Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мәдени өсімдіктер

та және мәдени капустаның түрлерi . Көп ұзамай ол өскiн бередi де, қар астында қыстап шығады. Көктемде күздiк бидай өсуiн қайтадан жалғастырып жаздың аяғында пiсiп жетiлiп дән бередi. Әдетте күздiк бидайдың өнiмдiлiгi жаздық бидайға қарағанда бiршама жоғары болады (42 сурет). Күздiк бидай жаздық бидайға қарағанда ертерек пiседi және ораққа бұрынырақ iлiнедi.

Бидайдан мол өнiм алу үшiн, мiндеттi түрде оны өсiрудiң агротехникасын сақтау қажет. Ол үшiн алдымен жердi жақсылап айдап, соңынан тырмалап дайындайды. Содан соң топыраққа қажеттi мөлшерде органикалық және минералдық тыңайтқыштар бередi. Осыдан кейiн белгiленген уақытта, аудандастырлған сорттардың сапасы жоғары тұқымын себедi. Өсiп шыққан бидайға күтiм керек. Сондықтан жүйектердiң арасын қопсытып, тыңайтқыштар берiп, арамшөптерiн және зиянкес насекомдарын жойып отырады. Ылғалы жеткiлiксiз жерлердi суғарады.

КӨКӨНIС ДАҚЫЛДАРЫ

Қазақстанда көкөнiс дақылдарының 70-тей түрi себiледi. Оларға капуста (капуста — Brossica), картоп (картофель – Solanum tuberosum), қызанақ (томат съедобный – Lucopersicon esculentum), екпе қияр (огурец посевной – Cucumis sativus), пияз (лук репчатый – Allium cepa), сарымсақ (чеснок – Allium sativum), шалқан (репа – Brassica rapa), шалғам (редис – Raphanus sativus var. radicula), иiстi аскөк (укроп похучий – Anethum graveolens), кәдiмгi ақжелкен (петрушка обыкновенная – Petroselinum sativum) тағы басқалар жатады. Бұлардың iшiнде қолданылуы және маңыздылығы жағынан капуста мен картоп бiрiншi арында тұрады. Капуста осыдан 4 мың жылдан астам уақыт бұрын өсiрiле бастаған. Ол орамжапырақтар тұқымдасына жатады. Европалық елдерде, оның iшiнде славян елдерiнде капустаны IX ғасырдан бастап еге бастаған. Алғаш рет капустаны тұздап, ашытудың тәсiлдерiн де осы славяндар тапқан.

Капустаның мәдени сорттарының арғы тегi жабайы капуста болып табылады. Қазiргi уақытта ол Жерорта теңiзi жағалауында өседi. Бұл сабғы биiк, жапырағы дөңгелек қаудан (кочан) байламайтын, өсi онша үлкен болмайтын өсiмдiк. Көптеген ғасырлар бойы адам жабайы капустаны сеуiп жапырақтары үлкен өсiмдiктерден тұқым жинаған. Осылайша аса құнды көкөнiс дақылы капуста алынған.

Қазiргi уақытта капустаның көптеген мәдени түрлерiн өсiредi.

Ақ қауданды (кочанды) капустадан (капуста белокачанная – Brassica oleracea var. capitata) басқа, гүлдi капустаны (капуста цветная – Brassica oleraceae var. sabauda) отырғызады. Оның тығыз орналасқан, толық жетiлмеген, ақ түстi гүлшоғыры тамаққа пайдаланылады. Брюссель капустасы (капуста брюссельская – Brassica oleraceae var. gemmifera) қолтық бүршiктерiнен пайда болатын кiшкентай қаудандары (кочандары) үшiн отырғызады. Кольраби капустасын (Brassica oleracea var. gongiloides) тарнаға (брюква – Brassica napobrassica) немесе шалқанға (репа – Brassica rapa) ұқсас жуан етжендi сабағы үшiн отырғызады.

Ақ қауданды (кочанды) капуста- екi жылдық шөптесiн өсiмдiк. Бiрiншi жылы тұқымнан кiндiк тамыры мен қысқарған сaбақ өсiп шығады. Осы сабақтан дөңгелек орам жапырақтары бар қаудан (кочан) түзiледi, оның ортасында өзегi болады. Сабақтағы жапырақтардың арасында шағындау қолтық бүршiктерi мен бiр төбелiк бүршiк жетiледi.

Қауданның (кочанның) сыртқы жапырақтарының түсi жасыл болады. Осы жапырақтарда фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде қант түзiледi. Ол соңынан  суда ерiп, қауданның iшкi ақ жапырақтарына өтедi.

Қауданда органикалық заттар мол жиналу үшiн, капустаны жақсы тыңайтылған, ылғалы жеткiлiктi топыраққа отырғызады. Содан соң қазiргi кездегi агротехникаға сай күтедi.

Көшет алу мақсатында  капуста дәндерiн көктемде көшетханада өсiредi. Содаң соң өскiндердi сиретiп, оларды күн жылығанға дейiн көшетханада қалдырады. Көктемгi суық ұратын уақыт өткеннен кейiн, көшеттердi ашық топыраққа отырғызады. Бұл кезге дейiн капустаның көшетiнде 3-4 нағыз жапырақтар пайда болады.

Капуста ылғалды көп қажет етедi. Күн ыстықта бiр түп капуста тәулiгiне бiр шелекке дейiн су сiңiрiп, оны буландырады. Сондықтан капустаны жиi суғарады, ал топырақтың ылғалын сақтау үшiн жүйектердiң арасын жиi қопсытады. Капустаны отырғызғаннан кейiн 10-15 күн өткен соң, қидың сұйық- тыңайтқышына суперфосфат қосып, топыраққа араластырады. Осыдан кейiн капуста айналасын ылғалды топырақпен  төменгi жапырақтарына дейiн үйедi. Топырақтың ылғалы мол жоғары қабаттарындағы капуста сабақтарынан қосалқы тамырлар пайда болады. 2-3 аптадан кейiн топырақты қайталап қопсытып, өсiмдiктiң түбiн үйiп, тыңайтқыш бередi.

Ең үлкен және сапасы жоғары қаудандары бар капусталарды тұқым алу мақсатында қалдырады. Капустаны тамырымен, топырағымен қоса қазып алып көктемге дейiн арнайы қоймада сақтайды.

Екiншi жылы көктемде өсiмдiктi топыраққа қайтып отырғызады. Осы өсiмдiктiң қолтықтық және төбелiк бүршiктерiнен сабақтары, жапырақтары және гүлдерi пайда болады. Капустаның ақшыл сары түстi гүлдерi шашақ гүлшоғырын түзедi. Гүлдерiнiң құрылысы осы капуста гүлдiлерге жататын барлық өсiмдiктердiң гүлдерiнiң құрылысымен бiрдей. Күзде жемiстерi пiсiп жетiледi.Капуста жемiсi бұршаққын, оның iшiнде көптеген тұқымдары жетiледi.

КАРТОП МАҢЫЗДЫ КӨКӨНIСТIК, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МАЛАЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛ

Европалықтар картопты 1565 жылға дейiн, яғни Испандықтар Оңтүстiк Америкаға барғанға дейiн бiлмеген. Америкадан әкелiнеген картоптар алғашқы кездерде сәндiк өсiмдiктер ретiнде отырғызылады. Олармен клумбаларды безендiрген. Тек XVII ғасырдың аяғында, Европа елдерiнде картопты  жеуге келетiн түйнектерi үшiн отырғыза бастаған.

Ресейге картоп I Петр кезiнде әкелiнген. Алғашқыда шаруалар картопты қалай пайдалануды бiлмедi. Олар картоптың пiсiп жетiлмеген жасыл түстi улы жидектерiн тамаққа пайдаланғандықтан уланған адамдар кездескен. Осыған байланысты шаруалар картопты отырғызудан бас тартқан.

Қазiргi кезде картоп аса маңызды тамақтық, техникалық және малазықтық өсiмдiк болып табылады. Картоп түйнегiнен крахмал, спирт т.б. тамақ өнiмдерi алынады. Сонымен бiрге картопты мал бордақылағанда, жем орнына пайдаланады. Картоп маңызды тамақтық, техникалық және малазығықтық дақыл.

Картоптың шыққан жерлерi Чилидiң жағасы мен Перудiң таулары. Картоп таудың жоғары белдеулерiнiң салқынына төзiмдi келедi. Қазiргi кезде Перуандықтардың негiзгi азығы картоптың көптеген сорттары бар. Шаруашылықта қолданылуына, биологиялық ерекшелiктерiне қарай картопты мынадай төрт топқа бөледi: асханалық, зауыттық, малазықтық, жанжақты сорттар. Картоптың асханалық сорттарының түйнектерi дәмдi, тез пiсетiн және үгiтiлмейтiн болуы шарт. Асханалық сорттарға әдетте ерте пiсетiн және пiсетiн уақыты орташа болып келетiн картоптар жатады.

Зауыттық сорттарға түйнегiнде крахмалы көп (18 % кем болмайтын), жақсы ашитын, спирттi көп беретiн картоптар жатады. Зауыттық сорттарға әдетте кеш пiсетiн және ұзақ сақталатын картоптар жатады.

Малазықтық сорттарға түйнегiнде құрғақ заттары мен ақуызы (белогi) көп болатын, крахмалы аз дәмсiз картоптар жатады.

Жанжақты сорттарға түйнегiнiң сапасы жағынан асханалық және зауттық сорттардың ортасында болатын картоптар жатады. Бұларды тамаққа да, зауытқа да пайдалануға болады.

Жаз ортасында картоп гүлдейдi. Гүлшоғыры әдетте үлкен гүлдерден тұрады.

Гүлiнiң құрылысы барлық алқа тұқымдасына жататын өсiмдiктерге тән. Насекомдар картоп гүлдерiне көп қонбайды, өйткенi шырындығы жоқ, тозаңдары аз. Гүлдерi өздiгiнен тозаңданады. Күзге таман жемiстерi пiсiп жетiледi. Жасылдау- ақ түстi жидектер орман жаңғағынан сәл үлкендеу. Картоптың тұқымынан жаңа өсiмдiк өсiп шығады. Бiрiншi жылы топырақта кептердiң жұмыртқасынан үлкен болмайтын ұсақ түйнектерi жетiледi. Жаңа сорттар шығару мақсатында ғана картопты тұқымы арқылы көбейтедi. Әдетте картоп түйнектерi арқылы вегетативтiк жолмен көбейедi.

Картоп түйнектерi түрi өзгерген жер асты өркендер. Олардың сабақтарында көп мөлшерде крахмалдың артық қоры жиналады. Крахмал жапырақтың хлоропласттарында фотозинтез процесi нәтижесiнде түзiлетiн қанттан пайда болады. Картоп түйнегiнiң 75-80% су, 25% құрғақ заттар. Осы құрғақ заттардың 14-22% крахмал түзедi.

Картоп түйнегi витаминдерге бай, әсiресе витамин С көп болады. Картоп түйнегiнде капустаға, томатқа, сәбiзге, пиязға қарағанда витамин В, әлде қайда көп жиналады.Сонымен бiрге картоп түйнегiнде  витамин А, В, В, Н, К және тағы басқалары болады.

Көлеңкелi жерлерге отырызылған картоптың түйнектерiнiң өнiмдiлiгi аз болады. Шығу тегi жағынан картоп қоңыржай климатты аймақтың өсiмдiгi. Ауа райы ашық, салқындау, жаңбыры жиi болғанымен, жерге түсетiн ылғалдың мөлшерi онша көп болмайтын жерлерде картоптың өнiмдiлiгi жоғары болады.

Картопты көктемде отырғызады. Отырғызуға картоптың орташа салмағы 60-80 гармм болатын түйнектерi таңдап алынады. Отырғызудың алдында картоп түйнектерiн 30-40 күн бойы жарығы мол, температурасы 12-16º С болатын бөлмеде өсiредi. Түйнектердi бұлай өсiру картоптың дамуын жеделдетедi және өнiмдiлiгiн арттырады. Түйнектердiң үстiндегi бүршiктерiнен жер бетi өркендерi пайда болады. Арам шөптерден тазартып, картопты түптеген соң, жаңа қосалқы тамырлары мен жер асты өркендерi – сталондары пайда болады.Осы сталондардың үстiнде күзде көптеген түйнектер жетiледi.

MАЙЛЫ ӨСIМДIКТЕР

Жабайы және мәдени өсiмдiктердiң бiрқатары майлы өсiмдiктер болып табылады. Оларға күнбағыс, қытайбұршақ, зығыр, қыша, майкене, мақта, кенепшөп, анис, тмин тағы басқалар жатады. Осы өсiмдiктерден тамаққа және техникалық мақсатқа пайдалануға жарайтын майлар алынады. Майлы өсiмдiктердiң ең маңыздысы күнбағыс. Ол  «Күннiң гүлi» деген әсем атпен  XVI ғасырдың басында Мексикадан Европаға әкелiнген. Көптеген жылдар бойы европалықтар оны сәндiк өсiмдiк ретiнде отырғызып келген.      

123
скачать работу

Мәдени өсімдіктер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ