Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

ттар беру жөнiнде;
  • сақтық компанияларында ұйымдардың белгiлi бiр контингентiнiң (әскери қызметшiлердiң, күш ведомствалары мен салық службалары қызметкерлерiнiң және т.б.) қарым-қатынастары;
  • сондай-ақ белгiлi бiр шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкiн.
  • Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және  пайдалануды бiлдiредi, оларды мынадай негiзгi топтарға бiрiктiруге болады:

    • ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметiн қамтамасыз ететiн қорлар;
    • күрделi жұмсалымдардың қорлары;
    • көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
    • қызметкерлер мен континенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелерiндегi ауруларға) қызмет көрсетушiлердiң материалдық, және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумсн байланысты қорлар;
    • негiзгi қызметтi дамыту қорлары.

    Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негiзiнен олардың ұйымдық-құқытық нысандары әсер етедi. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшелiктерiн анықтау үшiн оның құрамына кiретiн мекемелердi, ұйымдарды, олардың қызметінiң сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдiстерiн ескере отырып зерделеген жөн.

    Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметiн жүргiзудiң әдiстсрi сметалық қаржыландыру (көрсетiлген қызметтер мен игiлiктердiң өтеусiздiгi кезiнде) және шаруашылық есеп пен өзiн-өзi өтеу негiздерi (өтеулiгi көзiнде) болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбiсi коммерциялық есеп негізінде көшуде — көрсетiлетiн қызметтердi сұраным бағасы бойынша сатады, өздiгiнен даму үшiн жеткілікті қорланым жасайды.

    Сметалық қаржыландыру— меншiктi табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердiң шығыстарын жабу үшiн мемлекеттiк бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндiрiстiк емес мекемелердi үстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудiң көлемi, мақсатты 6ағыты және оны бөлу шығыстардың сметасымен анықталады. Сметалық тәртiппен бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерi, мемлекеттік билiктiң, мемлекеттiк басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерiнiң бiр бөлiгi қаржыландырылады. Бiрқатар мекемелердi сметалық қаржыландыру кезiнде шығындарды қамтамасыз етудiң қосымша көздерi пайдаланылуы, қызметтердi тұтынушылардың жарналары мен төлемдерi бағытталуы мүмкiн. Ақша қаражаттары бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес берiледi және мекеменiң қаржы жоспарында - шығыстардың сметасында қамтып көрсетiледi, негiзгi капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтердi төлеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемде шаруашылық немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кiрiс-шығыс сметасын жоспарланады және айрықша тәртiппен пайдаланады.

    Сметалық қаржыландыру бюджеттiң қаражаттарын пайдалануды атаң қадағалайды, тек баптардың бслгiлi бір шеңберi тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндiктер бередi. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелердi қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған.

    Шаруашылық жүргiзудiң шаруашылық-коммерциялық есебiшығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игiлiктердi сатудан түскен түсiм-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардын қызметтерi ақыға көрсетiледi. Бұларға ақылы негiзде жұмыс iстейтiн бiлiм беру мен денсаулық сақтау мекемелерi, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бiрқатар шығармашылық мекемелерi, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдiстi коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң кәсiпорындары пайдаланады. Олар қызметпен байланысты әр түрлi ақшалай шығындар жасайды: игiлiктер мен қызметтердi өткiзе отырып, түсiм-ақша алады; кiрiстердiң шығыстардан асыл түсуi қорланымды құрайды. Бұл кесiпорындарда қаржы материалдық өндiрiс кәсiпорындарындағыдай ұйымдастырылады.

    Шығындардың өзiн-өзi өтеу әдiсiақылы кызмет негiзiндегi шаруашылық қызметiн ұйымдастыруды қарастырады, бұл кызметтердiң бағасы қорланымсыз шығыстардың көлемiне қатысты анықталады. Бұл әдiс мәдени-ағарту қызметi, бос уақыты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсiби машықтар мен бiлiм алу жөнiндегi, шет тiлдердi, мүдделер бойынша ұлттық клубтарда оқып — үйренудiң курстары мен мектептерi) қолданылады.

    Нсгiзiнен коммерциялық емес қызмет коғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтердi өндiру және олармен қамтамасыз етудiң қажеттiгiмен айқындалады. Қоғамдық тауарлардың белгiлi бiр тұрлерiн ондiрудi едәуiр ауыс пайдасымен байланысты мемлекет өзiне алады.

    Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметiнiң материалдық негiзi өндiрiстiк емес арналымдағы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақша нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесiнде өзiнiң құнын жоғалтады. Осылай жасалған игiлiк пен қызметтердiң тек тұтыну кұны ғана болады. Материалдық емес өнiм мен қызметтердi жасау процесiнде жүзеге асырылатын өндiрiстiк емес қорлардың қозғалысы нысандарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшелiктерi болады. Қызметтiң бұл түрiнде көбiнесе жоғары бiлiктiлiктiң ой еңбегi қолданылады, сондықтан шығындарда әдеттегiдей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнiм қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бiрақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.

    Коммерциялық емес сфера мекемелерiндегi қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.

    Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесiнде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бiрге олардың негiзiнде өндiрiстiк (коммерциялық) емес сала мекемелерi мен ұйымдарының қаржы көздерi қалыптасады.

     

     

    1.2 Коммерциялы емес қызметтiң ұйымдары мен мекемелерiн

    қаржыландыңудың көздерi

     

    Қызметтік коммерциялық емес түрлерi (мемлекеттік секторды шығара отырып) жөнге келтiрiлген нарықтық. экономиқасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кiтапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын,  театрларды, әр түрлi қайырымдылық қорларды, кәсіптiк бiрлестiктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестiруге мүмкiндiк берідi. Бұл тәрiздi даму қоғамдық игiлiктердi өндiрушiлер пайдаланатын салық жеңiлдiктерiмен ғана түсiндiрiлмейдi. Жеңiлдiк беру кезiнде мемлекет әр түрлi ұйымдарды, сарайларды, мұндағы басты критерий — көрсетiлетiн қызметтердiң қоғамдық пайдалылығының дәрежесi. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететiн белгiлi бiр ұйымдарды қаражаттаңдырады.

    Коммерциялық емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттiлiктердi қаржыландыру жөнiндегi мемлекеттің iс-қимылы халыққа қызмет көрсету жөнiндегi олардың үлкен икемділiгiмен және жеделдiгiмен түсiндiрiледi. Қызметтің коммерциялы емес түрлерiнен алатын пайда немесе табысты пайдаланудың қаржы механизмi, мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерiнiң арасында бөлiнбейтiнiн анықтайды. Пайда немесе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметiн пайдаланатын тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажетсiнетiн азаматтар және т.б.) бағытталады.

    Қазақстан Республиқасының заңнамалы практикасы басқаша iс-әрікет етедi; мұнда кәсiпкерлiк қызметтен алынған кез келген табысқа, салық салудың өзге де объектiлерiне (айналымдар, тауарлар, мүлік және т.б.) сияқты салық салынады. Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кiру және мүшелiк жарналар, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырымдылық түрiнде алған табысы салық салуға жатпайды.

    Коммерциялық емес ұйымдар қызметiн қаржыландыру көздерi әр түрлi болып келедi. Оларды бұл құрылымдардың iс-әрікет етуiне, мемлекеттің қатысу дәрежесiне қарай топтастыруға болады:

    • бюджет қаражаттары;
    • мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;
    • жағдай шараларға билеттер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім өткiзуден түскен түсiм-ақша;
    • түрлi коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келiсiмшарпарға сәйкес орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсеткенi үшін түскен қаражат түсімдерi;
    • мүлiктi жалға беруден түскен түсiм-ақша;
    • халықтың қаражаттары;
    • кадрларды дайындаудан (қайта дайындаудан, бiлiктiлiктi артырудан және т.с.с.) түскен табыс және басқалары.

    Мемлекет тиiстi функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттiк бюджетiнiң қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттiк басқару, құкықтық тәртiптi қорғау, қорғаныс, iшiнара бiлiм беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелi ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлiгi осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерiн: кiтапханаларды, мұражайлар мен көрмелердi, сарайларды, театрларды, филармониаларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдердi, мемлекеттiк теле-және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.

    Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екiншi көзi көрсетiлетiн қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (түсiм-ақша) түрiндегi меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсiпорындарда өнiм өндiруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның меншiгiндегi басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.

    Қызмет көрсетуден алынған түсiм-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған атығындарын жабады және ұйымның одан әрi өздiгiнше дамуына жеткiлiктi таза табысты (пайдалы) кiрiктiредi. Мұндай әдiстермен бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерiнiң қызметтерiне деген халытың қосымша қажеттілiктерi қаржыландырылады.

    12345След.
    скачать работу

    Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

     

    Отправка СМС бесплатно

    На правах рекламы


    ZERO.kz
     
    Модератор сайта RESURS.KZ