Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Күш атасы - Қажымұқан

;  бойынша   алдына  жан  салмаған,     жеке-дара   озып    шыққан   палуан.

Жалпы  Қажымұқан  туралы көп    авторлар   әдеби,   көркем,  тарихи    зерттеулер    арнады.    Атақты    палуанның  өмірі    туралы   Қалмақан   Әбдіқадыров   “Қажымұқан”   повесін     ертеректе    жазса,   «Өнегелі  өмір», циклі   бойынша, Ә.Бүркітбаевтың, “Қажымұқан”    документальды   повесі,  “Күш  атасы”   естеліктер   жинағы Ғ. Тәшімбаевтың   құрастырылуымен    жарық  көрсе,  Әлімқұл  Бүркітбаевтың,  орыс  тілінде   “Хаджи - Мукан”    атты  документтальды  повесі  жарық  көрді.  Марат Керейбайдың   “Бала  Мұқан, Палуан Мұқан, Қажы Мұқан”  атты   туындысы 2004   жылы   оқырман  қолына  тиді.  Келтірілген   фактылердің   ақиқаты    кейде  күмән  да  тудыратын   жағдайлар    кездеседі. Сондай  жағдайлардың   бірі  - батырдың    туған    жері   немесе  “кіндік  қаны  қай  жерде  тамды? ” - деген   сұрақ  төңірегінде.  Осы  мәселеде   палуан  оңтүстікте  туып,  Арқа  жерінде   өскен    деген   пікірді   ұстандық.  Арқада  кіндік  қаны    тамды  дейтіндердің    өзі  дәл,  нақты   дәлел  келтіре   алмайды.  Қажымұқанның  туған   жері  Отырар  жері  деген   пікірді  жақтай   отырып ,  азды- көпті  дәлел  мен  дәйегімізді  келтірдік.

Сондай-ақ,  пікірлердің  алшақтығы  жайлы  да  көп  мысал  батырдың  өміріне   қатысты  детальдарда   кездеседі. Көз   көргендері  мен  таныс  замандастарының   өзі  бір  факты  жөнінде  қос  пікір  білдіретін  жәйіттерде бар.

Қолда бар  материалдарды  негіздей  отырып, біз  қазақ  батырының  кіндік  қаны  Оңтүстік  өңіріне  тамған   деген  тоқтамға  келіп  отырмыз.  Қыпшақ  тайпасының   ішіндегі  алтыбас  қыпшақтар  осы  Оңтүстік  аймақта   тұрады.   Бір  туған    туыстары   қандастары   көп   жылдардан    бері   ежелгі Отырар  жеріндегі   көне  Ақтөбені  мекендейді.    Ағайын  іші   араздығымен   әкесі Мұңайтпас  Арқаға  ауған деген пікірлерге  негіз  бар. 

 Екіншіден,   қыпшақ  тайпасының    алтыбас  атасы  осы Оңтүстік    өңірінде   есте    жоқ  көне    дәуірлерден  тұрады.  Бар  қазаққа  белгілі   “Қобыланды  батыр”  жырында  Тоқсандағы  Тоқтарбай  мен  алпыстағы  Аналық,  Баба  Түкті  шашты  Әзиз  әулиенің  басына  барып  үй (сағана)  тұрғыза  береді.  Баба  Түкті  шашты  Әзиз  әулие  кесенесі     қазыргі  Оңтүстік Қазақстан облысы,   Созақ  ауданы, Қызылкөл  ауылы  маңында.    Егер   алтыбас  қыпшақтардың         ата  қонысы    Арқа  жері  болса, Қобыланды  батырдың    атасы мен    анасы  Баба  Түкті  шашты  Әзиз  әулие  басына  келмеуі де  мүмкін  еді. Арқада  қайдан жүр Баба  Түкті шашаты  Әзиз  туралы аңыз?

Үшіншіден,  Қобыланды  батыр  мен   Қажымұқан  батырдың   арасы 12-16  атадай  болуы  мүмкін.  Шежіреде  12  ата.  Қобыланды  батыр  мен   Қажымұқанның  дүниеге   келуінде  ұқсастық  бар.  Мұңайтпастың  шешесі    әулие  жайларды  аралап, Баба  Түкті  шашты  Әзиз  әулиеге   мінәжат  етіп,    немересін   әулиелерден    сұрап  алған   дейді   көне  естеліктерде.   Осындай  әңгіме  арқауы  Қобыланды  батырдың    дүниеге  келуі  мен  Қажымұқан  батырдың   дүниеге  келуінде   сабақтастық  жатыр.

Төртіншіден,  Арқа  жерінде, Мұңайтпас  қыпшақ   тұрған  елді  мекеннен   батырдың  туыс - тумалары  едік    деген  кісілер  көрінбейді.  Демек,  батыр  Қажекең  Оңтүстікте  туылған. Кітап  беттерінде  ешқандай  автор  Қажымұқан  мынадай  елді  мекенде  туылған ,  оны  растайтын    мынадай  құжат  бар деп,  айта  алмайды.  Сәбит  Мұқановтың  естелігінде   1871 -жылы  Ақмоладағы  Қараөткел  ауданына   қарасты , Қоспа  деген  жерде  дүниеге   келген - дейді.  Дегенмен,  ешқандай  дәлелсіз  айтылады, және де  Сәбит  Мұқанов:      “Өзінің  балалық  шағы,  есінде  қалмапты”   деп  жазады.  Ол  жайында  естігендерін  ғана  айтып берген.  Қысқасы  Сәбит  Мұқановпен  жол  сапарда  серік  болған.  Қажымұқан  туған  жері  туралы  ешнәрсе  айтпаған.  Сондықтанда  жазушы  Сәбит Мұқанов    “балалық  шағы”    есінде  қалмапты  дейді.  әкесі  Мұңайтпас  әжесі  Айсара   бала  Мұқанға  ертеден-ақ   туған  жері   туралы   және одан  не  себепті   кеткенін  айтқан   болуы  керек.  Сол  себебін айтпай  жасырып,   жазушыға  отбасы   құпиясын   ашпаған    сияқты   деп  ойлаймыз.  

Сонымен,    Қажымұқан  Мұңайтпасұлы  1871  жылы  7 сәуірде Оңтүстік   Қазақстан  облысының   Отырар   ауданындағы   Шілік  аумақтық  әкімшілігіне   қарасты   Ақтөбе  ауылында   дүниеге  келген.   Азан  шақырып  қойған  аты Мұқан.  “Түріктің  жауырыны  жерге  тимеген   аты  шулы    палуандарын    жыққаннан  кейін  “Қажы”  атағы   беріліп,  Қажымұқан  атанады”. [7. 64 -65]   “Жеті  атасын  білмеген   жетесіз”, - деген  ұғым   барлық  адамның  жадында  шығар.  Ең  алдымен  Қажымұқанның  шыққан  тегіне,  түп  тұқиянына  тоқталайық.  Арғы  атасы  Тоқтарбай,  одан  Қобыланды  тараған. Қобыландыдан  Терлікбай.  Терлікбайдан  Ойбас.  Ойбастан    Ұзын.  Ұзыннан  Алтыбас.  Алтыбастан  Қарыс.  Қарыстан  Жоламан. Жоламаннан  Сонай.  Сонайдан  Шәді.  Шәдіден  Ернақы.  Ернақыдан  Мұңайтпас. Мұңайтпастан  Қажымұқан  тарайды.  Мұңайтпастың  інісі   Тәшімнен  Ескермес  атты  ұл  туған.  Ал, Ескерместің  жұбайы Мінәйімнен  Есбол  және  Есалы атты  екі  ұл  көреді.   Есболдан  (жұбайы  Науат)  Түймехан,  Әсілхан,  Мұратхан, Уәлихан,  Қуанышбек  тарайды.

 Ал,  Есалы  жұбайы  Ханшайымнан   тоғыз  ұл  көреді.  Бесеуі  ұл  болса,   төртеуі  қыз.  Рысхан,  Қыздархан,  Тәжіхан,  Дүйсенкүл, Әділхан,  Тәжікүл,  Жұмахан,  Өмірхан,  Темірхан. 

Ескермес  қайтыс  болғанан  кейін,   Мінәйімға Қажымұқан  әмеңгерлік  жолмен   1938  жылы  қосылады.

Қазақ  алыбының  түп  ата  тегінен   бүгінгі   ұрпағына    шейін   мәуелі  ағаш    сияқты.  Ұрпақтары  өсіп - өнген,  әлемнің  түпкір - түпкіріне   тараған.  Негізінен  Қажымұқан   Мұңайтпасұлы  біздің  білуімізше   бес  рет  үйленген.

Қажы

12345След.
скачать работу

Күш атасы - Қажымұқан

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ