Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАНДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттер мен байланысты болады.

6. Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқьшы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін занды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартгы жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы тұрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы.(Юнг) — құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:

1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуының тілемесе де оған саналы түрде жол берсе не бүған немқұрайды қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп танылады.

2. Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайдылықпен жасалады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде жол апатына кезігеді.

Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әрекет немқұрайдылықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын алады.

Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш белгісімен сипатталады:

-  мемлекеттік мәжбүрлеу;

-   құқық бұзушыны жауапкд тарту;

- құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру. Мәжбүрлеу    шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқьшы.

Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады — тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім қабылдайды.

Әркез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ол оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіие келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны бас бостандығынан айырады, жүріп-түру еркіндігін шектейді. Осы айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың мақсаты:

- кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам үшін қауіпті екенін көрсету;

-  қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның өз басына да күн туатынын дәлелдеу;

-  заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.

Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның мазмүнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың занды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.

Құқық бұзушылықтың,объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын әрекет-әрекетсіздікті жасау немёсе құқық нормаларында көрсетілген құқыққа сай әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік саналы түрде жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян келтіруі немесе осындай зиян келтіруге байланысты қауіп төндіреді.

Іс жүзінде жүзеге асырылмаған ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік, белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиян келеді.

Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементіне әрекет-әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз — келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою, азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу т.с.с.

Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.

Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ. Демек, әрекет-әрекетсіздікпен қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады. Басқаша айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нөтижесі арасындағы байланыстың қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.

2. Объект — құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.

Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көп түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықгың объектілері де бірнеше болуы мүмкін.

3. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын, элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан қарағанда құқық бұзушылық — құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол берген кінәлі әрекет болып табылады.

Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды нәтижесін алдын ала болжағандығы немесе болжамағандығына қатысты анықталады және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді. Қасақаналықта адам өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал абайсыздықта адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін білмеу, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді немесе қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін болжай алмайды. Яғни, кінә (қасақаналық немесе абайсыздық) адамның еркімен байланысты болатын, ішкі психологиялық жай-күй болып табылмақ.

Дегенмен, мұнда құқық бұзушылыққа жол берген психологиялық факторлар да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет-әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы ниет деп отырғанымыз — құқық бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз, ал мақсат — құқық бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы элементтерін тани білу әрекет-әрекетсіздіктің барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу және құқықпен қорғалатын қоғамның, мемлекеттің және азаматтардың мүдделеріне зиян келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға мүмкіндік береді.

Субъект — әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық же

12345
скачать работу

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАНДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ