Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Компьютердің құрылғылары

зуға болмайды. Компакт-дискілерге мәлімет жаздыратын
кұрылғылар әзірше қымбат түрады, сондықтан дербес
компьютерлер ондай құрылғылармен жабдықталмайды.
2 .4-сурет Мәліметтерді оқуға әрі жазуға болатын CD-ROM
дискісінің сыртқы түрі

Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер,
фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Әртүрлі
дыбыстық эффектілермен, музыкамен безендірілген ойындар,
компьютерлік энциклопедия., үйренуге арналған әртүрлі
программалар - барлығы CD-ROM дискілерінде (2.4-сурет)
болады.

Принтерлер мен плоттерлер
Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық
мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып
шығаруға арналған. Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола
береді
Принтерлердің негізгі артықшылығы - олар көптегш қаріп
түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады.
Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың
Ара қашыктығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам
мәтінді қағазға шығарар алдында өзінз керекті қаріп түрін және
басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен
жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс. Осыған
байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет
қағаз үшін) және кең күймелі (қатар түрған екі бет қағаз үшін)
түрлері бар. Жүмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін
теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте
көлемді болатынын білген дүрыс, ол экран мөлшерінэі
әлдеқайда үлкен болып, мыңдаған жолдардан түра алады,
оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен
және программа ерекшеліктерімен анықталады. Сол себепті
мәлімет қағазға басыларда, әр жолдың ені анықталып, қаріп
ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға
байланысты мәтін беттерге бөлінеді.

Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті
етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген
модельдері бар.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалык, лазерлік, сия
бүріккіш және термографиктік түрлері бар.
Соңғы кезге дейін ең көп таралған, арзан, әрі пайдалануға
қолайлы лазерлік принтерлер болып саналады, оларда қағазға
таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады.
Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдарымен
жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу)
лшта арқылы қағазды символ суретіне сөйкес нүқып отырады.
Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, бүлардың сапасы
орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолда
жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бүларға қарағанда 24 не
48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады.
Матрицалык принтерлердің жүмыс өнімділігі 10-60 секундта
бір бет аралығында (секундына 20 - 400 символ) болады, бірақ
олардың кағаздағы сапасын арттырғымыз келсе,
жылдамдықтан үтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде
олардың латын әрпінен өзге үлттық әріптерді (қазақ, орыс,
үйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мүндайда
екі түрлі жағдай болуы ықтимал:
а) орыс, казақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын
ала қондырылған, сондықтан принтер тоқ көзіне қосылысымен
бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі
әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса,
операциялық жүйелер командаларымен (PRINT, COPY)
мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер кодтар
әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер-
программалар қажет;
ә) үлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын
ала компьютерге үлттық әріптерді принтерге шығара алатын
драйверді (басқару программасын) жүктеу керек. Принтерді
шмесе компьютерді тоқ көзіжн ағытатын болсақ, ол мүмкіндік
жоғалады.

Сия бүріккіш принтерлерде (2.5-сурет) қағаздағы бейне
арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ
олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап
тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден
жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жүмыс істейді, көптеген қаріп
түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және
сияны жиі керек етеді.

Лазерлік принтерлер (2.5-сурет) - ксерография принципін
қолданатын қүралдарға жатады, бүларда әріп бейнелері
электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға
түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру
компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен
жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400
нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы
жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы
басылым бере алады жәнз жылдамдықтары да жоғары - орташа
есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3 ^ 1 5
секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы
кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.
Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен
графиктік информацияны қағазға шығарады.
График сызғыштар жобалаужұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.
2.5-сурет. Сия бүріккіш және лазерлік принтерлер: 1 -түрлі түсті
лазерлік принтер; 2 - түрлі түсті сия бүріккіш принтер.

Компьютерге информация енгізу кұрылғылары
Пернелік тақта. ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең жгізгі күрылғы
пернеліктақта болып саналады, ол арқылы мәтіндік
информациянытеріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға
болады. Пернеліктақтаның мүмкіндігімен келесі сабақта
толығырақ танысамыз.
"Тышқан тәрізді қол тетік" пернелікпен бірге ЭЕМ-ді
басқаруға арналған. Бүл - тегіс стол бетімен жылдам жылжи
алатын, қажет болғанда оның екі-үш батырмасының бірін баса
отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен
басқарылатын кішкеяе тетік.
Сканер (ізкескіш) - қағазға жазылған мәліметтің кез келген түрін
(сурет, сызба, кітап мөтіні) оптикалық негізге сүйене отырып
компьютерге жылдам енгізе алатын қүрылғы. Бірақ енгізілген
информация графиктік түрге айналып, оны бірден
өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді,
сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу
оңай, әрі жылдам орындалады.

Қосымша күрылгылар
Модемдер (модулятор-демодулятор) компьютерлер
арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәліметті
жеткізу жылдамдығына қарай топтарға бөлінзді. Қазіргі __________кезде
олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 54000 бит/сек аралығында.
Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір
стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады.
Компьютер желісіне (Internet, Relcom, FidoNet, т.б.) немесе
электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы телефон
арналарына қосылған осы модем болып саналады.
Бүлардан басқа факс-модемдер бар, олар модем мен
факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге
атқарады. Факс-модемді пайдаланып, мәтіндік мәліметті тек
өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс
аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады. Факс-
модемдер жәй модемдерден қымбатырақ, бірақ олардың
атқаратын қызметі әлдеқайда мол.

Қазіргі кездерде ЭЕМ-нің мультимедиа мүмкіндігі жайында
көп айтылып жүр. Мультимедиа - информацияны бейнелеудің
ең жаңа түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі-түсті мәтіндік,
графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып
шығарып, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру
жақтарын толық пайдаланады. Мұндай мүмкіндікті
компьютердің қосымша дыбыстық құрылғысы мен CD-ROM
дискісі бар және онда бейнелік фильмдерді, фонограммаларды,
түрлі-түсті гаммаларды көрсету жақтары толық қамтылған.
Мультимедиалы компьютер фотоаппараттарды, бейне
магнитофондарын, бейне-камераларды қосуға арналған арнаулы
бейнелік тақшамен жабдықталады, ол көптеген бейнелік
суреттерді өңдегенде қажет болады, бірақ оның арзан
түрмайтыны да өз-өзінен белгілі.

1234
скачать работу

Компьютердің құрылғылары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ