Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мәдени өсімдіктер

;           &

Ресейге күнбағыс XVIII ғасырда әкелiнген. Ол негiзiнен Украинада, Воронеж, Курск және Тамбов губернияларында өсiрiлген. Көп жылдар өткен соң ғана адамдар күнбағыс дәнiнiң шаруашылықтағы маңызын бiлген.

Күнбағыстан – аса маңызды май алады, оны негiзiнен далалы аймақтың қара топырақтарына себедi. Қазақстанда күнбағысты негiзiнен тау етегiндегi қара топыраққа себедi. Күнбағыс майын тамаққа, маргарин, лак, сабын жасауға пайдаланады, ұсақталған дәндерiнен халуа алынады. Майын сығып алғаннан кейiн қалған күнжарасы малға жем болады.

Күнбағыс – бiр жылдық биiк өсiмдiк. Жапырақтары үлкен және тұтас болып келедi. Оның сабағының жоғары жағында үлкен гүл шоғыры – себетi орналасады. Себетi төменгi жағынан орама жапырақшаларымен жабылады.

Күнбағыстың себетiнде 1000-ға дейiн гүл болады. Оларды түтiкше және жалған тiлше гүл деп екi топқа бөледi.

Түтiкше гүлдер себеттiң ортанғы бөлiгiн алып жатады. Олардың тостағаншасы екi түтiктен немесе жарғақшадан, күлтесi 5 сары түстi түтiкке бiрiккен желектерден тұрады. Осы бiрiккен желектердiң жоғарғы жағы 5 тiстi болып келедi. Түтiктiң ортасында 5 тозаңдықпен бiрiккен аталықтары және жоғарғы жағы екi телiмдi аналығы орналасады.

Себетiнiң шетiнде сары түстi жалған тiлше гүлдерi орналасады. Тiлшелерi бiрнеше желектердiң бiрiгiп кетуiнiң нәтижесiндi түзiлген. Бiрақ тiлше дербес желекке ұқсас. Бұл гүлдерде аталықтар да, аналықтар да болмайды. Жалған тiлше гүлдер түтiкше гүлдердiң аналықтарын тозаңдандыратын насекомдарды өздерiне елiктiредi. Аналықтың гүл түйiнiнде (жатыныда) жемiстерi  (тұқымшалары) пайда болады.

Күнбағыстың жемiсi – тұқымша, оның тығыз жемiс қабы және майлы дәнi болады. Тұқымшаларынан май алынады.

Күнбағыс күн түсетiн, ашық жерлерде жақсы өседi. Оны көктемде топырақтың бетi 8 – 120С дейiн қызған кезде себедi. Күнбағыс ылғалды және қоректiк заттарды көп қажет етедi. Сондықтан жоғары өнiм алу үшiн топыраққа тыңайтқыш қосады. Күнбағыс қара топырақта жақсы өсiп, мол өнiм бередi. Күнбағысты күткенде топырақты қопсыту, минералды тыңайтқыштар беру және арам шөптердi отау қажет.

ЖЕМIС – ЖИДЕКТI ӨСIМДIКТЕР

Қазақстан жемiс – жидектi өсiмдiктерге бай. Олардың бiр қатары Республикамыздың солтүстiк облыстарының ормандарында, таулардың ортаңғы белдеулерiнде жабайы өседi. Қазақстанда жемiс – жидектi өсiмдiктер алқабының жер көлемi 113400 гектардан астам. Жемiс – жидектi дақылдар витаминге, көмiрсуға, минералды тұздарға және басқа құнды заттарға бай болады.

Жемiс ағаштарын тұқымшалылар, сүйектiлер және жаңғақ жемiстiлер деп жiктейдi (……..суреттер).

Тұқымшалардан алманы, алмұртты, беженi, шетендi өсiредi. Сүйектiлерден шиенi, алшаны, қараөрiктi, сарыөрiктi, шабдалыны өсiредi. Жидектi өсiмдiктерден бүлдiргендi, қара қарақатты, қызыл қарақатты, қарлығанды, кәдiмгi таңқурайды т.б.  өсiредi. Жемiс ағаштарының iшiндегi ең кең тарағаны – алма. Алма ағашы суыққа төзiмдi, -300С дейiнгi аязға шыдайды. Алманың жаңа пiскен жемiстерiн тамақ ретiнде пайдаланылады. Алманың қағынан алма шырынын, сусындар, тосап, повидло, мармелад, тағы басқа тамақ өнiмдерiн дайындайды.

Пiсу уақытына байланысты алманың сорттарын жаздық, күздiк және қыстық деп бөледi. Жаздық сорттардың жемiстерi (Папировка, Белый налив) жемiсiтерi шiлде,тамыз айларында пiседi. Күздiк сорттардың (Коричневое полосатое, Осеннее полосатое, Антоновка, Боровинка, Анис полосатый) жемiсiтерi қыркүйек айында пiседi. Қыстық сорттардың (Апорт, Ренет, Симиренко, Пепин шафранный, Золотая превосходная), жемiстерiн ағаштан қазан айында жинап алады. Қыстық сорттардың жемiстерi көктемге дейiн жақсы сақталады. Күтiмi жақсы болса алма бақтары әрбiр гектарынан 200 центнерден астам жемiс бередi.

Алма ағашы айқас тозаңданатын өсiмдiк. Жемiс байлау үшiн бiр сорттың тозаңдары сол сорттың гүлiнiң аналығын  тозаңдандыруы шарт. Сондықтан алмалы бақтарда, бiр мезгiлде гүлдейтiн сорттардың саны үшеуден аз болмауы қажет. Алманы телу арқылы вегетативтiк жолмен көбейтедi. Алма ағашының биiктiгi сортына және телiтушiге байланысты 4-10 метрге дейiн барады. Соңғы уақыттарда алманы вегетативтiк жолмен көбейту мақсатында, телiтушiнi аласа өсiмдiктерден таңдап жүр. Бұның өзi күтiп – баптауға және өнiмiн жинауға ыңғайлы аласа ағаш алуға мүмкiндiк бередi.

Аласа телiтушiлерге телiнген алма ағашы 3-4 жылда жемiс бере бастайды.  Бақтарда биiк телiтушiлерге телiнген алма ағаштарын бiр – бiрiне 8 х 4 метр, биiктiгi орташа телiтушiлерге телiгендерiн 6 х 4 метр, ал аласа телiтушiлерге телiнгендердi 4 х 2 метр қашықтықта отырғызады.

Жемiс ағашының екпе көшетiн күзде және көктемде отырғызады. Ағашты отырғызуға арналған шұңқырларды алдын ала дайындайды. Олардың тереңдiгi 0,7 – 0,8 метр, ал диаметрi 1 метрден аз болмауға тиiс. Шұңқырды дайындағанда жоғарғы құнарлы қабаттың топырағын бiр жағына, төменгi қабаттың топырағын екiншi жағына тастайды. Шұңқырдың түбiне үстiңгi қабаттың топырақтарынан тастап, оған органикалық және минералды тыңайтқыштар қосады.Ағашты екеулеп отырғызады (48 – сурет). Бiр кiсi көшеттi қажеттi тереңдiкте ұстап тұрады, ал екiншiсi көшеттiң тамырларын дұрыстап қойып, бос топырақпен көмедi. Тамырлардың топырақпен байланысы болу ушiн көшеттi аздап тартқылайды, содан соң топырақты жақсылап тығыздайды. Алма көшетiн отырғызған кезде тамырының мойны жер бетiнен 5 – 8 сантиметр жоғары болуын бақылау қажет. Бұл жағдайда шұңқырдағы топырақтың деңгейi жердiң бетiмен бiрдей болады. Аласа телiтушiге телiнген көшеттердi телiнген жерiне дейiн көму керек. Бұл бiршама терең кететiн тамырлардың қалыптасуына және ағаштардың орнықты болып өсуiне мүмкiндiк бередi. Отырғызып болған соң көшеттi 2 – 3 шелек сумен суғарады. Көктемде ағаштың өсуiне қарай бұтақтарын кесiп отырады, сөйтiп бөрiк басын қалыптастырады. Ағаш дiңдерiнiң айналасындағы шеңбер iшiнiң топырағы жылма – жыл аударылып, қопсытылып отырады. Сонымен бiрге ағаш түбiне органикалық және минералдық тыңайтқыштар себiледi. Ағашты ағаш кемiрушi жануарлардан және әр түрлi зиянкес жәндiктерден қорғау қажет.

123
скачать работу

Мәдени өсімдіктер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ