Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кувейт



 Другие рефераты
Қазақстан Кабо-Верде Куба Қособа

Кувейт — Шығыс Орта елдерінің бірі. Ресми атауы: Кувейт Мемлекеті. Астанасы — Кувейт қаласы (тұрғын саны 60.000). Басты қалалары: Хауалли (т.с. 190.000), Салимия (т.с.200.000), Фәруания, Джәхра және Әл -Ахмадия. Жер көлемі: 17.818 кв. км.

Мазмұны

  • 1 Халқы
    • 1.1 Тілі
    • 1.2 Діні
  • 2 Географиялық жағдайы
  • 3 Басқару жүйесі
    • 3.1 Әкімшілік бөлінісі
  • 4 Тарихы
  • 5 Экономикасы
    • 5.1 Сыртқы сауда
    • 5.2 Өндірісі
  • 6 Білім беру саласы
  • 7 Денсаулық саласы
  • 8 Пайдаланған әдебиет

Халқы

Жалпы саны: 450 000. Халқының басым көпшілігі қалалық жерде қоныстанған. Орташа жас мөлшері 73 жас. Халықтың 37% жастан төменгілер. Халықтың қоныстану тығыздығы: бір шаршы метрге 81.3 кісі. Халықтың өсу қарқыны: жылдық 4% көлемінде.
Ұлттық құрамы: Халықтың 84% арабтар құрайды. Олардың жартысынан көбі кувейттік, ал қалғандары басқа араб елдерінен келген арабтар. Қалған 15% Азия елдерінен келгендер, 0,1% африкалықтар, 0,8% европалықтар, ал 0,1% американдықтар. Соның ішінде азиялықтардың көпшілігі Үндістан мен Ираннан келгендер.

Тілі

Ресми тілі — арабша. Халық негізінде осы араб тілінде сөйлейді.

Діні

Ресми діні Ислам. Халықтың 98% мұсылман, аз бір бөлігі христиан, ал қалғандары шығыс діндері өкілдері. Мұсылмандардың басым бөлігі сунниттер.

Географиялық жағдайы

Басра бұғазының жағалауында орналасқан Кувейттің солтүстігінде Ирак, шығысында Басра бұғазы, оңтүстігінде Сауд Арабиясы шектесіп жатыр. Басра бұғазындағы жағалауының ұзындығы 290 км. Бұғазда Кувейтке қарасты 9 арал бар. Халық қоныстанған жерлерден басқа топырағының 9% егістік алаңы, қалғаны шөлді және құмды аймақ. Елдің солтүстік бөлігі төбешіктерден тұрады, ал оңтүстігі – жазық дала. Кувейт қаласындағы жылдық орташа ыстық дәрежесі 29 С, жылдық орташа жаңбыр мөлшері 94 мм.

Басқару жүйесі

Елді кең өкілеттікке ие әмір басқарады. 1962 ж. 16 қарашада заңды түрде күшіне енген Конституция бойынша Кувейтте демократиялық, халық еркін басшылыққа алатын басқару жүйесі белгіленген. Заң шығару билігі елдің әмірі мен сайлау арқылы белгіленетін 60 мүшелік Ұлттық Мәжілістің қарамағында. Парламент мүшелерін сайлауға 21 жасқа толған ер азаматтар ғана дауыс беруге құқылы. Премьер-министр әмір тарапынан тағайындалады. Премьер-министрлікке әдетте ханзадаларды тағайындау үрдіске айналған. Қазіргі ханзада Садул-Абдуллах Әс-Сабах премьер-министр қызметін атқаруда. Үкіметті премьер-министр қадағалайды. Үкіметтің кем дегенде 7 мүшесі әмір әулетінен болуы шарт. Конституция бойынша шариғат басты қайнар көз ретінде көрсетілген. Кувейт БҰҰ, ИКҰ (Ислам Конференциясы Ұйымы), Араб Елдері Бірлігі, ОРЕС, IМҒ (Халықаралық Ақша Қоры), Ислам Даму Банкі сияқты халықаралық ұйымдарға мүше.

Әкімшілік бөлінісі

4 облыстан тұрады: Кувейт, Хауалли, Әл- Ахмәди және Әл-Джәхра.

Тарихы

Кувейт жақын тарихқа дейін өте аз халық мекендеген жер болатын. XVIII ғасырдың соңына қарай Кувейт қаласында жаз айлары 3 мың, ал қыста 10 мың кісі тұрған. Кувейт топырағын 634 жылы Халид бин Уәлид (р.а.) қолбасшылық еткен Ислам әскері Ислам мемлекетінің қарамағына қосады. Ол кездері бұл жерде адам аз қоныстанған, айтарлықтай маңызы жоқ аймақ болатын. XVI ғасырда португалдықтар Кувейт жағалауларына шыққан еді. Тарихи деректерге қарағанда Кувейт қаласы XVIII ғасырдың бастарында құрылған. Кейінірек кейбір араб тайпаларының қаланың айналасына шоғырлануына байланысты, қала бірте-бірте сауда орталығына айналады. 1756 ж. Утуб тайпасынан шыққан Сабах әулеті Кувейт қаласына келіп орналасады да, мұнда жергілікті басшылық құрайды. Бүгінгі Кувейт шейхтары осы әулеттен шыққан. 1766 ж. Басраны ирандықтар басып алуына байланысты Кувейттің сауда-саттық орталығы дамып, халық саны да көбейе түседі. 1805 ж. елге ағылшындар аяқ басқанымен, Кувейт шейхы Осман мемлекетімен тығыз байланыста болғандықтан олар ұзақ тұрақтай алмайды. Сөйтіп Кувейт 1853 ж. толығымен Осман Империясының қарамағына кіреді де, 1914 ж. қайта бөлініп шығып, ағылшындардың қол астына өтеді. Кувейт өзінің толық тәуелсіздігіне 1961ж. 19 маусымда қол жеткізді.

Экономикасы

Кувейт экономикасы ең алдымен мұнай өндірісіне сүйенеді. 1992 ж. жалпы 312 баррель мұнай өндірілген. OPEC елдері арасында 1993ж. жасалған келісім бойынша Кувейттің кунделікті мұнай өндірісі 2 млн. баррель деп белгіленген. 1993 ж. болжам бойынша Кувейттің мұнай қоры 92 млрд. 430 млн. баррелге жуық деп бағаланған. Елде табиғи газдың да мол қоры бар. 1992 ж. 2 млрд. 650 млн. М3. табиғи газ өндірілген. 1993ж. болжам бойынша табиғи газ қоры 1 млрд. 350 млн. м.кубты құрайды. Мұнай мен газдың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 41% көлемінде. Сонымен бірге соңғы уақыттарда егін шаруашылығында заманауи әдістер кең қолданылып, елеулі өзгерістерге қол жеткізілген. Егін мен мал шаруашылығынан түскен табыстың ұлттық табыстағы үлесі 1%. Халық пайдаланатын ауыз су теңіз суын тазарту арқылы алынады.
Ақша бірлігі: Кувейт динары.
Адам басына шаққандағы ұлттық табысы : 16.200 $

Сыртқы сауда

Импортталатын заттардың басында мұнай мен табиғи газ келеді (бұл екеуінің импорттағы үлесі 91%). Басты экспорт заттарына : қорғаныс құралдары, электрлі және электронды заттар, көлік құралдары мен оның бөлшектері, станоктар, азықтүлік заттары, химиялық өнімдер, текстиль өнімдері және түрлі өндіріс шикізаттары жатады. Сыртқы сауда Жапония, Тайвань, АҚШ және түрлі Еуропа елдерімен жасалуда.

Өндірісі

Кувейт өндірісінің басында мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару өнеркәсіптері бар. Бұдан басқа темір болат өнімдері, металл сым, май, пластикалық заттар, цемент, оттегі, күкірт, қағаз, азықтүлік заттары, сусындар, киім тігу, жиһаз жасау, кеңсе заттары, құрылыс жабдықтары, электр құралдары мен жабдықтарын өндіретін өнеркәсіптер де бар. Өндіріс орнын ашатындар мемлекет тарапынан ұзақ мерзімді кредиттер және өндіріс орнын салатын жермен қамтамасыз етіледі. Өндіріс орындарынан түсетін табыстың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14%. Жұмысшы күшінің 9.5%ы өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндер.

Білім беру саласы

Кувейтте білім беру ақысыз. 8 жылдық орта білім алу міндетті. Бұдан кейін әркім қалауына байланысты немесе лицейде қалған 4 жыл оқуын жалғастыруына да болады. 205 бастауыш мектеп, 315 жалпы орта білім беру мекемелері, 35 кәсіптік білім беру орындары бар. Бастауыш және орта мектеп жасындағы балалардың 90%-ы мектепке барады. Сонымен қатар мешіттерде және ислами қайырымдылық мекемелері тарапынан ашылған арнайы білім беру мекемелерінде діни білім беріледі. Универрситет жасындағы жастардың университетке түскендерінің үлесі 17%. 25 жастан асқандар арасында жоғары білім алғандар үлесі 11.2%.

Денсаулық саласы

Кувейтте 25 аурухана бар, 2950 дәрігер, 390 тіс дәрігері, 10 медбике қызмет етеді. 492 кісіге бір дәрігерден келеді. Денсаулыққа қатысты қызметтер жоғары деңгейде ұйымдастырылған және заманауи жиһаздармен жабдықталған.

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Nominal.
  2. ↑ Kuwaiti Citizens approx. one million (1,054,598) and approx. two million (2,345,039) non-nationals (31/12/2007).
  3. ↑ CIA — The World Factbook — Rank Order — GDP (purchasing power parity)
скачать работу


 Другие рефераты
Моспи-экзаменационное исследование
Право собственности на землю
Чарльз Бэббидж – человек, который опередил свою эпоху
Конституционные обязанности


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ