Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көпжасушалылар дүние тармағы



 Другие рефераты
Өрмекшітәрізділер класы Мүктәрізділер Мәдени өсімдіктер Қыналар

Метазоа дүние тармағына күрделi көпклеткалы гетеротрофты жануарлар жатады. Бұл жануарлардың денесiндегi ұқсас клеткалар белгiлi бiр қызметтердi атқаруға мамандана отыра, ұлпалар түзiлуiмен қосылады. Әр қайсысы өзiне белгiлi қызмет атқаратын көптеген ұлпалар типтерi пайда болуы мүмкiн. Ұлпалардың түрлi типтерiнiң   түзiлу процесi дифференциация деп аталады: бұл организмде қызметтiң бөлiнуi. Дифференциация тым алысқа кетуi мүмкiн, ал бұл организм үшiн өте пайдалы, себебi ұлпалар жеке клеткаларға қарағанда айрықша қызметтердi тиiмдiрек орындайды.

Ұлпаларда клеткалар жұмысы үйлестiрiлген және олар бiр қызмет ету бiрлiгiн құрап тұрғандай.

Белгiлi қызметтердi орындау үшiн түрлi ұлпалар мүшелерге, ал мүшелер мүшелер жүйесiне бiрiгедi. Ұлпалардағы клеткалар сияқты, жеке мүшелер мен мүшелер жүйесi өзара байланыста жұмыс iстеп, организмнiң жалпы бақылауында тұрады.  Осындай жалпы барлық жүйелер қызметтерiн бақылау нәтижесiнде , организм бiртұтас болып iстейдi.  Маманданған ұлпалардың , мұшелердiң және мүшелер жүйелерiнiң пайда болуы – Metazao-ның өзiндiк белгiлерi. Әрi қарай осы бөлiмде , бiз бқл процестермен жақынырақ танысамыз.

КӨПКЛЕТКАЛАЛАРДЫҢ  ФИЛОГЕНИЯСЫ НЕМЕСЕ ТАРИХИ ДАМУЫ

Mетазоа Протозоадан шықты деп үлкен ықтималдықпен есептеуге болады. Бiрақ дәл қай бiрклеткалы жануардың тобы ата-тегi болды? Мүмкiн мұндай топтар бiрнеше болған шығар? Бұл сұрақтарға әлi нақты жауап жоқ. Соңғы жылдарда төмендегiдей гипотезалар кең тарады. Оның бiреуi 1866 ж. Геккельмен ұсынылды. Бұл гипотезаға (Гастрея гипотезасы) сәйкес, бiрклеткалы жануардың, мүмкiн қарапайымдылардың бөлiну нәтижесiнде түзiлген ұрпақ клеткаларының таралмай көпклеткалылардың шығуына бiрiншi қадам болды. Осындай көпклеткалылардың жиындарында мамандануларына себепшi болған анатомиялық және қызмет ету айырмашылықтары пайда болды. Метазоаның осындай да жолмен шығуы мүмкiн. Протозоаның кейбiр клеткалары талшықты қарапайым хоанофлагиляттарға өте ұқсас. Мүмкiн губкалар осы қарапайымдылардың колониальдi формаларынан шыққан да шығар (Колониальдi гипотеза).

Екiншi гипотезаны ( целлюляризация гипотезасы) 1944 ж. Хаджи ұсынды. Оның пiкiрi бойынша,  қарапайым организмнiң ядросы бiрнеше рет бөлiну нәтижесiнде, көпядролы организмдi түздi. Мұндай кезеңдi бiз қазiргi қарапайымдылардан көремiз: опалина және книдоспоридиялар. Кейiннен iшкi қабаттардың түзiлуi  көпклеткалыққа әкелдi (Синцитиальдi гипотеза). Қазiр бұл гипотезаның жақтаушылары көп және оның көмегiмен  Метазоаның басқа топтарының  (губкалардан басқа) шығуын түсiндiруге болады. Осыған қоса Хаджи ең қарапайым Метазоа деп  iшекқуыстыларды емес, жалпақ құрттарға жататын турбеллярийлердi есептейдi. Оның гипотезасына сәйкес, iшкi жапырақшалары түзiлген көпядролы қарапайымдылар жалпақ қүрттарға бастама бердi, ал отырықшы тiршiлiк етуге көшкен кейбiр жалпақ құрттар өкiлдерiнен iшекқуыстылар шыққан. Хаджидың бұл ұйғарымы келесi фактiлерге сүйенедi. Бiрiншiден iшекқуыстыларды қатаң түрде екiқабатты жануарлар деп есептеуге болмайды, себебi мезоглеяларында клеткалар жиi кездеседi. Екiншiден, көптеген филогенетикалық дамыған қарапайымдыларда екiжақты симметрия болған. Және үшiншiден,  қарапайымдылардың да, турбеллярийлердiң де денелерi кiрпiкшелермен қапталғандығы, осы топтардың туыстығына дәлел болуы мүмкiн.

Қазiр ең шынайы көзқарас болып, қазiргi уақытта Трихоплакстың үш түрiмен көрсетiлген, Тақташалы жануарлар типiнiң ашылуымен дәлелденген И.И.Мечниковтың паренхимеллалар немесе фагоцителлалар гипотезасы есептеледi. Бұл жануарлардың құрылысы бiрқабаттылар екiқабаттыға өту формасы түрiнде көрсетiлген. Олардың қарапайым ұрық жапырақшалары бар және оларды нағыз жапырақшаларға қарағанда кинобласт және фагоцитобласт деп атайды. Бұл атаулар олардың жасайтын қызметiне қарай берiлген – қозғалыс пен ас қорыту (трофикалық қызмет). Мұндай құрылыс iшекқуыстылардың дернәсiлдерiнде болады және бұл жалпақ құрттарға қарағанда одан да көне шығу тегiн дәлелдейдi.

Бұл сауал қазiргi күнге дейiн зоологтар арасында үлкен дау туғызуда. Бiрақ көпклеткалық, колониальдi формалардың түзiлуiне алып келген, бiрклеткалы қарапайымдылардың көбеюiнде толық емес бөлiну нәтижесiнде пайда болғаны сөзсiз.  Мысал болып Вольвокс және оған тәрiздестер табылатын, талшықты қарапайымдылар колонияларының немесе одан да күрделi колониялардың дамуының мысалында бұл тұжырымды дәлелдеуге болады.

Белгiлi ғалым  А.А.Захваткиннiң «синзооспора» гипотезасы тарихи даму жолында, мүндай сандық және сапалық қайта құруларға түсiнiктеме бередi.

И.И.Мечниковтың гипотезасына сәйкес, ең төменгi ұлпаларында екiқабаттылықтың түзiлуi, қызмет ету дифференциация – клеткалар тобының арасында қозғалу және ас қорыту қызметтерiнiң бөлiну негiзiнде жүрдi. Сол себептен, соңғы екi көзқарас ең шынайы және вольвокстердiң, тақташалылардың, губкалардың, iшекқуысты жануарлардың онтогенетикалық даму фактiлерiмен дәлелденедi.

скачать работу


 Другие рефераты
Мировое сообщество между мировыми войнами
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының 2-ші кезеңі (1837-1870 жж.). Кенесары Қасымұлы басқарған халық соғысы
К.П. Победоносцев его жизнь и деятельность
Внутренняя и внешняя культура


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ