Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қорқыт ата

та оғыз қауымының мүшкіл халін сөйлер еді. Әрине ісі болса, бәрі оның алдына келіп кеңес сұрап, ол не бұйырса соны қабыл етер еді» деген дерек бар. Жазба ескерткіштердегі деректер бойынша Қ. 95 (кей деректер 195) жыл жасаған қарт данышпан. Қ. өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарған. Тарихта Қ. ықпалында болған Инал, Көл – Еркен, Қаңылқожа деген хан аттары аталады. Ал бұл хандардың Жетісу (Алмалық, Ыстықкөл), Талас, Сайрам, Қазығұрт, Қаратау, Сыр бойы, Орт. Қазақстан (Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу), Торғай өлкесі, Ертіс бойы мен Алтайда әкімш. құрғандығы тарихтан белгілі. Қ. осы тұста әлеуметтік жора (заң) негізін жасап, оны: ата–баба жасаған мекенді ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан қорғау, жер–суды белгілі тәртіппенен пайдалану, дау–жанжалды ақылмен шешу, кіналы болған адамды жазалау сияқты салаларға бөледі. Сондай–ақ халық әскерді сапқа тұрғызғанда ортасына алқа– қотан етіп, екі қанатын оң қол, сол қолға бөлу, халық жиналыстарында тәртіппен отыру, ас–той үстінде мүше беріп, шүлен таратқандағы тәртіптердің бәрі де Қ. жасаған аталық заңға (жораларға) жатқызады. Ел аузында «Қ. айтты» деген мәтелдер жиі кездеседі. Мыс., «Ескі мамық бөз болмас, Кәрі дұшпан дос болмас. Өлген кісі тірілмес, Өткен қайтып келмес», «Шөлді жердің отын киік білер, Сулы жердің қадірін құлан білер, Ұзақ жолдың сырын түйе білер, Шытырманды тау қойнауын түркі білер» т. б. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Қ. асқан күйші ғана емес, қазақ музыкасының, ән – күй өнерінің атасы. Оның шын мәніндегі күйші – композитор болғандығын ел ішінде сақталған «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны» атты муз. шығармалары дәлелдейді. Қойлыбай бақсы, Нысан абыз, Мекеш бақсы, Найман бала жырларында Қ. аты олардың ұстаз-пірі ретінде жиі аталады. Мыс., «Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата, Бата алған барлық бақсы ата. Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен, Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда»,-деген жыр тармақтары мұра қалдырған Қ-тың әдеби–муз. мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына (Қ. «Китаби дәдәм Қорқыт»). Оның мазары соңғы кезге дейін Сырдария өзенінің жағасында сақталып келеді (қ. Қорқыт мазары). Қ. ел аузында таралған аңыздарда білмейтін, мәңгі жасайтын өмір іздеуші ретінде суреттеледі. Аңызда Қ. желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздеу үшін дүниенің төрт бұрышын түгел аралайды. Бірақ оның алдынан шыққан көк майса «қуарып солдым» деп, аспанмен тілдескен асқар тау «Бұрын сәулетті едік, мыжырайып біттік» деп мұңаяды. Жапырағы сарғайған қара орман қайғымен басын шайқайды. Ол қайда барса да, көр қазып жатқандарға кездеседі. Қ. өлімге қарсы ем іздеуге әрекеттенеді, бірақ ол еңбегінен де ештеме шықпайды. Соңында «Өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген қорытынды жасап, өмірінің кейінгі кезін қобыз тартумен өткізеді. Өлмеуді, мәңгі өмірді қобыз үнін іздейді. Негізінде, өлімге қарсы күрес ислам дінінің жораларымен сыйыспайды. Сондықтан аңыз Қ. атына байланысты айтылғанымен оның шығу, таралу тарихы түркі халықтарына ислам діні тарамай тұрған кезге саяды. Сол сияқты шумер халқының атақты дастаны «Ғылғамыш» («Гильгамеш») пен Сібір түркі халықтары арасында кең тараған «Ерлікхан» әңгімесінде де Қ. туралы аңыздағыдай өлімге қарсы күрес суреттеледі.

Қорқыт ата (VІІІ-ІХ)

Қорқыт ата — халық қамқоршысы, ақын, күйші, дарынды данышпан. Ол қазақ жерінде (Қызылорда облысында) ҮІІІ-ІХ ғасырда өмір сүріп, көптеген жырлар мен күйлер шығарып, тәлім-тәрбиелік мәні зор өсиет қалдырған. Ал, Қорқыт ата туралы ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә.Марғұлан төмендегідей пікір айтады: «Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады».

Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт — сегізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан екені мәлім. Міне, сондық-тан да Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың үзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Ал, оның теңдесі жоқ күйші-композитор болғандығын халық жадында сақталған «Қорқыт ата күйі», «Қорқыт сарыны», т.б. музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір-ұстаз тұтқан. Олар өздерінің өлең жырларын бастар алдында, алдымен Қорқыт атаның есімін ауызға алуды шарт деп білген:

Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған барлық бақсы асқан ата.

Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.

Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан секілді. Қорқыт атаның жан тебірентерлік сиқырлы күйлері, ұлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа асыл мүра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келе жатыр.

Қорқытты асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты жырау деп, мазар-күмбезіне (қорым, пантеон) бас ию сонау оғыз-қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында) халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, оны Қорқыт атаның күй тартатын жері деп басына күзетші, шырақ жағушы адам қойып жүрді. Қоркыт ата күмбезі шамамен ІХ-ХІ ғасырларда салынған.

Қорқыт — жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпшақ және қаңлы тайпаларын басқарған данышпан кісі бейнесінде VIII-IX ғасырларда-ақ аңыз кейіпкері болған жан. Қорқыт ата жөніндегі жыр-дастан алғашта қыпшақ даласы мен Сыр бойында туып, халық эпосының дәстүрі бойынша сан ғасырлар бойы ауызша айтылып келген. Тек XVI ғасырда ғана Қорқыт есімімен байланысты бұл дастан қағазға түсірілген.

«Қорқыт ата кітабы» — түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. «Қорқыт ата кітабының» бір қолжазбасы Германиядағы Дрезден қаласында, екінші қолжазбасы Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба 6 жырдан құралган (жалпы толық қолжазба 12 жырдан түрады).

Қорқыт ата хикаясы — /ІІ-/ІІІ ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т.б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды.

«Қорқыт ата кітабындағы» батырлық жырлар арқылы ақын жастарды ерлікке тәрбиелейді, елін қорғауға, әділетті адал, мейірман азамат болуға баулиды («Бәмсі-Байрақ» жыры,т.б.).

Кітаптағы «Ат түяқты келеді, ақын тілді келеді», «Есекке қанша жүген салғанмен ат болмас», Анасыз қыз ақылға жарымас, әкесіз ұл сыйға жарымас».
«Тәкаппарды тәңір сүймес», «Өтірік сөз өрге баспайды», т.б. мақалдары
арқылы оқушыны адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелейді.

Қорқыт ата: «ниеті құрыған әйел, нысапсыз әйел, кесір әйел» сияқты әйелдің түрлерін салыстыра сипаттап, әйел-ананың қоғам дамуына негіз болатындай ұлағатты болуын уағыздайды.

«Үйсін — Қожаұлы Секрек туралы жыр» деген шығармасында әдептілік пен ерлік әрбір жігіттің қасиеті болу керек деп уағыздайды.

«Қорқыт ата» кітабындағы жырлар (аудармада тек мазмұндары берілген) құрылымы жағынан қазақ эпостарының тектес сюжеттерімен ұқсас: әсіресе перзентке зар болған қарт ата-ананың қасіретті өмірі жиі кайталанады («Дерсеханүлы Бұқаш туралы жыр», т.б.). Қорқыт жырларында әйел-ананың ақыл-ойы, ерге беріліп, ел үшін ерлік жасауы, ана абыройы қастерлене баяндалады. «Салар Қазанның үйін жау шапқаны жайындағы жыр» оқиғасындағы Қазанбектің әйелі — Бөрте қатынның жауға шабуылы, т.б.

Ана — ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың ұлы анасы. Сондықтан ананы құрметтеу, ананы аялау, ананың абыройын ардақтау — кісіліктің белгісі, ердің инабаты, ұлттың ұлағатты қасиеті деп біледі Қорқыт атамыз. Осы ойын жырларына өзек етіп, ұрпағын ананы ардақтауға баурайды.

Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері жалпы адамзаттық тәрбие ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Қорқыт ата- халық ұстазы болды. Оның асыл мұраларын — этностық тәлім-тәрбиенің алтын бастауы деп білеміз.

123
скачать работу

Қорқыт ата

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ