Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

ды.

 

Ескерткіш зерттеудегі Б.Засыпкин, археолог К.Шахурин, сәулетші Т.Карумидзелердің еңбектері кесенені қалпына келтірудің жоспарына ғылыми негіз болды. Әсіресе, 1958 жылы К.Шахуриннің археологиялық қазба жұмыстары кесененің іргетасы мен қабырғаларының сұлбасын анықтауға мүмкіндік берді.

 

Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі – “Казпроектреставрация” институтының жобасы бойынша қайта қалпына келтірілген түрі. Ол – бір күмбезді құрылыс,  биіктігі 20,60 см. Сыртқы қарама-қарсы қабырғаларының ара қашықтығы 16,65 см., және  14, 25 см. Кесененің күмбезі биік мойындықпен көтерілген. Күмбездің диаметрі 8,65 см2. Құрылысы қос қабатты күмбезбен көмкерілген. Сыртқы күмбезі төрт бұрышты көк плиталармен қапталған, ішкі күмбезі күйдірілген кірпіштен өрілген,  ол құрылыстық міндет атқарса, сыртқы күмбез көркемдік міндет атқарады.

 

Түркістандағы зерттеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруға бірқатар үкіметтік қаулылар қабылданды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі отандық қалпына келтірушілердің мектебіне айналды, онда қазақстандық алғашқы қалпына  келтіруші-шеберлер Х.Шахапов, Б.Атаханов, А.Оразбаев жұмыс істеді. Осы аталған жұмыстар кесене кешеніндегі қалпына келтірудің шешуші, соңғы кезеңіндегі табысты жұмыстарға берік негіз қалады.

 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстарының төртінші кезеңі еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты  болды. Жетпіс жыл бойы  халқымыздың ұлттық рухын бұғаулаған тоталитарлық жүйе қасиетті ғимараттың тарихи-мәдени құндылық ретінде әлеуметтік мүмкіндігін пайдалануды шектегендіктен жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары біржақты жүргізілді.  Кесенеге сәулет өнерінің үздік туындысы ретінде мән берілгенімен, оның тарихи,  рухани сипатын қалпына келтіру  екінші кезекке ысырылды.

 

Тәуелсіздік жағдайында ұлттық мүддеден туындаған мәдени, рухани өрлеу көптеген құндылықтарды қайта қарауды, қайта бағалауды қажет етті. 1992 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің “Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау туралы” қаулысы қабылданды.  Осы қаулының ізімен 2.07.1992 ж. “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының Заңы жарыққа шықты. Бұл заң еліміздің тәуелсіздік жағдайында  тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды және оны қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырудың құқықтық негізін қалады.

 

Дегенмен, тарихи ескерткіштерді қорғау мәселесіне қатысты заңдық нормативтік құжаттарды және оны жүргізудің технологиясын халықаралық стандартқа сәйкестендіруге байланысты жаңа міндеттер туындады. Осы кезге дейінгі жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары халықаралық талаптарға сай келмейтін еді.

 

Сәл шегініс жасап,  деректерге сүйенсек, 1964 жылы 21-31 мамыр аралығында Венеция қаласында архитекторлар мен тарихи ескерткіштер бойынша техникалық мамандардың ІІ Халықаралық конгресінде консервациялау мен қалпына келтіруде басшылыққа алынатын іргелі қағидалар бекітілген. Соның нәтижесінде мәдени құндылықтарды консервациялау және реставрациялау саласы бойынша халықаралық зерттеу орталығы құрылды. Әлемдік деңгейдегі ескерткіштердің сақталуы, қалпына келтіру жұмыстарына ғылыми-әдістемелік жетекшілік жасап,  халықаралық стандарттардың орындалуын қатаң қадағалайтын бұл орталықтың маңызы ерекше еді.

 

Венеция хартиясы қағидаларын басшылыққа алу Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жұмыстарды ұйымдастырудың басты бағдары болды. Әрине, қалпына  келтіруге  қойылатын жоғары талаптар өндіріске жоғары технологияларды және қазіргі заманғы инженерлік шешімдер қолдануды қажет етеді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында экономикалық инфрақұрылымның әлсіздігі, ғылыми өндірістік әлеуеттің төмендігі отандық қалпына келтірушілерге жұмысты кең көлемде жүргізуге қолбайлау болды.

 

Елімізде жүргізілген реформаларға сәйкес,  экономиканы  дамытуға шетелдік инвестиция тартыла бастады. Ал,  Қазақстанның білімі мен мәдениеті саласына  алғаш инвестиция салған Түрік Республикасы болды. 1992 жылдың 23 желтоқ­санында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жөндеу және қалпына келтіруге  байланысты Қазақстан және Түркия Республикасы арасында ынтымақтастық пен міндет бөлісу хаттамасына қол қойылды.

 

Бұл кезең қалпына келтіру жұмыстары кесенесінің іргетасын бекітуге бағытталды.  Түркиялық мамандар 1993-1995 жылдары бұл міндетті ойдағыдай  атқарды. Он төрт метр тереңдікке жоғары қысыммен сұйық бетон ерітіндісі құйылды. Алып кесененің іргетасын тұтас темір бетонмен бір мезгілде көтеру мүмкін емес еді. Сондықтан 1,5 метр аралатып құю әдісі қолданылды. Бұл технологияның артықшылығы оның көмегімен іргетас конструкциясын жасап, оны бекітуге мүмкіндік береді. Іргетасқа тіреулер дайындау үшін жоғары технологиялы құрал-жабдықтар керек еді. Мұндай күрделі жұмысты Түркияның  STFA “Темел Арыстармаши” фирмасы ойдағыдай орындап шықты. Іргетас бекітуде алғаш рет қолданылған бұл әдіс мамандар тарапынан оң бағасын алды Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстары мемлекеттік маңызды мәселе екендігі  сөзсіз еді.

 

Жалпы, Түркия тарапынан кесенедегі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген “Вакиф Иншаат” фирмасы біршама оң жұмыстар атқарды. Кесенедегі қалпына  келтіру жұмыстары 2000 жылы, яғни Түркістан тойының қарсаңында толық бітті.  Көненің көзіндей болған мәдени мұраны сақтау үшін мұндай игілікті, сауапты жұмысты іске асыруда еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы орасан зор қажыр-қайрат жұмсады. Елбасы араласпағанда кесенедегі жаңғырту жұмыстары жүргізілмеуі әбден мүмкін еді.

 

Елімізде қабылданған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы да Елбасының есімімен байланысты.  Айтып та, жазып та жүрміз, “Мәдени мұраны” сақтап, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдау жөнінде Үкіметке тапсырма берген де Елбасы.  Кеңестік кезеңдегі республикалардың бірде-бірінде мәдени мұраға біздің еліміздегідей қамқорлық жасалып отырған жоқ. Біз мұны мақтанышпен айта аламыз, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өзі Дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайында  сөйлеген сөзінде:

 

“Кейінгі жылдарда туған жерімізде қолға алынған тағы бір іргелі іс жайында сіздерге разылықпен айтқым келеді. Ол – мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы.  Мұндай бағдарлама әлемнің ең дамыған  елдерінде де сирек кездеседі” деп ағынан жарылды. Үстіміздегі жылы осы бағдарламаның іске асырыла бастағанына екінші жыл. Елімізде азғантай уақыттың ішінде көптеген іс тындырылды. Ал, Әлқожа ата ХVІ ғ., Рәбия Сұлтан Бегім ХVІ ғ. кесенелері музейдің өз қаржысы есебінен қайта жаңғыртылды. Биыл “Шығыс моншасы” музейінің ғимараты осы бағдарлама  бойынша қайта қалпына келтірілуде. Ал, келесі жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің үстіңгі қабаты мен күмбезіндегі су өткен жерлерін де қайта қалпына  келтіру жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

 

Өткен маусымда Сидақ ата, Сауран қалаларында археологиялық қазба-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сидақ атадағы қазба жұмыстарын қаржыландыру музейдің тапқан табысы есебінен шешілді. Ұзақ жылдардан бері қазба жұмыстарын Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдарымен бірлесіп жүргізіп келе жатырмыз. Саурандағы экспедицияға  осы институттың директоры,  про­фессор,  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы қоғамдық бірлестігінің академигі К.М.Байпақов мырза жетекшілік етті. Сауран тарихы тереңде  жатқан көне қала. Мұнда бұрын кешенді қазба жұмыстары жүргізілген емес.  Қазірдің өзінде  көптеген құнды дүниелер табылып жатыр. Қорғаны сақталған Саурандай қала Қазақстанда жоқ. Оны сақтап қалуымыз керек. Қазірдің өзінде табиғаттың әсерінен жылдан-жылға көз алдымызда шөгіп бара жатыр.  Сақтап қалу үшін мемлекет тарапынан үлкен қаржылай қолдау керек. Консервация жасамаса сақтап қалу мүмкін емес. Туристерді алып баруға жағдай жасау керек. Сол кезде Сауранға туристерді көптеп тартуға болады.  Түркістан аумағындағы көне қалалар мен қоныстарда ұзақ жылдардан бері жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған көне заттардан археология және этнография музейін ашуды мақсат етіп отыр.

 

 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан.

 

1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ ССР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде «Республикалық Ахмет Ясауи сәулет кешені музейі» болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 265 қаулысы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі болып қайта құрылды.

 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш (2003 жыл, маусым айы).

 

Қорық музейі Түркістан қаласында көне Жібек Жолы бойында қазіргі Шымкент-Қызылорда автожолының бойында Тәуке хан даңғылы мен алматы алаңының қиылысында орналасқан. Қорық музейдің құрамында 100-ден астам тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар. Олардың жалпы қорғау аймағы 529,4 гектарды алып жатыр. Ал кесене орналасқан қаланың тарихи орталығының қорғау аймағы 88,7 гектар. Осы аймақта орналасқан 8 тарихи ескерткіш музейлендіріліп халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Олар:

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі музейі. ХІҮ ғасыр. Экспозициялық алаңы 654.

123
скачать работу

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ