Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасынан тауарларды сатуды жинақтамалы есепке алу



 Другие рефераты
Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері Қазіргі ауыл шаруашылығының жағдайы Көтерме сауда Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғаудың механизмдерінің жетілуі

 

Көтерме сауда кәсіпорындарындағы тауарлық операцияларының бухгалтерлік есебінің маңызды міндеті тауарларды жөнелту мен сатуын дұрыс және уақытылы есепке алу, өйткені бұлардың арасында мезгілдік үзіліс пайда болады.

Жөнелтілген және сатылған тауарларды есепке алу үшін сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай: бір жыға дейін мерзім болса 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі » , ал бір жылдан асатын мерзім болса 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» атты активтік шоттар арналған.

Сатып алушыларға жөнелтілген және босатылған тауарларды бухгалтерлік есеп шоттарында екі сатыда әртүрлі баға бойынша көрсетеді:

1. 1- «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес қаржылық есеп беру есептеу әдісі негізінде жасалады. Мұнда табыстар ақша қаражаттарын алу (түсу) уақытына қарамастан тауарларды сату сәтінде танылады. Сондықтан жөнелтілген және босатылған тауарлар сомасы шот-фактуралар немесе тауар-көлік құжаттары негізінде бір уақытта жөнелтілген тауарлар үшін сатып алушылардың берешегі ретінде және тауарларды қосылған құнға салынатын салықсыз сату бағасы бойынша сатудан түскен табыс ретінде бухгалтерлік есеп шоттарында мына жазулармен көрсетіледі:

Сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі тиісті шоттардың дебеті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі » (бір жылға дейінгі мерзім)

2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді берешегі» (бір жылдан асатын мерзім)

6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын кіріс» шотының 6011 «Тауарларды сатудан алынатын кіріс» қосымша шотының кредиті

Осы тауарлар бойынша шот-фактурада көрсетілген қосылған құнға салынатын салық сомасына мына бухгалтерлік тізбе беріледі:

Сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне  қарай келесі тиісті шоттардың дебеті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» (бір жылға дейінгі мерзім)

2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» (бір жылдан асатын мерзім)

3130 «Қосылған құн салығы» шотының кредиті

Көтерме сауда кәсіпорны тауарларды жөнелткен және босатқан кезде сатып алушыларға сатып алу немесе сату бағаларынан жеңілдіктер жасай алады, олар пайызбен немесе белгіленген сомамен көрсетіледі. Бұл көтерме сауда кәсіпорындарындағы бағамен салыстырғанда тауар бағасының төмендеуіне әкеледі. Жеңілдіктер тұрақты сатып алушыларға мынандай жағдайларда беріледі: ірі партиялармен сатып алғанда, шоттарды қолма-қол ақшамен төлегенде, сапасы төмен тауарлар бойынша және басқа жағдайларды. Сатып алушыларға бағадан берілетін жеңілдіктері көтерме сауда кәсіпорындарына зиян, ал сатып алушыларға табыс әкеледі, сондықтан олар экономикалық негізделген болуы керек.

Сатып алушыларға бағадан берілетін жеңілдіктің барлық түрлері, олардың көлемі мен беру шарттары тауарларды жеткізу келісім шарттарына және басқа құжаттарда ескерілуі керек. Сатып алушыларға берілетін жеңілдіктер түрлеріне байланысты бағаның түсірілуінің есебі 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» шоттарында жүргізіледі.

Шот-фактурада немесе тауар-көлік құжатында көрсетілген сатып алушыларға бағадан және сатудан берілген жеңілдіктер сомасы бухгалтерлік есеп шоттарында мына жазулармен көрсетіледі.

6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер »шотының дебеті сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі тиісті шоттардың кредиті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі»

Сатып алушыларға берілетін бағаның жеңілдігінен есептелген қосылған құнға салынатын салық сомасына шот-фактураға сәйкес мынадай бухгалтерік жазба жасалады:

3130 «Қосылған құн салығы» шотының дебеті сатып слушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі тиісті шоттардың кредиті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі »

2110  «Сатып алушылар мен тапсырышылардың ұзақ мерзімді берешегі»

Мынаны ескеру керек, жыл бойында 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» шоттарында есепке алынған сатып алушыларға бағадан берілген жеңілдік сомасы жыл аяғында жылдық жиынтық табысқа есептен  шығарылады да, шоттар жабылады, қалдық болмайды.

Егер көтерме сауда кәсіпорны тауарларды жөнелткенде және босатқанда сатып алушы өтейтін көлік – дайындау шығындары

12
скачать работу


 Другие рефераты
Испания
ПРИНЦИП ТОЛЕРАНТНОСТИ В АДЫГСКОЙ НАРОДНОЙ ПЕДАГОГИКЕ И ЕГО ЗНАЧЕНИЕ ПРИ ФОРМИРОВАНИИ ЛИЧНОСТИ РЕБЕНКА
Австрия в 1815
Дневные хищники


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ