Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

арылмаған заң қол қойылды деп саналады. Парламент қабылдаған заңды қабылдамау және оны кайта қарау үшін қайтару құқығы - бұл Президенттің заң шығармашылықтағы ең бір маңызды өкілеттіктерінің бірі. Бұл құқықтың маңызының өскені соншалық, қазіргі конституциялық кұқықта ол ерекше құқықтық институт ретінде қаралады. Заңи әдебиеттерде бұл институт вето құқығы ("вето" латын сөзі - тыйым саламын) деп аталады.

          Қазақстанда Республика Президенті ветоны заңға тұтастай немесе оның кейбір баптарына қоюы мүмкін. Әдетте Президенттің ветосы абсолютті, яғни еңсерілмейтін институт емес. Парламент оны қайта қарау арқылы және тиісті заңды жай немесе квалификацияланған көпшілік дауыспен қайта қабылдау арқылы еңсере алады. "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңның 20-бабына сәйкес Республика Президентінің қарсылықтарын туғызған зандар немесе заңның баптары бойынша қайтадан талқылау және дауысқа салу қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде өткізіледі. Бұл мерзімнің сақталмауы Президенттің қарсылықтарының қабылданғандығын білдіреді. Республика Президентінің қарсылықтарымен қайтарылған заң немесе оның баптары Мәжілістің тиісті тұрақты комитетінің қарауына беріледі, ол Республика Президенті өкілінің қатысуымен тұжырым әзірлеп, оны заңмен немесе оның тиісті баптарымен және Президенттің қарсылықтарымен қоса толығымен Мәжілістің қарауына енгізеді. Осы мәселе жөніндегі Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен қабылданған оның шешімі Президенттің қарсылықтарымен және Мәжілістің тұрақты комитетінің тұжырымдамасымен қоса Сенаттың зерделеуіне жіберіледі, сондай-ақ, Палаталардың бірлескен отырысында қарауға беріледі. Бірлескен отырыста заң және оның жекелеген баптары қайтадан талқыланып, дауысқа салынған ретте, егер Президенттің қарсылықтары заңға тұтастай қатысты болса - тұтасымен заңды не қарсылық туғызған баптарды дауысқа салу өткізіледі. Егер Парламент әр палата депутаттары жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен өзінің бүрынғы қабылдаған шешімін қуаттайтын болса, онда Президенттің ветосы еңсеріледі және оған Президент заң қол қоюға ұсынылған сәттен бастап 7 күн ішінде қол қояды. Егер Парламент Президенттің қарсылығын еңсере алмаса заң қабылданбаған немесе Президенттің қарсылықтарында тиісінше заңның, жекелеген баптарының жаңа редакциясы ұсынылған болса, ол осы редакцияда қабылданған болып саналады. Бұлардың бәрі де Қазақстан Республикасында Президенттің қарсылығын еңсеруге болатындығын көрсетеді. Парламент қабылдаған заңдарға Президенттің қарсылық білдіруінің жалпы себептері негізінен: қабылданатын зандардың сапасының төмендігі, Конституцияга, конституциялық зандарға қайшы келуі, бюджеттің шығысын арттыратын, кірісін кемітетін зандарға Үкіметтің оң тұжырымдамасының болмауы.

Президентпен әлі қол қойылмаған басқа заңға сілтеме жасау.

Заң шығару қызметі - бұл құқық нормаларын жасау арқылы халықтың еркін заңға айналдыратын шығармашылық интеллектуалдық қызмет. Осы қызмет арқылы халықтың еркі жоғары заңи күшке ие болады және құқық субъектілері арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті мінез-құлық ережесіне айналады. Заң шығару қызметі арқылы құқық нормалары қабылдана және өздерінің заңды күшіне кірісе отырып, күнделікті қалыптасқан шынайы өмірді жаңа құқықтық қатынастар жүйесі арқылы өзгертеді.

 

2.2. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

 

Қазақстан Республикасында заң шығармашылығының жоғары дәрежеде тиімді болуы - мемлекетіміздің демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, біртүтастығын нығайтып, құқықтық мемлекет ретінде қарқынды түрде қалыптасуына зандылық негіз жасайды. Алайда, Республикамыздың қазіргі заңдылық базасы әлі де тиісті талаптарға сай емес. Біраз заңдар қабылданар - қабылданбастан ескіріп, тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап етіп, күшін жойып жатқан жағдайлар бар. Ал, бұл фактілер - заңның сапасының төмендігі, олай болса, заң шығармашылығының тиімділігінің тиісті, қажетті деңгейде болмауы. Әрине, оның да себептері бар. Мысалы, заң шығарудың әлі де тарихи қалыптасқан және дамыған елдердің Парламенттері қолданатын жетік демократиялық нысандардың, жолдардың болмауы, заң шығармашылығына әртүрлі әлеуметтік-саяси күштердің әсер ету мүмкіншілігін, яғни заңды лоббизмнің құқықтық негізінің жасалмауы, заң шығармашылығы процесін тиісті деңгейде қаржылық қамтамасыз ете алмаушылық, мемлекеттік тіл ретінде белгіленген қазақ тілінің әлі де қажеттілігі мен қоғамдағы рөлінің танылмауы, сондай-ақ, заң шығарушылардың жеткіліксіз кәсіби даярлығы және т.б. Парламенттің заң шығармашылығы қызметінің рөлін көтеру көптеген ғалымдар мен мемлекет алдында тұрған өзекті мәселе. Ол жөнінде ой-пікірлер айтылып, түрлі шаралар өткізілуде. Заң шығармашылығы қызметінің тиімділігі мәселесіне қатысты көзқарастарды зерттеу - оның тиімділігін көтеруге жағдай жасайтын шарттардың бар екендігі туралы мәліметтерге қол жеткізеді. Мысалы, з.ғ.к. Ж.М. Башарова өз еңбегінде заң шығармашылығы қызметінің тиімділігін көтерудің мынадай жолдарын ұсынады:

1.  Заң жобаларын жан-жақты, мұқият дайындау және оларды комитеттердің, комиссиялардың отырыстарында мұқият қарау;

2. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің пленарлық отырысында зандар жобаларын жан - жақты белсенді талқылау;

3.          Казақстан Республикасы Парламентінің актілерін жүзеге асыру үшін күшті бақылауды ұйымдастыру;

4.         Құқықтық актілерді орындамағаны үшін тиісті мемлекеттік-құқықтық актілерде Парламентпен белгіленген мемлекеттік-құқықтық жауаптылықты бекіту.[10.57]

Заң шығармашылығының нәтижелерін экономикадан және адамдардың күнделікті өмірінен, қоғамның әлеуметтік және рухани салаларынан, халықаралық қатынастардан және өмірдің өзге салаларынан, сондай-ақ бүкіл қоғамның, әрбір адамның да заң шығармашылығының тиімділігіне қатысты өз пікірінен байқауға болады. Осылардың негізінде заң шығармашылығының тиімділігін бағалауға, талдауға қол жеткізу мүмкін. Ал, тиісті қызметті бағалау - қажетті құбылыс. Заң шығармашылығының тиімділігі мен өнімділігін заң шығару процесінде қабылданған заңның өмірде жүзеге асуының шынайы нәтижелерімен бағалауға болады. Заң шығармашылығының тиімділігін бағалаудың мақсаты - заңдар шығару арқылы қоғамның, оның мүшелерінің мүдделерін, сұраныстарын шынайы қанағаттандыру дәрежесін танып-білу. Бүгінде заң шығарудың тиімділігін бағалайтын келесідей амалдарды көруге болады:

Заң шығармашылығының тиімділігінің дәрежесін тиісті қызметке қатысатын субъектілердің есептерінен көруге болады. Олар: Үкімет мүшелерінің палата алдында беретін есептері, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы, депутаттардың өз сайлаушылары алдында есеп беруі, оларды Парламент қызметі туралы ұдайы хабардар етіп отыруы.

Заң  шығармашылығының тиімділігін  бағалаудың маңызды құралы болып әркезде де қоғамдық пікір табылады. Қоғамдық пікір заң шығармашылығы туралы көптеген адамдардың көзқарастары, пайымдаулары, санасы мен ерік-жігері негізінде қалыптасады. Ол тұрақты түрде заң шығармашылығының нәтижелерін азаматтардың, қоғамның мүдделерімен, қажеттіктерімен шамалап, салыстырып, ара қатынасын белгілеп отырады.

Заң шығармашылығына қатысты біраз бағалау жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдарының (радио, баспасөз, теледидар) дербес және тәуелсіз болғаны керек. Өйткені, олар өз мәні бойынша өмірдің шындығы үшін күресетін, көзқарастары, талдаулары мен бағалаулары объективті болатын құралдар. Бұқаралық ақпарат құралдары заң шығармашылығының тиімділігін объективті түрде бағалауы үшін олар жеке әлеуметтік, саяси топтардың емес, жалпы қоғамның ойлауын көрсетіп отырулары тиіс.[17.371]

Заң шығармашылығы қай кезде де тиімді, пайдалы болуы үшін әрқашанда заң шығармашылығы қызметінің жағдайын таддап және бағалап, тиісінше заң шығармашылығының тиімділігінің алғышарттарын анықтап отыру қажет.

Заң шығармашылығының тиімділігінің негізгі бір алғышарты -оның мақсатқа сай болуы. Сонымен қатар, заң шығармашылығының тиімділігі дәрежесін көрсететін тағы да бір көрсеткіш - бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар. Бүкіл халықтың ерік-мүддесіне сүйене отырып шығарылған заң - кұқықтық реформалардың жетік, кеңінен жүргізілуінің себепшісі, тізгіні. Белгілі заңгер С.С. Сартаев жазғандай "Қазір жүргізіліп жатқан құқықтық реформа - бұл қандай да бір ғана тұлғаның тілек-ниеті емес, ол біздің бүкіл құқық қорғау жүйеміздің ісі. Біз бүгінгі күннің талаптарына сай келетін заңдар әзірлеуге тиіспіз".[25.67] Қазақстанда билікті бөлу теориясына сәйкес заң шығармашылығы билігі Парламентке тән. Ол өзінің мақсаттарын, мазмұнын, қызметінің мүмкіндіктерімен шектерін сипаттайтын тиісті өкілеттіктерге ие. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олар: палаталардың бірлескен отырысында шешілетін, Конституцияның 53-бабында көрсетілген 13-тармаққа жинақталған өкілеттіктер, алдымен Мәжілістер кейін Сенатта қаралатын - Конституцияның 54-бабында 7-тармаққа жинақгалған өкілеттіктер, Конституцияның 55 – 56-баптарында 6-тармаққа жинақталған палаталардың айрықша өкілеттіктері, 57 бапта 8 тармаққа жинақталған басқа палатаның қатысуынсыз әр палатаның дербес өкілеттіктері. Парламенттің, оның палаталарының әрбір органдары (комитеттер, комиссиялар, бюро...) мен түлғалар өздерінің біліктілік өкілеттіктеріне ие. Аталған өкілеттіктердің барлығы олардың заң шығармашылығы қызметін жүзеге асыруға қатысуын, ондағы рөлін көрсетеді. Заң шығармашылығын ұйымдастыру мен оған қатысушылардың қызметі тиісті мақсат-міндеттерге бағытталған, бағдарланған болуы қажет. Заң шығарушы органның өз қызметтерінің шеңберінен, қызметінің аясынан және о

Пред.1112131415След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ