Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі

қорытынды;
  • жабдықтаушы кәсiпорынның құрал-жабдықтарды лизингтiк компанияға өткiзуi;
  • лизинг берушi фирмалардың жеткiзушi кәсiпорындарға алған құрал-жабдықтарының құнын төлеуi;
  • лизинг берушi мен сақтандыру компаниясының арасындағы келiсiмдердi сақтандыру щаралары;
  • лизинг алушының лизинг берушiге  тұрақты төлеп отыратын төлемдерi;
  • лизинг берушiге банктiк несиелердi қолданғаны үшiн пайыздық қойылымдар;
  • лизинг берушiлердiң мемлекеттiк жергiлiктi бюджетке төлеп отыратын төлемдерi және лизингтiк компанияны қолдаааау мақсатындағы мемлекеттiк жеңiлдiктер мен көмектер.
  • Коммерциялық банктердiң ең көп таралған делдалдық қызметiнiң бiр түрi – факторинг.        Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң болын сипаттайды. Факторинг – клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын 90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты кез-келген несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына келтiруiн шешуге бағытталады.

    “Фактор” сөзi ағылшын тiлiнен “factor”, аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны бiлдiредi. Экономикалық жағынан алғанда бұл – делдалдық операция. Факторингжабдықтаушы-клиенттiң жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтерi үшiн төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

    Келiсiмшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттерi өздерiнiң қарызын өтегенiне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге мiндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктiк кепiлдеменiң арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктiк кепiлдеме бойынша банк өзiнiң есебiнен, оған тиiстi соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге мiндеттi болып табылады. Факторингтiк қызметтiң мақсаты төлеушiнiң төлем қабiлетiне байланыссыз факторингтiк келiсiм шартта көрсетiлген мерзiмде тез арада қаражатты алу болып табылады.

    Факторинг операциясы бүгiнгi таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингтi енгiзу сынағы, негiзiнен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсiп құрылыс банкiмен жүзеге асырылып, кейiннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтiп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметiнiң банктер үшiн тиiмсiздiгiн айқындап, нәтижесiнде отандық банктерiмiз күнi бүгiнге дейiн бұл операцияға салғырттық танытуда.

    Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

    1. 1.     Факторингтiк компания (банктiк факторинг бөлiмi) — өздерiнiң клиенттерiнен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
    2. 2.     Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие берушi)  фактоинг компаниясымен келiсiм шарт жасасушы өнеркәсiптiк мекеме.
    3. 3.     Кәсiпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма.

    Фактоинг мәмiлесiн ұйымдастыруды келесі суреттен көре аламыз.

    Факторингтiң бiрегей құқықтық негiзiн құру үшiн 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекiтiлген. Халықаралық факторинг туралы  кез-келген келiсiмшарт төменде берiлгендердiң кемiнде екеуiн қамтуға тиiс:

    • Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
    • Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының  шоттарын бухалтерлiк жағынан өңдеу;
    • Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
    • Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабiлетсiздiгi жағдайынан қорғау.

    Факторингтiк операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшiн банктерде арнайы бөлiмдер ашылуға тиiс.       Факторингтiк операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

    • Жеке тұлғалардың қарыздық мiндеттемелерi бойынша;
    • Бюджеттiк мекемелердiң қоятын талаптары бойыша;
    • Банктiң несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабiлетiнсiз деп танылған кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша;
    • Кәсiпорындардың филиалдары немесе бөлiмдерiнiң мiндеттемелерi бойынша.

    Факторинг пен форфейтинг операциялары өзара ұқсас болып келедi. Бiрақ форфейтингтiң факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бiр рет жасалатын операцияны бiлдiредi. Сондай-ақ экспортердiң форфейтингтiк қызметi орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi несиелеумен байланысты болса, ал факторингке несие беру мерзiмi небары 6 айды құрайды.

    Форфейтинг – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктiң немесе арнайы компанияның экспортерға импортердiң төлеуге тиiстi төлем талабын сатып алуы.

    Форфейтинг мәмiлесiде үш қатысушы болады:

    1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзiмдi кезеңге несиеге берушi;
    2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
    3. Форфейтор, яғни мәмiленi қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

    Мұндағы, 1 – мәмiлеге қатысушылар арсында келiсiмшарт жасалады; 2 – тауарын несиеге бередi; 3 – аудармалы вексельдi (5-7 жылға) жазып бередi; 4 – аудармалы вексельдi қайта сатады; 5 – аудармалы вексельдi есепке алады; 6 – мерзiмi жеткенде төлеуге ұсынылады; 7 – вексель бойынша мiндеттемесiн өтейдi.

    Форфейтинг механизмiн мынадай екi мәмiле түрiнде пайдаланады:

    1. Қаржы мәмiлесiнде – орта мерзiмдi қаржы мiндеттемесiн тез арада iске асыру мақсатында.
    2. Экспорттық мәмiле бойынша – шетелдiк сатып алушыға несиеге тауар бергенi үшiн экспортерға қолма-қол ақшамен түсiм түсуге ықпал ету мақсатында.

    Форфейтинг мәмiлесiнiң мерзiмi 180 күннен 5 жылға дейiнгi аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.

    Қ.Р-дағы екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктiң Басқармасының қаулысымен бекiтiлген “ҚР екiншi деңгейдегi банктерге кассалық операцияларды жүргiзу” ережесiне сәйкес жүзеге асырады.

    Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен байланысты операцияны бiлдiредi.

    Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшiн банктерде мынадай бөлiмшелер болуға тиiс:

    • кiрiс кассасы;
    • шығыс кассасы;
    • кiрiс-шығыс кассалары;
    • қайта санау кассасы;
    • кешкi касса;
    • сыртқа шығатын касса.

    Банк кассасына клиентерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттiк шоттар бойынша есепке алу мынадай кiрiс кассалық құжаттар көмегiмен жүргiзiледi:

    1. қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
    2. кiрiс кассалыө ордер бойынша.

    Кассадағы қолма-қол ақшаны өткiзу үшiн клиент кiрiс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткiзiлетiн банкнота мен монеталардың тiзiмiн жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетедi.

    Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейiн, кассир қабылдаған соманы, кiрiс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кiрiс кассалық құжатқа қолын қойып, түбiртекке “Кiрiс кассасы” деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға бередi.

    Банк клиентiнiң ағымдық және корреспонденттiк шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

    1. ақшалай чекпен;
    2. шығыс кассалық ордермен.

    Банк клиентi қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге бередi, ол құжаттарға қажеттi тексерулер жүргiзiп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге бередi, сөйтiп шығыс кассалық ордерiнде көрсетiлген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөнiндегi кассалық журналда есепке алынады.

    Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер мынадай жұмыстарды жүогiзуге мiндеттi:

    1. қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктiң жауапты тұлғаларының қолдарының барлығын тексерiп, оны қол қою үлгiсiмен салыстыруға;
    2. құжатта көрсетiлген соманың саны мен жазба түрдегiсiн салыстыруға;
    3. клиентттiң лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгiде қойылған қолдарымен өзара салыстыру.

    Содансоң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегi номерi бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан кейiн ақшасын бередi.

    Қайта есептеу кассасы клиенттiң инкассацияланған ақшалай түсiмдерiн қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирi, бақылаушы кассирдiң қатысумен кешкi кассаның кассирiнен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкенi қабылдап, ақшаны оған тiркеме құжаттар негiзiнде қайта санаудан өткiзiп, қабылдап алады.

    Инкассаторлардан қолма-қол ақшасы бар сөмкелердi кассирлер қабылдау барысында мыналарды тексередi:

    1. келiп түскен сөмкелердiң тұтастығын;
    2. сөмкедегi қойылған пломбаның банктегi пломбының үлгiсiмен сәйкестiгiн;
    3. инкассаторлар тапсыратын сөмкелердiң құжаттағы сөмкенiң номерiмен сай келуiн;
    4. қабылдайтын соманың құжатта көрсетiлген сомамен сәйкестiгiн.
    5. 123
      скачать работу

      Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі

     

    Отправка СМС бесплатно

    На правах рекламы


    ZERO.kz
     
    Модератор сайта RESURS.KZ