Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАНДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

асыз етудің бірден-бір әдісі — азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде сендіре білу болып табылады.

Занды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты — құқық бұзушыны қоғам, ұжым болып жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғары деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Занды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібі, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік тұрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік — соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық — тек соттық тәртіпте іске асады.

Сонымен, құқық бұзушылықты — құқық нормаларын, оның қағидаларын, ол жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау және оған жол берген адам міндетті түрде занды жауапкершілікке тартылады. Тура жауаптан босататын мән — жайлардың да орын алатынын ескерген жөн.

1. Қажетті қорғану. Әркімнің жеке өміріне өзінің және от басының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар намысын қорғауына құқығы бар ( ҚР Конституциясы 10-6). Қажетті қорғану деп заң қорғайтын мүддені қылмыскердің қол сүғуына оған зиян келтіру арқылы қорғануды айтамыз. Қажетті қорғану қылмыскердің озбырлығына қарсы қолданылатын әрекет. Осындай әрекеттің нәтижесінде қылмыскердің денесіне жарақат түсуі мүмкін. Ол тіпті өлуі де мүмкін. Адам қылмыскердің зорлығынан қашып күгылуы мүмкін. Алайда, қылмыстың объектісі болған адам, қылмыскерден қашпай, оған бар күшімен қарсылық көрсетсе, бұл қажетті қорғану болып табылады. Ол занды болуы үшін заң қорғайтын мүддеге төнген қауіпті әрекетке тойтарыс беруге бағытталуы керек. Қажетті қорғану арқылы азамат өзінің жеке басын, өмірін, денсаулығын, мүлкін, саяси әлеуметтік басқа да құқықтарын қорғай алады. Қажеттік қорғану арқылы қылмыстық жауапқа тарту жасына толмаған баланың да әрекетінен қорғануға жол беріледі.

Занды қызмет міндеттерін атқарып жүрген лауазым иесі өз өміріне қауіп төнсе ғана қорғануды қолданады, басқа жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Егерде лауазым иесінің әрекеті заңсыз болып көрінсе, (қамап қою, ұстап тұру, т.с.с.) азамат оған қарсыласпай, заңсыз деген әрекетке шағым бере алады. Лауазым иесінің заң қорғайтын мүддеге көрінеу қылмыстық қол сұғуына ғана қарсыласуға болады, мәселен, милиция қызметкері мас күйінде бұзақылық жасап, біреудің өміріне, денсаулығына қауіп төнген жағдайда қажетті қорғану мүмкіндігі пайда болады (милиционер қажетсіз жағдайда құралын пайдаланса, кісілерді қорқытса т.с.с). Қажетті қорғану болуы үшін қылмыс басталуы (тонай бастау, ұра бастау) немесе қылмыс қаупі тікелей төну керек. Егер қылмыс жасалып болса, қылмыс қаупі өтіп кетсе, қажетті қорғануды қолдануға болмайды.

Қорғану қылмыстың түріне және қауіптілігіне сәйкес келсе ғана заңды деп танылады. Қорғану тәсілінің қылмыстық әрекетке сәйкестігі туралы мәселені сот қарап, шешеді. Жәбірленуші қорғану әрекетін қолданғанда оның шегінен шығып кетуі мүмкін. Әрине, қажетті қорғанудың шегі өте жұқа әрі уақыты байқала бермейді. Әсіресе, қылмыс қаупі төнгенде оны ойлап, білу қиын. Өйткені шабуылға тап болған адам сасқалақтайды, үрейленеді. Осының салдарынан ол қылмыскердің әрекетіне сәйкес емес тәсілдер қолданып, оның қылмысына лайықсыз зиян келтіруі мүмкін. Кейбір жағдайда қажетті қорғаныстың шегінен шығуға жол беріледі (абыройына қол сүққан қылмыскерді әйелдің өлтіруі, тонаушыға қарсы қару қолдану т.с.с). Болған жағдайлардың барлығын жан-жақты тергеп мәселені шешетін сот.

2. Мәжбүрлі қажеттілік күйінде жасалған өрекет завды және қоғамға қауіпті емес деп табылады. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында заң қорғайтын екі мүдде бірімен-бірі айқасады. Осы айқасудың нәтижесінде тек біреуінің сақталуы мүмкін болғандықтан, екіншісі құрбан болады. Заң қорғайтын мүддеге қауіп адамның әрекетінен, сәтсіз жағдайдан (көшеде тайып құлап, аяқ қолын мертіктіру), табиғи апаттан (жер сілкіну, су тасу, өрт, т.с.с.) болуы мүмкін. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында қауіп нағыз анық болуы керек. Мәселен, сүзеген сиыр адамға тура ұмтылғанда, оны атып өлтірді делік. Бұл адамды жануарды өлтіріп, зиян келтіргені үшін мүліктік жауапқа тартуға болмайды. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайда келтірілген зиян занды деп танылады:

-  Егер төнген қауіптен сол сәтте қорғайтын мүддеге зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса.

-  Егер келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлде қайда кем болса (үлкен үйді, өрттен сақтап қалу үшін жанып жатқан төбесін қирату, жараланған адамды жедел емханаға жеткізу үшін біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кету т.с.с).

Әдетте жасалған құқық бұзушылыққа байланысты жауапкершілікті тағайындау барысында істелген әрекеттің түрі, ауырлығы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Сонымен, құқық бұзушылық жайында қандай ой қорытуға болады?

Құқық бұзушылықты болдырмаудың бірден-бір шарты құқықтық және қоғамдық тәртібінің сақталуына келіп тірелмек. Қоғам құқықтық тәртібіне негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады деген сөз. Өйткені қоғамдағы толып жатқан қарым-қатынастың басым көпшілігі құқық арқылы басқарылып, құқыктық іс-әрекет арқылы реттеліп отырады. Яғни, әрбір азамат өз мүддесін, мақсатын, тәртіпке сәйкес дамытады. Сол арқылы іске асыруға тырысады. Осы шарт орындалғанда ғана қоғамда құқықтық тәртіп қалыптасып, нығаяды. Толығымен құқықтық тәртіп орнайды:

- Жеке адамның бостандығы, құқығы толық түрде қорғалғанда.

- Қоғамдағы тәртіптің жағдайы жақсарады, нығаяды.

-  Қоғамның саяси,  әлеуметтік,  экономикалық, мәдени-идеологиялық негізі дамып нығая түседі.

- Демократия дамып, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам құруға мүмкіндік туады.

Ендеше, қоғамдық тәртіп орнатудың басты жолы — түрлі әлеуметтік нормалардың, былайша айтқанда, адамдардың мінез-құлідын реттейтін қағидалардың орын алуы. Қоғамдық төртіптің бір бөлігі бұл — дәстүрлік тәртіп. Әлеуметтік нормалардың ең негізгісі, алғашқы пайда болғаны — әдет-ғұрып, дәстүр қағидалары. Әр халықта олар ежелден-ақ қалыптасқан. Мәселен, кдзақ халқының әдеттерінің заң сияқты күші болған. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Осындай әдеттердің күшімен қоғамда тәртіп орнатылған.

Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі — әдептік нормалар. Ол әдептік тәртіпті реттейді. Әдептік нормалардың құқық сипаты болмайды. Олар адамға құқық бермейді, міндет жүктемейді. Негізінен адамның ар-ұятын, намысын қалыптастырып, солар арқылы қоғамдық тәртіп орнатуға ұйытқы болады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға түрткі-негіз болып отырған. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғүрлым заңдардың әлеуметтік, адамгершілік мәні жоғары болады.

Қоғамдық ұйымдардағы тәртіп те қоғам бірлестіктерінің нормаларымен қамтамасыз етіледі. Жоғарыда айтып өткен қоғамдық тәртіптің әрбір бөлігі өзіне тән ережелермен реттеле келіп, нәтижесінде толыққанды қоғамдық тәртіп орнап, құқық бұзушылыққа қарсы үлкен тосқауыл орнатады

12345
скачать работу

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАНДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ