Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кранның жалпы құрлымы және жұмыс істеу принципі



 Другие рефераты
Электр кауіпсіздігі Инструктаж. Кәсіпорындарда еңбекті коргауды үйымдастыру Электрлік торап (курстық жұмыс) Химикаттармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек қорғау бойынша нұсқау

Кіріспе

   Бағыт бойынша жүкті жеткізудің басты құралы автомобиль көлігі болып табылады. Мысалы, жалпы көлемде құрылыс жүктерінің 80 %-ын автомобиль көліктері тасымалдайды.

Қазіргі кезеңде рудалы емес материалдарды, құрылыс конструкциясын, ағашты, металды тиеу-түсіру механизацияланған тәсілмен жүзеге асады.

Осымен қоса, қоймаларға жеткізумен немесе шатыр, қаптау және тағы басқа майда материалдарды құрылыс алаңдарына тікелей жеткізудегі тиеу-түсіру жұмыстарының қол еңбегінің шығыны үлкен.

Көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек шығынын қысқарту үшін тасымалдауды және көлік құралдарын таңдауды ұтымды ұйымдастыру аса маңызды. Құрылыстың дамуы және заводтық құрылыс конструкцияларын және бөлшектерін дайындау дәрежесінің ұлғаюы оларды құрылыс алаңдарына жеткізу механизациясы мен ұйымдастырылуын жетілдіруді талап етті.

Алғы шептегі өндірістер мен ұйымдар өндірістік-техникалық жинақтаудың, жүктерді контейнерлеу және пакеттеудің дамыған әдісін қолданады, сонымен қатар, оларды құрылыс алаңдарына жеткізу жұмыс өндірісінің технологиясымен ұштастырылған, көліктік-жинақтау графигінің жалпы сағаты бойынша жүзеге асады.

Материалды-техникалық қамтамасыз етудің мұндай әдісі құрылыс индустриясы өндірісінің, көлік ұйымдары мен құрылыс-монтаж басқармасының жұмыстарын толық келісімге келтіруге себеп болады; бір   технолгиялық ағымды жасайды; жұмысты механизациялау және еңбек өнімділігі деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

Аз көлемді және кіші даналы қаптау, бөлу, төбе жабу, өңдеу, сантехникалық және электротехникалық жұмыстарғы арналған материалдар мен бұйымдар базалардан пакеттелген түрде немесе контейнерлерде жеткізіледі.

Жалпақ және рулонды  материалдар объектілерге тікелей оларды қолдану зоналарына шынылар кесіліп, линолеум пішіліп және бөлме өлшеміне кетіріліп, обойлыр жобалық өлшемдері бойынша бөлмелер мен пәтерлерге кетіріліп кесіліп жеткізіледі.

Сазды кірпіш, керамикалық, шлак бетонды блоктар құрылысқа табанындағы пакеттерімен жеткізіледі.

Зерттеу мәліметтері бойынша автокөлікпен пакетті жеткізуді ендіруден үнемдеу тасымалданатын өнімнің түріне байланысты 30-47 % құрайды. Кеңінен тарағаны кірпіштерді 520х1030мм өлшемді табанды көлденең брусактарда жеткізу. Ені 750 және ұзындығы 1050мм табандарды қолдануға жол беріледі.

Жылжымайтын контейнер. – көлемі(м3) 0,6; -габаритті өлшемі (мм) 960х860х900; -массасы (кг) 63) Мысалы, саз кірпіш құрылысқа табанға «елка» тәрізді салынып, өңдеу кірпіші, керамикалық және шлак бетонды тастар байланып жеткізіледі. Силикатты кірпіш темір жол бойынша табансыз пирамида тәрізді немесе инвентарлы бекітуі бар ағашметалды табандарда жартылау вагонда пакеттермен тасылады. Силикатты кірпішті автокөлікпен жеткізу үшін автомашина және прицептер кузовтағы пакеттерді бекітуге және жылжытуға арналған құралдармен жабдықталады. Кірпішті құрылыс алаңдарына жеткізуді алғы шептегі құрылыстарда артық жүктелуін болдырмау, автомобильден пакеттерді салынып жатқан ғимараттың тікелей көтерілімінде көтеру түрінде ұйымдастырады. Қызыл кірпіш пакетерін көтеру үшін жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, футлярлы іліп алуды қолданады. Силикатты кірпіш пакеттерін көтеру үшін көтермеде төрт жақты грейферлі типтегі футлярды қолданады.

Кран деп, үлкен емес арақашықтыққа жүкті горизонтальді орын ауыстыруға және көтеру немесе түсіруге арналған жүк көтергіш машиналарды айтады.

Көтергіш крандар мынадай топтарға бөлінеді: консольді , мостылы, козловые , портальные және башнялы. Кранның ең көп таралған түрлері : стрела түрі, мұнаралы, стрелалы өзі жүретін крандар болап саналады.

Консольді кран – жылжымалы немесе стационарлы бұрылысты көтергіш кран, немесе жүк көтергіш арба немесе қар суы орналасқан қозғалмайтын консоль. Қозғалмалы консольді крандар рельсті жол бойынша орналасады. Бір-бірімен орналасқан  кранның жүк көтергіштігі 4т –дан 10т – ға дейін.

Мостылы кран – жүк арбасымен асылмалы көпір немесе тіреу түрінде жасалған көтергіш кран. Цех аралығын түгел кран асты рельсі бойынша көпір орналасады, ал арба – көпір бойынша көлденең ралықта орналасады. Кранның жүк көтергіштігі 5т- дан 450т –ға дейін.

Козловый кран – қатаң тіреуде орналасқан көпір түріндегі рельсті жол немесе бетонды негіз бойынша қозғалатын көтергіш кран. Көпірге орналасқан жүкті арба немесе таль. Ашық қоймаларды және құрылысты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Кранның жүк көтергіштігі 800т –ға дейін, ал аралығы 170т- ға дейін.

Портальный кран – стреласы және бұрылыс платформасы бтік портальда орналасқан рельсті жол бойынша қозғалатын көтергіш кран. Портарда, теңіз құрылыс зауыттаррында, гидро техникалық, тұрмыс және өндіріс құрылыстарында және тағы басқа қолданылады. Кранның жүк көтергіштігі 300т – ға дейін, жүкті көтеру биіктігі 45м-ге дейін,

Мұнаралы кран – құрылыс негізінде қолданылатын және биік мұнарасы, бұрылмалы стреласы және көтергіш ілмегі бар көтергіш кран. Қозғалмалы кран мұнарасы рельс жолы немесе жер бойынша қозғалатын жүретін дөңгелекке немесе уүректі арбаларға бекітіледі. Қозғалмалы мұнаралы кранның жүк көтергіштігі 100т- ға дейін, ал стационарлы крандарда 400т- ға дейін. Жүкті биіктікке көтеруі 150м- ді құрайды, ал стреланың ұшы – 5м.

Велосипедті кран – бір рельс бойынша қозғалатын 2-4 дөңгелекті арбаларда орнатылған бағанадағы атқыш бұрылмалы көтергіш кран (8 – сурет). Тіреуіштің жоғарғы бөлігі екі мәткеде роликтермен ұсталынады. Краннның жүк көтергіштігі 10т- ға дейін, атқыштың ұшуы – 3-7м.

Жалпы барлық крандар үшін негізгі механизімдер болып: ілмектің ұшуын өзгертетін жүкті көтеру механизімі (жүкті лебедка (шығыр)), стреланы көтеретін механизм ( стрела лебедка), кранның қозғалу механизімі және бұрылыс бөлігінің айналу механизімі саналады.

Кранның негізгі көрсеткіштері болып:

  • Жүк көтергіш – жүктің ең көп массасы кранмен көтеріледі;
  • Стреланың  ұшуы – кранның айналу өсінен ілмекке дейінгі арақашықтық;
  • Жүкті ең биікке көтеру және оны түсіру;
  • Жүкті көтеру және түсіру жылдамдығы, кранды бұру және қозғалту жылдамдығы;
  • Күштік қондырғының қуаты.

Стрела  крандар үшін жүк көтергіш, көтеру биіктігі және ұшуы бір – біріне ауыспала, байланысты шама.

Жүк көтергіш пен атқыштың ұшуы арасындағы байланысты құжатта келтірілгендей кранның жүк таситын сипаттамасы деп атайды.

Стрела  ауыспалы крандар аздаған салмағы мен габариты болады және конструкциясы бойынша қарапайым, эксплуатациялауда сенімді және ыңғайлы. Жұмыстың шартына байланысты олар топрақты жерде, тіреуде, терезе немесе есік тесіктерінде және салынып жатқан ғимараттардың саты алаңдарында орнатылуы мүмкін. Кранның қозғалуы және платформа бұрылысы қолмен жүргізіледі. Бұл крандардың жүк көтергіштігі 0,5-1,0т, стрела ұшуы – 2-4м, жүкті көтеру биіктігі 4,5-20м.

Мұнаралы крандарды келесі белгілері бойынша ажыратады:

  • Қондырғы әдісі бойынша – қозғалмалы (өзі жүретін), стационарлы және өзі көтерілетін (салынатын құрылысқа бекітілетін);
  • қозғалатын жабдықтар түрінде – рельсті және шынжырлы жолдарда;
  • мұнара конструкциясы бойынша – бұрылысты және бұрылысты емес мұнара;
  • ілмектің ұшуының өзгеру әдісі бойынша – оны иілу жолымен ұшуын өзгертетін көтермелі стреламен; мәткелі стреламен және жүк таситын арбамен.

Мұнаралы крандар құрылысты – құрылыстағы әр түрлі құрылысты-жөндеу және жүктеу- жүк түсіру жұмыстарын орындау үшін қолданылады. Мұндай крандардың негізгі бөліктері болып: мұнара, баулық атқышпен және салмақты азайту үшін платформа; тіреу-бұрылысты құрылғы; басқару кабинасы және жүкті көтеру механизмдері, ұшуды өзгерту және атқыш бұрылысы және кранның қозғалуы.

Мұнаралы крандардың индекстары  санды әріпті бөліктерден тұрады, мысалы, КБ – 573; КБ – мұнаралы кран (МК); 5 — өлшемді топтың нөмірі, нақты жүк моментіне жауап беретін; 73 – тіркеу нөмірі (00-ден 69-ға дейінгі мұнаралы бұрылмалы крандар, 70-тен 99-ға дейін – бұрылысты емес мұнаралы крандар немесе бұрылысты басты).

Крандар солтүстікте қолданылатын қосымша ХЛ (холодный климат) деген әріптері болады.

МСК (жинақты жиналатын кран (ЖЖК) әріптерін құрайтын және жүк көтергіштігін және ұшудың максимальдығын көрсететін сандар (мысалы, МСК – 250), сонымен қатар БК әріпінен және саны жүк моментінің көлемін көрсетеді (мысалы, БК-1000).

Мұнаралы крандардың негізгі ерекшелігі атқышының үлкен биікке орналасуы болып табылады.

КБ кран сериясының типті қатарының шығарылуы қарастырылған тоғыз базалы типті өлшемді жүк моментімен 25-1000тм, жүк көтергіштігі 3- 50т, атқыштың ұшуы 19 – 45м және жүктің биіктікке көтеруі 21- 50м. Олар бірдей конструкциялы схемасы бар, үйлесімді механизмдерден түйіндер мен бөлшектерден топталады.Бұл крандардың конструкциясын сипаттайтын ерекшеліктері болып: бұрылмалы мұнарасының болуы; төменгі орналасу – бұрылысты платформада кран механизмдерінің барлығы және салмақ азайтқыш; көтергіш атқыштың ұшуының өзгеруі кезіндегі арқанның артық болуы жүктің горизонтальді орын ауыстыруын қамтамасыз етеді; құрылысты конструкциялардың қалқымалы отыру үшін құрылғыны қолдану.Қозғалмалы мұнаралы кранның конструкциясы бұрылысты мұнарасымен және төменгі салмақ азайтқыштың орналасу горизонтальді немесе көтермелі атқышмен қамтамасыз етілген рельсті жолда.

Телескопты торлы мұнара бұрылмалы платформаға бе

123
скачать работу


 Другие рефераты
Реквием в искусстве
Приход фашистов к власти в Германии
Основы информационных технологий
Экономикалық либерализм идеялары


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ