Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

98 шаршы метр.

Қылует жер асты мешіті музейі. ХІІ ғасыр. 702 шаршы метр.

Жұма мешіті музейі. ХІХ ғ. 603,6 шаршы метр.

Шығыс моншасы музейі. ХҮІ ғ. 130 шаршы метр.

Түркістан тарихы музей. ХІХ ғ. 1050 шаршы метр.

Археология және этнография музейі. ХІХ ғ. 140 шаршы метр.

Рабия Сұлтан бегім кесенесі музейі. ХҮ ғ. 62 шаршы метр.

Түркістан көшесі музейі. ХІХ ғ. 452 шаршы метр.

 

Музейлердің жалпы экспозициялық алаңы 3794,52 шаршы метр.

 

Әулиелердің сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи көз жұмған соң ХЫЫ-ші ғасырдың екінші жартысында оның мазарының басында екі бөлмелі шағын кесене тұрғызылады. Қазіргі үлкен кесене, тамаша сәулет өнерінің туындысы ХЫВғ. соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Ғимарат бас ұста Мәулен Убайдулла Садырдың басшылығымен тұрғызылады. Орталық Азияда Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ. Оның сыртқы биіктігі 41 метр. Ұзындығы 65, ені 46,5 метр. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 2 метр, Қазандық бөлмесінің қабырғалары 3 метр. Барлығы 35 бөлме бар. Орталық залдың күмбезінің диаметр 18,3 метр. Тайқазан 12399 жылы 25 шақырым жерде тұрған Қарнақ қаласында Әбділәзиз Шарафутдинұлы Тебризи құйған. Салмағы 2 тонна болатын қазанға 3 мың литр су сияды. ХВЫ ғасырдан бастап кесене маңына хандар мен билер, атақты кісілер жерленетін болды. Оларды жерлеу рәсімі бастарына жеке кесене — мазарлар және діни құрылыстар салумен қатар жүрді.

 

«Әзірет Сұлтан» кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Осы кезден бастап кесенедегі жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары бірнеше кезеңде жүргізіліп отырды.

 

1966 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Мәдениет министрлігі жанынан республикалық ғылыми-жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркістан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтіру шеберханасы ашылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі музей болып ашылғаннан кейін кешен құрамындағы «Шығыс моншасы» қайта қалпына келтірілді. 1975 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген монша тарихи мәдени ескерткіш ретінде, өзінің негізгі қызметін тоқтатып, 1979 жылдан бастап мұражайға айналдырылды. 1980 жылы қалпына келтірілген Қорған қабырғасы мен Қорғанның қақпасын бұрынғы сақталған сурет, сызбалар негізінде жаңадан тұрғызуға тура келді. Ал, Жұма мешітінің 1878 жылы салынған ғимараты бастапқы қалпы сақталып, қайта қалпына келтірілді. ХЫВғ. ескерткіші болып табылатын Шілдехана ішінара қалпына келтіріліп, консервацияланды.

 

1979 жылы кесене төңірегіндегі ортағасырлық сәулет ескерткіші «Шығыс моншасы» көне ескерткіші сақтау мақсатында музейлендірілді. 1982 жылы «Жұма мешіті» ХЫХ ғасыр ескерткіші орнынан «Археологиялық табыстар» атты музейі ұйымдастырылды.

 

1996 жылы Қожа Ахмет Ясауи өмірімен байланысты тарихи орын, жерасты мекені, сопылық орталық болып саналатын ХЫЫ-ХЫХғғ. Ескерткіш «Қылует» мешіті музей қызметкерлерінің күшімен экспозиция қойылып музей ретінде ашылды.

 

«Түркістан тарихы» музейі орналасқан ғимарат — ХЫХ ғасырда салынып әскери казарма ретінде пайдаланылған. Кеңес заманында тігін тоқыма фабрикасы қызметін атқарған. ХЫХ ғасырда салынған сәулет ескерткіші мемлекет қарауына алынып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп 2000 жылы «Түркістан тарихы» музейі-тарихи қаланың 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып пайдалануға берілді. Музейден тарихи, рухани қаланың өткені, кешегісі туралы толық мағлұмат алуға болады. Музей экспозициясы үлкен-үлкен сегіз бөлімнен тұрады. Музей қызметкерлерінің мақсаты көне қаланы «музейлер қаласы, рухани орталық» ретінде түрленте беру. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласында болғанда «Қазақстанның рухани орталығы Түркістан»-деген болатын. Сондықтан «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің халқымыздың рухани өсіп өркендеуінде алатын оны ерекше.

 

Музейде мынадай құрылымдық бөлімдер бар.

Ғылыми-зерттеу бөлімі.

Ғылыми кітапхана

Ғылыми қор бөлімі

Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі

 

Болашақта осы бөлімдерді кеңейтіп, жаңа ғылыми зерттеу салаларын ашу жоспарланып отыр. Олар: археологиялық-ескерткіштерді зертеу бөлімі, этнография және этнология бөлімі, дін тарихы бөлімі, мәдени көпшілік және насихат бөлімі, экспозиция және көрмелер бөлімі, туризм және сервис жұмыстары.

 

"Әзірет Сұлтан " қорық музейі Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады. Мұнда:

қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталады

қазақтың ел билеген хандары мен елін жерін қорғаған батырлары, би-шешендерінің мәңгілік мекендері ретінде олардың рухтарына тағзым етіледі

халқымызды имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы насихатталады

 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі өзінің жан-жақты шығармашылығы және рухани құндылықтарды насихаттау арқылы, өзінің алдындағы барлық мақсаттарын жүзеге асыруға және бұл салада қызмет ететін барлық ұйымдар мен мекемелер, қорлар мен агентттіктермен ынтымақтаса отырып жұмыс жүргізуге дайын.

123
скачать работу

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ