Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құнды қағаздар нарығының мәні

ағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің — брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.

1997 жьілы жүргізілген тендердің нәтижесінде ¥лттық банк пен Қазақстан кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы  қағаздардың Орталық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын — «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған. Бағалы қағаздар депозитарийі – бағалы қағаздар иесінің құқығын, сондай-ақ бағалы қағаздардың дематериализациясын  айқындайты және есеп бойынша қызметті жүзеге асыратын  арнайы ұйым. Сөйтіп қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекет қолдап тұрған және қызметі Орталық депозитарийдің жұмысымен өзара байланыстырылған «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ы қызмет етіп жатыр.

Сонымен бірге бағалы қағаздардың туынды нарығы ұйымдастырылмаған бола алады — бұл бағалы қағаздар немесе  басқа да қаржы инструменттердің айналым сферасы бірақ мұнда мәмілелерді жасайтын қатысушыларына арналған,  сауданы ұйымдастырушылардың  бекітілген процедуралармен және ішкі құжаттарға сәйкес шарттармен, реттелмейтін нарықтың бір түрі. Ұйымдастырлмаған бағалы қағаздар нарығы – тарихи бірінші құрылған құнды қағаздар нарығы болып саналады. Оның пайда болуы 18 ғасырдың басына жатқызуға болады, осы нарықта сатылатын бірінші құнды қағаздар болып вексельдер, коносоменттер, облигациялар және акциялар болып табылады.

Ұйымдастырылмаған нарық келесі ерекшеліктермен мінезделеді:

  • сатушылардың көптігі;
  • бірдей бағалы қағаздардың біртұтас курстың болмауы;
  • бағалы қағаздардың саудасы біріңғай бірнеше жерде жүзеге асырылады;
  • осы сауданы ұйымдастыратын және әдістерін құратын біріңғай орталықтың болмауы.

Бағалы қағаздар нарығын оның қатысушылары арасындағы бағалы қағаздардың шығырылымына және айналымына байланысты экономикалық қатынастар жийынтығы ретінде анықтауға болады. Қазақстан нарығында бағалы қағаздар ретінде шаруашылық субъектілерінің және ҚР Үкіметнің акциялары және облигациялары қолданылады.

Акция – шаруашылық субъектісінің дивиденд түрінде пайдаға қатысу құқығын, акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығын және оны жою кезінде субъектінің мүлік бөлігіне құқық беретін оның бағалы қағазы. Акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз.

Облигация – қоғамды басқаруға құқық бермейтін, бірақ купоy ненемес дисконт түрінде сыйақы алуға кепілдік беретін борыштың бағалы қағаз.

Негізінен, бағалы қағаздар ресурстарды тарту құралы болып табылады. Акциялар – акционерлік капиталды арттыру үшін шығарылады. Облигациялар айналымдағы қорларды арттырады немесе белгілі мақсатты бағдарламаларды жүргізу үшін эмитацияланады. Мемлекеттік облигациялар – бұл мемлекет қайтарымды және ақылы негізде бюджет тапшылығын өтеу, әртүрлі мақсатты бағдарламаларды жүргізу, зейнетақы және т.б. берешектерді төлеу үшін ресурстарды тартқан жағдайдағы мемлекет борышының нысаны. Эмитент көзқарасымен корпоративтік облигациялар – облигацияларды шығару және орнықтыру арқылы белгілі мерзімге, банктік кредиттің орташа нарықтық ставкасынан төмен болып саналатын белгілі ставка бойынша ақшаларды тарту арқылы банктік кредитк баламасы.

Шектеулер инвестордың қызмет өзгешелігімен туындаған жағдайдан өзге, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар қандай да бір шектеулерсіз жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бірақ қор нарығында жұмыстарды орындау өзінің клиенттері атынан сатып алумен/сатумен айналысатын делдалдарсыз мүмкін емес. Қор нарығындағы кәсіби делдал – бұл өзінің штатында білікті мамандары бар және биржа мүшесі болып табылатын брокерлік/дилерлік қызметпен айналысуға лицензиясы бар кәсіби қатысушы брокер немесе дилер. Брокер мен оның клиентінің өзара қарым қатынастары негізгі және бір реттік сипаттағы брокерлік шарттармен реттеледі.

Инвестор тарапынан, бағалы қағаздар – банктік депозит баламасы. Оларды сатып ала отырып, инвестор уақытша бос қорларды орналастырады немесе бағалы қағаздарды өтеу мерзіміне дейін (облигация жағдайларында, себебі акциялар өтеу мерзіміне ие емес) немесе инвестордың пікірі бойынша кез келген ыңғайлы мерзімде сатумен орналастырады.

Қаржы кеңесшілері қор нарығы капиталды көбейтудің негізгі құралы деп атайды. Бірақ бағалы қағаздарға қаржы бөлу туралы шешімді қабылдай отырып, оның пайдасымен қатар жоғалтып алу қаупінің бар екендігін ұмытпау керек. Сіз ақшаларыңызды сенімді басқармаға бергеніңізге, тіпті тәуекелін өзіңіз көтергеніңізге байланыссыз. Кез келген жағдайда, қор нарығындағы инвестициялардың жемістілігі ең алдымен, сіздің «қажет» бағалы қағаздарды немесе «жақсы» басқару компаниясын таңдап алғаныңызға байланысты. Ал, бұл әркімнің жеке қаржы сауаттылығының еншісінде.

 


1 Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2008 жылғы есеп беру

* – жылдық есебі

[2]Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 02 шілдесінен №461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының  1бап, 56 пункты;

2 Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 02 шілдесінен №461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының  1бап, 8 пункты

[4] Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 02 шілдесінен №461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңы.

 

12
скачать работу

Құнды қағаздар нарығының мәні

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ