Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі



 Другие рефераты
Салықтың экономикалық табиғаты. Салық ұғымы және маңызы Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні “Экономикалық теория» қандай ғылым? Ол нені зерттейді? Экономикалық теорияның пәні туралы көзқарастардың эволюциясы.

Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:

  • Несиелік операциялар;
  • Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
  • Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
  • Кассалық операциялар
  • Делдалдық-комиссиондық операциялар.

Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.

Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие – банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда  - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

Қарыз берушi – қарызды беретiн несиелiк қатынастардың бiр жағы. Қарыз берушi – бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi  субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.

Қарыз алушы – бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi.

Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi – бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құн.

Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.

Банктiк несие бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу.

Несиелер берiлу шартына қарай келесi түрлерге бөлiнедi:

  • Тұтыну несиесi – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие.
  • Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi, өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге берiлетiн несие.
  • Овердравт несиесi – клиенттiң шотынан қаражатты шегеру, дебеттiк қалдық бойынша берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң формасы.
  • Овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге берiлетiн банкаралық несиенiң түрi;
  • Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн қысқа мерзiмдi несие;
  • Банкаралық несие – банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi;
  • Ломбардтық несие – тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие;
  • Лизингтiк несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берiлетiн несие;
  • Сенiм несиесi – банктiң сенiмiне кiрген, төлем қабiлетi жоғары клиенттеге берiлетiн несие;
  • Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиi кездеседi.

Жалпы қорытындылай келе,         банктер несие беру барысында несиелiк саясатты iске асырады. Несиелiк саясат – банктiң несиелiк жұмысын ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жұйесiн жасау шарттары.

Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

  • Мемлекеттік бағылы қағаздар;
  • Корпоративтік бағалы қағаздар.

Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер  бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.

Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да  орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:

1)    Акциялар;

2)    Облигациялар;

3)    Депозиттік және жинақ сертификаттары;

4)    Ипотекалық куәліктер;

5)    Депозитарлық қолхаттар.

Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.

Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке  табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.

Лизингтiң несиеден айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.

Лизингтiк мәмiлелердiң бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл және қаржылық лизингтер.

Шұғыл лизингбұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн сипаттайды.

Қаржы лизингуақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi iшiнде өзiнiң толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесеөзiн-өзi өтеуiмен байланысты сипатталады.

Лизингтiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей.

Лизингтiң қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:

  • Лизинг көмегiмен кепiлге беретiн мүлкi жоқ ұсақ кәсiпорындарды несиелеуге болады;
  • Лизинг 100%-ға дейiн несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға қысқа мерзiм iшiнде өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi;
  • Кәсiпорынға мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебi, бұл жерде ол мүлiк кепiл ретiнде болады;
  • Құрал-жабдықтың лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына байланысты, өнiмнiң құнына лизингтiк төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын салықты жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық жеңiлдiктер алады.

Лизинг операцияларының кемшiлiктерiне келесілер жатады:

  • Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе ұтпайды;
  • Ұйымдастырудың күрделiлiгi;
  • Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бiрақ та ескiрген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдiң лизинг берушiнiң басында болатынын ұмытпау қажет.

Ендi жалпы лизингтiк операциялардың типтiк сипатын анықтайтын келесi схеманы көру арқылы лизингтiк бизнестiң iске асуын анықтайық. Оны келесi суретен көре аламыз:

Мұндағы сандармен берiлген байланыстардың мәндерi келесiдей:

  1. лизинг берушi мен лизинг алушы арасындағы лизинг келiсiм шарты;
  2. лизинг компаниясы мен жеткiзушi кәсiпорын арасындағы сатып алу-сату келiсiм шарты;
  3. лизинг берушi банктердiң арасындағы несиелiк
    123
    скачать работу


     Другие рефераты
    Национально-освободительное движение на Украине в 1-ой половине XIX века
    Жер экожүйесіндегі адамзат
    МОНГОЛЬСКОЕ НАШЕСТВИЕ НА ТЕРРИТОРИИ КАЗАХСТАНА И ЕГО ПОСЛЕДСТВИЯ
    Достижения современной селекции


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ