Құнды қағаздар нарығының мәні
Другие рефераты
Қазақстан қаржы нарығы әлі де даму кезеңінде. Оның тиімді жұмыс жасауы және экономикадағы өзгерістердің нақты бейнесін көрсететін құралдарының бірі болып бағалы қағаздар нарығы және оның құрамдас бөлігі, яғни мемлекеттік бағалы қағаздар, нарықтың инфрақұрылымы және мамандандырылған инвестициялық институттар болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы (немесе Капитал нарығы ағыл. Capital market) — құрамына бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары және т. б. жататын қаржы құралдарын сату-сатып алу операцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының құрамдас бөлігі.
Бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қаржы нарығының ең маңызды сегменті бола тұра, - эмитенттерге инвесторлардың ақша қаражаттарын тартуға мүмкіндік беретін, ал инвесторларға ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға салу арқылы көбейту механизмі болып табылады. Бұл нарықта эмиссия – сатып алу – бағалы қағазды сату операциялар жүргізіледі. Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол талаптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпарат беріп тұруға міндетті. Бағалы қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы 18 жылға жуық қызмет атқарып жатыр. Оның алғашқы элементтері 1991 жылы ССРО-ның заңнамалық базасында акционерлік қоғам, брокерлік фирмалар, қор биржалары құрылған кездерінде пайда болды.
Қазақстанның республикасының экономикасындағы қаржы нарығының рөлін сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер [1]
Бағалы қағаздар нарығы
|
01.01.08г.
|
01.01.09 г.
|
ЖІӨ, млрд долл |
104,5
|
131,7*
|
ЖІӨ-ге бағалы қағаздар нарғының кәсiби қатысушыларының активтерiнiң қатынасы, % (банкетрден басқа) |
0,38
|
0,46
|
ЖІӨ-ге бағалы қағаздар нарғының кәсiби қатысушыларының меншiктi капиталының қатынасы, % |
0,36
|
0,38
|
ЖІӨ-ге мемлекеттік емес бағалы қағаздардың KASE капитализациясына қатынасы, %: |
|
|
Акция бойынша
|
9,82
|
11,24
|
Облигация бойынша
|
10,16
|
14,38
|
ЖІӨ-ге мемлекеттiк емес бағалы қағаздар бойынша KASE-та мәмiлелер көлемiнiң қатынасыі, % |
6,02
|
9,31
|
Бағалы қағаздар нарығы түрлерінің классификациясы бағалы қағаздар класификацияларымен көп ұқсастықтары бар:
-
халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы
-
ұлттық және жергілікті бағалы қағаздар нарығы
-
нақты нарықтардың бағалы қағаздар түрлері (акция және облигация)
-
бастапқы және туынды бағалы қағаздар нарығы
Аталған капитал салымдар нарығы арасындағы қаражат қозғалысы көп факторларға байланысты болады, олардың негізгілері болып:
-
табыстылық деңгейі;
-
нарықтың салық салу шарттары
-
капиталды жоғалту немесе күтілген табысты алмау тәуекел деңгейі
-
инвесторға арналған ыңғайлықтар және нарықтың ұйымдастырылуы, нарыққа тез кіру және шығу мүмкіндіктері, ақпаратты тез жеткізу деңгейі.
Бағалы қағаздар нарығының функциялары:
ü коммерциялық функция, яғни берілген нарықта операциялардың нәтижесінде табыс алу функциясы;
ü бағалық функция, яғни нарықтық бағаны құру процесін жасайды, олардың тұрақты қозғалысын қамтамасыз етеді;
ü ақпараттық функция, яғни нарық сауда объекттерi және оның қатысушылары туралы нарықтық мәлiметтерді өз қатысушыларына дейiн өндiрiп алып жеткiзедi;
ü реттеу функциясы, яғни нарық сауда ережелерін және онда қатысу ережелерін құрайды, қатысушылар арасында дауларды шешу тәртіптерін және қадағалау органдарды бекітеді;
Басқа нарықтардан айырмашылық тудыратын озіндік функциялары:
ü бағалық және қаржылық тәуекелдерді сақтандыру функциялары;
ü ақша қаражаттарын салалар арасында және нарық қызметтерінің әр түрлі сфераларына қайта бөлу;
ü халықтың жинақтарын өндірістік емес формадан өндірістік формаға аудару
ü мемлекеттік бюджеттің дефицитін инфляциялық емес негізінде қаржыландыру, яғни айналымға қосымша ақша қаражаттарын шығармау.
Бағалы қағаздар нарығын келесі белгілер бойынша бөлуге болады – бастапқы және туынды, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған.
Бастапқы бағалы қағаздар нарығын[2], бағалы қағазды шығару және орналастыру кезінде бір жағынан эмитенттің немесе оның тапсырысымен андеррайтердің, әлде эмиссиялық консорциумнің және екінші жағынан инвесторлардың қатынастары ретінде сипаттауға болады. Бастпақы бағалы қағаздар нарығы – бұл бағалы қағаздың эмитенттен бастап бірінші сатып алушыға дейіңгі өтіп жатқан экономикалық кеңістік. Бұл кеңістіктің экономикалық деп аталуы эмитент және инвестордың қатысы болғандықтан ғана емес, сонымен қатар ол ұтымды ұйымдастырылған болып саналады, осы кеңістіктің шегінде белгілі экономикалық есепті іске асыру кезінде эмитент өзіне керекті капиталды алу мүмкіндігі бар. Бірінші сатып алушыдан соңғы сатып алушыға бағалы қағаздың бұдан былайғы қозғалысы эмитентке табыс алып келе алмайды.
Туынды бағалы қағаздар[3] – бағалы қағаздар нарығының субъектілері арасында, орналасқан бағалы қағаздардың айналымы процессінде пайда болған құқықтық қарым қатынас. Эмитенттен сатып алған бағалы қағаздың бірінші иесі акцияларын сатқаннан кейін бағалы қағаздар осы айналыс өрісіне түседі. Бұл нарық келесідей болу мүмкін:
- ұйымдастырылған[4] – бұл эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы инструменттердің айналым сферасы, мұнда мәмілелерді жасайтын қатысушыларына арналған, сауданы ұйымдастырушылармен (қор биржасы) бекітілген процедуралармен және ішкі құжаттарға сәйкес шарттармен, реттелетін нарықтың бір түрі.
Қор биржасы – ғылыми, ақпараттық және техникалық ұйымдастырылған, сонымен қатар белгілі бір қағидалар негізінде жұмыс істейтін бағалы қағаздар нарығы. Бұл қағидалар төмендегілерден тұрады:
– сатылатын бағалы қағаздардың сапасын тексеру және сенімділігін тексеру;
– бір эмитенттің бірдей бағалы қағаздарына аукцион саудасы негізінде біртұтас курсты анықтау;
– биржада орындалатын операциялардың жариялылығы.
1992 жылдың биржалық даму үдерісі кезінде массалық биржа құру сипатынан кейін биржалық сауда біршама тоқтатыла бастады. Өздеріне биржалық статусты иемденген ұйымдар, заңнамалық регламенттерінің қызметтері бойынша мемлекеттік стандарттарға сай келмей сауда үйлеріне, брокерлік ұйымдарға және мүлдем бағалы қағаздар нарығынан бас тартуға мәжбүр болған.
1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған — Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана — Қазақстан кор биржасы кызмет көрсетуде.
1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы кағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында б
| | скачать работу |
Другие рефераты
|