Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өрмекшітәрізділер класы



 Другие рефераты
Бауырымен жорғалаушылар класы Плауын, қырықбуын папортниктәрізділер класы Мүктәрізділер Көпжасушалылар дүние тармағы

ӨРМЕКШIТӘРIЗДIЛЕР КЛАСЫ (70000  түр)

Жалпы сипаттамасы

а) Сыртқы  құрылысы:

Денелерi – баскеуде және құрсақ болып екiге бөлiнедi.

Баскеудесiнде 6 жұп аяқтары орналасқан.

Құрсағында аяқтары жоқ (тек сары шаяндарда ғана құрсақ бөлiмi  сегменттелген).

Мұртшалары  жоқ.

Кенелердiң  денелерi сегменттелмеген.

Денесiнiң сегменттелуi систематика үшiн маңызды.

Эпителийден әр түрлi бездер түзiледi: улы (өрмекшiлер, шаяндар); өрмек (өрмекшiлер); иiстi (жыныс серiгiн қарату үшiн)

б) Аяқтары

Хелицералар (үстiңгi жағы ) — 2-3 буыннан  тұратын, қысқышпен, iлмекпен немесе стилетпен аяқталатын, аяқтардың  бiрiншi жұбы (хелицераларда  улы бездiң өзегi ашылады).

Педипальпалар (жақаяқтар, қармалауышаяқтар) бiрнеше  қызмет атқарады:

сезiм мүшесiнiң  рөлiн (көбiнесе);

астыңғы жақтың;

жүргiш аяқтың;

қорегiн ұстайтын қысқыш аяқ ретiнде ( сары шаяндар);

аталықтар оны шағылыс аппарат ретiнде қолдануы мүмкiн.

Аяқтарының соңғы төрт жұбы — жүргiш аяқтары. Өрмекшiлердiң  аяқтары, өрмек тоқуға  қажеттi тарақтәрiздi тырнақтармен  аяқталады.

в) тыныс алу мүшесi екi типтi болып, екеуi  бiрге  немесе жеке болуы мүмкiн.

Өкпесi – желбезек орнында дамитын  арнайы қуыс.

Трахеялар — сыртқы жамылғының, бүкiл  денеге  оттегi  таситын түтiкшелерi.

 

г)Зәр шығару мүшелерi:

Коксальдi бездер құрылысы жағынан буылтық құрттардың метанефридияларына ұқсас, қарапайым түрлерде кездеседi.

Мальпигий түтiкшелерi энтодермальдi ортаңғы iшектен пайда болып, ортаңғы мен артқы iшектiң шекарасында орналасып, бiр жағы тұйықталып екiншi жағымен ас қорыту жолына ашылады.

Өрмекшiтәрiздiлердiң зәр шығаруының негiзгi өнiмi – гуанин.

д) Асқорыту жүйесi эктодермальдi алдыңғы, энтодермальдi ортаңғы және эктодермальдi артқы iшектен құралған.

Алдыңғы iшек кутикуламен астарланған және келесi бөлiмдерден тұрады:

ауыз қуысынан;

сiлекей бездерi ашылатын бұлшықеттi жұтқыншақтан (насостың қызметiн атқарады). Сiлекейдiң

құрамында ақуызды гидролиздейтiн ферменттер  бар  (ауыз аппараты — сорғыш).

кейбiр өрмекшiлерде қарын түзiледi.

Ортаңғы iшек келесi бөлiмдерден тұрады:

Бауырдың өзектерi ашылатын, бес тұйықталған тармақтардан;

Бауыр бөлiп шығаратын асқорыту ферменттерi, клеткаiшiлiк қорытылуды iске асыруы  мүмкiн.

Қорытылмаған қалдықтар мальпигий түтүкшелерi ашылатын рентальдi қапшыққа түседi.

Артқы iшек аналь тесiгiмен сыртқа ашылады.

ж) қанайналым жүйесi ашық.

3 остиялы жүрек денесiнiң арқа жағында орналасқан.

Егер  трахеялар бар болса, қан газ алмасуға  қатыспайды.

З) Нерв жүйесi құрсақ нерв тiзбегiнен тұрады.

Прогрессивтi белгiсi – нерв тiзбегiндегi  ганглиялары бiрiгiп шоғырланып орналасуы.

Иiс сезу, химиялық өзгерiстердi сезетiн және көру (қарапайым көздер) мүшелерi  бар.

ӨРМЕКШIЛЕРДIҢ АЛУАН ТҮРЛIЛIГI

ҚҰРШАЯНДАР ОТРЯДЫ

Жер бетiндегi ең көне буынаяқтылар.

Дене ұзындығы – шамамен 10 см.

Сегментелген құрсақ бөлiмi имек, үшкiр шаншар соңында ашылатын, улы безбен аяқталады.

Адам  үшiн құршаянның  уы онша қауiптi емес, бiрақ едәуiр әсерi бар. Шаққан  орны қызарып  iседi, жүрек айну мен  аяқ-қол тартылулары  болуы мүмкiн.

Баскеуде бөлiмiнiң аятарының  бiрiншi жұбы – жақаятары, ал екiншiсi – қысқыш аяқтары.

Крест өрмекшiсi (құрсағының арқа бетiнде кресттәрiздi суретi бар)

Аналығының ұзындығы 2,5  см дейiн, аталығының — шамамен 1 см.

Құрсағында 1000 жуық өрмек бездерi болады.

8 қарапайым көздерi  бар.

Мальпиги түтүкшелерi бар.

Аяқтарында сезiмтал талшықтар бар.

               УЛЫ  ӨРМЕКШIЛЕР

Тарантул (уы ауыртпалы, бiрақ қауiптi емес)

Қарақұрт (уы қауiптi, кейде адам, жылқы, сиыр өлуi мүмкiн)

Үй өрмекшiсiнiң өрмегi  гамакқа ұқсас.

Су өрмекшiсi — суда кiшiрек қоңырау тәрiздi мекен құрып, оны ауамен толтырып, тiршiлiк етедi.

КЕНЕЛЕР

Кенелер – шығу тегi әртүрлi, үш отрядтың жиын тобы: Акариформды кенелер (қышыма кенесi), Паразитформды кенелер  (байгалық кене), Жайылым кенелерi (бiрнеше түрi ғана бар).

Ұсақ мөлшерлi, ұзындығы 0,1-15 мм-ге дейiн, денесi сегменттелмеген.

Дамуы метаморфозбен  жүредi (дернәсiлiнде 3 жұп аяқ, ересек формасында — 4 жұп).

Тiршiлiк  ету ортасы

Топырақ арасында тiршiлiк ететiн кенелерде қоректi майдалайтын кемiргiш  ауыз аппараты  болады.

Топырақтүзiлуде қатысады.

Кейбiр таспа құрттардың аралық иесi болып табылады.

Паразиттi кенелердiң ауыз аппараты – тесiп-сорғыш болады (сұйық қорекпен қоректенедi).

 

ӨРМЕККЕНЕСI

Ауылшаруашылық өсiмдiктерiнде паразиттiк тiршiлiк ететiн өкiлдерi (мақтаның, картоптың, таңқурайдың жапырақтарында, жемiстерде) олардың шырынымен қоректену арқылы өмiр сүредi.

Ұзындығы 0,3-0,4 мм. Түсi: көктемде — жасыл-сары, күзде — сары-қызыл  болады.

Жапырақтың астыңғы бетiнде, топтасып тiршiлiк етедi.

Қарақат кенесi қарақаттың бүршiгiнiң өзгеруiне алып келедi.

Қышыма кенесi адам терiсiн зақымдап және тiтiркендiрiп қышыма туғызады (ұзындығы 15 мм жүрiс жасайды). Көбiнесе саусақ арасында мекендейдi.

ИКСОДАЛЫҚ КЕНЕЛЕР

Энцефалит, туляремия, бруцеллез ауруларын таратушылар.

Таежный және ит кенелерi (кене энцефалитiн таратушылар).

Ересек кене (1 см) үлкен сүтқоректiлерге шабуыл жасайды. Олардан, аналықтар керектi мөлшерде қанын сорып, орман төсенiшiне  жұмыртқа  салып, өздерi өледi.

Дернәсiлдерi кесiртке, құстар және ұсақ сүтқоректiлердiң   қанын сорады.

Кененiң лабороториялы жағдайда, максимальдi аштанудағы тiршiлiк циклiнiң ұзақтығы 25 жыл.

Кенелерде омовампиризм кездесуi мүмкiн, аш кене тойған кенеден қанының бiр бөлiгiн сорады, донор-кене тiрi қалады.

Аналықтар, қанды сорғаннан кейi 4 есе үлкейедi (4 тен 11 мм).

Аталықтар -2,5 мм.

Жынысты көбею

Жынысты диморфизм

Аталықты педипальпаларымен, аналықтың ұрық қабылдағышына сперманы енгiзедi, сперматозоидтар, құрсағында орналасқан жатырдағы жұмыртқа клеткаларын ұрықтандырады.

Кейбiр кенелерде партеногенез кездеседi.

ҚҰРШАЯНДАР

Тiрi туады

Ұрықталған жұмыртқа аналықтың аналық безiнде дамиды.

Жұмыртқа қоректi заттарды ана денесiнен алады.

Кiшкентай шаяндар анасының арқасында мекендейдi.

ДАМУЫ

Өрмекшiлердiң дамуы тура, тек кенелерде метаморфоз немесе түрөзгерiс байқалады.

КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Өрмекшiтәрiздiлер класы көптеген отрядтарға бөлiнедi, солардың iшiнен кең тараған және маңызды отрядтары: Өрмекшiлер, Кенелер; Құршаяндар, Пiшеншiлер.

ӨРМЕКШIЛЕР ОТРЯДЫ (30000 түр

Жалпы сипаттамасы

Денесi баскеуде және сегментелмеген құрсақ бөлiмiнен тұрады.

Хелицераларының түбiнде улы бездерiнiң тесiгi орналасқан.

Хелицераларымен өлтiрiлген қорегiне өрмекшi сiлекейiн енгiзедi (сырттай асқорыту). Бiр сағаттан кейiн өрмекшi қорегiн сорып алады.

Өрмек бiрнеше жiңiшке  жiпшеден, артқы аяғының қысқыш тырнақтарымен дайындалады.

Өрмектiң радиальдi жiпшелерi қалыңдау болады, желiмдi тамшылары жоқ.

Жiңiшке спиральдi  жiпшелер желiм тамшыларымен  қапталған.

Өрмектi қолдануы:

Сигналды жiпшесi бар ұстаушы тор.

Жұмыртқа пiлләсiн жасауға арналған.

Көктемде жас өрмекшiлердiң таралуына арналған. Қорғаныс

Өрмекшiлерде не өкпе, не трахеялар, немесе екеуi бiрге болады.

Метаморфоз — организм  құрылысының терең түрде қайта құрылуы. Бұл процесс кезiнде ол ересек түрге айналады. Көбiне, жұмыртқа клеткасының ұрықтануы жүрген тiршiлiк ету ортасының күрт өзгеруiмен байланысты. Күзде аналығы пiллә құрып, сол жерге жұмыртқаларын салып, өзi өледi.

Дамуы   Көктемде, жұмыртқалардан ересек дарақтарға ұқсас, бiрден тор құрып ұсақ жәндiктердi ұстаумен айналысатын, ұрпақ пайда болады.

ӨРМЕКШIТӘРIЗДIЛЕРДIҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Өрмекшiтәрiздiлер силур кезеңiнде құрлықты игерiп, ауамен тыныс алуға бейiмделген, алғашқы жануарлар. Күндiз немесе түнде тiршiлiк етедi. Орманда, жайлауда, жайылымда, шөл құмдарында мекен етедi. Кейбiр өрмекшiлер ұстау торларын құрады, басқалары қорегiне шабуыл жасайды. Насекомдармен қоректенедi, бiрақ қарақұрттар, құршаяндар және тарантулдар адамдарды, үй жануарларын шағып, ауыртпалы құбылыстар тудырып

12
скачать работу


 Другие рефераты
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫ
Правовые системы современности
Социальные причины пьянства
Өндіріс факторларының нарығы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ