гипотезалар мен теорияларды, көркем туындыларын, моральдық және діни сананы, адамдардың рухани қарым-қатынасын дәне сананың негізінде қалыптасатын моральдық-психологиялық жағдайды жатқызамыз. Рухани құндылықтарды тарату, тұтынушыға дейін жеткізу рухани қызметтің ерекше бір түрі болып саналады. Бұл, олардың сауаттылығы мен рухани мәдениетін арттырудағы өте маңызды әрекет. Осыған байланысты қоғамдағы білім беру мен тәрбие мәселесі, ғылым және мәдениет мекемелерінің қызмет етуі дұрыс жолға қойылу керек. Сонда ғана адамдардың рухани дүниесі дұрыс қалыптасып, қоғамның рухани өмірі бай мазмұнға ие болады. Адамдарды рухани қызметпен айналысуға итермелейтін негізгі күш – рухани қажеттіліктер. Соңғылар, адамды рухани шығармашылықпен айналысуға, рухани қүндылықтарды жасау мен тұтынуға, рухани қарым-қатынасқа бағыттайды, соған жол ашады. Рухани құндылықтар мазмұны жағынан объективті болып табылады. Өйткені олар өмірдің өзінен туындайды және адамдардың қоршаған дүниені рухани тұрғыдан игерудегі объективтік қажеттілігін айқындайды. Сонымен бірге, рухани қажеттіліктер формасы жағынан субъективті болып келеді, өйткені, олар адамдардың ішкі дүниесінің, қоғамдық және жекедаралық санасы мен өзіндік санасының көріністері ретінде байқалады. Қоғамның рухани өмірінің келесі маңызды элементі – рухани тұтыну. Сөз рухани игіліктерді тұтыну туралы болмақ. Рухани игіліктерді тұтыну арқылы адамдар өздерінің рухани қажеттілктерін қанағаттандырады. Рухани тұтынудың нәрселері (өнер туындылары, моральдық, діни және т.б. құндылықтар) тиісті қажеттіліктерді туғызады. Сондықтан қоғамның рухани мәдениетінің нәрселері мен көріністерінің көп болуы адамның әр түрлі рухани қажеттіліктерінің қалыптасуының маңызыды алғышарты болып табылады. Рухани тұтыну процессі әр қилы жүзеге асады. Рухани тұтыну белгілі бір деңгейде стихиялы жүруі мүмкін, яғни бұл жағдайда оны ешкім де бағыттамайды және адам өз еркі бойынша рухани құндылықтарды тандайды. Басқа бір жағдайда рухани тұтыну мәдениеті жарнама, массалық мәдениет құралдары арқылы қалыптасуы мүмкін. Бірақ бұған қарамастан, мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі – адамдардың шынайы рухани құндылықтарды тұтыну мәдениетің қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін қоғамның рухани мәдениетін үнемі дамытып, байытып және оны әр бір адамға қызықты, қолы жететіндей ету керек. Рухани құндылықтарды өндіру мен тұтыну рухани қатынастар негізінде жүзеге асады. Рухани қатынастар екі түрлі болуы мүмкін. Біріншіден адамның кез келген рухани құндылықтарға тікелей қатынасы (оларды қабылдау немесе қабылдамау), екіншіден, сол құндылықтар жөнінде адамдарды бір-бірімен рухани қатынастары (өндіру, тарату, тұтыну, қорғау). Рухани қатынас болмай кез келген рухани қызметте жүзеге аса алмайды. Осыдан келіп қоғамдағы келесі рухани қатынастарды атауға болады: танымдық, өнегелілік, эстетикалық, діни, ұстаз бен шәкірт, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы рухани қатынас. Рухани қатынастар қоғамның рухани өмірін басынан аяғына дейін қамтиды. Жоғарыда айтылғандай, адамдардың қоғамдық санасы қоғамның рухани өмірінің басты өзегі болып табылады. Қоғамдық сана дегеніміз – қоғамдық болмысты бейнелейтін сезімдердің, көзқарастардың, идеялар мен теориялардың күрделі жүйесі. Қоғамдық сана қоғамда өмір сүретін жеке адамдар санасының жиынтығы емес, керісінше, күрделі және тұтас рухани жүйе болып табылады. Қоғамдық сана дегенімізде қоғамның белгілі бір тарихи даму сатысына тән көзқарастарды, идеяларды сезімдерді елестетеміз. Қоғамдық сана тарихи процестің рухани жағы бола тұрып бір-бірімен тығыз байланысты екі функция атқарады. Бірінші функциясы – қоғамдық болмысты бейнелеу; екіншісі – қоғамдық болмысқа керісінше белсенді ықпал тигізу. Қоғамдық сана қоғамдық болмысты үстірт бейнелемейді. Қоғамдық санада қоғамдық өмірдің тек қана сыртқы емес, сонымен бірге ішкі жақтары, олардың мәні мен мазмұны бейнеленеді. Қоғамдық сананың әлеуметтік табиғаты бар. Ол адамдардың қоғамдық практикасынан туындайды. Өздерінің бірлескен практикалық қызметі барысында адамдар оларды қоршаған дүние өз мақсаттарына пайдалану үшін ойластырады, таниды. Әр түрлі қоғамдық құбылыстар және олардың қоғамдық санадағы бейнесі – адамдардың практикалық қызметінің екі жағы.

Қоғамдық сананың  салыстырмалы дербестігі бар. Ең алдымен қоғамдық сана қоғамдық болмысты жай ғана бейнелеп қоймайды, керісінше, оны жан-жақты ойластырады, мәнің ашуға тырысады. Сол себепті қоғамдық сана қоғамдық болмыстың дамуынан сәл қалып қояды. Өйткені, қоғамдық процестерді терең тану үшін олар пісіп-жетіліп және өздерін жан-жақты көрсету керек. Бірақ, соған қарамастан қоғамдық сананың қоғамдық болмыстан асып, одан тез дамуы мүмкін. Қоғамдық сана өзінің тарихи дамуында адамдар ойының, ғылымның, өнерді және т.б. жетістіктеріне сүйенеді. Яғни, қоғамдық сананың дамуында сабақтастық бар, оның арқасында қоғамдық өмірдің барлық салаларында жинақталған адамдардың (ұрпақтардың) рухани мұрасы сақталып, дамиды. Мұның бәрі қоғамдық сананың дамуында өзіндік ішкі логикасы, принцпитері мен дәстүрлері бар екендігін көрсетеді. Бұның дәлелі ретінде ғылымның, өнердің, моральдың, діннің, философияның дамуын алып қарастыруға болады.  Қоғамдық сананың салыстырмалы дербестігін оның қоғамдық болмысқа белсенді ықпал тигізуінен де көруге болады. Әр түрлі идеялар, теориялық концепциялар, саяси  тұжырымдамалар, моральдық принциптер, өнер және дін бағыттары қоғамның дамуында прогрессивтік немесе регрессивтік рөл атқарады.

Қоғамдық сана аса күрделі құбылыс болып табылады. Қазіргі әлеуметтік философия қоғамдық сананың құрылымында келесі элементтерді ажыратады;

-  күнделікті және теориялық сана;

-  қоғамдық психология және идеология;

-  қоғамдық сана формалары.

Оларға қысқаша түсінік берейік.

Күнделікті және теориялық сана. Бұл екеуі қоғамдық сананың төменгі және жоғары деңгейі болып табылады. Оларды қоғамдық құбылыстарды, процестерді терең түсіндіруімен ерекшелейміз. Күнделікті сана барлық адамдарға тән. Ол адамдардың күнделікті практикалық қызметі процесінде олардың эмпирикалық тәжірибесі негізінде қалыптасады. Көп жағдайда бұл қоғамдық өмірді стихиялық тұрғыдан бейнелеу болып табылады. Мұнда қоғамдық құбылыстарды жүйелеу мен олардың терең мәнің ашу жоқ. Адамдардың кейбір қоғамдық құбылыстар ғылыми түсінігі болмаған жағдайында сол құбылыстар жөнінде күнделікті сана деңгейінде ой қозғауға мәжбүр болады. Мұндай жағдай адамдар тобы мен жеке адамның өмірінде жиі кездесіп тұрады, өйткені, біз бәрін ғылыми тұрғыдан ойластыра бермейміз.

Адамдардың білімділігі төмен болса, онда олар қоғамдық өмірдің құбылыстары жөнінде көп жағдайда күнделікті сана деңгейінде ойлады. Бірақ білімді адамның өзі де бәрін ғылыми жолмен тани алмайды. Сондықтан күнделікті сананың қызмет ету аясы өте кең.

Теориялық сана күнделікті санаға қарағанда қоғамдық өмірді танығанда қоғамдық құбылыстар мен процестердің мәнің ашуға, олардың объективті даму заңдылықтарын көрсетуге тырысады. Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өміріне қатысты. Осыған байланысты, ол қоғамдық сананың біршама жоғарғы деңгейі болып табылады. Теориялық сана қоғамдық өмірдің кез келген құбылысына байланысты белгілі бір ғылыми концепция болып саналады. Теориялық сананың субъектісі ретінде барлық адамдарды қарастыра бермейміз. Мұндайларға қоғам дамуының тиісті құбылыстары жөнінде ғылыми тұрыдан ойлай білетін адамдарды, яғни әр түрлі білім саласында қызмет ететін ғылымдарды, мамандарды, теоретиктерді жатқызамыз.Күнделікті және теориялық сана бір-бірімен өте күрделі байланыста болады. Әсіресе күнделікті сананың мазмұны өзгеріп, ол ғылыми көзқарастармен ойларға тола түсті. Бұл сәтте қазіргі күнделікті сананың шамамен бір немесе екі ғасыр болған санадан айырмашылығы жер мен көктей. Қоғамдық сананың екі деңгейі – күнделікті және теориялық – қоғамның дамуы мен адамдардың өмірі мен қызметінде өте маңызды рөл атқарады. Қоғамдық психология және идеология. Бұл екеуі қоғамдық сананың маңызды құрылымдық элементтері. Олар әр түрлі әлеуметтік топтар мен ұлттық-этникалық қауымдықтардың әлеуметтік шыңдықты қатынасын айқындайды. М

12
скачать работу


 Другие рефераты
Система кредитования и ее современные формы
Культура Казахстана
Психология допроса подозреваемого и обвиняемого
Стратегическое планирование


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ