Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Күш атасы - Қажымұқан

мұқанның   алғашқы  жұбайының   есімі  Бәтима  (Надежда Николаевна  Чепковская). Өз  белінен  тараған    алғашқы   ұрпағы -  Халиолла.  «Халиолла   Мұқанұлы  Ұлы  Отан  Соғыстың     алдындағы  жылдарды  Шәпен  деген    қызға  үйленді». [5.7-8] Халиолладан  бес  бала  тарайды.  Оның  үшеуі ұл,  екеуі  қыз.  Бірінші  ұлы  Шабдардан  сегіз  бала  тарайды.  Екінші  баласы  Жанайдардан  он  бала  өрбіген.  Үшінші  ұлы - Әлке.  Екі  қызы -  Фариза,  Роза. 

Бәтимадан  соң  Қажекең  екінші  рет  Омбы  жерінде  Ырысты  атты   әйелге  үйленді.  Бұл  әйелінен   үш  ұл, үш  қыз  көреді.  Қыздарының   аты - София,  Рәшида  Әзия.  Бұл  үшеуі  Омбыда  Халилолланың    қолында  тұрған.  Ал  ұлдары - Тұрлыбек, Бақтыбек, Құлымбет.  Кенже  ұлы Құлымбетте   солардың    қолында   тұрған.  Оның  алдындағы  екі  ұлы   дүниеден ерте  қайтқан  көрінеді.   “София  1924 жылы,  Әзия  1930 жылы,  Рашида  1933 жылы,  ал  Құлымбет 1938  жылы   туылған.  Ортаншы  қызы   Әзиядан  Қажекең  өмірінің  соңына  дейін  хат-хабар  алып  тұрған”  [19. 27-32].  Батырдың   жоғарыдағы   екі  әйелінен    тараған    ұрпақтарының    өсіп отырғаны  белгілі.  Біздің   қолымызда  басқа  деректері жоқ.

1938  жылы  Қажымұқанның   екінші   қосылған   әйелі  Ырысты  қайтыс  болды.  Қажекең  үшінші  рет  Мінәйіммен  1938  жылы   әмеңгерлік  жолмен  қосылады.   1939  жылы  балалары  Айдархан өмірге  келеді.  өзге  балаларынан    гөрі   Қажекеңнің    әкелік  тәрбиесін  көп  көрген   осы  Айдархан  болған.  Айдарханнан  Сәуле,  Ысалы,  Нұрлан,  Перизат,  Ләззат, Арман, Шаттық  тарайды

Қажымұқанның   ешкімге    толық  естілмеген    төртінші  әйелінің  ұлты  татар.  Есімі  белгісіз.  Онымен  Ресейде   жүргенде  үйленеді.  Одан  жалғыз  бір  бала  тарайды.   Есімі  - Мұхтар.  Әйелі  өмірден  ерте  өткен  бе,  әйтеуі  туыстарының  ешқайсысымен   араласа  алмапты.

Қажымұқанның  соңғы  рет  отасқан  жары  Бибіжан  Бүркітқызы.  Бибіжан  ағамыз  Қажекеңмен  1946  жылы   көңіл  жарастырған. [10.25-26]  Ол  кезде  палуан  75  жаста  еді. Ал,  Бибіжан  апамыз  болса  32  жаста  болатын. 1948  жылы  Қажекеңнің  кенже  ұлы  Жәнәбіл  сегіз   айлық  болғанда  Қажекең   қайтпас  сапарға  аттанды.  Жәнәбілден  төрт  бала  тарайды.  Екі  бала, екі қыз  Тұңғышы  Бақытжан,  екіншісі Еркебұлан,  үшіншісі  қыз - Жанар,  төртіншісі  Айжан.

Қажымұқан   батыр  туралы  әлі де  жазылуда.  Мемлект  ұйғаруымен  көзі  тірісінде - ақ   Қазақ  даласының   батыры   атағын  иемденген   алып  тұлғаның  бейнесі  алыптана   түсуде.  Бүгінгі  ұрпақ   палуанның   ұлағатты   өмірін   оқып,  көңіліне  тоқуда.  Бұл  күндері  атақты  палуан  туралы  деректі  кітаптар,  естеліктер мен   арнайы  мақалалар,  зерттеулер   баспа  бетін  көрген.  Әлем   чемпионы   тәжін   бірнеше  рет  иемденген,  алып  күш  иесі  туралы  “Қажымұқан”  фильмі  түсіріліп,  батыр  туралы музейлер  мен   өлкетану  бұрыштары  ашылған.  Әлем  чемпионы  атымен   мектептер,    елді  мекендер,  көшелер  аталады.  Бұл  - ХХ  ғасырдағы  ұлы  спортшыға,  қазақ  батырына  деген туған  халқының  ілтипаты.

Палуанның ісін  жалғастырып,  спорт  саласында  қызмет  жасап,  бала  тәрбиелеп,  қазақ  спортына  еңбегі  енген  кенже  ұлы  Жәнәбілді   Оңтүстік   Қазақстан  облысының   халқы  түгел  біледі.  Аптал азамат    соңғы   жылдары   дүниеден озды.  Артында  ұрпағы  қалды.  Батыр бабаның  немересі  Шаттық  Айдарханұлы   Қажымұханв  бүгінгі  күні  облыс   жұртшылығына    таныс  спортшы  және  бапкер.  Спорт  сайыстарының   жүлдегері.  Қазақ  спортына   қызметі сіңіріп  жүрген   азамат. 

  «Ат  аунаған  жерде  түп  қалады» -  дейді.  Қазақ  әлем  чемпионы,  алып  күш   иесі,  Қажымұқан   Мұңайтпасовтың   үрім - бұтағы  ата  жолын   жалғастырып,  ұрпақ  өсіріп,  қазақ   спртына  қызмет етіп,  тіршіліктің  сан  саласы  бойынша  еңбек етуде. Халықтың  алып   ұлы,  күш   атасы  болған   Қажымұқанды   елі  ұмытпайды.  Ұрпағы  батыр   бабаның   өнегелі   өмірін  жалғастыруда.   Батыр  рухының  шырақшысындай  қызметін  атқарған  ұрпағы,  2006  жылы  қазан  айында  өмірден  өткен  Есбол  қария  еді.  Ол  кісі  батырдың    қара  шаңырағында   қалып,  қабірінің    шырықшысы,   рухының шырақшысы  болып,  батыр  дүниеден  өткен  1948  жылдан  бүгінге  дейін  адал  қызметін  атқарды.  Осындай  қызметті  бүгінгі   ұрпақтары  жалғастырып  келеді.  Солардың  бірі - Батырхан  Ескермесов.  Ұлы  тұлғаның  өнегесі  мен  үлгісі  өз  алдына  бір  дүние.  Халқаның   керегіне  жарар  дүниелер  Қажымұқан  мұрасынан  молынан  табылады.

     

Пайдаланылған   әдебиеттер

 

1.                Қалмақан  Әбдіқадыров  “Қажымұқан”. Алматы.  

        “Жалын”  1981.

2.  “Ордабасы оттары”   1996ж 20  шілде  № 53.

3.  “Ордабасы  оттары”   1996ж   № 89     (16609)     сәрсенбі,

      16 қазан.

4.                “Ұлан”  газеті  № 36  4 қыркүйек, 2001ж.

5.                Хаджы  мукан  “Алимкул  Буркитбаев” . Алматы  2003ж.

6.                Мұрат  Керегібай  “Мұқан” . Астана  2004ж.

7.                Естеліктер.  “Күш  атасы” . Алматы.  Қазақстан  1990ж.

8.                Оңтүстік  спорт.  “Қажымұқан  қанағаты”  № 20 (52), 30 қазан 2004ж.

9.                Қазақ  әдебиеті  “Қажымұқанның  туғанына 125 жыл” № 5. 30 қаңтар. 1996ж.

10.            Барыс. “Қажымұқан  балалары әлемнің  түкпір - түкпірінде  жүр”. 22.04.2003ж.

11.            Егемен  Қазақстан. “Қажымұқан  белгілі  тұлғаның  беймәлім    қырлары”. 29 маусым.2005ж.

12.           Ордабасы  оттары.  Қажымұқан  мен  барыс. 19 қараша, 2005жыл.

13.            Халық  үні  “Қажымұқанның&nbs

Пред.67
скачать работу

Күш атасы - Қажымұқан

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ