Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

Меншiктi көздердiң қатарына сонымен бiрге ғимараттарды, құрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкiн жалға беруден алынатын қаражаттар, мүлiк пен ғимараттарды кепілдiкке беруден алынатын қаражаттар жатады.

Қаржыландырудың үшiншi көзi — банктердің кредиттерi. Бұл көздi ақылы қызмет көрсететiн ұйымдардың пайдалануы мүмкiн, өйткенi қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттiгi ұйымның кредиттi пайдалану уақытынан асыл түсетiн мерзiмi бойынша жақсы жолға қойылған, бiрқалыпты жұмыс iстеуiн керік етедi. Қаржыландырудың бұл әдiсi, кредит қаражаттарының қамтамасыз етiлуi мен өтiмдiлiгiн кепілдендiретiн әдiс ретiнде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсiпорындары бар ұйымдар үшiн аса қолайлы болып келедi.

Қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсiптiк, шығармашылық одақтар, азаматтардың дiни бiрлестiктерi, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдiсi олардың қатысушыларының мүшелiк жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бiрлестiктердiң өздерiнiң қызметiн ұйымдастыруға байланысты өзгешелiгiмен және сипатымен бөлектенедi. Қоғамдық бiрлестiктердi ұйымдастырудың ерiктiлiгi олардың қаржы ресурстарының негiзгi көзi кiру және мүшелiк жарналары болып келетiндiгiне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушiлердiң табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Қызметтің қоғамдық сипаты бiрлестiктер меншiгiн олардың мүшелерiнiң жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкiндiгiнен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бiрлестiктердiң жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.

Материалдық өндiрiс сферасының кәсiпорындары мен ұйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдiк мемлекеттердiң, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың iзгiлiктi көмегi әлеуметтік бағытылық, мәдени және шығармашылық ұйымдары мен мекемелерiн, коғамдық ұйымдарды, қорларды қаржыландырудың көзi ретiнде қызмет атқарады. Осындай қаржыландырудың алуан түрлiлiгi ретiнде белгiлi бiр ұйымның немесе қызмет түрiнiң тұрақтылық, белгiсiмен ерікшелiктенетiн демеушiлiк қаржыландыруы бола алады.

Ғылыми зерттеулердi қаржыландырған кезде гранттар — жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгiлi бір бағыттағы ғылыми зерттемелердi, жобаны, ғалымдардың бiр тобын немесе жеке ғалымды зерттеудi аяқтап,оның нәтижелерiн өндiруге немесе басқаша қолдануға дейiн жеткiзу мақсатымен өтеусiз қолдау әдiсi қолдалынады.

Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерiн ұстауға және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгiлi бiр көзi олардың қарамағындағы ресурстардың бiр бөлiгiн коммерциялық, және жинақ банктерiнiң депозиттерiне, сондай-ақ қаржы рыногында бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.

Қаржыландырудың аталған көздерi коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерiнiң ақша қаражаттарын әр түрлi үйлесiмдерде және аталған көздердiң толық жинақталымында қалыптастыруы мүмкiн. Мысалы, бiлiм беру жүйесiнде аталған көздердiң жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда—екi-үш көздермен шектеледi. Бiрақ кез келген нұсқада — қаржыландырудың қосымша көздерiнiң көп немеес аз болуы — мемлекеттік бюджеттен оның кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiнде қарастырылған қаржыландырудың көлемдерi азайтылмайды. Ықпал жасаудың мұндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердiң қоғамдық пайдалы қызметiн дамытудағы, олардың жұмысылық тиiмдiлiгiн арттырудағы бастамасы мен шығармашылық iзденiсiн ынталандыруға шақырады.

 

 

1.3 Коммерциялык емес ұйымдар мен мекемелердiң  шығыстары

 

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң шығыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекiтiлген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының бiрiне тиiстiлiгiне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргiзуде пайдаланылатын әдiске қарай анықталады.

Шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негiздерiнде iс-әрекет ететiн үйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерiн есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуiлгi қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көресткіштерiнде ресiмдейдi. Бұл жағдайда өндiрiс пен қызмет көрестуге жұмсалатын шығыдардың тiзбесi материалдық өндiрiс сферасында жинақталатынға ұқсас болып келедi, бiрақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуiр аз болып, еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеуметтік салықты коса) жұмсалатын шығындар басымырақ, болады. Басқа құрылымдық ауытқулар болуы мүмкiн, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесi үлкен болады.

Коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдар мен мекемелер өздерiнiң қаржы жоспарларын өздерi жасайды. Мұның үстiне тек бюджет қаражаттары есебiнен қаржыланатын мекемелер шығындардың сметалар жасайды, онда мекеме қызметiнің сипатты көрескiштерi және қаражаттарды сыныптаманың бөлiмшелерi бойынша бөлу қамтып көрестiледi, ал өздерiнiң қажеттiктерiн бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерiмен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың сметаларын жасайды.

Коммерциялық негізінде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың қаржы жоспарларынан сметаның басты айырмашылығы сол, сметада шығындар анағұрлым егжей-тегжейлi негiзделсе, кiрiстер тек әр түрлi көздер тұрғысынан бейнеленедi.

Жеке мекемелер мен ұйымдар бойынша өтпелi кезеңнiң жоспарлы қаржы құжаты ретiнде олардың бюджеттiк емес көздерi бола тұрса да шығындардың сметасы пайдаланыла беруi мүмкiн: бұл жағдайда көрсетiлген ақылы қызметтер шығындардың сметасында бюджепен тыс қаражаттар ретiнде бейнеленуi, не арнайы қаражаттардың ерекше сметасы бойынша жоспарлануы мүмкiн.

Экономикалық жiктеме бойынша сметаларда шығындар әдетте санатқа, сыныпқа, iшкi сыныпқа, өзгешелiкке топтастырылады.

Ағымдағы шығыстар санаты мына сыныптарды кiрiктiредi:

1. Iшкi сыныптардың құрамында тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар:

  • өзгешелiгi бар жалақы: негiзгi жалақы, қосымша ақша төлемдерi, өтемақы төлемдерi, жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн мiндетгi зейнетақы жарналары;
  • жұмыс берушiлердiң жарналары: әлеуметтiк салық, автокөлiк құралдары иелерiнiң құкықтық-азаматтық жауаптылығын мiндеттi сақтандыруға, мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн мемлекеттiк емес мiндеттi сақтандыруға төленетiн жарналар;
  • тауарлар мен қызметтердi сатып алу (өзгешелiктерi: тамақ өнiмдерi, дәрлiк заттар жане таңу құралдары, ағымдағы шаруашылық мақсаттарына арналған заттар мен материалдар, жұмсақ жабдық және дүние-мүлiк айрықша жабдық пен материалдар, iс сапарлар мен қызмет бабындағы жүрiп-тұрулар, ғимаратты жалдау);
  • коммуналдық қызметтерге, көлiкке, электр қуатына, жылуға ақы толеу;
  • басқа ағымдағы шығыстар (өзгешелiгi: жабдық пен құрал-саймандарды, үймереттердi, үй-жайлар мен ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу, жалпы мiндетті орта бiлiм беру қорының шығыстары, несиегерлік берешектi өтеу және басқалары);
  • басқадай ағымдығы шығыстар.

2. Сыйақылар (мүдделер) төлеу, iшкi сыныптардың құрамындағы басқадай ағымдағы шығыстар:

  • iшкi қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу;
  • сыртқы қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу.

3. Iшкi сыныптардың құрамындағы субсидиялар және басқа ағымдағы трансферттiк төлемдер:

  • субсидиялар;
  • жеке тұлғалар берітiн ағымдағы трансферттер (мiндеттi әлеуметтік қамсыздандыруға беру, зейнетақылар, стипендиялар басқадай трансферттер);
  • баскадай субсидиялар;
  • өзгешелiгi бар трансферттер: мемлекеттік емес коммерциялы емес ұйымдарға, үй шаруашылығына беру, зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар, сақтандыруға төленетiн мемлекеттік жарналар, басқадай трансферттер;
  • мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн басқадай трансферттер, өзгешiлiгi: субвенциялар, бюджеттiк алынымдар, басқадай ағымдағы трансферттер;
  • шет жаққа берiлетiн трансферттер;
  • әр түрлi басқадай трансферттер.

«Құрделi шығыстар» санаты мына сыныптарды кiрiктiредi:

  • iшкi сыныптардың құрамындағы негiзгi капиталды сатып алу;
  • өзгешелiгi бар негiзгi капиталды сатып апу: активтердi, үймереттер мен ғимараттарды, басқадай активтердi сатып алу;
  • негiзгi капиталды жасау, соның iшiнде өзiндiк ерікшелiктi: үймереттер мен ғимараттарды, жолдарды салу, басқадай күрделi активтердi жасау;
  • күрделi жөндеу, соның ішінде үймереттердi, жолдарды жөндеу, басқадай жөндеу;
  • босалқы қорлар жасау үшiн тауарлар сатып алу;
  • жердi және материалдық емес босалқы қорларды сатып алу;
  • ел iшіндегi күрделi трансферттер, соның iшiнде (өзгешелiгi): мемлекеттiк кәсiпорындарға, қаржы мекемелерiне, мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне беру;
  • басқадай күрделi трансфсттер;
  • шет жаққа берiлетiн күрделi трансфсттер, соның iшiнде халықаралық ұйымдар мен шетелдiк мемлекеттердiң үкiметтерiне беру, шет жаққа берiлетiн басқадай күрделi трансферттер.

«Кредит беру, үлескерлiкпен қатысу» санаты мына сыныптарды кiрiктiредi:

  • iшкi сыныптар құрамындағы кредиттер беру және акционерлiк капиталға үлескерлiкпен қатысу;
  • ерікшелiгi бар сыртқы несиелендiру: мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiн, мемлекеттiк кәсiпорындарды, қаржы мекемелерiн, жеке тұлғаларды несиелендiру, басқадай iшкi несиелендiру;
  • ерікшелiгi бар сыртқы несиелендiру: әр түрлi сыртқы несиелендiру;
  • ерікшелiктерi б
    12345След.
    скачать работу

    Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ