Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

ларының өз сайлаушыларының құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды, қорғауды көздейтін заң жобаларын енгізе алмауы және олардың қаржылық заң жобаларын енгізуде Үкіметке біршама тәуелділігі заң шығармашылығының тиімділігін көтеруге бағытталмаған шара екендігі аян. Парламент депутаттарының мүндай шарасыздығы жоғарыда атап кеткен заң шығармашылығының тиімділігін көрсететін өлшемдердің бірі -құқықтық реттелуге зәуір қоғамдық қатынастардың толығымен өз уақытында реттеліп отырылуын біршама мүмкінсіз етеді.[17.371]

Парламенттің заң шығармашылығының нәтижесі - заңдардың тиімді болуының келесі бір алғышарты - Парламенттің заң шығармашылығы қызметін жоспарлау және болжау. Заң жобасы жұмыстарын жоспарлауды жалпы заң шығармашылығы қызметін жоспарлауға кіргіземіз. Заң шығармашылығын жоспарлау мен болжау - оның тиімділігін күшейтетін қажетті жағдайлар. Жоспарлаудың заң шығармашылығының тиімділігіне қатысты рөлі оның заң шығару қызметінде алатын орнымен, жағдайымен анықталады. Яғни, жоспарлаудан заң шығару процесі басталады, заңның сапасы мен жетістіктері байланысты болады. Жоспарлау кезінде алдыңғы кезекте реттелуді қажет ететін қатынастар байқалады, демек ол қатынастарды реттейтін актілердің дер кезінде қабылданылуына мүмкіндік туады. Сонымен қатар жоспарлаудың нәтижесі бола отырып заң актісі тиісті қоғамдық қатынастардың үзіліссіз, кідіріссіз реттеліп отыруына жағдай жасайды. Жоспарлау заң шығармашылығында мынадай оң мүмкіндіктерге қол жеткізеді: заң жобаларын дайындау, қарау және қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру, заң шығармашылығы саласында ғылыми жетістіктерді жоғары дәрежеде пайдалану, заң жобаларының өз уақытында дайындалуына жауаптылық белгілеу, заң шығармашылығына себеп болатын негіздерді неғұрлым толық ескеру, заңның болашақгы жүзеге асырылуы үшін қажетті қаржылық шығындарды өз уақытында анықтау, т.б. Олай болса, заң шығармашылығында жоспарлаудың болмауы тиісті салада біраз қиындықтардың туындалуына соқтыруы ықгимал. Бұған мысалретінде кеңес заманында "Қазақ ССР-індегі мемлекеттік жастар саясаты туралы" заң жобасының қаржылық шығындарының өз уақытында анықталмау жағдайын алуға болады. Нақты айтсақ, тиісті заңда темір жол және әуе көліктерінде окушылар мен студенттер жолақысы үшін жеңілдіктер белгіленеді. Заңды қабылдау кезінде не Министр Кабинеті, не Қаржы Министрлігі тарапынан қарсылық болған жоқ. Алайда, заңның күшіне енгені сол екен, көліктік және кредиттік үйымдарға компенсацияға қаржы жоқ екендігі анықталды. Олай болса, тиісті жоспарлаудың болмауының зиянды салдары оның қажеттігін негіздеуге себеп болады. Қоғамда болып жатқан түрлі процестерді дер кезінде, дұрыс реттеп отыру үшін, заң шығарушылар оларды өз уақытында байқай білуі, алдыларына тиісті мақсат-міндеттер қойып, оларға жетуді мүмкін ететін ғылыми негізделген шаралар жасауы қажет. Ал, бұл мәселелер жоспарлау барысында шешіледі деп айтсақ артық болмас.

Заңи болжау туралы айтсақ, ол белгілі бір деңгейде құқықтық құбылыстардың даму перспективаларын жүйелі түрде зерттеу ретінде қаралады, яғни мемлекеттік-құқықтық процестердің болашақ жағдайын, олардың өту қарқынын, жүзеге асырылуының нақты мерзімдерін үзіліссіз зерттеу ретінде. Болжау ғылыммен байланысты.

Жүйелі түрде құқықтық зерттеулер жүргізу арқылы заңдылықтың даму жолдары туралы, мәселелердің өзектілігін анықтау туралы ғылыми ақпараттар алуға болады.[8.356]

Тек болжауда ғана емес, жалпы заң шығару процесінде құқық ғылымдары, олардың ережелері мен қорытындылары пайдаланылады. Ғылыми ережелер мен қорытындылар заң жобасы қызметінде стратагиялық роль атқарады десек артық болмайтын болар. Әсіресе, құқық және мемлекет теориясы мен Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Олар жобаланудағы заң мен ондағы күқықтық нормалар сәйкес келуі тиіс негізгі өлшемдерді анықтайды. Мұнысымен олар жоба жасаушыларға, жобаны талқылаушыларға өз қызметінің мақсаттары мен негізгі бағыттарын, тиісті мақсаттарды жүзеге асыру жоддары мен амалдарын дұрыс анықтауына мүмкіндік туғызады, конституциялық қатынастардың даму зандылықтарын ашады және әрекеттегі конституциялық құқық нормаларының ары қарай жетіле түсуінің негізгі бағыттарын анықтайды.

           Заң шығармашылығының тиімділігі заң шығарушылардың, заң жобасын дайындауға тартылатын тұлғалардың құқықтық санасына негізделеді. Егер шығарылу жолына қарамастан кімнің болса да шығарған заңы тиімді, сапалы болса, ондай заң азаматтар мен құқық қолданушылардың тарапынан қолдауға ие болары сөзсіз. Сондықтан да заң шығарушы заңның сапасын көрсететін қоғамдық пікірді, әртүрлі есептерді ескеру, тыңдау барысында азаматтардың, қоғамның қабылданудағы заңға қатысты теріс көзқарастарын байқаса, онда ол заңның тиімді әрекетін қамтамасыз етуге және толығымен немесе белгілі шамада кез-келген теріс факторлардың әрекетін жоюға қабілетті заңи амалдар мен тәсілдердің тиісті жүйесін жасап, оны актіде бекіте алады. Тиісінше, заң шығарушы орган өзі шығарып отырған заңның қоғамның қолдауына ие болуы үшін қажетті заңи жолдарды таппаса, онда мұндай заң тиімсіз әрекетке душар болады. Сондықтан да, заң шығарушылардың кәсіби ой-санасы заңи нормалардың қоғамдық қатынастарға әсер етуінің тиімділігін толығымен ескеруге бағытталған болуы керек.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстанның және біраз шетелдік заң шығармашылығын, олардың адамдардың еріктерімен байланыстығын зерттеп біз заң шығармашылығы өмірде болып жатқан түрлі процестерден, өмірлік зандылықтардан туындайды, олармен байланыста болады әрі ол қоғамдық процестер заң шығармашылығына белгілі бір шектеулер қояды деген ғылыми пікірлерді басшылыққа ала отырып тиімді заң шығармашылығын қалыптастыру үшін ол қоғамдық процестердің мазмұнын ашу керек деген түйінге келдік. Парламенттің заң шығару қызметі өмірде болып жатқан, тарихи қалыптасқан, әлеуметтік, экономикалық, саяси процестерден туындайды, олармен өзара байланыста болады. Бұл жағдайлардың бірі адамдардың еркінен тыс, тарихи қалыптасса, келесі бірі сананың шегінде болады. Объективтік негіздер мен субъективтік факторлар қандай да бір заңның шығарылуына қозғау салады, заңның мазмұнын қалыптастыруға ықпал етеді. Қоғамдық қатынастарды кұқықтық реттеудің тиімді, қажетті деңгейде болуы объективтік зандылықтарды тану жөніндегі субъективтік қызметтің дұрыс жүргізілуіне байланысты. Объективтік негіздерді тану, оларды талдау арқылы болашақ заңдылыққа қаншалықты әсер ететінін байқау білу заң шығармашылығының тиімді болуының бір шарты. Сол себепті де ғылым заң шығармашылығының объективтік негіздерін танудың ең бір жетік жолдарын анықтауы, оның нәтижелерін тиімді үйлестіруі керек.

Біз ғылыми зерттеуімізде нақты бір құқықтық жолдармен заң шығару процесін жетілдіру арқылы заңның сапасын көтеру үшін ұсыныстар жасауды басты мақсат ретінде бекітіп, заң шығармашылығын жетілдіруге, сол арқылы заңның тиімділігін арттыруға ықпал ететін тұстарды назардан тыс қалдырмауға, Парламентте заң шығару процесінің жүзеге асырылуын неғұрлым тереңірек зерттеуге тырыстық. Осы орайда біз заң жобаларын палаталарда қарау кезінде қандай да бір заң жобасына байланысты білдірілген құнды, бағалы пікірлерді әркезде де ескеріп, олардың ескерілмей қалуы мүмкін жағдайларын болдырмау керек деп шештік және оған қатысты өзіміздің ғылыми ұсынысымызды негіздедік. Тиісті шешімге келуіміздің себебі тереңнен тамыр алады. Ашып айтсақ, заң жобасы жөнінде біршама пікірталастар мен қызу талқылаулардың тәжірибеде орын алуы қабылданар заң жобасына қатысты сындарлы, жетік шешімнің табылуына ықпал етуі мүмкіндігін бүгінгі өмір дәлелдеп отыр. Сондай-ақ тарихи тәжірибе пікірталастарда бағалы, құнды пікірлердің дер кезінде тиісінше бағаланбай, байқалмай қалып отыратын жайлардың кездесетінін де жоққа шығармайды. Заң жобасы бойынша тиімді, бағалы идеялардың заң мәтінінде тиісті көрінісін таппай қалуы ықтималдығын заң шығару процесін реттейтін актілерден байқауға болады. Нақты айтсақ, Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламентінде заңдар көпшіліктің мақұлдауымен (жай көпшілік, абсолюттік көпшілік) қабылданады және осы орайда бүгінде түрлі идеялар мен ұсыныстарды білдірушілер, қолдаушылар мүндай көпшіліктің мақұлдауына өз позицияларын түсіндіру, тіпті заңсыз лоббизм арқылы да өзгелерді өз жақтарына тарту нәтижесінде қол жеткізу практикасы қалыптасып отыр. Заң көпшіліктің дауыс беруімен қабылданатындықган, онда негізінен депутаттардың бір тобының көзқарастары білдіріледі. Әрине, азшылықга қалған депутаттар пікірлері талқылаулар кезінде ескерілуі де мүмкін, бірақ ол тиісті заңда ондай пікірдің көрініс табуының кепілі болып табылмайды. Олай болса, көпшілік дауысқа санаулы ғана дауыстың жетпеуі себепті тиісті үсыныстар қабылданбай қалуы әбден мүмкін жағдай. Ал, ондай ұсыныс, пікірлерде бағалы, қүнды идеялардың болмауына кім кепіл бере алады? Сондықтан азшылықта қалған депутаттар үсынған маңызды әрі пайдалы идеялардың қоғам өмірінен жоғалып кетпей, дер кезінде бағалануы, ұсынылуы үшін заң жобалары бойынша талқылаулар кезінде депутаттар арасында пікірлер бытыраңқылығы байқалып жатқандай болса, дауыс беруге дейін осы мәселелер бойынша палатаның келістіру отырысын өткізу мақсатқа сай болар еді деген қорытынды жасадық және оңда депутаттар айтқан кейбір қайшы идеялар бойынша ымырағы қол жеткізу, позицияларды жақындастыру мәселесі қойылғаны абзал.

Заңдар арқылы құқықтық реформаларды жүзеге асыру, қоғамда заңдылық режимі мен темірдей тәртіпті қалыптастыру, тұрақтылықты қамтамасыз ету мүмкін болатындықган және мұның бәріне қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жолымен ғана қол жеткізілетіндіктен заңдар шығаруға байланысты қызмет қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын орталық назарда болып отыр. Сол себепті де, Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заң шығарушы – Парламенттің негізгі міндеті халықтың ерік, мүддесін көздейтін қоғамдық қатынастардың маңыздылық дәрежесін анықтау және оларды жоғары дәрежеде реттеуге саяды. Заң

Пред.16171819
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ