Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасынан тауарларды сатуды жинақтамалы есепке алу

төленген болса, онда олар іске асыру барысында көтерме сауда кәсіпорындарының бухгалтериясы 7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» шотының   7111  «көтерме сауда кәсіпорындарының шығындары» қосымша шотының дебетінде көрсетеді де, кейін тауар алушыға өтеу үшін жөнелтілген тауарларға жазылған төлем талап-тапсырмаға енгізеді. Сондықтан тауарларды жөнелту және босатумен байланысты көтерме сауда кәсіпорындары  жасаған, бірақ сатып алушының өтеуіне жататын көлік- дайындау шығындары сомасына мынандай бухгалтерлік жазу жасалады:

сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі тиісті шоттардың дебеті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді берешегі»

7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» 7111 «Көтерме сауда кәсіпорындарының шығындары» қосымша шотының кредиті

Төлем талап – тапсырмалары төленуге ұсынылған жағдайда сатып алушыларға жөнелтілген және босатылған тауарлар қойма меңгерушісінен сатып алу бағасы немесе нақты өзіндік құны бойынша және ыдыстар құны келесі бухгалтерлік тізбемен есептен шығарылады:

7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының 7011 «Сатылған тауарлардың өзіндік құны» қосымша шотының дебеті

1330 «Тауарлар» шотының тиісті қосымша шоттарының кредиті:

1331 «Көтерме сауда кәсіпорындарындағы тауарлар»

1334 «Тауар салынған және бос ыдыстар»

Сатып алушылар төлем талап-тапсырмаларды төлеу және төлемдерді ағымдағы банктік шотына есепке алуына қарай көтерме сауда кәсіпорны тауарларды сату бағасы бойынша сатуын, сондай-ақ сатып алушылардан оларға жөнелтілген тауарлармен бірге  ыдыстар үшін ақшалай алу мен тауарларды жөнелтуге байланысты көлік (тасымалдау) – дайындау шығындарын өтеу сомаларына бухгалтерлік есеп шоттарында мына жазулар жасалады:

Сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі тиісті шоттардың кредиті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық бершегі»

2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі»

Айдың аяғында 1210 «сатып алушылар мен тапсырышылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі»шоттарының дебеттік қалдығы жөнелтілген, бірақ төленбеген тауарлардың сату бағасы бойынша құнын, ыдыстар құнын, төлем талап – тапсырмаларға енгізілетін көлік – дайындау шығындарын көрсетеді. Төлемдерді кешіктірген жағдайда көтерме сауда кәсіпорындарының жетекшілер мен бас бухгалтері тиісті сомаларды өндіріп алу үшін сатып алушыларға шаралар қолдануға міндетті.

12
скачать работу

Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасынан тауарларды сатуды жинақтамалы есепке алу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ