Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қорқыт ата

дау-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу, халық жиналыстарында тәртіппен отыру, ас-той өткізу тәртіптерді қатарлы заң-жораларды белгілеп, әлеуметтік жора (заң-тәртіп) жасаған екен. (Қазақ ауыз әдебиеті туралы пайымдаулар”, 80-82 беттер Шинжаң халық баспасы. 1984.)

Бұл тарихи-әдеби мұра Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дәуірінде жырланып, ХУ ғасырда Кавказ жерінде хатқа түскен. Оны ерте замандарда ұзандар жырлаған. Түрік Лұғатын жазған Фарханг Шури бұл атауды қолына тамбур алып өлең жыр айтатын адам оларды оғыздар ұзан деп атаған. Өздері көбіне оғызнаманы жырлаған деп көрсетеді. Кейбір тарихи мағлұматтарға қарағанда Қорқыт ата кітабының айтушысы Қорқыттың өзі тек соны оғыз ханына оның немелері жырлап беретін болған. Әрбір қисаны аяқтаған соң жырау бұл жырды менің Қорқыт атам айтып сөзін құрастырған еді деп отырады. Қорқыт ата кітабы бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарға Кавказдағы әзербайжан Осман түріктеріне кеңінен жазылған сюжет. ХІУ-ХУ ғасырларда Оғызнама Қорқыт ата кітабы иран, арап тілдеріне де аударылған.

Бұл жырды әзербайжан халқы да иемделіп келеді. ХІУ ғасырдағы сұлтан баязит заманынан бері бұл сюжетті көбірек зерттеген елдердің бірі Осман түріктері Қорқыт жырларын соның елімен байланысты айтылатын көрінеді. Бартольд Осман түріктерінің мал бағудан қол үзе бастағанын ескеріп, бұл анықтаманы қабыл алмайды. Қорқыт ата кітабындағы Сыр бойындағы көшпелі түркі тайпалардың өмірі жырланады. Жырдың Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ ұлысы тұсында туғандығында дау жоқ. Оған оның мазмұны жер, су аттары түрлі әдет-ғұрып көрністері айғақ Қорқыттың бейіті де Сырдың төменгі бойында болған. Ол жерді Қорқыт станциясы деп атайды. Қорқыт жәдігерін 1896, 1898 жылдары Ә.Диваев зертеп, ол туралы бірқатар ертегі, аңыздар келтірген. Көптеген орыс ғалымдары да Қорқыт жайында көптеген аңыз-әңгімелер жинаған. Қорқыт кітабін сөз еткенде оны Қорқыт жайындағы ел аузында жүрген түрлі аңыздармен шағылыстыруға болмайды. Ондай ертегілердің арғы тегі осы Қорқыт ата кітабына енген жырларға барып тірелетіні де рас. Қорқыт атаның жырлары ХІІ ғасырлардан бергі шығыс елдерінің жазба мәдениетінде айтыла бастаған. Қорқыт есімі ХІУ ғасырлардан бастап айтылады. Түркімен тарихында Қорқыт Инвал Ябы, Дойлы Қай Ерекке, Туман, Қаңлы, Жаулы деген хандарға қызмет көрсеткен қазақтың Сыпыра жырауы сияқты көп жасаған қария ретінде айтылады. Қорқытты ІХ ғасырлардағы оғыз-қыпшақ ұлысы тұсында өмір сүргені барынша анықталады. В.Бартольд пікіріде осыған жуық келеді. Ол шығыс халықтарының тарихын зерттеуші Розен және Жәми сөздеріне сүйене отырып, Қорқытты Х ғасырлардағы бүкіл Орта Азия халықтарының данасы, сәуегейі болған дейді. Қорқыт Орта Азиядағы түркі тайпаларының эпостық жырларының атасы болып табылады.. Қорқыт ата кітабының сюжетіне келсек, оның оғыз тілінде жасалған бір нұсқасын ХІХ ғасырлардың бас кезінде неміс ғалымы Диц жазып алған. Қорқыт ата кітабының алғашқы үш саласын академик В.Бартольд оғыз тіліндегі нұсқасымен бірге орыс тілінде бастырған 1962ж ССРО Ғылым академиясының баспасы В.Бартольд аудармасының толық нұсқасын «Книга моего деда Коркута” деген атпен басып шығарады. Қорқыт ата кітабы жайында Қ.Инастранцев, Ә.Диваев, А.Туманский, В.Бартольд т.б. ғалымдардың көптеген еңбектері бар.

«Қорқыт ата” кітабындағы жырлар құрылымы жағынан қазақ эпостарының тектес сюжеттерімен юажайлас: әсіресе перзентке зар болған қарт ата-ананың қасіретті өмірі жиі қайталанады («дер»ехан-ұлы Бұқаш туралы жыр”, т.б.). Қорқыт жырларында әйел ананың ақыл-ойы, ерге беріліп, ел үшін ерлік жасауы, ана абыройы қастерлене баяндалады.

Атақты жырау ұлы күйші оғыз –қыпшақ елінің данышпаны ақылгөйі Қорқыт ата өзінің жырлары арқылы ұрпақтарын алауыздықтан аулақ болуға, еңбекті құрметтеуге, ерліктің қадірін біліп, батырлыққа бейімдейді.

Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері жалпы адамзаттық тәрбие ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Қорқыт ата- халық ұстазы болды. Әулие атамыздың асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қасиетті еңбегінің қадірін арттырып, қастерлей береміз. Өйткені, ол- этностық тәлім-тәрбиенің алатын бастауы деп білеміз.

«Қорқыт ата кітабында” және «Қорқыт жырларында” Қорқыт айтқан афористік қорытындылар да бар. Мысалы: «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас”, «Ақын тілді, ат тұяқты келеді”, «Ескі темір біз болмас, ескі мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас, өткен өмір оралмас, өлген кісі тірілмес”, «есекті жүгендегенімен жылқы болмас,”, «қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ” т.б.

Қорқыт ата- дана, ақылгөй ата болуымен бірге дарынды жырау, майталман күйші, қазақтың музыка аспаптары қобыз мен домбыраны алғаш жасаушысы, өз заманының кемеңгер ойшылы. Қорқыт ата өз ел-жұртының аянышты ауыр халін көріп, одан елді құтқаруды, мәңгі бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Бірақ көктемде жапырағы жайқалып шешек атқан шөптердің қүз келісімен сарғайып солғанын, бір заманда аспанмен тілдескен асқар таулармен мыжырайып шөгіп бара жатқанын, мәуелі ормандардың жапырағы төгіліп, қайғымен қамығып бас шайқағанын көреді; адамзат, жан-жануардың мұң-зарын естиді. Ол қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады, ол ең ақырында: дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, «сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ” деген қорытындыға келеді де, өлмейтін өмірді халықтан іздейді. Өмірінің соңғы кезін домбыра-қобыз тартып, күй шығарумен өткізеді. Ең ақырында қобыз күймен көз жұмып, артындағы ұрпаққа өлмес күйлерін қалдырады”.(«Қорқыт жыры”, «Мұра журналы, 1982ж.і-саны). «Қорқыт күйлері” дейтін күйлер қазақ халқы арасында күні бүгінге дейін ардақталып, ойналып келеді. Қорқыт жырының қорытындысы: «өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмтылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дегенді аңғартады.

Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы-достық елдерді мекендейтін түркі тілдес халықтардың барлығының ортақ игілі болып табылады. Аталған шығармада тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Бұлар тарихи-этнографиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге осы аймақтағы халықтардың ілкі ортағасырлардағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді. Қорқыттың есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманнан-ақ ерекше қастерленген. Сондықтан да халық:

«Жыраудың үлкен пірі — Қорқыт ата,

Бата алған барлық ақын асқан ата.

Таңдалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда,” – деп тегін жырламаған.

Қорқыт атадан қалған бір сөз мынандай: ”Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бәрі екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Су тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиеленген адамға көрдім-білдім деген сөзді де айтпас. Баланы балғын шағынан бастап оқытып, жақсылап тәрбиелеу, яғни кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ата-ананы қастерлеуге үйрету. Қорқыт атаның асыл сөздерінің көбінде тәлімдік идеялар ұшырасады. Өскелең ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі.

Қорқыт атаның нақыл сөздері

Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас. Ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды.

Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Қап тауының арғымағын мінгізуден пайда жоқ. Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды.

Қорқыт тұлғасы халқымыздың мәдениетінің дамуындағы көп ғасырлық желісі жалғастырып, оның мұрасы арқылы өткен ұрпақпен рухани байланысқа түсе аламыз. Әсіресе , тарихи дамудың бабамыз өмір сүрген дәуіріндегі салт-дәстүр, құндылықтар мен мінез-құлық қалыптарының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру тұрғысынан алып қарағанда «Қорқыт ата кітабының” халқымыздың тәлім- тәрбиесі тарихындағы алатын орны айтарлықтай екендігі даусыз.

Қорқыт, Қорқыт ата – (8 ғ., т. ө. ж. белгісіз, қазіргі Қызылорда обл., Қармақшы ауд.) – ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қ – тың анасы қыпшақ тайпасынан, ал әкесі Қарақожа оғыздардың Қамы (Қайыспас) деген атасынан шыққан. Сондықтан Қ. оғыз бен қыпшақтар арасында бірдей кемеңгер ел ағасы болып өткен. Ватикан архивінде Қ. туралы «Расул пайғамбар заманына жақын кезде (7 – 8 ғ.) Баят (Сырдария) бойында Қорқыт ата атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәлаятты ол өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт а

123
скачать работу

Қорқыт ата

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ